Көру мүшесінің күйіктері

Көздің күйіктері

Көздің және оның қосалқы мүшелерінің күйіктері химиялық, термиялық және сәулелік факторлардың әсерінен туындайды. Ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл, орта және ауыр дәрежелері бар.

Химиялық және термиялық күйіктер

  • Химиялық күйіктер кезінде конъюнктива мен қасаң қабық көп зақымдалады. Конъюнктивалық қапшықта күйдіргіш зат қалып қоятындықтан және көз алманың тіндері жұмсақ болғандықтан, қабақтардың терісі аз зақымданады.
  • Сілтілі заттармен күйген өте қауіпті. Сілтілік заттар тіннің нәруызын ыдыратып, сілтілік альбуминат түзеді, ал ол закымдаушы агенттің тінге әрі қарай терең енуіне бөгет жасамайды. Сілтінің өзі және сілтілік альбуминаттардын токсикалық әсері тіндердің трофикасын бұзып, терең зақымдап, колликвациондық некроз тудырады. Сілтінің зақымдаушы әсері қзаққа созылады және тіндердің зақымдану тереңдігі мен көлемі үлғая береді.
  • Қышқылдық күйіктердің клиникалық көрінісі сілтілік күйіктерге ұқсайды. Алайда, сілтіге қарағанда қышқылдар зақымдайтын тіннің нәруыздарының коагуляциясын туғыздырады. Коагуляцияланған нәруыз күйдіргіш заттың әрі қарай енуіне бөгет жасап, тіннің терең зақымдануынан қорғайды.
  • Калий-марганец қышқылымен зақымдану конъюнктиванын, қасаң қабықтың некрозымен сипатталады және лоарды қошқылқара түске бояп тастайды.
  • Газды қару С.8 («мамыргүл») С.К («мойыл») тітіркендіргіш агенттердің әсерімен жарақаттау. Клиникалық көрінісі аталған заттардың липотроптылығымен негізделген, нәтижесінде бұл заттар қасаң қабықтың эпителиалдық жабындысы, тері және сілемейлі қабаттары арқылы өтеді. Ирритантармен жанасқаннан алғашқы секундтарында науқастын көздері ашып, шаншып тұрғандай ауырсыну сезімі пайда болады, көп мөлшерде көзіне көз жасы ағып, блефароспазммен және бет терісі мен конъюнктиванын гиперемиясы байқалады. Көздің тітіркену симтомдары аэрозольмен жана- суы тоқтатқаннан кейін 15—30 минуттан соң бәсеңдейді, ал беттің қызаруы 1 сағаттай сақталып тұрады.
  • Термиялық күйіктер әдетте ыстық сұйықтардың, қызған металдардың шашырауынан, оттың шоғынан және т.б. әсерінен дамиды. Ауырлық дәрежесі зақымдаушы агенттің температурасы мен жылу сыйымдылығына байланысты. Ыстык бумен күйген жағдайда көбінесе бет пен қабак терісі зақымданады, өйткені, адам көзін жұмып алуға үлгіреді. Көзге катты немесе сұйық ыстық заттар түскен жағдайда көру мүшесінің закымдануы айтарлықтай болады.

Көздің және оның косалқы аппаратының химиялық және термиялық күйіктерінің клиникалык көрінісі закымданудың ауырлық дәрежесі мен орналасуына байланысты.

Көздің күйіктерінің клиникалық көріністері

Қабактардың күюі.

  • Жеңіл дәрежесінде терінің зақымданған аймағы қызарып, азғантай ісіп тұрады.
  • Орташа дәрежесінде көпіршіктер пайда болып, айналасындағы терісі кызарып, іседі. Қабақ терісінің закымдалған жері тез некрозға ұшырап, беткейі борпылдақ қабыкшамен (пленкамен) жабылады.
  • Ауыр дәрежесінде эпидермиспен бірге терінің терең кабаттары да некрозға ұшырайды, тіпті кейде бұлшықет талшықтары мен шеміршек те некроздалады. Күйген аймағы сұр-қара немесе сары-жасыл түсті болады.

Конъюнктиваның күйіктері.

  • Жеңіл дәрежесі конъюнктивалык инъекцияның, әлсіз көз жасы ағуымен және жарықтықка қарай алмауымен сипатталады.
  • Орташа дәрежесінде қасаң қабықтың коректенуі бұзылатындай конъюнктиваның айқын хемозы пайда болады. Наукас көздерін аша алмайтынына және көзінен жас ағуына шағымданады. Қараған кезде конъюнктиваның гиперемиясы мен оның беткейінде онай алынатын фибрин жіпшелері байқалады.
  • Ауыр дәрежесінде ақ қабықтың беткейлік қабаттарынын күюі косарланады. Өте жиі перикорнеалдық қан тамырларының закымдануы байкалады. Сілемейлі қабаттың терең некроздалған акшыл аймақтарында бірен-саран қара-ала түсті қан тамырлар көрінеді, ақ қабықтың беткейі жалаңаштанып, некроздалған.

көз күйігі

Қасаң қабықтың күйіктері.

  • Жеңіл дәрежесі. Қасаң қабықтың сыртқы эпителийі зақымданады. Науқас жарыққа қарай алмайтынына, көзінен жас ағуына, блефароспазм, көзде ауырсыну сезіміне шағымданады. Натрий флуоресцеин ерітіндісін көзге тамызғаннан кейін қасаң қабық эпителийінде ұсақ нүктелі ақаулары айқын көрінеді. Қасаң қабықтың сезімталдылығы мен көру жітілігі сәл төмендеуі мүмкін.
  • Орташа дәрежесі. Қасаң қабық стромасының беткейлік қабаттары зақымданады. Стромасы ісінгендіктен қасаң қабықтың мөлдірлігі төмендейді, алайда қарашықтың контуры көрінеді. Науқастар көзінен көп мөлшерде жас ағуына, жарыққа қарай алмауына және көздің ауырсыну сезіміне шағымданады. Көру жітілігі төмендеген (0,3-ке дейін немесе одан төмен). Биомикроскопия кезінде қасаң қабықтың ісінуі нәтижесінде оның қалыңдағанын байқаймыз. Қасаң қабықтың сезімталдылығы айтарлықтай төмендеген.
  • Қасаң қабықтың ауыр дәрежелі күйіктері оның толық бұлыңғырлануымен сипатталады: қасаң қабық күңгірт шыны немесе тіпті фарфор пластинка түріне ұқсайды. Нұрлы қабық пен қарашық көрінбейді, қасаң қабықтың сезімталдылығы жойылған. Науқастарда жоғарыда аталып кеткен шағымдары күштірек білінеді және көру қабілеті жоғалады. Осындай зақымданулар кейін негізгі көру функцияларының бірден бұзылуына әкелетін терең тамырланған ноғаланың пайда болуына, немесе көздің ішкі қабықшалары жағынан ауыр асқынулары немесе қасаң қабықтың перфорациясы нәтижесінде көз алманың өлуіне әкеледі.

Көз күйгенде алғашқы дәрілік көмек көрсету

Химиялық күйіктер кезінде алғашқы көрсетілетін көмектің бірінші қадамы — конъюнктивалық қапшықтан оған түскен барлық бөгде заттарды жуып алып тастау қажет. Бұл манипуляцияны жергілікті анестезия көмегімен жүргізу дұрыс. Анестезиядан кейін конъюнктивалық қапшықты таза сумен (әдетте үлкен шприцпен шаяды) 5—30 минут аралығында шаяды; көзге бояғыш химиялық заттар түскенде конъюнктивалық қапшықты шайынды суы түссіз болғанға дейін жуады. Жарақаттанған беткейді ысқылауға болмайды. Кейін қабақтың астына дезинфекциялық жақпа майды (мысалы 1% левомицетин жақпа майы) жағады және көзге таңғыш салады. Химиялық затты сіңіріп алған жарақатталған тінді кесу, сонымен қатар детоксикациялық, антибактериалдық және эпителий беткейін қалпына келтіретін терапияларды жүргізу мақсатында науқас шұғыл түрде стационарға жолданады.

Термиялық күйіктер кезінде алғашқы көмек: конъюнктивалық қапшыққа антибактериалдық тамшылар тамызып, жақпа майлар жағылады. Химиялық күйіктерге қарағанда конъюнктивалық қапшықты шаюдың қажеті жоқ. Жеңіл таңғыш салынғаннан кейін, науқас стационарға жолданады.

Қасаң қабық зақымдалған жағдайда 1 % атропин ерітіндісін тамызамыз, сіреспеге қарсы сарысуды егемізжәне анальгетиктер тағайындаймыз. Күйіктердің ауыр дәрежесінде қасаң қабықтың некроздалған жерлерін стационарда кесіп тазартады да, кейін донорлық тінмен алмастырады. Жаңадан ауыстырылған кесінді «биологиялық таңғыш» ролін атқарады, өйткені кесіндінің астынан қасаң қабықтың өзінің жасушалық элементтері қалпына келеді.

Реконструктивті хирургия

Көз күйіктерінің асқынуларын хирургиялық жолмен алып тастауды емнің кез келген уақытында орындауға болады. Қасаң қабықтың зақымдануы кезінде ерте емдік беткейлік кератопластиканы жасайды (биологиялық жабынды). Сол уақытта ерте тектоникалық қатпарлы, өтпелі және қатпарлы-өтпелі кератопластиканы орындайды. 10—12 айдан кейін және одан да кештеу (қабынулық үдеріс толығымен бәсеңдеген кезде) жартылай немесе толық қатпарлы кератопластиканы жүргізеді. Көлемді тамырланған ноғала кезінде, кератопластика көмегімен қасаң кабықтың мөлдірлігін қалпына келтіруге мүмкіндік болмаса, сонымен қатар, тор қабықтың функционалдық қабілеті сақталған жағдайда кератопротездеуді орындайды. Қабынулық үдеріс бәсеңдеген соң 3-6 айдан кейін бір мезгілде катарактаның экстракциясы мен интраокулярлық линзаның имплантациясын және кератопластиканы орындауға болады. Анкило- және симблефарон дамыса, сол уақыттарда конъюнктивалық қапшықты қалыптастыратын реконструктивтік операцияларды жасайды. Күйіктен кейінгі екіншілікті глаукомаға антиглаукоматоздык операцияны жасау мерзімі дара шешіледі.

Көздің сәулелік күйіктері

Ультракүлгін сәулемен зақымдану: волытық доғамен, кварц шамымен жұмыс істейтін адамдарда; эстрада және киножарықтандырғыш аппаратттарының қорғаныштығы бұзылған жағдайда (электрлік офтальмия); сонымен қатар, күннің нұрымен қатты жарықтандырылған қарлы немесе сулы жердерде ұзақ болғанда (қарлы офтальмия) кездеседі. Клиникалық көрінісі сәулелену әсерінен 4—6 сағаттан кейін байқалады. Қатты көз жасы ағуы, жарыққа қарай алмауы, блефаро спазм, конъюнктиваның гиперемиясы және қасаң қабық эпителийінің бүтіндігінің нүктелік бұзылуы тән. Жәбірленген адамды қараңғылау бөлмеге отырғызып, қабақтың үстінен салқын дәкені тарту. Көзге бірнеше рет 0,25% тетракаин ерітіндісін тамызуға болады, бірақ бір жағынан жағымсыз әсер етеді (қасаң қабық эпителийінің регенерациясына кері әсерін береді). Қабыну үдерісін басу үшін және инфекциялық асқынуларды алдын алу мақсатында бірнеше күнге көзге антибиотикпен кортикостероид біріктірілген препараттарды (макситрол) тәулігіне 3—4 рет тамызады. Дұрыс емдеу жүргізген жағдайда жіті клиникалық көрінісі бірнеше сағаттан соң басылады. Көру мүшенің көрінетін жарықпен зақымдануы тор қабыққа жарықтық немесе лазерлік энергияны шоғырлаумен және көз түбінің коагуляциясымен байланысты. Сары дақ немесе көру нерві дискісі аймағы күйіп зақымданса, онда көру өткірлігі бірден және тұрақты түрде төмен болады. Офтальмоскопия кезінде көз түбінде зақымдалған  аймақта дөңгелек Т пішіңді, жиектері анык емес сарьшау-ақ түсті ошақтар көрінеді. Бірнеше, көме күннен кейін зақымдалған аимақта пигмент шоғырланған атрофиялық ошақтар түзіледі. Осындай зақымға ұшыраған кезде зақымдану дәрежесін азайту үшін 10 мл 40% глюкоза ерітіндісіне 1 мл 2% хлоропирамин ерітіндісін қосып, көктамыр ішілік береді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көз жарақаттары
  2. Қыли көз. Қылилық
  3. Көздегі ақ қабықтың қабынуы
  4. Құрғақ көз синдромы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!