Морганьи Адамс Стокс синдромы
Морганьи-Адамс-Стокс (МАС синдромы) синдромы – АВ кедергінің II және III дәрежесінде, әсіресе толық АВ кедергі кезінде болатын, бас миы мен басқа мүшелердің гипоксиясы кезінде және қанның минуттық көлемінің төмендеуіне негізделген айқын гемодинамикалық бұзылыстармен көрінетін талма. Бұл кезде ең қауіпті болып қарыншалар асистолиясы саналады. Оған әкеп соғатын толық АВ кедергі кезінде байқалатын қарыншалар дірілі мен жыбыры. Егер қарыншалар асистолиясы 10-20 с асса науқас есінен танады, тырысу синдромы дамиды. Мұндай талмалар Морганьи-Адамс-Стокс талмалары деп аталады. Бұл бұзылыс симптомдары қан айналым бұзылысынан соң, 3- 10 секундтан соң пайда бола бастайды. Ұстама кезінде науқас есінен танады, тері қабаты бозғылт тартып, цианоз дамиды.
Себептері:
- атриовентрикулярлы бөгет
- толық емес атриовентрикулярлы бөгеттің толық түріне ауысуы
- жиырылғыштығының тез бұзылысымен миокардтың ритмінің өзгерістері пароксизмалды тахикардия, фибрилляция және қарынша жыбыры, өтпелі асистолия кезінде
- тахикардия және тахиаритмия ЖСЖ 200 соққыдан жоғары
- брадикардия және брадиаритмия ЖСЖ 30 соққыдан аз
Келесі жағдайларда дамуы мүмкін:
- ишемиия, қартаю, жүрекше – қарыншалы түйінмен қатар, миокардтың қабынбалы және фиброзирлеуші зақымдалуы
- дәрілік заттармен интоксикация (Лидокаин, Амиодарон, жүрек гликозидтері, кальций канал блокаторлары, бета-адреноблокатор);
- нейро – бұлшықеттік аурулар (Кирнс-Сейр синдромы, дистрофиялық миотония).
Келесідей аурулары бар науқастар қауіп тобына кіреді:
- амилоидоз;
- жүрекше – қарыншалық түйіннің дисфункциясы
- коронарлы тамырлардың зақымдалуы
- миокард ишемиясы
- гемохроматоз
- Лев ауруы
- Шагас ауруы
- гемосидероз
- жүрек зақымдалуы кезіндегі дәнекер тіннің диффузды аурулары (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия).
Классификация
- Тахикардиялық: пароксизмальды қарыншалық тахикардия, суправентрикулярлы тахикардия пароксизмы және жүрекше жыпылығы немесе жыбыры пароксизмінде
- Брадикардиялық: синус түйіннің жұмысы тоқтаған кезде, толық атриовентрикулярлы бөгет және синоатриальды бөгет кезінде қарынша жиырылуы минутына 20 рет және одан аз
- Аралас: тахиаритмия және қарынша асистолиясының кезектесіп дамуы кезінде байқалады
МАС синдромы кезінде ұстаманы шақыруы мүмкін:
- психикалық өзгеріс (стресс, қобалжу, қорқыныш);
- горизонтальды жағдайдан, вертикальды жағдайға тез дене қалпын өзгерту
Ұстама алды жағдайлар:
- қатты әлсіздік
- құлақтағы шу
- көз алдында қарауытуы
- терлегіштік
- жүрек айну
- бас ауруы
- құсу
- бозғылт тері
- қозғалыс координациясының бұзылысы
- брадикардия, асистолия немесе тахиаритмия.
Ұстамадан соң, жарты минуттан соң науқаста дамитын симптомдар:
- тері бозғылттығы, акроцианоз және цианоз (цианоз дамыған кезде науқаста қарашығы кеңейеді)
- қан қысымының тез төмендеуі
- бет бұлшықеттері мен дененің клоникалық тартылуларымен бұлшықет тонусының төмендеуі
- беткей тыныс
- өздігінен зәр шығару мен дефекация
- аритмия
- пульс беткей және жиі
- қарынша фибрилляциясы кезінде Геринг симптомы анықталады ( «ызың» естіледі).
Ұстама ұзақтығы бірнеше секундтан минутқа созылады, кейін жүрек жиырылуы қалпына келген соң, науқас есіне келеді және өткен ұстама туралы есінде болмайды.
Ұстама түрлері:
- Ұзақ емес аритмия кезінде науқаста болатын редуцирленген ұстама, ол қысқа уақыттық бас айналу, көрудің нашарлауы, әлсіздік арқылы көрініс береді.
- Кей жағдайларда ұстама бірнеше секундқа ғана созылады және ұстаманың басқа көріністері байқалмайды.
- Естің болуымен жүретін ұстама, ЖСЖ 300 соққыдан жоғары болса да. Бұл жағдайлар жас науқастарда ми және коронарлы қан тамыр патологиясы жоқ науқастарда байқалады және әлсіздікпен көрініс береді.
- Бас ми тамырларының атеросклерозды зақымдалуы кезінде ұстама өте тез дамиды.
Егер науқаста өмірге қауіпті аритмия ұзақтығы 1-5 минутқа созылса, клиникалық өлім туындайды:
- Естің болмауы
- Қарашық кеңеюі
- Сирек тыныс (Биот тынысы немесе Чейн-Стокс);
- Пульс және артериалды қысым анықталмайды
Диагностика:
- ЭКГ
- ЭКГ Холтер бойынша
- гисография
- коронарография
- миокард биопсиясы
Дифференциалды диагностика мына аурулармен жүргізіледі:
- эпилептикалық талма
- истерия
- ӨАТЭ (өкпе артериясының тромбоэмболиясы)
- ми қан айналымының өтпелі бұзылыстары
- вазовагалды талма
- инсульт
- өкпелік гипертензия
- жүректегі шар тәрізді тромб
- аорта стенозы
- ортостатикалық коллапс
- Миньер ауруы;
- гипогликемия
Шұғыл көмек
МАС ұстамасы дамыған кезде науқас шұғыл түрде кардиологиялық көмекті шақыру қажет. Науқаста сол жерде адамдар мынадай көмек жасай алады:
- Кеуденің төменгі үштен бір бөлігіне жұдырықпен соққы
- Жүрекке тура емес массаж
- Жасанды тыныстандыру (тыныс тоқтап қалған кезде)
Жүрек тоқтаған жағдайда науқасқа шұғыл электростимуляция жүргізіледі, ал оны жүргізу мүмкін болмаған жағдайда – жүрекше ішілік немесе эндотрахеалды 0,1% Адреналин ерітіндісі 10 мл физиологиялық ерітіндімен бірге беріледі. Ары қарай науқасқа Атропин сульфат (тері астылық ) енгізеді және тіл астына 0,005-0,01 г Изадрин береді. Науқас жағдайы жақсарған кезде стационарға тасымалдайды және ЖСЖ төмендеген кезде изадрин береді. Әсер күші аз болған жағдайда 5 мл 0,05% Орципреналин сульфат ( 250 мл 5% глюкоза ерітіндісімен) немесе 0,5-1 мл Эфедрин ( 150-250 мл 5% глюкоза ерітіндісімен) енгізіледі. Енгізуді 10 тамшы/минутына жылдамдықпен бастайды, ары қарай жылдамдықты қажетті ЖСЖ болғанша жоғарылата бастайды. Стационарда көмек үнемі ЭКГ бақылауымен жүргізіледі. Науқасқа Атропин сульфат және Эфедрин тері астылық енгізіледі 3-4 рет күніне және тіл астына әрбір 4 – 6 сағат сайын 1 – 2 таблетка Изадрин беріледі. Емнен көмек болмаған кезде электростимуляция жасалады.
Емі:
МАС синдромы тахиаритмия немесе тахикардия пароксизмі әсерінен болса, науқасқа ұстаманың алдын алу үшін дәрі беріледі. Бұндай науқастар үнемі аритмияға қарсы дәрілер қабылдауы тиіс. Егер науқаста атриовентрикулярлы немесе синоатриалды бөгет дамыса кардиостимулятор имплантациясы қажет. Электрокардиостимулятор түрі бөгет түріне байланысты тағайындалады:
Толық АВ-бөгет кезінде асинхронды, үнемі қызмет етіп тұратын кардиостимулятор имплантациясы қажет;
Толық емес АВ – бөгет әсерінен ЖСЖ азайған кезде «қажеттілігіне» байланысты қызмет ететін кардиостимулятор имплантациясы қажет. Құрылғының жұмысқа қабілеттігі әрбір 3 – 4 ай сайын бақыланып тұрады.
Болжамы:
МАС синдромы кезінде болжам байланысты:
- Ұстама жиілігі мен ұзақтығы
- Басты аурудың үдеу жылдамдығы
- Өз уақытында жүргізілген кардиостимулятор имплантациясы ауру болжамын жақсартады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Атриовентрикулярлы кедергі
- Синоаурикулярлы блокада
- Аритмиялар
- Аритмияға қарсы препараттар
- Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек
- Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар
- Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауруы бар науқастарды сұрастыру