Өт шығару жолдарының дискинезиясы

Өт шығару жолдарының дискинезиясы

Өт шығару жолдарының дискинезиясы кезінде бауырдан өт қабына немесе түтіктер бойынша өт ағысының бұзылысы. Аурудың ерекшелігі  – бауыр мен өт қабындағы патологиялық өзгерістердің болмауы. Тексеру кезінде өт қабынының екі  түрлі қызметінің бұзылысы анықталады – оның тым тез немесе тым баяу жиырылуы. Статистика бойынша өт жолдарының дискинезиясы әйелдерге қарағанда, ерлерде 10 рет жиі кездеседі.

Өт қабының жиырылу деңгейіне байланысты дискенезия түрі анықталады:

  • гипермоторлы – ағзаның жиырылуы жиі және тез. Бұл жағдай жас адамдарда жиі кездеседі.
  • гипомоторлы – жиырылу түрі баяу, ағзаның белсендігі төмен. Статистика бойынша бұл жағдай қырықтан асқан адамдарда, невроз немесе психозы бар науқастарда жиі кездеседі.

Даму механизміне байланысты патология екі түрлі болады:

  • біріншілік дискинезия – туа пайда болған өт жолдарының аномалиясымен байланысты
  • екіншілік дискенезия  – асқазан – ішек жолдарының немесе басқа ағзалардағы өзгерістерге байланысты өмір сүру барысында пайда болатын патология

Этиология:

Біріншілік түрінің себептері:

  • Өт қабынының тарылуы
  • Өт қабы мен түтіктерінің екі еселенуі
  • Өт қабы аумағында қақпақтың болуы

Екіншілік түрінің себептері:

  • гастрит
  • асқазан – жара ауруы
  • холецистит
  • панкреатит
  • дуоденит
  • вирусты этиологиялы гепатит
  • гипотериоз
  • неврозы

Салыстырмалы әсер ететін себептер:

  • генетикалық тұқымқуалаушылық
  • инфекциялық этиологиялы ішек аурулары
  • глистты инвазия
  • вегето-тамырлы дистония
  • аз қозғалмалы өмір салты
  • артық салмақ
  • ауыр физикалық жұмыс

Клиникасы:

  • Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, түріне байланысты әртүрлі болады:

Өт қабынының жиырылғыштығының жоғарылауы кезінде– жедел, ұстама тәрізді, жауырын және оң жақ иыққа иррадиациялы ауырсыну. Ауыр физикалық жүктемеден соң немесе майлы тағамнан соң пайда болады.

Өт қабы жиырылғыштығының төмендеуі кезінде ауырсыну – тұйық, қақсамалы, үнемі, науқастар оң жақ қабырға астындағы жыртылғандай ауырсыну сезімін айтады.

өт шығару жолдарының дискинезиясы

Өттік колика – әрқашан жедел, кенеттен, интенсивті түрде пайда болады және жүрек қағуымен жүреді. Ауырсыну өте қатты болғандықтан, науқас қорқыныш және өлім қаупін сезінеді.

Холестатикалық синдром (өт жолдары және бауыр патологиясы):

  • сарғаю
  • бауыр ұлғаюы
  • нәжіс түсінің өзгерістері
  • зәр түсінің өзгерістері
  • тері қабатының қышуы

Асқазан – ішек жолы жүйесінің бұзылысы:

  • Іштің кебуі
  • Тәбеттің төмендеуі
  • Жүрек айну, құсу
  • Ауыздан сасық иістің шығуы
  • Ауыздағы ащы дәм
  • Ауыз қуысының құрғақтығы

Невроз:

  • Күйгелектік және ұйқысыздық
  • Терлегіштік
  • Созылмалы шаршау синдромы
  • Бас ауруы

Диагностика:

  • Науқасты сұрастыру
  • Анамнез жинау
  • Физикалық қарау
  • Лабораторлы зерттеу
  • УДЗ (аш қарынға, кейін майлы тағамнан соң 40 минуттан кейін)
  • Дуоденальды зондтау (өт үлгісін тексеру)
  • ФЭГДС (фиброэзогастродуоденоскопия)
  • Пероральды холецистография
  • Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатиграфия
  • Гепатобилиарлы  сцинтиграфия

Емі:

Күн тәртібін дұрыс құрау:

  • Еңбек пен демалысты дұрыс қалыптастыру
  • Таза ауада жиі серуендеу
  • Отырмалы жұмыс кезінде, әрбір екі сағат сайын жаттығулар жасау

Қатаң диета:

  • Майлы, қақталған, ащы тағамдарды шектеу
  • Тұзды тағамдарды шектеу
  • Үнемі минералды сусындар пайдалану
  • Тағамды аздаған порцияда, жиілігі күніне 6 – 4 рет болу қажет

Дәрілік препараттар:

  • Өт айдағыш препараттар – холеретиктер
  • Ферментты препараттар
  • Холеспазмолитиктер
  • Өт қабына тюбаж (тазарту) – оң жақ бүйіріне жатып, өт айдағыш препараттарды қабылдау және оң жақ қабырға астына, анатомиялық бауыр және өт қабы орналасқан аймаққа грелка орналастыру
  • Үнемі дуоденальды зондтау
  • Электрофорез
  • Инемен ем
  • Нүктелік массаж
  • Гирудотерапия

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өт жолдарының атрезиясы
  2. Холецистит ауру тарихы
  3. Жедел холецистит
  4. Өт жайлы түсінік. Өт қызметі, түзілуі

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!