Жедел және созылмалы дакриоаденит

Жедел дакриоаденит

Көз жасы бездерінің ішіңде дакриоаденит ауруының — көз жасы безінің қабынуының маңызы зор. Дакриоаденит жедел және созылмалы болуы мүмкін.

Дакриоаденит бұл -көздегі жас безінің қабынуы

Ауру жалпы инфекцияның асқынуы ретінде (тұмау, ангина, жәншау, пневмония, эпидемиялық паротит және т.б.) дамиды. Жедел дакриоаденит әдетте бір жақты, бірақ екі жақты да болуы мүмкін.

Ауру жедел басталады және қатты ауырумен, қабақтың қызаруы мен жоғарғы қабақтың сыртқы бөлігінің ісінуімен жүреді. Бұл ісіну көз саңылауының 8-тәрізді пішінін келтіреді және төмендетеді. Көз алмасы төменге және сыртқа ығысады, бұл диплопияға алып келеді. Көз жасы безінің пальпебральді проекциясы аймағында дәнекердің ісінуі мен қызаруы анықталады.

Құлақ алды лимфатикалық түйіндер ұлғайған және ауырсынады. Ауру қызба мен уыттану симптомымен жүреді. Әдетте ауру шамамен 10—15 күнге созылады және ағымы қатерсіз. Абсцесс түзілген жағдайда, ол жоғарғы қабақтың терісі арқылы немесе конъюнктивалды қуысқа пальпебральді шелді тінге өздігінен ашылады. Созылмалы қабыну үдерісі дамуы мүмкін.

Емді стационарлы жағдайда жүргізеді. Конъюнктивалды қуысқа 2—3 апта бойы микробқа қарсы (0,05% пиклоксидин ерітіндісі немесе 20% сульфацетамид ерітіндісі) препараттарды тамызады, ал түнге қарай антибактериалды көз майларын (1% тетрациклин немесе эритромицин) жағады. Жүйелі емге антибактериалді (пенициллиндерді, цефалоспориндерді, аминогликозидтерді 7—10 тәулік бойы) және дезинтоксикационды терапияны (аскорбин қышқылы мен 5% глюкоза ерітіндісі) қосады. Көз жасы безінің абсцессі дамыған жағдайда оны дренаждайды (дәнекер жағынан конъюнктивалды күмбезіне параллельді тілік жасайды).

дакриоаденит қазақша

Созылмалы дакриоаденит

Осы аурудың дамуының басты маңызына: Микулич ауруы, көру мүшесінің туберкулезді және мерездік зақымдалуы жатады. Көз жасы безінің саркоидозды немесе псевдотуморозды зақымдалуы кезінде, сонымен қатар жедел дакриоаденитпен ауырғаннан кейін созылмалы үдерістің дамуы мүмкін.

Көз жасы безінің ұлғаюы және ауырсынуы байқалады. Көз жасы безінің айтарлықтай ұлғайған кезінде көз алмасын төмен және ішке қарай ығыстыруы мүмкін, соның салдарынан диплопия және экзофтальм дамиды. Жедел қабыну симптомы болмайды. Ұзақ уақытқа созылған кезде көз жасы безінің атрофиясы дамиды және оның секреторлы қызметі төмендейді. Диагнозды айқындау үшін арнайы серологиялық сынамаға, компьютерлі томографияға және аспирациялық биопсияға жүгінеді.

Емі этиологиялық қағидаға негізделген. Торпидті ағымында көз жасы безі аймағына рентген сәулелендіруді (қабынуға қарсы доза) қолданады. Саркоидоз кезінде хирургиялық емге жүгінеді. Псевдотуморозды дакриоаденит кезінде мол глюкокортикоидты терапияны тағайындайды. Симптоматикалық терапиясы жедел дакриоаденитке тән.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Құрғақ көз синдромы
  2. Көру бұзылысын түзету жолдары
  3. Көздің көру қызметі
  4. Қабақтың абсцессі және флегмонасы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!