Балалардағы теміржетіспеушілік анемиялар
Балалардағы теміржетіспеушілік анемия Анықтамасы. Гемоглобин молекуласының синтезіне қажетті заттардың организмге түсуінің жетіспеушілігінің және олардың сіңірілуінің бұзылуының әсерінен болатын анемиялар жетіспеушілік анемиялар деп аталады. Жалпы мәліметтер. Жетіспеушілік анемияларының көп бөлігін алиментарлық генездегі анемиялар құрайды. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дамушы елдерде 60% балалар ауырады. Дұрыс тамақтандырмаудың әсерінен комплексті жетіспеушілік дамиды – белокты, витаминді және темір жетіспеушілігі. …

