Бауыр зақымдалуының синдромдары

Бауыр аурулары кезіндегі синдромдар

Клинико-лабораторлы синдромдар:

  • Цитолитикалық синдром
  • Бауыр – жасушалық жеткіліксіздік синдромы
  • Иммунды қабыну синдромы
  • Холестатикалық синдром
  • Астеновегетативті синдром
  • Диспепсиялық синдром
  • Геморрагиялық синдром
  • Гиперспленизм синдромы
  • Портальды гипертензия синдромы

Цитолитикалық синдром

Немесе бұл синдромды “гепатоциттердің бүтіндігінің бұзылысы” синдромы деп атауға болады

Бұл синдром вирусты, дәрілік, токсикалық гепатит және басқа бауырдың жедел зақымдалуы кезінде, бауыр циррозы, созылмалы белсенді гепатит, обтурационды сарғаю кезінде дамиды; Морфологиялық бұл синдром үшін ацидофилды  және гидропиялық дистрофия, жасушалық мембрана зақымдалуымен  гепатоцит некрозы тән. Себептері:

  • жасушалық мембрана өткізгіштігінің бұзылысы
  • гепатоцит некрозы
  • мембранды құрылым ыдырауы
  • плазмаға ферменттердің шығуы

лабораторлы көріністері:

  • қан сары суындағы фермент белсендігінің жоғарылауы
    (АлАТ, АсАТ, ЛДГ, ЛДГ5, альдолаза жоғарылауы )
  • гипербилирубинемия
  • темір концентрациясының жоғарылауы

Де Ритис коэффициенты
АсАТ/АлАТ ара қатынасын көрсететін коэффицент, бауыр зақымдалуының дәрежесін көрсетеді, қалыпты жағдайда – 1,3-1,4 тең.

Де Ритис коэффициентының 1,4 (АсАТ үшін) бауырлық жасушалардың көп бөлігінің ыдырауымен жүретін, бауырдың ауыр зақымдалуы кезінде (жоғары белсенді созылмалы гепатит, бауыр циррозы, ісік); бауырлық жасуша құрылымының терең зақымдалуы болмайтын, беткей зақымдалумен жүретін жедел жағдай кезінде Де Ритис коэффициенты 1,2 тең.

Аз бауыр –  жасушалық  жеткіліксіздік синдромы

(бауырлық энцефалопатиясыз)
Аз бауырлық – жасушалық синдром жеткіліксіздігі – бауырдың әртүрлі қызметінің төмендеуін көрсететін, биохимиялық көріністер тобы.  Клиникасында  қызба, дене салмағының төмендеуі, сарғаю, геморрагиялық диатез, бауырдан тыс көріністер: «бауырлық тіл», «бауырлық алақан», «тамырлық жұлдызша», тырнақтың өзгерістері, гинекомастия және тағы басқалар; Морфологиялық тұрғыдан гепатоциттердің дистрофиялық өзгерістері, бауырлық паренхима қызметінің азаюы
лабораторлы көріністері:

қан сары суындағы холинэстераза белсендігінің азаюы

  • қан сары суындағы протромбин деңгейінің азаюы
  • гипоальбуминемия және гипопротеинемия
  • қан сары суындағы V және VII қан ұю факторының азаюы
  • холестерин  концентрациясының азаюы
  • гипербилирубинемия
  • қандағы  трансаминаза (АсАТ, АлАТ) жоғарылауы
  • фруктозо-1-фос-фатальдолаза, сорбитдегидрогеназа, орнитинкарбамилтранс-фераза деңгейінің жоғарылауы

Иммунды қабынулық синдром

(мезенхималды-қабынулық  синдром) Патологиялық процестің бауырдағы белсендігін көрсетеді  және қызба, артралгия, лимфаденопатия, спленомегалия, васкулит арқылы көрініс береді; Морфологиялық тұрғыдан  лимфоидты және ретикулогистиоцитарлы жасушалар пролиферациясы және белсендігімен, бауыр ішілік лейкоцит миграциясымен, фиброгенез жоғарылауымен  жүреді. Қабынулы синдром бауырдағы иммунды қабынуға байланысты: иммунокомпетентты тіннің сенсибилизациясы, ретикулогистиоцитарлы жүйе белсенуі, портальды түтіктер және бөлікше ішілік строма инфильтрациясымен жүреді.

лабораторлы көріністері:

  • қан сары суындағы глобулин деңгейінің жоғарылауы, гипопротеинемия
  • ақуыз – тұнбалы сынама өзгерістері (тимол, сулема сынамасы);
  • бейспецификалық қабынулық маркердың пайда болуы: ЭТЖ, серомукоид, С-реактивті ақуыз жоғарылауы
  • IgG, IgM, IgA жоғарылауы
  • бейспецификалық антиденелердің жоғарылауы ДНК, тегіс салалы бұлышықетке, митохондрияға, микросомаға, бауырлық липопротеидке; LE- жасушаларының жоғарылауы
  • Т- және  В-лимфоцит және олардың субпопуляциясының функционалды белсендігі мен санының өзгерістері

IgM концентрациясының жоғарылауы. біріншілік биллиарлы цирроз үшін тән
IgG  концентрациясының жоғарылауы. белсенді созылмалы гепатит үшін тән
IgA  концентрациясының жоғарылауы. бауырдың алкогольды зақымдалуы үшін тән

Холестатикалық синдром

бауыр ішілік (біріншілік) холестаз 
гепатоциттердің өт шығару қызметінің бұзылысы және өт каналшаларының зақымдалуымен жүреді, гепатоциттерде ультраструктуралы өзгерістер және тегіс цитоплазмалық тордың гиперплазиясы,  гепатоциттердің биллиарлы полюс өзгерістері, гепатоцитте өт бөлшектерінің жинақталуы арқылы көрінеді.

бауырдан тыс (екіншілік) холестаз
бауырлық және жалпы өт жолдары бойымен обтурация әсерінен, өт ағысының бұзылысымен жүретін синдром (өттік гипертензия әсерінен) бөлшектік өт жолдарының кеңеюінен, олардың эпителий өзгерістері; өт жолдарындағы өттің жиналуы. Клиникалық көріністерінде тұрақты терілік қышыма, сарғаю, тері пигментациясы, ксантелазма, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруы байқалады.
лабораторлы көріністері:

  • сілтілі фосфатаза белсендігінің жоғарылауы -глутамилтранспептидаза (ГГТП)  және басқа экскреторлы фермент – лейцинаминопептидаза, 5-нуклеотидаза жоғарылауы
  • гиперхолестеринемия, фосфолипид, липопротеид, өт қышқылдарының жоғарылауы
  • гипербилирубинемия
  • өт қышқылдарының жоғарылауы – дезоксихолий және холий
  • зәрде өт пигменттерінің пайда болуы (билирубин)
  • нәжісте стеркобилин азаяды немесе жоғалады

Астеновегетативті синдром

  • тез шаршағыштық
  • әлсіздік
  • жұмыс қабілетінің төмендеуі
  • эмоционалды тұрақсыздық
  • ұйқының бұзылысы

Диспепсиялық синдром

  • жүрек айну
  • тәбеттің нашарлауы
  • эпигастрий тұсындағы ауырсыну
  • ауыздағы ащы дәм
  • іштің кебуі
  • іш қату

Геморрагиялық синдром

  • қызыл иек қансырауы
  • мұрыннан қан кету
  • терілік геморрагиялар

Гиперспленизм синдромы

  • анемия
  • тромбоцитопения
  • лейкопения

Портальды гипертензия синдромы

  • көкбауырға венозды ағыстың жоғарылауы
  • ретикулолимфогистиоцитарлы элемент гиперплазиясы
  • спленомегалия

лабораторлы көріністер:

  • тромбоцитопения
  • лейкопения
  • анемия

 Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бауыр циррозы
  2. Бауыр аурулары кезіндегі геморрагиялық синдром
  3. Балалардағы бауыр эхинокогы
  4. Балалардағы көкбауыр кисталары
  5. Бауыр эхинококкозы
  6. Бауырдың алкогольды емес майлы ауруы
  7. Балаларағы бауырдың ерекшелігі
  8. Бауыр және өт жолдарын тексеру. Пальпациясы және перкуссиясы
  9. Бауыр абсцесі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!