Витаминдер жайлы түсінік
1880 ж. Н.И. Лунин табиғи сүтте жасанды сүтке қарағанда ағзаның қалыпты қызметін ұстап жүру үшін қажетті компо-ненттер бар екендігін ашты. Бұл заттар 1942ж. поляк ғалымы К.Функпен витаминдер деген атқа ие болды. К. Функ олардың құрамында амин топтары бар және олардың табиғаты белок екендігі анықталды. Бірақ кейбір витаминдерде амин топтары жоқ болып шықты, бірақ олардың қазіргі күнге дейін витаминдер деген аты сақталды.
Тағамның ауыстырылмайтын минорлы компоненттеріне витаминдер жатады. Витаминдер дегеніміз – адам ағзасында синтезделмейтін төменмолекулярлы органикалық заттар, бірақ кейбір тағаммен аздаған мөлшерде ағзаға түскенде қалыпты метаболизм мен клеткалардың сәйкес физиологиялық қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді.
Адам ағзасында витаминдер жетіспеген кезде патологиялық жағдайлар – авитаминоздар болуы мүмкін. Бұл жағдайларда,витаминдердің биологиялық қізметіне байланысты метаболизмнің белгілі бір кезеңі зақымдалады да, ол сәйкес симптомдар түрінде көрінеді. Мысалы, В12 витамині жетіспегенде-қатерлі анемия пайда болады, В1 витамині- Бери-Бери полиневриттің, С витамині-цинга, Д витамині- рахит ауруларын тудырады.
Ал витаминдерді мөлшерден тыс пайдаланған кезде- гипервитаминоздар пайда болады. Мысалы: Д ,А гипервитаминозы белгілі. Д витаминінің көп болуынан балаларда краниостеноз, ал А гипервитаминозында бастың ауруы,көру қабілетінің бұзылуы пайда болады.
Физико-химиялық қасиеті бойынша дәрумендер:
- Суда еритін;
- Майда еритін болып жіктеледі;
Суда еритін витаминдер тобына жатады:
- В1 дәрумені (антиневериттік);
- В2 дәрумені (рибофлавин);
- В6 дәрумені (антидерматитті);
- В12 дәрумені (антианемиялық);
- РР дәрумені (антипелларлық);
- Фоль қышқылы (антианемиялық);
- Пантотен қышқылы (антидерматиттік);
- Биотин(дәрумен Н,антисеборейлық);
- С және Р дәрумені (антискорбуттық,өткізгіш).
Майда еритін витаминдер тобына:
- А дәрумені (антисерофтальмиялық);
- D дәрумені (антирахиттік);
- Е дәрумені (көбею дәрумені);
- К дәрумені (антигеморройлық).
Суда еритін витаминдер ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы,парааминобензой қышқылы,фоль қышқылы, биотин, В тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған.
А витамині (ретинол)
Ретинол– антиксероофтальмикалық, антигемеролапикалық витамин. Өзінің химиялық табиғаты бойынша ол циклды қанықпаған бір атомды спирт болып табы-лады. А витминінің 2 түрі бар – А1 және А2. А1 витамині бета- ионондық сақинадан және изопериннің екі қалдығынан құралған: А вит. балықтың, сиыр-дың, шошқаның бауырында, сүтте, жқмыртқаның сары уызын-да, қаймақта көп болады. А вит. тәуліктік қажеттілгі:
- 4 – 8 жастағы балаларда 400 мкг/тәулік немесе 1300 МЕ (IU),
- 9 -13 жастағы балаларда 600 мкг/тәулік немесе 2000 МЕ (IU).
Ағзада ретинол ретинальға және ретиной қышқылына айналады. А вит. барлық түрлері белокты, липидті, көмірсулы алмасуға әсер етеді, фосфорлы- кальцийлі, калийлі алмасуды реттейді. Атап айтқанда, белокты алмасуда А витамині фенилаланиннің тирозинге айналуыен және адреналиннің синтезін жылдамдатады. Ағзада А витаминнің жетіспеушілігі кезінде А гипови-таминозының ең ерте белгісі- қараңғылық адаптация мен алакө-леңке көрудің зақымдалуы- гемеролапия дамиды.
D витамині (кальциферол)
D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультра-күлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады.
Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері:
- 1-3 жастағы балаларда 2500 МЕ
- 4-8 жастағы балаларда 3000 МЕ (IU) немесе 75 мкг/тәулік,
- 9 -13 жастағы балаларда– 4000 МЕ (IU) немесе 100 мкг/тәулік.
С витамині (аскорбин қышқылы)
С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.
С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздал-ған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұ-рынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
- 4 -8 жастағы балаларда 25-100 мг/тәулік
- 9 – 13 жастағы балаларда 45-400 мг/тәулігіне.
В1 витамині (тиамин)
В1 дәруменi (тиамин) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қа-жет дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту про-цесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Тәуліктік қажеттілік:
- 1-3 жастағы балаларда 0,75 mg
- 4-8 жастағы балаларда 1,5 mg
- 9 -13 жастағы балаларда 4 mg
В2 витамині (рибофлавин)
В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процесте-ріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады.
- 1-3 жастағы балаларда 0,85 mg
- 4-8 жастағы балаларда 1,7 mg
- 9 -13 жастағы балаларда 3 mg;
В6 витамині (пиридоксин)
В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. Тәулітік қажеттілігі:
- 1-3 жастағы балаларда 3 mg
- 4-8 жастағы балаларда 6 mg
- 9 -13 жастағы балаларда 12 mg;
РР витамині (ниацин)
РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады, бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы. Тәуліктік қажеттілік: 5 – 10mg
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. дәруменсіз ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік үшін қажетті зат деп аталуы маңызы зор. дәрумендер ағзадағы зат алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Зат алмасуға кіріспе. Метаболизм
- Балалардағы су тұз алмасу ерекшелігі
- Балалардағы асқорыту жолдарының бөгде заттары