Құрсақ қабырғасының анатомиясы. Әлсіз жерлері
Құрсақ қабырғасының қабаттарын айтпас бұрын оның қандай аймақтарға бөлінетінін қарай кетейік. Олар:
Құрсақ қабырғасының қабат бойынша сипаттамалары
1.Құрсқ қуысындағы тері өте жұқа, оңай түрде шымшып қолға ұстауға болады. Және қозғалмалы келеді. Мықын аумағында әсіресе пупарт байламы маңында оның қозғалғыштығы шектелген. Тері эластикалық болуы, құрсақ ішіндегі қысым алмасуына оңтайлы келеді. Мысалы жүктілік кезінде, асцит кезінде құрсақ көлемі үлкейіп, қайта қалпына келуге ыңғайлы. Оперативті араласуда құрсақ табиғи сызықтарына сай кесу жүргізсе, тыртық көлемі беткей әрі кіші болады.
2. Тері асты қабаты жақсы дамыған, көптеген майдан тұрады. Көптеген тамыр өткенімен, қанмен қамтамассыз етілуі нашар. Қанмен қамтамассыз етілуі бұзылғанда, некрозға жылдам ұшырап, патогенді микрофлора дамуына қолайлы орта пайда болады.
3. Теріасты қабатынан кейін беткей фасция орналасады. Ол екі жапырақшадан (листок) тұрады. Беткей және терең. Беткей жапырақшада май көп болып, санға пупарт байламы үстінен өтеді. Ал терең жапырақша (Томпсонов пластинкасы) беткейге қарағанда жұқа, бірақ тығыз әрі көптеген фиброзды талшықтардан тұрады. Клиникалық тұрғыдан бұл фасция маңызды, себебі ол жыныс ағзасына, ұмаға дейін жетіп, оларды қоршап орналасып, уретра жыртылуы болса, зәрлік экстравация ұмаға, шатаралыққа таралып, сан аумағына бармайды.
4. Өзіндік фасция іштің бұлшықеттерін: сыртқы қиғаш, ішкі қиғаш, көлденең, тік және пирамидальды бұлшықеттерін жауып жатады.
5. Іштің бұлшықеттік қабаты алдында жұп тік бұлышқеттерден, латеральды бөлігінде –үш қабатты бұлшықеттерден: сыртқы қиғаш, ішкі қиғаш және көлденең бұлшықетпен құралған. Іштің тік бұлшықеті жоғарыдан қабырға доғасына жабысып, төменгі жағынан қасаға сүйегіне бекінеді. Жұп пирамидальды бұлшықеттер тік бұлшықеттің алдында болып, қасаға сүйегінен басталып, іштің ақ сызығына ене отырып жоғары жүреді.
Тік бұлшықет қынабы келесідей құрымнан құралған:
Кіндіктен жоғары
Алдыңғы қабырғасы:сыртқы қиғаш + ішкі қиғаш бұлшықет апоневрозының алдыңғы жапырақшасы
Артқы қабырғасы: ішкі қиғаш бұлшықет апноверозының артқы жапырақшасы + көлденең бұлшықет апоневроз + көлденең фасция
Кіндіктен төмен:
- алдыңғы қабырға: сырқы қиғаш+ ішкі қиғаш + апоневроз көлденең бұлшықет апоневроздары
- арқы қабырғасы: көлденең фасция және ішперде
Іштің ақ сызығында тек келесі қабаттар ғана болады: тері және теріасты клечаткамен, Беткей фасция, екі қиғаш және көлденең бұлшықеттің бірігіп кеткен фасциялары, көлденең фасция, ішперде алдыңғы клечатка (предбрюшинная клетчатка) және ішперде (брюшина)
Кіндік аумағында ақ сызық бойында тесік (отверствие) кіндік сақинасы бар (anulus umbilicalis). Кіндік (umbilicus) құрсақ қабырғасында әлсіз жерлердің бірі. Оның шеткі жақтары апоневроз талшықтарымен, ал түбі аз эластикалық байламнан (соеденительная ткань) құралған. Кіндік сақинасы әсіресе әйелдерде кіндік жарығы түзілетін жерлердің бірі.
Жарты ай тәрізді сызық немесе спигельев сызығы – іштің көлденең бұлшықетінің байламдық бөлігіндегі әлсіз жерін атайды. Ол іштің тік бұлшықет қынабының маңында орналасады.
Сан каналы (қалпыда жоқ)
Сан венасы және лакунарлы байлам арасында тамырлы лакунада тесік (щель) пайда болады. (сан сақинасы, болбыр клечаткамен толған, сол аралықтан сан жарықтары шығады). Санның алдыңғы қабырғасына жарық мөшегі сыртқа кең фасцияның беткей және терең фасциялары арасынан, торлы (решетчатый) фасцияны тесіп, тері астына шығады. Сан жарығы осылай шығу әсерінен САН КАНАЛЫ туындайды.
Терең сақина сан сақинасына сәйкес келеді, және келесідей қабырғалары болады:: алдынан- шап байламы; артынан- гребенчатой связкой; Медиалды- лакунарлы байлам; Латеральды – сан венасы.
Беткей сақина сан каналында кең фасцияның беткей жапырақшасында hiatus saphenus сәйкес келеді.
Сан каналында 3 қабырға бар:
- алдыңғы– кең фасцияның беткей жапырақшасы (верхний рог серповидного края);
- сыртқы – сан венасының қынабы;
- Артқы – кең фасцияның терең жапырақшасы (f. pectinea ).
Канал ұзындығы 1-3 см дейін
Шап каналы, canalis inguinalis , құрсақ қабырғасының төменгі бөлігіндегі қуыс тәрізді кеңістікті атайды. Ерлерде, funiculus spermaticus, ал әйелдерде жатырдың жұмыр байламы lig. teres uteri өтеді.
Шап каналы көлденең қиғаш бағытта өтіп, ұзындығы 4,5 см дейін барады.
Шап каналында 4 қабырғасы бар. Олар:
- Алдыңғы қабырғасы: іштің қиғаш
- Артқы қабырғасы көлденең фасция— fascia transversalis;
- Жоғарғы қабырғасы: іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің және көлденең бұлшықетінің төменгі бөлігі;
- Төменгі қабырғасы: шап байламы;
Шап каналында екі сақина бар. Беткей шап сақинасы, anulus inguinalis superficial is. Қасаға сүйегіне жақын орналасады, овальды сопақша тәрізді формада болады (2,5-3,0 х 1,0-2,5 см). Оны жоғарғы және төменгі жағынан медиальды және латеральды аяқшалары, crus mediate el crus lalerale, шектеп тұрады.
Терең шап сақинасы, anulus inguinalis profundus, ворнока тәрізді шұңқырдан құралған.
Бұл екі сақиналардан шап каналы шығып, шап жарығын шығаруы мүмкін. Сыртқы сақинадан қиғаш жарық; ал ішкі (медиальды) сақинадан тік жарық шығады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: