Белсенді иммунизация

Белсенді иммунизация

Белсенді иммунизация (екпелер) арқылы арнайы иммунитет қалыптасады. Бұл кезде ағзаға арнайы дайындалған антигендер енгізіледі. Антиген ретінде анатоксин мен вакциналар алынады. Екпеден кейінгі иммунитет тұрақтылықпен ерекшеленеді,бірақ кейде табиғи белсенді иммунитеттен әлсіз болуы мүмкін (ауырғаннан кейін жүре пайда болған) және қысқа мерзімге сақталады. Сонымен, күл, полиомелит, қызылша және т.б. сияқты ауыр инфекциялардың орнына, қысқа уақыттық, әдетте, мүлдем әлсіз үрдіс, жиі, үрдіссіз екпе өтеді.

Иммунизация мақсаты – аурулар жағдайларының санын азайту. Мақсаттық инфекцияларға қарсы вакцинациямен балаларды қамту декреттелген жастарда 95 % кем болмауы керек. Яғни, қамту деңгейінің жоғарылауы мен жоғары сапалы вакциналарды қолдану кезінде аурулар саны азайып, вакцинация тиімділігі – артады.

Вакцина сипаттамасы

Вакциналардың үш қатары бар: бірінші қатар –корпускулярлы (тірі және өлтірілген), екінші қатар – химиялық, және үшінші, жаңа қатар – генді-инженерлік және басқа түрлер.

Моновакциналар бір ауруға қарсы иммунизацияға қолданылады, ассоциирленген вакциналар – бірнеше инфекциялық ауруларға қарсы иммунизация үшін қолданылады.

Тірі вакциналарды әлсіретілген патогенді қасиеттері бар микроб штаммдарынан алады, бірақ иммуногенділігі толық сақталған.

Тірі вакциналардың өлтірілген вакциналардан едәуір артықшылықтары бар: ағзада микробтардың тірі вакциндік штамдары көбейіп, ағзада арнайы антигендерді түзу арқылы жауап серпілісін туғызады, вакциналық инфекциялық үрдіс бірнеше апта бойы өтеді, бұл уақытта ағзада тірі вакциналарды бір рет енгізген соң өлтірілген вакциналарды екі рет енгізгенге қарағанда едәуір тұрақты иммунитет қалыптасады.

Тірі вакциналар полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, туберкулезді алдын алу үшін қолданылады. Ерекше көрсеткіштер болғанда оба, туляремия, сібір жарасы және басқа инфекцияларға қарсы тірі вакциналар қолданылады.

Өлтірілген вакциналарды инфекциялық аурулардың патогенді қоздырғыштарын әртүрлі әдістерімен белсенсіздендіру жолымен алады. Тірі вакциналарға қарағанда, белсенсіздендірілген (өлтірілген) вакциналар едәуір әлсіз иммунды жауапты белсендіреді және бірнеше дозалардың қолданылуын қажет етеді, яғни иммунитетті екі-үш рет енгізген соң ғана туындатады.

Белсенді иммунизация

Өлтірілген вакциналар құрамында көп мөлшерде балластты заттардың болуы олардың қолданылуы кезінде аллергиялық және басқа да кері әсерлердің және асқынулардың себебі болып табылады. Өлтірілген вакциналар көкжөтел, тырыспа, күл, гемофильді инфекция, сүлелі гепатит, пневмококты инфекция, іш сүзегі, паратиф, кене энцефалиті, лептоспироз және басқа да аурулардың алдын алуы үшін қолданылады.

Химиялық вакциналар бактериальды культураларды күрделі химиялық және ферменттік өңдеу нәтижесінде алынады.

Химиялық вакциналардың ареактогенділігі антигендерді таза күйінде алу арқылы жүзеге асырылады (балластты заттардың болмауы), бірақ оларды дайындау технологиялары күрделі, эпидемиологиялық тиімділігі толық зерттелмеген, сондықтан олар әлі кең таралмаған.

Қазіргі кезде іш сүзегіне, паратиф және басқа да ауруларға қарсы сорбирленген химиялық вакцина бар.

Анатоксиндерді токсин құрамына аздаған мөлшерде формалин қосып (0,3-0,4%) және оны 37°С температурада 30-32 күн бойы ұстау арқылы жасайды. Нәтижесінде токсиндер ағзаны уландыру қабілетінен айырылып, бірақ бұл кезде өзінің антигенділік және иммуногенділік қасиеттері сақтайды.

Анатоксиндер қоздырғыштары экзотоксин түзетін инфекцияларда қолданады. Анатоксиндер тиімділігі жоғары. Сондай –ақ сорбирленген вакциналар ағзада қор түзіп, бұл қордан препараттың ұзартылған әсерін қамтамасыз ететін антигендер біртіндеп сорылады. Бұл жоғары профилактикалық әсерді сақтау негізінде вакцинация ретін азайтуға мүмкіндік береді.

Медициналық тәжірибеде адсорбирленген анатоксиндер қолданылады: адсорбирленген күл анатоксины (АК), адсорбирленген тырыспа анатоксины (АТ), адсорбирленген күл-тырыспалық анатоксин (АКТ), адсорбирленген стафилококкты анатоксин.

Ассоциирленген вакциналар құрамында бірнеше синергиялық өзара балансты антигендер бар. Бұлардың моновакцина алдында артықшылығы бар, себебі бұлар бір кешенді препаратты енгізген соң бірнеше инфекцияларға қарсы бір сәтте иммунитет түзуіне мүмкіндік береді. Ассоцирленген вакциналарды қолдану иммунопрофилактиканы жүргізуді жеңілдетеді, инъекция санын азайтады, кейбір жағдайларда олардың иммуногенділігін жоғарылатады. Жиі қолданылатын ассоцирленген препараттар: КҚП, АбКДС, АДС-М, газды гангренаға қарсы полианатоксиндер, полиомиелитті вакцина және басқалар.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі
  2. Вакцина және вакцинопрофилактика
  3. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы
  4. Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары
  5. Егу кабинеті. Жұмысын ұйымдастыру

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!