Балалардағы су тұз алмасу ерекшелігі

Бала жасындағыларда су электролиттер алмасуы

Қалыпты жағдайда адам суды екі түрлі жолмен қабылдай алады. Ол асқорыту жолдары арқылы әдеттегі суды ішу арқылы қабылдау. Және Ылғалды аудағы суды тыныс жолдары арқылы ішке сіңіру.

Адам үшін судың маңызын айтудың қажеті жоқ, себебі оны бәріміз де білеміз «сусыз тіршілік жоқ».

Балаларда ересектерге қарағанда суға деген мұқтаждық біраз өзгешелеу. Ол жас организімнің өсуіне, зат алмасуының жылдам болуына байланысты. Осы нюансқа жекелей тоқтала кетейік.

Бала жасындағы су-электролитті баланс бірнеше айырмашылықтары бар. Баланың өзіне қажетті суды ішке қабылдау арқылы қанағаттандырады. Іштегі заттардың қышқылдану әсерінен туындаған судың мөлшері мардымсыз. Мысалы 100 г майлар, көмірсулар және нәруыздар ыдырағанда, сәйкесінше 107, 55 және 41 г су түзіледі.

Ересек адаммен салыстырғанда бала тіні мен ағзаларында көбірек су сақталады, бірақ бала өсе келе оның ағзасындағы су мөлшері азайып, ересектердегі көрсеткіштерге қарай жақындай түседі. Құрсақ ішіндегі даму кезінде 3 айында баланың жалпы денесіндегі су көлемі 75,5 % алады. Жаңа туған, қалыпты, дені сау баланың жалпы салмағының 95,4 % су алады. Бала дүниеге келісімен ағзасынан суды жоғалта бастайды, сондықтан су әрдайым сырттан қабылдану керек. Алғашқы 5 жылда балалардағы денесіндегі су мөлшері 70 %, ал ересектерде бұл көрсеткіш 60–65 % тең. Баланың суды ең көп жоғалтатын кезеңі ол өсу кезеңі. Судың біраз мөлшері тыныс алумен, тері бетінен, зәрмен сыртқа бөлінумен және нәжіспен жүреді.

Бірақ айта кететін жайт, баладағы 1 кг салмаққа су мөлшері ересектерден қарағанда көп болғанымен, дене единицасына сай су мөлшері ересектерден аз. Азғада судың ұсталып тұруына, тамақтану ерекшелігі және тіндердегі майды көлемі әсер етеді. Тамағында көмірсулар көп болса, тіндердің гидрофильділігі жоғарылайды. Жасушадан тыс және жасуша ішілік судың химиялық құрамы әртүрлі (қан плазмасы, интерстициальды сұйықтық). Интерстициалды сұйықтық қаннан жартылай өткізгіш мембранамен шектелген.  Ол мембрана нәруыздардың тамырлардан бөлек жаққа өтіп кетпеуін қадағалап тұрады.

Әрбір 20 мин.сайын қан және интерстициалды сұйықтық арасында дене салмағына сай сұйықтық өтеді. Айналымдағы плазма көлемі әрбір 1 минут сайын ауысып отырады. Жас өсе келе плазма мөлшері азая түседі. Жас ұлғайған сайын тек су мөлшері азайып қана қоймай, жасушадаішілік және жасушадан тыс сұйықтық құрылымы да өзгеріске ұшырайды. Су алмасуы балалардаға ересектерден қарағанда интенсивті түрде жүреді. Ерте жастағы балаларда жасушалық мембраналардың өтімділігі жоғары, жасушада және жасушадан тыс аймақтағы судың тұрақтауы әлсіз. Әсіресе бұл жасушааралық сұйықтыққа қатысты. Ол өте қозғалмалы болып келеді. Жасушадан тыс сұйықтықтың қозғалмалы болуы, ондағы судың ғана емес, парентералды енгізген препараттардың да біркелкі таралуына септігін тигізеді.

балалардағы су тұз алмасу маңызы
Физиологиялық жағдайдағы баланың жалпы су балансы

Минералды тұздар құрамы және олардың концентрациясы сұйықтықтың осмостық қысымын реттейді. Маңызды катиондар – бірвалентті: натрий, калий; еківалентті: кальций, магний. Оларға сәйкес келетін аниондар хлор, карбонат, ортофосфат, сульфаттар және т.б. Аздаған негіздердің (сілті) артықшылығы байқалады, сондықтан рН = 7,4. Электролиттер сұйықтықтардың ағза бойымен біркелкі таралуына септігін тигізеді. Осмостық белсенді заттар: глюкоза және мочевина ағзаға сұйықтықты таратуға қызметі аз, себебі олар тамырлық және жасушалық мембрана арқылы өтеді.

Шөлдеу сезімі, ағзадағы су –электролитті баланстың бұзылғанының белгісі. Шөлдеу балада мазасыздық, жылау, қозғыштықпен байқалады. Балалның мұндай реакциясы ашығу деп танылып, балаға омырау сүті беріледі. Омырау сүті бала үшін ең жақсы қоректікпен қатар су-электролитті балансты түзетуші сұйықтық. Ал жасанды тамақтандыруда жүрген балаларға артық су берілуі керек. Балаға су беру, оның тамақтануына сай емес уақытта берілуі керек.

Балалардағы патологиялық жағдайдағы судың жоғалуы

Гипертермия. Дене тепрературасының 1 °С-ға көтерілуі  (37°С артық) суды жоғалту 10 мл • кг-1 тәулігіне дейін артады

Гипервентиляция. Минуттық тыныс алу көлемі 5 ретке жоғарыласа, суды жоғалту 100 мл • кг/ тәулігіне құрайды

Терлеу. Көп мөлшерде терлеу судың мөлшерінің 10—20 мл • кг/сағ дейін жоғалтуға, сонымен қатар ағзадағы қажетті электролиттер Na+ және Сl- азаюына алып келеді

Жиі құсу. Құсу кезіндегі судың жоғалтуы  —  20 мл/кг/тәул дейін, сонымен қатар электролиттер Na+, К+, Сl- мөлшері азаяды.

Ішек парезі

  • II дәрежелі метиоризм — 20 мл /кг-1 /тәулігіне
  • III дәрежелі метиоризм — 40 мл /кг-1 /тәул
  • Сонымен қатар электролиттерді жоғалту— Na+, К+, Са2+, Сl- жүреді.

Су –тұз арақатынасының реттелуі балаларда функционалды жетілмеген болып келеді.

Соныдқтан балаларға арналған инфузиялық терапия да өз алдында бірнеше  өзгешеліктері бар:

  • Бала жасындағыларда ең үлкен экстрацеллюлярлы сұйықтық көлемі бар;
  • Бала жасындағы интерсивті зат алмасу, тұздар мен белоктарды белсенді қолдану, жаңа тіндерді синтездеудің активті жүруі бүйрекке шамалы ғана жүктеме түсумен жүреді. Осыған байланысты дене салмағын нашар қосып келе жатқан балада бүйрек қызметі бұзылып, су балансы да бұзылады. (Э. Керпель-Фрониус, 1975);

Бүйректің концентрациялық мүмкіндігі ересектерге қарағанда төмен. Зәрдің максималды концентациясы— 700 ммоль/л, ал ересекте бұл көрсеткіш— 1400 ммоль/л.

Балаларда  АДГ синтезі төмен болғандықтан, ол су-тұз алмасуына көп қатыспайды. Балаларда су электролит алмасуына альдестерон негізгі рольді атқарады.

Балалаларда шумақшалы фильтрация айтарлықтай төмен; ал жаңа туған нәрестеде бүйректің Н+-иондарын бөлу қабілеті аз. Сондықтан балалардағы метаболикалық ацидозды компенсирлеу механизімі ол тыныс алу

Балалардағы бүйректің зәртүзу функциясы ересектерге сай көрсеткішке 1 айында, концентрациялық қабілеті -3 айында; ал шумақшалы фильтрациясы 18 айына таман реттеледі. Бұл көрсеткіштер неліктен балаларда жеке бүйрек функцияларының әлсіз болуына балайнысты, вена ішілік сұйықтық енгізгенде артық мөлшерлеу ісінудің тудыруын айтады.

Су-тұз алмасуының бұзылуы, дұрыс тамақтанбау бүйек қызметінің оңай бұзылуын шақырады. Ол өз кезегінде жедел бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді, әсіресе баланың алғашқы айларында.

балалардағы электролиттер алмасуы

Балалардағы тұздардың алмасуы

Натрий алмасуы (Na+, атомдық массасы22,98 ) — жасушадан тыс аумақтағы негізгі катион, ерте жастағы бала қан плазмасында 135—157 ммоль/л; ересекте— 142 ммоль/л.

  • Натрий жетіспеушілігі суды көп жоғалтқанда пайда болады. Оларға: құсу, іш өту, бүйрек жетіспеушілігі, көп мөлшерде терлеу, ацидоз кезінде.
  • Клиникалық көріністері: шаршағыштық, апатия, бас ауруы, көрудің бұзылуы, артериалды және венозды гипотензия, тахикардия, бұлшықет дірілі. Гипонатрийемия кезінде зәрдің тығыздығы төмендеп кетеді.
  • Ал натрий мөлшері көбейіп, гипернатрийемия дамығанда зәрде тұздар мөлшері көбейеді.

Калий алмасуы (К+, атомдық массасы 39,1) —калий иондарының мөлшері әртүрлі субстанцияда әртүрі болып келеді. Қан плазмасында оның мөлшері 3,5—5,5 мг-экв/л (барлық мөлшердің 2 % жуығы), ионизирленген формада болады.

Гипокалиемия себептері: құсу және іш өту кезіндегі сұйықтықты жоғалту, диуретикалық препараттарды ұзақ қабылдау (маннитол, фуросемид), глюкозурия, стрестік жағдайлар (бүйрекүсті безінің белсенді қызмет етуі), ұзақ алкалоз және ацидоз.

Хлор алмасуы (атомдық массасы 35,45). Интерстициалды және тамырішілік сұйықтықтарда мөлшері 103—110 ммоль/л хлор, ал жасушада — 6 ммоль/л құрайды. Ағзаға хлор тамақ арқылы түседі.

  • Гипохлоремия (Cl- плазмада мөлшері 98 ммоль/л және одан төмендеуі) плазмодилюция кезінде натриемия пайда болып, жасушааралық сұйықтық көлемі көбейгенде; созылмалы респираторлы ацидоз кезінде, гипокалийемиялық метаболикалық алкалоз, жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде және басқарылмаған диуретикалық терапияда
  • Гиперхлоремия (Cl- мөлшері 110 ммоль/л және одан жоғары) сусыздану кезінде пайда болады (қантсыз диабет және ми сабауының зақымдалуы

Су тұз алмасу ағза үшін маңызды қажеттіліктердің бірі. Онсыз ешбір тірі ағзада өмір жоқ. Әсіресе жас балаларда бұл процесс өте белсенді өтеді. Жоғарыда осы ақпараттан көргендей, балалардағы су-электролиттер алмасуының бұзылуы ең қайғылы жағдайға дейін алып келуі мүмкін. Себебі балалардағы бұл тепе теңдіктің күрт өзгеруі, өмірді үзетіндей патологиялық жағдайға алып келеді.

Сол үшін болашақ дәрігер осы тақырыпты мұқият әрі барлық санасын сала отырып меңгергені дұрыс.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Ерте жастағы балаларға патронаж
  2. Балалардағы қол сүйектерінің сынуы
  3. Балалардағы травматизм, жарақаттар
  4. Балалардағы кома ерекшелігі. Емдеу тактикасы
  5. Балалардағы үсу

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!