Бауыр гемангиомасы

Бауыр гемангиомасы бауыр қан тамырларының ең жиі кездесетін оның барлық қатерсіз түзілістерінің 2,2–-3% құрайтын ісігі. Гемангиомалар біреу және көп 10% болуы мүмкін. Басқа ағзалардың гемангиомалармен қабаттасады. Жиі үңгірлі құрылысты, әдетте олар бауырдың сол бөлігінің көкеттік бетінде субкапсулярлы орналасады. Кейде бауыр паренхимасында орналасуы мүмкін. Гистологиялық тұрғыдан капиллярлы, склерозды және үңгірлі.

   Этиологиясы және патогенезі. Шығу тегі бойынша оларды туа біткен аруларға жатқызады. Көптеген авторлар бауыр гема-нгиомасының пайда болуын бауыр қантамырларының аномалды дамуымен байланыстырады. Соңғы жылдары гемангиома дамуында анаболикалық стероидтардың мүмкін маңызы туралы деректер табылды.

 

 

 

 

 

     Симптомдары. Кіші көлемді 5 см кіші гемангиомалар қалыптыда симптомсыз. Симптоматика оның көлеміне, орналасуына, айналасындағы бауыр паренхимасының бұзылуына және басылуына байланысты. Аурудың клиникалық көрінісі ісік үлкен көлемге жеткен кезде білінеді. Науқастарда ауру сезімі, оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауырлық сезімі байқалады. Ауру сезімі оң жақ жауырынға және белге таралады. Жиі науқастарда тәбет жоғалуы, жүрек айну, кекіру, іш қату, метеоризм болады. Бауыр немесе өт жолдарының басылуында механикалық сарғаю, ал қақпа венасы басылса – порталдықанайналым бұзылысының белгілері: асцит, жүрек жеткіліксіздігі және т.б. Ірі гемангиомасы бар науқастарды объективті тексергенде гепатомегалия анықталады, кейде гемангиома аймағында систоликалық шу естіледі. Гемангиома аяқшасының бұралуы(жедел іш синдромы) көрінісіне алып келеді. Гемангиома ағымы жыртылып, құрсақ ішіне қан кетумен, ісікті қоректендіретін тамырлардың тромбозымен, ісіктің некрозымен асқынады.

   

 

 

 

 

 

  Диагностика. Гемангиомалар тромбоцитопения мен гемокоа-гуляция бұзылысымен (Казабах-Меррит) көрінуі мүмкін. Аспаптық зерттеу әдістері ішінде УДЗ, МРТ, целиакография, лапароскопия.

     Емі. 5 см кіші бауыр гемангиомаларында хирургиялық ем көрсетілмеген, динамикалық бақылау қажет. Бақылау кезінде 6 ай сайын УДЗ өту қажет. Ірі гемангиомалар радикалды немесе паллиативті хирургиялық емді қажет етеді. Радикалды емге бауыр резекциясы, экстерпациясы, ісіктің энуклеациясы жатады. 1-3 сегментті қамтыған гемангиомаларда ісік айналасында арнайы резекция жасалады. Гемангиома 3 сегменттен артық зақымдаған науқастарда операция кезінде қауіпті қан кетуді болдырмау үшін анатомиялық резекция жасалады. Паллиативті әдіске резекция немесе гемангиоманы тігу, ісікті қоректендіруші қақпа венасы мен бауыр артерияларының тармақтарын байлау, әкелуші тамырлардың рентген эндоваскулярлы окклюзиясы, сәулелі терапия кіреді.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!