Көздегі ақ қабықтың қабынуы

Ақ қабықтың қабыну аулары

Ақ қабық қорғаныштық және тіректік немесе бекіністік функдия- ларын атқарады. Ақ қабық тығыз дәнекер тіннен құралған, сонымен қатар өзіндік тамырлары аз болғандықтан, патологиялық үдерістерге инертті болып келеді.

Ақ қабықтың қабыну ауруларын зақымдану тереңдігіне байланысты эписклерит және склерит деп бөлінеді. Қабыну үдерісінің себептері: коллагеноздар, жалпы инфекциялық аурулар (тұмау, дифтерия), инфекционды- аллергиялық үдерістер және фокальды инфекциялар болып табылады.

Эписклерит

Эписклерит — ақ қабықгың сыртқы қабатының қабынуы. Науқастардың шағымдары: көздің қызарып кетуі, көзде әлсіз ауырсыну сезімі болады, көз жасы аздап ағады. Сонымен қатар эписклеритті конъюнктивиттен ажыратуға көмектесетін науқастың шағымдары: көз жасының аздап ағуы мен жарықтан қорқу. Эписклериттің түрлері: түйіндік, көшпелі, розацеаэписклерит болады.

Түйіндік эписклерит эписклераның лимб маңайында көк ренді шектелген домбығы. Домбықгы пальпациялаған кезінде ауырсыну сезімі пайда болады. Үдеріс жиі екі жақты болады. Қабыну ремиссия мен рецидив кезеңдерімен алмасып, созылмалы түрде өтеді.

Көшпелі эписклерит жас әйелдерде етеккір кезінде пайда болып, қайталанады. Бастапкы кездерде кабақтардың ангионевротикалық ісінуімен жүреді де, бірнеше сағат аралығында бірнеше күнге созылатын ак кабықтың кабынуы косылады.

Розацеа-эписклерит қызғылт безеулер аясында дамиды, кератитпен бірге косарланып жүреді.

Емінде глюкокортикоидтарды жергілікті түрде қолдануымен бірге антигистаминді, тамыр тарылтатын және антимикробты препараттарды береді. Көшпелі эписклерит кезінде десенсебилизациялаушы терапияны жүйелі түрде жүргізеді. Көру функцияларына қатысты аурудың болжамы сәтті болып келеді.

склерит және эписклерит қазақша
Склерит және эписклерит

Склерит

Склерит — ақ қабықтың терең қабаттарының кабынуы. Алдыңғы және артқы склерит болып бөлінеді.

Алдыңғы склерит жедел басталады. Ақ кабыктың алдыңғы бөлімінде шектелген домбығу пайда болып, көк реңі бар гиперемиясы байқалады (10.2-сурет). Зақымдалған аймақтың пальпациясы күшті ауырсыну сезімін тудырады. Үдеріске склероздаушы кератит және иридоциклит жиі косарланады. Ауыр жағдайда бүкіл периконеалды аймақ зақымданады (сақиналы склерит).

Артқы склерит. Наукас көз алмасын козғалтқан кезде ауырсыну сезіміне және көз алмасының козғалысының шектелуіне шағымданады. Кабақтары мен конъюнктиваның ісінуі, жеңіл экзофтальм пайда болады. Қабынбалы үдеріс көру нервінің, хориоидеянын және тор қабықтың тіндеріне өтуі мүмкін. Склерит кезінде көру өткірлігі айтарлықтай төмендейді, кейде толығымен жоғалады. Алдыңғы склерит екіншілікті глаукоманың дамуында себепші болуы мүмкін.

Емі жергілікті және жүйелі түрде стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды немесе глюкокортикостероидтарды (айқын қабыну үдерісі кезінде) қолданумен негізделген. Кейбір жағдайдаларда жергілікті антимикробты препараттарды бірге тағайындайды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көздің көру қызметі
  2. Көз анатомиясы, физиологиясы және құрылымы
  3. Көру бұзылысын түзету жолдары
  4. Нашар көру және соқырлық себептері
  5. Перифериялық (шеткері) көру
  6. Конъюнктивит
  7. Көздегі жас ағзасының аурулары
  8. Көзден жас ағумен жүретін аурулар

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!