Склеродермия
Склеродермия– терінің айқын тыртықтануы мен атрофиясы түріндегі бұзылыстары және ішкі ағзалардың фиброздық-склероздық өзгерістерімен сипатталатын ауру. Бұл кезде дәнекер тіні (соединительный ткань) өзгеріске ұшырайды. Этиологиясы: созылмалы, оның ішінде латентті вирустық инфекцияның ролі бар. Онковирус типті баяу вирустар жасуша геномына орналасып, өмір сүре береді. Организмге қолайсыз жағдайларда осы вирустардың белсенділігі артып, жасушалардың биологиялық тепе-теңдігін өзгертеді, сөйтіп олар аутоантигендік қабілет алып, өзінің …


