Тік ішек жыланкөздері. Созылмалы парапроктит
Артқы тесіктің немесе тік ішектің жыланкөзі (fistulae ani et recti) деп – тік ішек және артқы тесік клетчаткасында және айнала тіндердінде орналасатын, түтікті іріңді жолдарды атайды.
Өзектілігі.
Өзектілігі. Тік ішек жыланкөзі – хирургиядағы және проктология саласындағы жиі кездесетін дерттердің бірі. Басым көпшілік науқастар жас, орта жас шамасындағылар. Оған қоса бұл ауру адам өмір сапасын төмендетін, дискомфорттық жағдайға алып келетін аурулардың бірі.
Тік ішек жыланкөздері 20-50 жас аралығында жиі кездеседі. (Marks C.G.,Ritchie J.K. Anal fistulas at St.Mark’s Hospital// Br.J. Surg-2007 vol.64.-p 103-107)
Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша операциядан кейін аналды сфинктердің жетіспеушілігі 3,9-33% жағдайда кездеседі, ал рецидив 15-30% жағдайда дамиды.
Тік ішек жыланкөзінің себептері:
Проктологияда шамамен 95% дейінгі жыланкөздер жедел парапроктит нәтижесінен дамиды. Инфекция тік ішектің тереңгі қабаттарына және айналадағы клетчаткаға еніп, периректальды абсцессті шақырады, ол өз кезегінде тесіліп, жыланкөз дамуына алып келеді.
- Шатаралық және тік ішек аумағындағы травмалар мен операциялар
Ішек аурулары:
- Крон ауруы (асқазан ішек жолының созылмалы қабынулық ауруы, ішектің барлық қабаттарын зақымдаумен сипатталады);
- энтерит (жіңішке ішектің қабынуы);
- Жаралы колит (тоқ ішектің созылмалы қабынулық ауруы);
- Ішек қатерлі ісігі (рак) (жедел өсетін, қатерлі жылдам прогрессирлеуші ісіктер).
Жұқпалы аурулар:
- хламидиоз (хламидиялы микроорганизімдермен шақырылатын жұқпалы аурулар);
- туберкулез (туберкулез микобактерияларымен шақырылатын жұқпалы аурулар);
- сифилис (бозғылт трепонема микроорганизімдермен шақырылатын жұқпалы аурулар).
Жыланкөздің пайда болу негізінде анальды криптаның, сфинктераралық кеңістіктің және параректальды клечатканың созылмалы қабынуы жатады, соның әсерінен жыланкөздің түзілуі пайда болады. Ол оған қоса анальды крипта бір кезекте ішкі жыланкөздің тесігі болып табылады. Жыланкөздің ағымы қайталамалы рецедивтеуші, науқасты қажытатын, жергілікті реакциямен және жалпы жағдайының төмендеуімен жүреді. Ұзақ уақыт жыланкөздің болуы анальды сфинктердің деформациясына және тік ішек рагының пайда болу қауіпін жоғарылатады.
Тік ішек жыланкөздерінің жіктелуі (шығу тегі бойынша)
1- туа пайда болған;
2- жүре пайда болған:
- травматикалық (тік ішек жаралануы немесе жыртылуынан кейін);
- симптоматикалық (қуықасты безінің, қуықтың, жатыр және оның қосалқыларының қабынуынан және туа пайда болған киста және сегізкөздік кисталардан.);
- нағыз (жедел парапроктиттен кейін дамитын түрі).
Созылмалы параректальды жыланкөздердің клиникалық жіктелуі (Рыжих А.Н. НИИ проктология модификациясы бойынша)
Терідегі сыртқы тесіктің болуына байланысты:
- Толық – теріде сыртқы тесік бар
- Толық емес (ішкі) – теріде сыртқы тесік жоқ
Жыланкөздің сфинктер талшықтарына қатынасына байланысты:
- Интрасфинктерлі
- Транссфинктерлі
- Экстрасфинктерлі
Жыланкөздердің ішкі тесігінің орналасуына байланысты:
- Алдыңғы
- Артқы
- Бүйірлік
Интрасфинктерлік (шеткері теріасты-шырышасты) тік ішек жыланкөзі, сыртқы тесігі бар жыланкөздік жолы бар, анустан алшақ және ішкі крипталарға жақын орналасқан.
Транссфинктерлі жыланкөздерде жыланкөз каналы теріасты, беткей және терең сфинктер порциясында орналасуы мүмкін. Жыланкөзердің жолы бұл жағдайда тарамдалған, клечаткаларда іріңді қалталардың болуымен, айналадағы тіндерде айқын тыртықтану процессімен жүруі мүмкін.
Экстрасфинктерлі жыланкөздерде орналасу сыртқы сфинктерді айнала өтіп, ішкі тесік крипталар маңында ашылады. Әдетте жедел парапроктит нәтижесінен дамиды. Жыланкөз ұзын, іріңді ағулармен және тыртықтармен көрініп, таға тәрізді формада болып, бірнеше жыланкөздік тесіктері болуы көрінеді.
Экстрасфинктерлі жыланкөздер ауырлық деңгейіне байланысты ажыратылады. 1-дәрежесінде ішкі тесік тар болып, жүру жолы түзу; тыртықтар, инфильтрат және іріңді клечаткада кездеспейді. 2-дәрежелі жыланкөздерде ішкі тесік тыртықтармен қоршалған, бірақ қабыну процессі жоқ. 3-ші дәрежеде ішкі тесік тар және тыртықсыз көрінеді, бірақ клечаткада іріңді қабынулық процессі бар. 4-дәрежеде тік ішек жыланкөзінің ішкі тесігі кеңейген, тыртықтармен, қабыну инфильтраттармен және клечаткадағы іріңді ағулармен қоршалған.
Тік ішек жыланкөздерінің симптомдары
Тік ішек жыланкөзінде науқас перианальды аймақтың терісіндегі жарадан периодты түрде іріңді бөліністің бөлініп, киімін былғайтынын байқайды. Осыған байланысты науқас жиі іш киімін ауыстыруға, ванналарға отыруға мәжбүр болады. Жыланкөзден көп бөліністің болуы қышу, мацерация және тері тітіркенуін, жағымсыз иістің болуын шақырады.
Егер тік ішек жыланкөзі жақсы дренирленген болса, ауырсыну синдромы әлсіз көрінеді; қатты ауырсыну сезімі толық емес ішкі жыланкөздің сфинктер ішінде созылмалы қабынуымен көрінеді. Ауырсынудың күшеюі дефекация кезінде, тік ішектен нәжістік массаның жүруі кезінде және ұзақ отыру мен жүргенде күшейеді.
Тік ішек жыланкөзі толқын тәрізді ағымда жүреді. Асқыну жыланкөздің тесігінің грануляциялы тінмен немесе іріңді некротикалық массамен бітелуі кезінде пайда болады. Бұл абсцесстің түзілуіне алып келіп, спонтанды ашылуынен кейін жедел көріністер жойылады. Бірақ жыланкөздің сыртқы тесігінің толықтай жазылуы жүрмейді және жедел симптоматика қайта көрініс беруі мүмкін.
Жыланкөздердің диагностика жолдары
- Шатаралық терісін қарау
- Саусақпен тексеруі
- Жыланкөзді зондтау
- Ректороманоскопия
- Аноскопия
- Фистулография
- Метилен көгімен проба
Толық емес тік ішектің жыланкөзінде тек қана ішкі тесік болады. Сондықтан жыланкөздің болуы ректальды саусақпен тексеру кезінде анықталады.
Жыланкөзді зондтау жыланкөз бағытын анықтауға, тіндерде дамуын терең қалталардың болуын, сфинктерге қатынасын анықтауға көмектеседі.
Патологиялық каналдың формасы және ұзындығын анықтауда және локализациясын аноскопия кезінде және бояғыштар (метилен көгі ертіндісімен) анықтаймыз. Бояғыштармен теріс пробада немесе оған қосалқы ретінде фистулография тағайындалады.
Жыланкөзі бар барлық науқастарға ректороманоскопия тағайындалады, ол тік ішек шырышты қабатына баға беріп, жаңа түзілістер мен қабынулық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Ирригоскопия барийлік клизмамен жыланкөз диагностикасында ажырату диагностикасы үшін маңызды
Жыланкөздерге операция жасау
Барлық ұсынылған операциялардың басты мақсаты сфинктер қызметін сақтай отырып, жыланкөзді сылу. Тік ішек жыланкөзі кезінде жиі жасалатын операция түрлері:
- Габриэл операциясы – жыланкөзді тік ішек қойнауына енгізу арқылы жыланкөзді тілу;
- Тік ішек қойнауына енгізу арқылы жыланкөзді тілу, бөліністерді дренаждау;
- Тік ішек қойнауына енгізу арқылы жыланкөзді тілу және сфинктерді тігу;
- Лигатура өткізу арқылы жыланкөзді сылып алу;
- Фибринді желімді пайдалану.
Операция жүргізу жолы: Sol.Novocaini 0,5%-40,0+ Sol.Lidocaini 2%-20,0 ерітіндісімен сакралды анастезия арқылы, қажет болса перианальды блокадамен, анус девульсиясы жасалынады. Тік ішек ревизиясы жүргізіледі. Жыланкөзді бриллиант көгі қосылған сутегі асқын тотығымен (Н2О2) бояйды. Зонд арқылы ревизия жасап жыланкөзді анықтайды, тік ішек қойнауына енгізу арқылы параректалды интрансфинктерлі жыланкөзді сылып алып тастайды.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Тік ішекті саусақпен тексеру
- Ішек жыланкөздері
- Геморрой
- Парапроктит
- Ано ректальдық аймақтың даму ақаулары
- Долихосигма. Мегаколон