Симптоматикалық артериялық гипертензия

Екіншілік артериялық гипертензия

Симптоматикалық немесе екіншілік артериялық гипертензия  жеке ауру болып табылмайды, ол басқа ауруға қосалқы жүріп, оның симптоматикасына қосылады.

Симптоматикалық артериялық гипертензия  барлық артериялық гипертезниялардың тек 5-7% ғана құрайды. Бұл АГ бірнеше түрлері бар. Оларға кейінірек тоқтала кетеміз.

Біріншілік этиологиялық себебіне байланысты симтоматикалық артериялық гипертензия келесідей жіктеледі:

  1. Нейрогенді (ОЖЖ зақымдалуымен байланысты):
  • Орталық (травмалар, ми ісігу, менингит, энцефалит, инсульт және т.б.)
  • Перифериялық (полиневропатиялар)
  1. Нефрогенді (бүйректік ):
  • Интерстициалды және паренхиматозды (пиелонефрит хронический, гломерулонефрит, амилоидоз, нефросклероз, гидронефроз, жүйелі қызыл жегі, поликистоз)
  • реноваскулярлы (атеросклероз, бүйрек тамырларыың дисплазиясы, васкулиттер, тромбоз, бүйрек артериясының аневризмасы, бүйрек артериясын жаншыған ісіктер)
  • Аралас (нефроптоз, туа пайда болған аномалиялар)
  1. Эндокринді:
  • Бүйрекүстілік (феохромоцитома, Конн синдромы, бүйрекүсті без гиперплазиясы)
  • Тиреоидты (гипотиреоз, тиреотоксикоз) және паратиреоидты
  • гипофизарлы (акромегалия, Иценко-Кушинг ауруы)
  1. Гемодинамикалық:
  • аортосклероз
  • Ұйқы және аорта стенозы
  • Аорта коарктациясы
  • Аорта клапандарының жетіспеушілігі

Реноваскулярлы  (бүйректік) гипертензия. Бүйрек тамырларының тарылу нәтижесінде бүйрекке қанның шамалы келуіне байланысты, бұған жауап ретінде бүйректе қан қысымын жоғарылаутшы заттар бөлінеді.

Негізінен бүйрек артерияларының тарылуына негізгі себеп құрсақ бөлігіндегі аорта атеросклерозы болып табылады. Сонымен қатар келесідей себептер бар:

  • атеросклероз табақшалары (бляшка),
  • тромбпен бітелу,
  • артерияны әртүрлі генездегі ісіктермен (обыр) және травмалар арқасында пайда болған гематомамен жаншылуы себебінен тарылады.

Сонымен қатар бүйрек артерияларының туа пайда болған дисплазиясы әсерінен де тамыр тарылып, реналды (бүйректік) АГ тудыруы мүмкін. Бүйректік артериялық гипертезнияның пайда болуына басқа да аурулар себеп болады. Олар – пиелонефрит, гломерулонефрит, бүйрек амилоидозы. Мұндай артериялық гипертензия ағымы негізгі бүйректегі ауруға тікелей байланысты. Қаншалықты бүйрек артериясы тарылған болса аурудың даму жылдамдығы, ауырлығы және ерекшелітері соған байланысты болмақ.

Мұндай реноваскулярлы артериялық гипертензиясы бар науқастар көп жағдайда АҚ өте жоғары деңгейге дейін көтерілсе де өздерін қанағаттарлық жағдайда сезінеді.

Реноваскулярлы артериялық гипертензия негізінен антигипертензивті препараттармен емдеуге нашар көнеді.

  • Сұрастыру кезінде науқастар белдегі аурудың пайда болуына, содан кейін қан қысымының жоғарылауына шағымданады.
  • Кей жағдайда құрсақты тыңдағанда, бүйрек артериясының маңында шу тыңдалады.
  • Рентгенограммада бүйрек өлшемдері әртүрлі болуы мүмкін.
  • Экскреторлы және изотопты ренография кезінде бір бүйректің зәр түзу қызметі азайғанын байқаймыз.
  • Науқаста реноваскулярлы артерияылқ гипертезия барын нақты аортография және реналды ангиография арқылы анықтауға болады.

Мұндай реноваскулярлы АГ емдеу, негізгі ауруды емдеумен сипатталады. Яғни алымен бүйрек артериясының тарылуын шақырып тұрған себепті жою қажет.

Эндокринді артериалық гипертензия. Эндокринді жүйедегі аурулар пайда болғанда дамитын АГ. Көп жағдайда феохромоцитома, біріншілік гиперальдестеронизм, Иценко-Кушинг ауруы, гиперпаратиреоз (қалқанша маңы без гормондарының көп бөлінуі), гипертиреоз болып табылады.

Біріншілік альдестеронизм (Конн синдромы) бүйрекүсті без аденомасы нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайда бүйрекүсті безі көп мөлшерде  бүйрек қызметін реттейтін гормон альдестерон бөле бастайды.

Бұл ауру қан қысымының жоғарылауымен, бас ауруымен, әлсіздік ұстамаларымен, қанда калий мөшерінің азаюына байланысты дененің әртүрлі бөліктерінің сыздауымен (онемение) көрінеді. Жүре келе бүйрек қызметі бұзылады.

Біріншілік альдестеронизм  ультрадыбыстық зерттеу және компьютерлік томография арқылы диагностикаланады.

артериялық гипертензия

Феохромоцитома – бүйрек үсті безінің милы затының (ішкі) ісігі. Сирек кездеседі, бірақ ауры артериялық гипертензияны тудырады. Феохромоцитомаға тән белгі қан қысымының жоғары деңгейге дейін жоғарылауы және тұрақты түрде өсуі.

Науқас бас ауруына, жүрек қағуына, терлегіштікке, көрудің нашарлауына шағымнадады. Резерпин қабылдағанда мұндай науқастарда бірден қан қысымының көтерілуі байқалады.

Лабараторлы зерттеу кезінде науқас қанында жоғары дәрежеде адреналин және норадреналин деңгейі анықталады. Феохромоцитоманы бүйрек артериясының артериографиясы немесе компьютерлік томографиясы арқылы анықтайды. Емі оперативті.

Иценко-Кушинг синдромы бүйрекүсті безінің қыртысы затының глюкокортикоидты гормондар синтезінің жоғарылауы кезінде байқалады. Ауру симтомдары: дене салмағының жоғарылауы, ай тәрізді бет, жалпы әлсіздік, дененің бүйір жақтарындағы стриялар. Қандағы бүйрекүсті безінің гормондарының деңгейін анықтау, ангиография және компьютерлік томография арқылы диагностикалайды. Егер Иценко-Кушинг ауруы бүйрекүсті безінің қыртысындағы ісіктер нәтижесінде пайда болса, емі оперативті.

Гемодинамикалық (механикалық) артериалды гипертензия  аорта коарктациясы, аорталды клапан жетіспеушілігі, ашық артерияалдық өзек және жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатыларында дамиды. Ең жиі гемодинамикалық артериялық гипертензия аорта коарктациясы кезінде  кездеседі. Аорта коарктациясы – туа пайда болған аорта белгілі аймағының тарылуы. Мұндай жағдайда аорта тарылған аумағынан жоғары орналасқан тамырларда, қан қысымы айқын көтерілген болса, ал тарылған аортадан төменірек орналасқан тамырларда қысым төмен болып келеді. Диагностика үшін маңызды критерий жоғары жақтағы (қолдағы) және төменгі аяқтағы қан қысымның әртүрлі болуы маңызды. Нақты диагнозды аортаны контрасты зерттеумен қояды.

Аорта стенозының жоғары деңгейлерінің емі -хирургиялық.

Нейрогенді типтегі артериялық гипертензия бас миының немесе жұлынның энцефалит, ісіктер, ишемия, бас ми жарақаты кезіндегі зақымдалуымен байланысты. Мұндай жағдайда Артериялық қан қысымының жоғарылауынан басқа, айқын бас ауруы, бас айналу, тахикардия, терлегіштік, сілкей бөлінудің күшеюі, терінің вазомоторлы реакциясы, іштегі ауырсыну, нистагм, дірілді талмалар байқалады.

Диагностикада бас ми тамырларының ангиографисы, КТ, бас ми МРТ, ЭЭГ қолданылады. Нейрогенді типтегі артериялық гипертензия емі бас миындағы патологияны жоюға бағытталған.

Артериялық гипертензияның дәрілік түрлері

Артерияылық гипертензияның дәрілік түрлерінің дамуына тамырлар спазмы, қанның тұтқырлық қасиетінің жоғарылауы, натрий мен судың ағзада ұсталып қалуы, дәрілік препараттың ренин ангиотензин жүйесіне әсер етуіне байланысты.

Мұрынға арналған интраназалды тамшылар құрамында көп жағдайда адреномиметиктер және симпатомиметиктер  (псевдоэфедрин, эфедрин, фенилэфрин) болғандықтан артериялық гипертензия шақыруы мүмкін.

Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар ағзада сұйықтықтың ұсталып қалуына және вазодилятаторлық қасиеті бар простогландиндер бөліуінің тежеуіне байланысты артериялық гипертензия тудыруы мүмкін.

Жүктіліктен қорғануға арналған пероральды контрацептивтер кұрамында эстроген болады. Олар негізінен ренин ангиотензин жүйесіне стимуляциялық әсер көрсетіп, ағзада сұйықтықтың жиналуына да себепкер болады. Нәтижесінде қан қысымының жоғарылауы байқалады. Симптомиткалық (екіншілік) артерияылық гипертензия оральды контрацептивтер қолданатын әйелдердің 5% дамиды

Сонымен қатар симпатикалық жүйке жүйесіне стимулдеуші әсерді трициклды антидепресанттар да көрсету нәтижесінде артерияылқ гипертензия туындайды.

Байқап отырсақ, симптоматикалық артериялық гипертензия этиологиясы және патогенезі жағынан күрделі болып келеді. Дәрігер үшін мұндай ауруларды емдеу оңай шаруа емес. Генезі әртүрлі болғандықтан, тек бір емес бірнеше сферадағы дәрігерлердің (нефролог, эндокринолог, хирург, терапевт және т.б) араласымен ғана емдеу сәтті аяқталатынына көзіміз жетті. Яғни емдеу үшін басқа әріптестерімізбен тығыз байланыста болып, бірігіп еңбек ету ғана науқас өмірін сақтап, оны осы дерттен айыратын фактор болмақ.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Артериялық гипертензия
  2. Артериялдық қысымды тәуліктік мониторлау
  3. Бүйректік гипертониялық синдром
  4. Магистральді артерия тромбозы және эмболиясы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!