Жұтқыншақ
Бас сүйек негізінен басталып, 6-шы мойын омыртқасына дейін жетеді. Анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты мұрын, ауыз және көмей жұтқыншағы болып үш бөлікке бөлінеді.
Жұтқыншақтың мұрын бөлігі хоананың артқы жағындағы кішігірім қуыс. Оның күмбезі үстіне жұтқыншақтың бадамша безі орналасқан, бүйір қабырғаларынын есту түтігінің сіңір біліктерімен қоршалған сағалары көрінеді.
Жұтқыншақтың ауыз бөлігінде бадамша бездері орналасқан . Бадамша без шырышты қабық астында көп мөлшерде орналасқан лимфоцитті фолликулалардың ретикулярлық тканьдер жиынтығы болып табылады.
Жұтқыншақ жанында клечаткалы кеңістіктер бар:
- Бадамша без маңындағы кеңістік
- Жұтқыншақ артындағы кеңістік
- Жұтқыншақ маңы кеңістігі
Жұтқыншақтың атқаратын қызметтері:
Дем алу. Негізгі дем алу мұрын-жұтқыншақ арқылы болады, ал мұрын-жұтқыншақ арқылы дем алу бұзылса, адам ауыз жұтқыншақ арқылы дем алады.
Ас өткізу қызметі. Бұл қызмет тек ауыз-жұтқыншақ арқылы болады.
Қорғау қызметі. Бұл қызмет ауызға бөгде заттар түскенде жөтел пайда болып, ол затты кейін шығарып тастайды. Бұл қызмет жұтқыншақтың кілегей қабығында орналасқан әр түрлі тітіркеніш рецепторлар арқасында болады.
Сөйлеуді жақсарту қызметі. Жұтқыншақ мұрын сияқты дауысты өңдетіп, оның құбылысын жақсартады.
Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері:
Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағы воронка тәрізді болады. Жоғарғы жағы ұзын және кең болады. Ал төменгі жағы тар болып келеді.
Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағының ұзындығы 4 см және ересектерге қарағанда омыртқадан біраз жоғары тұрады. Жұтқыншақтың көлденең мөлшері 2,1 – 2,5см, алдыңғы-артқы 1,8см.
Есту түтігінің кең саңылау тәрізді жұтқыншақтық бөлігі – қатты таңдай деңгейінде ашылады. Бұл бөлік 2-4 жас аралығында жоғары және артқа орналасады, ал 12-14 жас аралығында домалақ түрге ауысады.
Жұтқыншақтың төменгі бөлігі жаңа туған нәрестелерде III және IV мойын омыртқаларының арасындағы диск бойында орналасады.
Бала 11-12 жасқа келгенде V-VI мойын омыртқаларының арасында, ал жас өспірім шақта VI- VII мойын омыртқаларының арасында орналасады.
Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жаңа туған нәрестелерде қысқа болады. Оның мөлшері бала 2 жасқа келгенде екі есе үлкейеді және тығыздалады.
Жұтқыншақ аурулары:
Жұтқыншақ арты абсцессі. Бұл ауру 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі, себебі балаларда жұтқыншақ арты лимфа безімен борпылдақ клетчаткасы жақсы дамыған, есейе келе ол семеді. Ол қабынса жұтқыншақ арты абсцессі дамиды. Жұтқыншақ арты абсцесінің дамуы инфекциялық аурулар, грипп, қызылша, қызамық, скарлатина ауруларының асқынуының салдарынан дамуы мүмкін.
Клиникасы. Жұтынудағы ауырсыну, инспираторлы ентігу, мәжбүрлі жағдайда науқас басын шалқайтып ұстайды. Қарау кезінде жұтқыншақтың артқы қабырғасының ісінуі, пальпация кезінде флюктуация болады.
Салыстырмалы диагностикасы туберкулездің суық абсцессімен жоғарғы мойын омыртқасының мерездік спондилитімен жүргізіледі.
Емі хирургиялық. Жедел жұтқыншақ арты іріңдігін анықтай салысымен ауыз қуысы арқылы тілеміз. Егер іріңдік үлкен болса, онда іріңмен аспирация болмау үшін, іріңдікті жуан инемен пункция жасаймыз және шприцпен іріңді сорып аламыз. Содан соң алдын ала жабысқақ пластырьмен оратылып, 1,5-2 см ұшы қалдырылған скальпельмен іріңдікті тіледі. Тілген соң сәби басын тез арада бетін төмен қаратып еңкейте қою керек. Антибактериялды терапия тағайындаймыз.
Аденоидтар мұрын-жұтқыншақ бадамшалары баланың өмірінің алғашқы жылдары дами бастайды, ал 6-7 жаста толықтай дамып бітеді. 12-13 жасқа келгенде бадамшаның лимфоидты тіні кері дамуы болады.
Мұрын-жұтқыншақ бадамшасының гиперплазиясының 3 дәрежесін анықтайды:
- І – V5 мұрын-жұтқыншақ саңылаудың бадамшамен жабылуы;
- II — VІ мұрын-жұтқыншақтың саңылаумен жабылуы;
- III — саңылаудың толықтай бадамшамен жабылуы;
Клиникасында: Мұрын-жұтқыншақ арқылы дем алу бұзылуынан мұрынмен дем алу қиындайды, ол жиі ринит,аденоидитқа әкеледі. Аденоидты тканьннің гиперплазиясынан есту түтігі жабылады, соның салдарынан тубоотит дамиды. Баланың аузы ашық, көздері төмен қараған (аденоидное лицо).
Созылмалы тонзиллит. 2 жастан асқан балаларда жиі ангинадан кейін дамитын ауру болып табылады. Анамнезі және бадамшаның морфологиялық көрінісіне байланысты нақты диагноз қойылады.
- Науқастың шағымы
- Анамнез мәліметтері
- Бадамша бездерінің сыртқы өзгерістері
- Лакуналардың өзгерісі
- Таңдай доғашықтарының және маңайындағы тіндердің өзгерісі
- Аймақтық лимфа түйіндеріндегі өзгерістер
- Ағзаның жалпы реакциясы
Емі.
- Консервативті ем: ағзаның табиғи қарсылығын көтеруге бағытталған дәрі-дәрмектер: күнделікті дұрыс тәртіп, витаминдерге жеткілікті дұрыс тамақтандыру, тінді терапиялар, темір препараттары;
- Гипосенсибилизациялық дәрі-дәрмектер: кальций препараттары, аскорбин қышқылы, Е-аминокапрон қышқылы;
- Иммунокоррекциялық дәрі-дәрмектер: аутосеротерапия, левамизол, Т-активин;
- Санациялық ықпал ететін дәрі-дәрмектер: лакуна ішіндегісін сору, емдік пломбалау(дәрілік паталар енгізу), ингаляция және аэрозолдар арқылы антибиотиктер жіберу, УКС, гидрокартизонмен ультрафонофорез;
- Танзилоэктомия бадамша безін капсуласымен қосып толық алып тастау;
Көмей
Көмей (larynx) – тыныс алу түтікшесінің кеңейген алдыңғы бөлігі болып саналады.
Жоғарғы бөлігі жұтұыншаққа, төменгі бөлігі кеңірдекке ашылып жалғасады.
Ол мойынның алдыңғы жағындағы қуыс ағза, тіласты сүйегі мен кеңірдектің бірінші жарты сақинасы арасында орналасқан.
Көмей қызметі:
- Тыныс алу
- Фонация
- Қорғаныс
Көмейдің жасқа байланысты ерекшеліктері:
Жаңа туған нәрестелердің кең воронка тәрізді болады, II-IV мойын омыртқаларының аралығында орналасады. Қалқанша шеміршек пластинкалары қосылған жерде көмей шодыры болмайды. Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балаларда көмей үстілік шеміршек тіл түбінен біраз жоғары орналасады. Сондықтан сұйық тамақты жұтқан кезде, көмей үстілік шеміршектің латеральды, яғни жұтқыншақтың көмейлік алмұрт тәрізді қалтасынан өтеді. Бала бір уақытта жұтып және дем ала алады.
Балаларда көмей шодыры болмайды. Ол жыныстық жетілу кезінде пайда болады. Балаларда қалқанша шеміршекте терең ойық болады. Сақина тәрізді шеміршек ұзын пластинкамен қосылған, сондықтан жаңа туған нәрестерлерде көмей ересектерге қарағанда кең болады.
Ал дауыс саңылауы жоғары орналасады, кіреберісі қысқа болады. Дауыс саңылауы 6-6,5мм. Балаларда 3 жасқа дейін дауыс саңылауы тез өседі, ұзаруы жыныстық жетілу кезінде болады.
Көмей бала 4-5 жаста болғанда тез өседі. 6 жастан кейін азаяды. Бірақ ұл балаларда жыныстық жетілу барысында тез өсіп, көлемі үлкейеді. Осы кезде дауыс өзгереді. Көмейдің өсуі мен функциясы жыныс бездерінің функциясына байланысты. Ер адамдарда көмей 25 жасқа дейін өссе, әйел адамдарда 22-23 жасқа дейін. Өсуіне байланысты көмей төмен түседі және оның жоғарғы бөлігі мен тіл асты сүйегінің арасы үлкейеді.
7 жаста көмейдің төменгі бөлігі VI мойын омыртқаның жоғарығы жиегінде болады. 17-20жаста көмей ересек адамның көмейінің деңгейіне жетеді.
Қарт адамдарда жас адамға қарағанда көмей төмен орналасады. Ал әйел адамда ер адамға қарағанда жоғары орналасады.
Жаңа туған нәреседе көмей шеміршектері жұқа болып келеді, уақыт өте ол өзінің эластикалық қасиетін сақтап жуандайды.
23-25 жастан кейін гиалинді шеміршектердің сүйектенуі жүреді. Бірінші қалқанша шеміршек, екінші сақина тәрізді шеміршек, содан кейін ожау тәрізді шеміршек сүйектенеді.
Эластикалық шеміршектер сүйектенбейді.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- ЛОР ағзаларын қарау және тексеру жолдары
- Құлақ зақымдалуы
- Есту мүшесінің жасқа сай құрылыс ерекшелігі
- Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу
- Мұрын жарақаты, сынуы
- Мұрыннан қан кету. Тампонада