1.Аурухананың тамақ бөлімдерінде кәсіпорынның қоғамдық тамақтандырылуына арналған қолданыстағы санитарлы ережесінде қаралған тағамның құрылысы,дайындауы және ұстау талабы қатаң бақылану керек.
2.Тамақ бөлімдерінің көрнекті жерінде санитарлық ереже ілулі тұру керек.Бұл ереже аурухана басшылығымен аурухананың тамақ бөлімінде жұмыс істейтін әр жұмыскерге мәлімет ретінде жеткізіледі.
3.Тамақ блоктарының персоналы санитарлық минимум сынағынан өткеннен кейін ғана жұмықа жіберіледі.
5.Тамақ блоктары бөлмелерінде аурухана бөлімдеінің асхана ыдыстарын жууға қатаң тиым салынады.Асхана ыдыстарын жуу бөлімнің жуатын буфеттерінде жүргізіледі.
6.Аурухана бөлімдерінің буфет пен тамақ блоктарының жабдықтары аурухана және емхана жабдықтарының қолданыстағы табеліне сәйкес болу керек.
7.Тамақ тағамдары мен нанды орталықтандырылған түрде жеткізу мүмкіндігі болмағанда,оны тасу үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді,яғни кем дегенде жылына 1 рет санэпидемиялық орындарында паспорттылау жүргізіледі.Бұл көлікпен жамылғы жабдық, науқастарды, т/б тасуға тиым салынады.
- Жартылай дайын тамақтар тасу
- Аурухананың буфеттік бөлімдеріне дайын тамақтарды көлікпен әкелу кезінде термос,қол арба,мармитті қол арба немесе тығыз жабылғы ыдыс қолданылады.Оларды жуу және сақтау тамақ блогы жанынан арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асырылады.
10.Аурухана бөлігі жанындағы буфетті бөлмелер.
-буфетті ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйені барлығына қарамастан ыстық және суық су үздіксіз қызымет көрсету үщін электрқайнатқышпен жабдықталу керек
-қосылған қос секциялық жуатын ванна,ыдыстарды кептіру мен шұаюға арналған тор;
-тамақтарды жылытуға арналған электроплитка және мармитті қондырғы.
-асхана ыдыстары мен құралдарын сақтайтын және тағамдарды (нан,тұз,қант) сақтайтын шкафтар.
-тамақтарды таратуға арналған гигеналық жабуы бар стол;
-бір науқасқа арналған ыдыстар жиынтығы:бір шұнғыл,ұсақ және тәтті тағам тәрелкелері, шанышқы,асханалық және шай қасық,кружка,ал балалар бөлімінде жарақаттандыру табеліне сәйкес артығымен;
-ыдыстарды қайнататын және езетін бак;
-дезинфекциялық және жуатын құралдар;
-«буфет үшін» белгісі бар жинайтын мүліктер(шелек,шүберек,щетка,т.б.) қамтамасыздандырылу керек.
11.Дайын тамақты дайындап болғаннан кейін ,оны бөлімдерге жеткізіп таратуды қосқанда 2 сағат бөлінеді.Тамақ тарату және көлікпен әкелгенде ластанбау керек.
12.Ерекше технологиялық талаптарға емдеу тағамдарын дайындауда диеталық тағам патогенді микроорганизмдерді дамытуға қолайлы болып есептеледі.
13.Науқастарға таратқаннан қалған тамақты буфетке қалдыруға қатаң тиым салынады, сонымен тамақ қалдығын жаңа тағамдармен араластыруға болмайды.
14.Науқастарға тамақты кезекші мейірбике немесе буфетші таратады.Тамақты «тамақты тарату үшін» деген халатпен тарату керек.
15.Палаталарды немесе басқа да бөлмелерді жинайтын техникалық персонал тамақ таратуға жіберілмейді.
16.Бөлімдерге ауыр науқастардан басқа науқастар арнайы бөлінген асхана бөлмелерінде өткізіледі.Науқастардың жеке тағам өнімдері (үйден келген тағам) шкафта (құрғақ тағам) тумбада және арнайы мұздатқыш шкафта (тез бұзылатын тағам) сақталады.
17.Науқастарға берілген тағам өлшемі мен ассортименті дәрігердің рұқсатымен қабылданады.
18.Әркез тамақты таратқаннан кейін буфет пен асханаларда дезинфекциялық ерітінді пайдалана отырып мұқият тазаланады.
19.Ыдыстардың майсыз болуы қарастырылады.Ыдыстардың кірлеуін қарастыра отырып,мына ретпен жуылады;шай қасық пен кружка, тәрелкелер,содан соң асханалық құралдар.Буфетті бөлмелердің көрнекті жерінде ыдыстарды дезинфекциялау және жуудыңнұсқауы ілулі тұру қажет. Асхана ыдыстарын жуу
-қалдықтарға арналған ыдысқа тамақ қалдықтарын щетка немесе күрешкемен салады;
-45 минут деохлор 0,015%ерітіндісімен дезинфекцияланады;
-жуу құралдары қосылған 400 қыздырылған сумен жуу;
-1 секциялы ваннаға қарағанда 2 есе аз жуу құралдары қосылған 400 қыздырылған сумен жуу;
-ағып тұрған ыстық суда (400) ыдыстарды шаю;
-кептіру.
Асхана жабдықтарын ыстық суға буландырады.
20.Ыдыс және үстелдерді жууға арналған шүберектерді тазалап болғаннан кейін 0,1%деохлор ерітіндісіне 60 минутқа малып қояды, сосын кептіреді және арнайы белгіленген орында сақтайды.
21.Тазалағыш мүліктерді еден жуып болғаннан кейін,сол тазалауға қолданылатын шелекке 0,1 деохлор ертіндісін құйып қояды,одан әрі ағып тұрған суға шайып, кептіреді,мүліктің қажеттілігіне орай,қолданылуына бақылау жасалынып отырады.
22.Тамақ бөлмесі мен буфеттегі персоналдар жеке басының гигенасын ережеге сай сақтауға міндетті.Тамақ бөлімінің персоналы дәретханаға барар алдында халатын шешу керек.
Дәретханадан кейін,қолын 2 минуттай 0,1 процент «Дезоксона-1» ертіндісінде өндейді.
23.Аурухана бөлімдеріндегі тамақ бөлімдері мен буфеттегі жабдықтарға және тамақтың ұйымдастырылуына аурухананың бас дәрігері жауап береді.
24.Тамақты дайындау және тарату кезіндегі санитарлық талапты бақылауына бөлімнің буфетшілері мен аспаздар жауап береді; диета дәрігері тамақ бөлімі жұмыскерлерінің санитарлық талабына бақылау жасайды.