Етеккір циклінің қызметі

Қалыпты етеккір циклы

Етеккір циклі (менстраульді цикл) әйел ағзасындағы циклді түрде қайталанып отыратын процесс. Оның негізгі көрінісі болып, жыныс жолдарынан қан бөліністері (менструация) болып табылады.

Етеккір циклі алғашқы менархеден кейін қалыптасады, және әйелдің репродуктивті, яғни бала дүинеге әкеле алу қабілеті бар жаста әрдайым жүріп отырады. Етеккір циклі екі фазалы процесс. Бірінші фазасы (фолликулиндік фаза) аналық безде фолликул және аналық жыныс жасушасының пісіп жетілуімен сипатталады. Екінші фазасы (лютеинді фаза) сары дене түзілуімен байланысты. Сонымен бірге жатыр қуысында (эндометрий) функционалды қабатында регенерация және пролиферация жүріп отырады. Эндометрий өзгеруі десквамацияланумен (түлеу), яғни менструациямен көрінеді.

Бұл процесстердің биологиялық маңызы әйел ағзасының репродуктивті функцияларын сақтауға бағытталған. Аналық жасуша пісіп жетілуі, ұрықтануы, ұрықтанған жасушаның жатыр қуысына имплантациялануы (жабысуы) барлығы да менструальді циклмен тығыз байланысты. Егер аналық жыныс жасушасы ұрықтанбаса, эндометрийдің функионалді қабаты кері дамып, түлеп түсіп, жыныс жолдарынан қанды бөлініс байқалады. Ал репродуктивті жүйеде циклді түрде қайтадан аналық бездің дамуы, пісіп жетілуі жүреді.

Менструация – арнайы интервалмен әйел жыныс жолдарынан қанның бөлінуін айтады. Тек жүктілік және лактация кезінде менстрауция тоқтайды. Яғни етеккір циклі болмайды. Алашқы менстрауция (жыныс жолдарынан қанды бөлініс болу) 10-13 жас аралығында пайда болады. Келесі 1-1,5 жылда ол тұрақсыз болуы мүмкін. Кейіннен келе тұрқталып, түзеледі.

Қалыпты етеккір циклінің сипаттамалары:

  • Ұзақтығы 21 ден 35 күнге дейін (60% әйелдерде ұзақтығы 28 күнге тең);
  • Менструальді бөліністер ұзақтығы 2 -7 күн;
  • Етеккір циклі кезіндегі қан жоғалту көлемі 40-60 мл (орташа 50 мл шамасында);

Етеркір циклінің реттелуі нейроэндокринді және шеткі перифериялық құрылымдармен реттеліп отырады. Толықтай айтатын болсақ, ерекірдің реттелуінде 5 сатысы бар. Олар:

1. Етеккір реттеудің бірінші сатысы (жоғарғы): ОЖЖ, бас миының қыртысы және экстрагипоталамикалық церебральді құрылымдар (лямбиялық жүйе, гипокамп). 

ОЖЖ етеккір цикіліне әсері аса күшті. Ол сырты ортадан алынған ақпараттар, сыртқы тітіркендіргіштер, стресстік жағдайлар етеккір цикілін өзгеріске ұшыратуы мүмкін. Мысалы, соғыс уақытында, жақындарын жоғалтқан кездегі қайғы -уайымда көпшілік әйелдер ағзасында етеккір цикілі тежелу байқалады. Сонымен қатар ақыл есі кем адамдарда “жалған жүктілік” феномені орнауы мүмкін, аса қатты бала көтергісі келген әйелдерде ОЖЖ әсерінен етеккірі тежеліп, жүктілік тәрізді көріністер байқалады. Немесе жүктіліктен қорқу да ОЖЖ нің етеккір фазаларын тежеуіне алып келеді. Мұның бәрі ОЖЖ қаншалықты маңызды әрі күшті әсер көрсететінің бір себебі.

Репродуктивті жүйенің жоғарғы реттеуші орталықтары ақпараттарды шеткі рецепторлардан алады. Олар негізгі жыныс гормондары ретінде: эстроген, прогестерон және андрогендер. Оған жауап ретінде ОЖЖ де нейропептидтер және нейротрансмиттер түзіледі. 

Нефропептидтерге: эндогенді опиоидты пептидтер (ЭОП), кортикотропин-рилизинг-фактор, галанин жатады. Бұлар гипоталамус қызметіне әсер көрсетеді. Белгілі бір себептермен ЭОП бөлінуінің жоғарылауы, лютеиндеуші гормон (ЛГ) және фоликуластимульдеуші гормон (ФСГ) өндірілуін тежейді. ЛГ және ФСГ төмендеуі етеккір цикілінің азаюы тіпті жоғалып кетуіне (аменорея) соқтырады.

2. Етеккірді екінші реттеуші орталығы гипоталамус болып табылады. Гипоталамус либерин бөлу арқылы стимулдеуші, статин бөліп тежеуші қызметті атқарады. Гипоталамустың нейросекреторлық қызметі ағзадағы жыныс гормондарының мөлшеріне, ОЖЖ бөлген нейротрансмиттер және нейропептидтерге байланысты.

3. Етеккірдің үшінші реттеуші орталығы гипофиздің алдыңғы бөлігі. Бұл бөлігі гонадотропты гормондар өндіреді. Нақтырақ айтатын болсақ, фолликулостимульдеуші (ФСГ) және лютейиндеуші гормон (ЛГ), пролактин, аденокортикотропты гормон (АКТГ), соматотропты гормон (СТГ), тиреотропты гормон (ТТГ). Репродуктивті жүйенің дұрыс қызмет атқаруы осы гормондардың дұрыс әрі ретті, ара қатынасын сақтап бөлінуі реттейді. Мысалы пролактин гормонына келсек, ол қыздардың ағзасында сүт безінің өсуіне, лактацияның реттелуіне негізгі қызметті атқарады.

4. Етеккір цикілінің төртінші сатысына перифериялық эндокринді бездер жатады. Олар: аналық без, бүйрекүсті безі, қалқанша безі. Негізгі қызметті аналық жыныс безі атқарады. Аналық безде фолликулдардың өсуі және жетілуі, овуляция, жыныстық стероидты гормондар синтезі жүреді. Репродуктивті жаста аналық без эстрогендердің (эстрадиол, эстриол, эстерон) негізгі көзі болып табылады. Эстрогенен басқа аналық безде прогрестерон, және кейбір мөлшерде андрогендер түзіледі. Гормондармен қатар аналық без келесі биологиялық белсенді заттарды өндіреді: окситоцион, простагландин, вазопрессин, релаксин және т.б.

5. Етеккір цикінің бесінші сатысына: жыныс ағзалары, яғни жатыр, жатыр түтігі, қынаптың шырышты қабаты жатады. Етеккір кезінде көп өзгеріске ұшырайтыны эндметрий екені белгілі.

Эндометрийдегі (жатырдың ішкі қабаты) өзгерістер:

Пролиферация фазасы (фоликулярлы): орташа есеппен 12-14 күнге созылады. Етеккір циклінің 5 күніне басталады. Бұл кезде жаңа беткей қабат түзіледі. Ол цилиндрлі эпителийден тұрады. Осы функциональді қабат қалыңдығы 8 мм болады.

Секреция фазасы (лютеинді) сары дене түзіліп, оның белсенді болуымен байланысты.  14 күнге созылады. Бұл кезде эндометрий эпителийлі бездері секретті қышқылды гликозаминогликандар, гликоген, гликопротеидтер түзеді. Секреция 20-21 күнінде ең жоғары болады. Осы аумақтың қан тамырларымен қамтамассыз етілуі жоғарылай түседі. 24-27 күнге таман сары дененің кері дамуына (регресс) байланысты эндометрий трофикасы бұзылып, онда дегенеративті өзгерістер басталады.

Менструация басталғанда сары дене регрессіне байланысты эндометрийге оттегі жетіспеуі байқалады (гипоксия). Уақыт өте келе қантамырларда тромб пайда болып, тамырлар жарылып қан кету байқалады. Сөйтіп эндометрий түлеп, кейін қайта дамиды.

Қалыпты етеккір менструалды цикл

етеккір цилінде болатын жоғарыда атылған өзгерістердің графикалық суреттемесі

Етеккір циклінде осылай эндометрий өзгеріске ұшырап отырады. Онда пролиферация, секреция және менструация ретті түрде жүреді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Экстрагенитальды патология кезінде етеккір фукциясының бұзылысы
  2. Етеккір циклының бұзылыстары
  3. Етеккір алды синдромы
  4. Әйел бедеулігі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!