Қынаптық зерттеуді жүргізу
- Науқасқа әрекетіңізді түсіндіре отырып, науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бересіз және оған жауап беріңіз.
- Қолды мұқият сабынмен жуып құрғақ таза орамалмен сүртіп, стерильді перчатка кию керек.
- Науқастың сыртқы жыныс ағзаларын антисептикпен екі рет өңдейсіз.(Қолданған мақта тампонын арнайы контейнерге тастау )
- Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашасыз. Бартолиний безі мен уретраны пальпациялайсыз.
- Зерттеу кезінде саусақтарыңызды дұрыс орналастырыңыз: оң қолдың үлкен саусағы сыртқа қарай, 4-ші және 5-ші бүгілген.
- Қынаптың артқы қабырғасын баса отырып біртіндеп енгізіңіз.
- Қынаптың жағдайын бағалаңыз (көлемін, қатпарлылығын, қабырғаларының созылғыштығын, патологиялық процесстерді: ісіктер, бұдырлар, тарылу.)
- Жамбас түбі бұлшықетінің күшін анықтаңыз(саусақтарды қынап ішінде бір бірінен әкетіп, науқастан бұлшықеттеріне күш түсіруін сұрайсыз.Күші жеткілікті болғанда бұлшықеттер саусақтарды қысады.)
- Жатыр күмбездерін пальпациялаңыз (орналасуын, тығыздығын)
- Жатыр мойнының жағдайын бағалау (орналасуы,пішіні,ұзындығы, консистенциясын, мойын каналының өтімділігін, қозғалу дәрежесін.)
- Жатыр пальпациясын жүргізу екінші қолды кіндік пен қасағаның арасына қоясыз, қынаптағы саусақтармен алдыңғы қабырға арқылы пальпациялайсыз. Бұл кезде формасына, консистенциясына, қозғалмалығына, ауырсынуына және ісіктердің бар-жоқтығына назар аударасыз.
- Жатыр қосалқыларына пальпация жүргізіңіз: сол қолды іштің оң жақ төменгі квадрантына қоясыз(шап-мықын аймағы), сосын оң қол саусақтарымен оң жақ бүйір күмбезі арқылы оң жақ қосалқысын пальпациялайсыз(пішіні, консистнциясын,ауырсынуын,қозғалмалығын.) Дәл солай сол жақ қосалқысын пальпациялайсыз.
- Алынған мәліметтерге қарап қорытынды жасаңыз.
Ұқсас мәліметтерді қарай кетіңіз:
- Қынап анатомиясы, топографисы. Құрылымы
- Шатаралық топографиялық анатомиясы
- Әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының жіктелуі
- Әйелдің ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары
- Әйелдер кеңесі