Асқазан резекциясы
Асқазан резекциясы-асқазанның патологиялық ошағына байланысты белгілі бөлігін, немесе мүшені толық алып тастау. Алғаш рет асқазан резекциясын Пеан жасаған. Қазіргі кезде асқазан резекциясы кең қолданылады. Мақсаты: қышқылдық-пептикалық факторларды тежеу, тағамның асқорыту трактісінен жеңіл өтуі.
Операцияға көрсеткіштер:
- Абсолютті көрсеткіштер: стеноз, перфорация, малигнизация, профузды қан кету.
- Шартты-абсолютті көрсеткіштер: қан кету, пенетрацияланған жаралар, каллезді жаралар.
- Салыстырмалы көрсеткішер: консервативті ем нәтижесіз болған кездегі асқынбаған жаралар, ұзақ жазылмайтын жаралар.
Резекция түрлері:
- Пилороантральді резекция-пилорикалық бөлімді алып тастатайды, асқазан денесінің бір бөлігін алады.
- Проксимальді резекция- асқазанның кардиальді бөлігін, түбін, денесін алып тастайды.
- Бөліктік резекция- тек патологиялық ошақты резекциялайды.
- Субтотальді резекция- асқазанды толығымен алып тастайды, тек кардиальді бөлігін, күмбезді алмайды.
- Гастрэктомия- асқазанды толық сылып тастайды.
Резекциялаудың аумағы бойынша:
- 1/3 бөлікті резекциялау
- 1,5/3 бөлікті резекциялау
- 2/3 бөлікті резекциялау
Асқазанды резекциялау әдістері:
- Бильрот 1
- Бильрот 2
- Гофмейстер-Финстерер
- Бальфуру
- Ру
- Захаров-Куприянов
- Полеа-Райхель
- Сумин
Бильрот 1 операция әдісі:
Асқазанның кіші, үлкен иірімдерін мобилизациялағаннан кейін 2/3 бөлігі резекцияланады→асқазанның тұз қышқылын түзу функциясы тежеледі. Асқазанның культясы кіші иірімі жағынан тігіледі, ал үлкен иірімі жағынан он екі елі ішектің жоғарғы бөлігімен анастомозданады→пассаж сақталады. Операциядан кейін постгастрорезекционды асқынулар аз болады. Сирек Демпинг синдром дамиды.
Бильрот 2 операция әдісі:
Резекциядан кейін асқазан культясы тігіледі. Он екі елі ішектің культясы да тігіледі. Асқазанның алдыңғы қабырғасымен он екі елі ішек арасына “бок в бок” анастомоз салынады.
Кемістіктері: кіші иірімде соқыр каналдың пайда болуы, әкелгіш ілмек синдромы дамуы.
Гофмейстер-Финстерер операция әдісі:
Асқазанның кіші иірімін тіккеннен кейін үлкен иірімі арқылы культяларын анастомоздау.
- Соқыр каналдың алдын алу. Кіші иірімге жартылай кисетті тігіс салу.
- Әкелгіш ілмекті кіші иірімге тігу→әкелгіш ілмек синдромын алдын алу.
- Кемшіліктері: Демпинг синдром, он екі елі ішек пассажға қатыспайды, рефлюкс-гастрит.
Бальфуру операция әдісі:
Анастомоз асқазанмен он екі елі ішектің жоғарғы бөліміне салынады. Әкелгіш және әкеткіш ілмек арасына браундық анастомоз салынады, ол әкелгіш ілмектің жеңіл босаңсуына жағдай жасайды.
- Әкелгіш ілмек синдромы болмайды
- Рефлюкс-гастрит сирек дамиды
- 12 елі ішек гипертензиясының төмендеуі
Ру операция әдісі: Трейц байламынан төмен ащы ішек ілмегі кесіледі, асқазан резекцияланады. 2 ілмек түзіледі: проксимальді, дистальді. Дистальді ілмекті асқазанмен анастомоздайды. Проксимальді ілмектің бос соңы дистальді ілмекпен анастомозданады “соңынан бүйіріне (конец в бок)”.
Захаров-Куприянов операция әдісі: Ащы ішектің петлялары трейц байламынан төмен екі жақтан асқазанмен 12 елі ішек араларынан өтеді. Анастомозданғанда проксимальді және дистальді ашық соңдары бір-бірімен анастомозданады “конец в конец“. Осы операция Демпинг синдромының профилактикасы ретінде қолданылады. 12 елі ішек пассажы сақталады.
Полеа-Райхель операция әдісі: Анастомоз асқазан культясымен ащы ішек ілмегі арасына салынады.
Сумин операция әдісі:
Резекция кіші иірім бойынша жасалады, кейін түтік түрінде қалпына келтіріледі. Гастроэнтероанастомоздар асқазанның шыға беріс бөлігінің стенозы кезінде паллиативті операция ретінде орындалады.
Варианттар:
- Алдыңғы-тоқ ішек алды
- Артқы-тоқ ішек алды
- Алдыңғы-тоқ ішек арты
- Артқы-тоқ ішек арты
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Абдоминалды операция кезіндегі анестезия
- Өңеш, асқазанға лапароскопиялық операциялар
- Құрсақ аортасына операциялар
- Асқазан обыры
- Асқазан ішек жолдарынан қан кету
- Асқазан және 12 елі ішек жарасы