Year archives: 2017

Туа пайда болған ішек өтімсіздігі

Нәрестелердегі туа пайда болған ішек өтімсіздігі Туа пайда болған iшек өтiмсiздiгi, ас-қорыту жолының немесе құрсақ қуысындағы басқа да ағзалардың ақаулы дамуынан болады. Органогенез кезiнде ерте пiшiнделетiн бiрнеше даму ақаулары болады. Олар нәрестенiң iште даму кезiнде өтiмсiздiктің қалыптасуына себепкер болады. Мұндай жағдайларда бала туа салысымен, алғашқы сағаттары мен күндерiнде iшек өтiмсiздiгiнiң белгілері байқалады. Басқа даму ақаулары …

Ген және геном жайлы түсінік

Ген қазақша

Тұқым қуалаудың құрылымдық бірліктері Эукариоттық организмдерде тұқым қуалау материалының үш қүрылым деңгейін ажыратады: гендік, хромосомалық және геномдық. Гендік деңгей. Онтогенез барысында генетикалық материал өз қызметін атқарады және екі еселенеді, сондай-ақ мутациялық өзгерістерге ұшырайды немесе рекомбинациялануға қабілетті келеді. Бұл аталған процестің бірлігі – ген. Хромосомалық деңгей. Хромосомада орналасқан гендер топтар құрайды және тіркесіп тұқым қуалайды. Гендердің …

Балалардағы рефлюкс эзофагит

рефлюкс эзофагит

Балалардағы рефлюкс эзофагит ауруы Рефлюкс-эзофагит — өңеш-асқазан өткелі аймағы функциясының кемшілігі нәтижесінде асқазан бөлінісі өңешке қайта лақтыруымен сипатталатын ауру. Бүкіл Европа мен Солтүстік Америка клиницистерінің қабылдауымен жүргізілген «рефлюкстік ауру» немесе «гастро-эзофагальдық-рефлюкстік ауру», эзофагит, аспирациялық бұзылыстар және басқа да белгілердің болуымен байланысты. Кардия дифункциясы нәтижесінде болатын кең спектрлі белгілермен сипатталады. Рефлюкстік ауру қазіргі кезде полиэтиологиялық дерт деп …

Балалардағы өңеш ахалазиясы

Өңеш ахалазиясы

Балалық жастағы өңеш ахалазиясы Өңеш ахалазиясы – өңештің кардиальдық бөлігінің өтімділік функциясының бұзылуымен сипатталатын патология. Дерттің үдеуінде өңеш өзінің қозғалыстық белсенділігінен арылып, дилятацияға ұшырайды. Балаларда ауру сирек, көбінесе 8-9 жаста байқалады. Кейде омырау жасындағы балаларда да кездесуі мүмкін. Клиникасы. Дерттің негізгі белгісі – дисфагия және регургитация. Аталған белгілер қатты тағамдарды қабылдағанда жиі дамиды. Кіші жастағы …

Өңеш атрезиясы

Өңеш атрезиясы

Өңештің атрезиясы Өңеш атрезиясы – өте ауыр дамитын ақау. Бұл кезде өңештің жоғары бөлігі тұйық анықталып, төменгі бөлік – трахеямен қатынасады (90-92%). Өңеш атрезиясы басқа даму ақауларымен: асқазан-ішек жолының, зәр шығару жүйесінің туа біткен ақауларымен жиі бірлесіп кездеседі. Хромосомдық ауруларының 5%-да өңеш атрезиясы кездеседі. Популяциялық жиілік – 0,3:1000, әйелдер мен ерлер арасындағы қатынас 1:1. Ақаудың …

Балалардағы өкпенің даму ақаулары

Өкпе даму ақаулары

Өкпенің даму ақаулары және хирургиялық аурулары Ұрыққа әр түрлі тератогенді факторлардың әсерінің нәтижесінде өкпенің эмбриогенез үрдісі бұзылып, өкпеде әртүрлі даму ақаулары дамиды. Тұқымның бронх-өкпе жүйесінің өсуінің ерте сатыларында (4 апта) тоқтауы бір немесе екі өкпенің агенезиясына, 5 аптада – аплазия немесе терең гипоплазияға, 5-6 аптада – бөліктердің агенезия, аплазия немесе гипоплазиясына әкеледі. Осылайша, тератогендік әсер …

Мендель заңдары

Мендель заңдары

Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын чех ғалымы Г. Мендель ашты. Ол 1856 жылдан бастап ас бұршағына тәжірибе жүргізіп, жеке белгілердің ұрпақтан ұрпаққа қалай берілетінін зерттеді. Г.Мендельдің 1865 жылы басылып шыққан тәжірибе қорытындыларына сол кезде назар аударылмады. Тек 1900 жылы үш елдің ғалымдарының өз беттерінше зерттеулері нәтижесінде Мендель ашқан заңдылықтарға сәйкес қорытынды алынғандығы белгілі …

Балалардағы бронхоэктазия ауруы

Бронхоэктазия ауруы

Бронхоэктазия ауруы Бронхоэктазия (бронхтардың кеңеюі) – бронхтардың патологиялық кеңеюімен қоса жүретін өкпенің созылмалы ауруы. Бронхэктаздарда міндетті түрде іріңді үрдіс орын алады. Өкпенің паренхимасында пневмосклероз дамиды. Бронхоэктазиялардың балаларда таралу жиілігі 0,5-1,7%. Қазіргі уақытта бронхоэктазия сирек кездеседі. Бронхоэктазия көптеген себептердің әсерінен дамиды, олар келесі топторға бөлінген: туа біткен бронхоэктазия; тыныс ағзаларының қабыну аурулары; бронхтардың бөгде заттары. Туа …

Балалардағы көкірек қуысының даму ақаулары

Кеуде даму ақаулары

Кеуденің даму ақаулары Көкірек қуысының туа біткен даму ақаулары шамамен туған 1000 баланың 1-інде кездеседі. 90% жағдайда «воронка» тәрізді деформациясы кездеседі. Сирек кездесетін деформациялар ішінде «киль» тәрізді түрін бөлуге болады. Жоғарыда аталған ақауларының даму себептері толық зерттелмеген. Көбінесе олар шеміршек тінінің, кейде кеуде клеткасының сүйектік бөлігінің туа біткен дисплазиясы немесе аплазиясы кезінде кездеседі. Шеміршек тінінің …

Балалар хирургиясының ерекшелігі

Балалар хирургиясы

Балалар хирургиясының ерекшеліктері Біздің отандас және шетел педиатрларының, физиологтарының, топограф-анатомдарының еңбектерінде балалар мен ересек адамдардың арасыңдағы физиологиялық және анатомиялық өздеріне тән ерекшеліктеріне мән берілген (А.П.Гундобин, АА.Ки-сель, Ф.И.Валькер). Эмбриогенезді және жан-жануарлардың, адамның перенатальдық, постнатальдық даму заңдылықтарын түсінуде П.К.Анохиннің системогенез деген ғылыми кағидасы   үлкен роль атқарады. Белгілі бір функцияны орындау үшін ағзаның әрбір жеке морфологиялык құрылымдары өзіне …