Синоаурикулярлы блокада
Синоаурикулярлы блокада дегеніміз – синусты түйіннен шығып, жүрекшеге өтетін импульстің бұзылысы.
Этиологиясы.
- Оң жақ тәж артериясының атеросклерозы.
- Оң жақ жүрекшедегі склероздық өзгерістер.
- Гормон алмасуының бұзылыстары.
- ЖИА
- Улану-гликозидтер, В-адреноблокаторлар, хинидин тобындағы аритмияға қарсы препараттар, фосфор органикалық заттар.
Синоаурикулярлы блокаданың қосымша себептері:
- Импульстің синусты түйінде түзілмеуі;
- Синусты түйіндегі импульс күшінің әлсіз, жүрекше деполяризациясына жеткіліксіз болуы;
- Импульс синусты түйін мен оң жақ жүрекше арасында кедергіленуі.
СА үш түрге бөледі:
- Түрі –синусты түйіннен қозу импульстарының жүрекшеге өтуінің баяулауы;
- Түрі-жекелеген импульстардың өткізілмеуі,
- Түрі-синусты түйіннен жүрекшеге импульстың өткізілмей, толық тоқтауы.
Клиникалық көрінісі.
Брадикардия, жүректің тоқтау үзілістері, бас айналу, баста шулау сезімі, естен тану көріністері тән. Пульс пальпациясы кезінде және жүрек аускультациясында жүрек жиырылуының түсіп қалуы және үлкен диастолалық пауза байқалады. Жүрек жиырылуының түсіп қалуы брадикардияға әкеледі, жүрек ритмы дұрыс немесе бөгеттің болуына байланысты үнемі емес.
ЭКГ-да диастолалы паузаның түзілуімен, PQRST жүректік комплексінің толық түсіп қалуы байқалады.
СА блокада-синусты түйіннің әлсіздік синдромының ең ауыр түрі.
Гемодинамикалық бұзылыстары: Моргани-Эдемс-Стокс синдромы, мидың ишемиясы.
Тұрақты брадикардияда науқасқа атропин сынамасын өткізеді. ЭКГ өткен соң тері астына 1мл 0,1% атропин енгізеді. Бақылау ЭКГ-сын 30 мин және 1 сағаттан кейін жүргізеді. Синусты түйіннің қалыпты жұмысында жүрек соғуы 1мин 90ретке дейін жиілейді.
СА блокаданың 1-ші дәрежесінде: Барлық синусты импульстер жүрекшеге өтеді. Бірақ импульстер қалыпты жағдаймен салыстырғанда баяу түзіледі. Бұл кезде ЭКГ-да өзгерістер анықталмайды. Ол үшін жүрек өткізгіш жүйесінің электрофизиологиялық зерттеуін жүргізу керек. Сонымен қатар синусты түйіннің потенциалын жазу арқылы ғана анықтауға болады. 1түріндегі қосымша белгісі: тұрақты синусты брадикардия болуы мүмкін.
СА блокаданың 2-ші дәрежесін 2 түрге бөледі. 1-ші түрінде синусты түйінде өткізгіштіктің баяулауымен байланысты бұзылыстармен Венкебах феномені анықталады.
- Р-Р интервалының үдемелі түрде қысқаруы.
- Синусты блокаданың Р-Р үзілісі, алдындағы қалыпты Р-Р интервалының 2 есе көбейтілген санынан аз. Үзілістен кейінгі Р-Р интервалы үзілістің алдындағы Р-Р интервалынан ұзақ.
2 түрінде үзілістің алдында Р-Р үдемелі қысқаруы болмайды.
СА блокаданың 2-ші дәрежесі синусты түйіннен шыққан импульстің жүрекшеге өту жиілігіне байланысты болады. Егер импульс жиі өтпейтін болса, науқастың кеуде қуысында жағымсыз сезім пайда болады, ауа жетпеу, әлсіздік, бас айналу т.б
СА блокаданың 3-ші дәрежесінде импульстердің жүрекшеге баруы толығымен тоқталады, жылжымалы жиырылыстар жиі жүрекшелік, сирек қарыншалық, кейде атровентрикулярлы ырғақтарын туғызып негізгі ырғақ жүргізушілер болады.
ЭКГ көрінісінде жүрекшенің асистолиясы байқалады. Себебі, синусты түйіннен шыққан бірде-бір импульс жүрекшеге жетпейді.
Синустық түйін уақытша тоқтатылуы және 3-дәрежелі синоатриалды блокадаларды ажырату диагностикасын жүргізу үшін келесі критерилер қолданылады. Синустық түйіннің уақытша тоқтатылуында Р-Р аралығының еселігі жоқ, асистолия кезінен кейін синустық немесе атриовентрикулярлық ырғақтар тіркеледі. СА блокадада жүрекшелік ырғақ байқалады. Бірақ СА блокада жиі атриовентрикулярлы және қарынша ішілік блокадалармен бірге жүреді.
Диагностикасы:
СА блокада кезінде PQRST комплексінің толық түсіп қалуы байқалады. Ал қалыпты комплекстен кейін үзіліс анықталады. Оның ұзақтығы 2RR-ға тең.
Емі.
Синусты түйіннің автоматизмін күшейту үшін:
- Атропин, кардиомин, эфедрин, изадрин, стероидты гормондар.
- Метобализмді жақсарту үшін: рибоксин, инозиф, АТФ.
Қолдануға қарсы препараттар: жүрек гликозидтері, В-адреноблокаторлар, кальций блокаторлары, хинидин тобындағы аритмияға қарсы препараттар, кордарон.
Болжамы.
Синоаурикулярды бөгеттің болжамы басты ауру табиғатына және оның созылу дәрежесіне , басқа ритм бұзылыстарына байланысты болады. Көп жағдайда ол симптомсыз өтеді. Бірақ егер бөгет Морганьи— Эдемс—Стокс синдромымен қатар жүрсе болжамы теріс.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Аритмиялар
- Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек
- Аритмияға қарсы препараттар
- Атриовентрикулярлы кедергі
- Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар