Физикалық факторлар әсерінен болатын өлім

Физикалық факторлар әсерінен болатын денсаулықтың бұзылуы және өлім

Жоғары температура жалпы және жергілікті әсер етуі мүмкін. Жалпы әсер етуі жылу және күн өту түрінде көрінеді. Жылу өту организмнің жалпы қызуына себепші болатын жағдайларда байқалады. Мұндай жағдайлар ыстық цехтарда, кеншілерде, спортшылар мен солдаттарда кездеседі. Жылу өткенде адам денесінің температурасы 42-44 С-қа дейін жетуі ықтимал. Адамда әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, құсуы мүмкін, жүрек соғысы жиілеп, артерия қысымы төмендеп, қалтырау, тырысу, есінен тануы мүмкін. Декомпенсация белгілері болып дене температураның көтерілуі, тер, сілекей, несеп бөлуінің тоқтауы саналады.

Өлікті зерттегенде өліктің тез сіресуі, ішкі мүшелеріне, әсіресе өкпеге күрт қан толғаны анықталады, өкпе көбінесе қарайып кетеді. Мидың және ми қабықтарының ісінуі, ми затына шашыраңқы түрде қан құйылуы байқалады.

Жоғары температураның жергілікті әсер етуі ол жерді күйдіріп жібереді. Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Сырқаттың жағдайының ауырлығы мен аурудың клиникалық даму бағытын байқау үшін зақымдалудың көлемін анықтағанның да маңызы зор:

  1. 1951ж. Уоллес күйіктің көлемін өлшеуге «тоғыздық» ережесін ұсынған болатын. Бас – 9%, қолдар – 9%, кеуденің алдынғы беті – 18%, сан – 9%, сирақ 9%, бұт – аралық І% құрайды. Ағылшындықтар мен американдықтар бұл әдісті өте жоғары санайды. Бұл ереже – тәсіл оңай жатталғанмен, жекеленген дене бөліктерінің жайылып зақымдалуында қолданылуы мүмкін.
  2. 1938 ж. Б.Н. Постников күйіктің көлемін анықтауға күйік көлемінің дене бетінің көлеміне қатынасы  бойынша есептеу әдісін ұсынды. Адам денесінің жалпы көлемі 16000 см2 тең. Бұл әдістің адамның бойына, салмағына, жасына байланысты кемшіліктері бар. Балалар үшін Ланда-Броудер кестесі қолданылады.
  3. Күйік көлемін алақанмен өлшеу әдісі, алақан көлемі  – І – І.2% тең келеді.
  4. Пэрнэу схемасы (1929 ж.) – бас – 6%, қол – 9%, дене – 38%, аяқ –18%.

Өлікке сот медицина сараптамасын жасаған кезде отқа адамның тірі кезде түсуіне тән белгілерге тыныс жолдарынан ыстың табылуы, адам отқа тірі кезінде түскен ретте оған өліктің қаны мен ұлпаларынан өрт кезінде пайда болатын көміртегі тотығын жұту салдарынан карбоксигемоглобиннің табылуы да тән(жүрегінен).

Өртте қаза тапқан адамдардың жүрегі мен ірі көк тамырларынан көп мөлшерде ұйыған қан табылады. Егер өлік отқа өліктік таңбалар пайда болғаннан кейін түссе, ірі көк тамыр бос қалады. Отқа адамның тірі кезінде түскен белгілерінің бірі көздің айналасындағы терінің зақымданбаған және ысталмаған қатпарлары бола алады, бұл көзін жұмып қорғанғанын айтады. Адамның тірі кезде отқа түсуіне тән тағы да белгілер өкпе қантамырларындағы майлы эмболия, көпіршіктердегі ақуыз мөлшерінің екі есе көбеюі.

Мәйіттің  отқа өртену белгілеріне:

  • Боксер қалпы бұлшықеттердің сіресіп қатаюы;
  • Ішкі мүшелердің көлемдерінің кішіреюі мен тығыздалуы;
  • Сүйектердің сынғыштығы;
  • Серптәрізді эпидуральды қан құйылулардың табылуы;
  • Күйген терінің жыртылулары мен тесілуі жатады.

Суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы — үсу. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады.

Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады.

  1. Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды.
  2. Екінші дәрежелі үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді.
  3. Үшінші дәрежелі үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады.
  4. Төртінші дәрежелі үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл Үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады. Зақымданған участок көк тіпті кейде мәрмәр түсті болады, жылыған кезде ісік пісіп ұлғая бастайды. Терінің температурасы оны қоршаған үсікке шалдыққан ұлпа участогінен біраз төмен.

Суықтан өлген адамның өлігін сырттай қарағанда тоңған адамға тән белгілі сипат алады “бүрісу”, аяқ қолдарын ішке қарай жинау арқылы. Кейде мұрын мен ауыз алдында мұз сүңгілері, кірпікте қырау болуы мүмкін, бұл адамға суық тірі кезінде әсер еткенін білдіреді. Мәйіт астындағы қардың еріп кетуі де соны білдіреді. Төмен тепмературадан бұлшықеттер жиырылып, терідегі түктердің тікірейуі байқалады(гусиная кожа).  Мәйітті зерттегенде  ішкі органдардың венозды қанға толуы, ісінуі  және мидың қанға толуы көрінеді. Жүректе ауру өзгерістері болмаған жағдайда оның қанға толуы, жүректің оң жақ жартысындағы қанның түсі қара қошқыл, ал сол жағында ашық түсті болады, бұл жүректен құрамында оттегі мол қан ағатынын көрсетеді. Суықтан қатып өлудің басқа белгілері қуықтың толы болуы мен бауырдан гликоген мен қанттың жойылуы.  Суықтан қатып өлудің тағы бір белгісі асқазанның шырышты қабатына қан құйылуы болып табылады. Ол Вишневский дағы деп аталады. Бұл дақ нүкте мөлшерінен 2-5 ммге дейін жететін түсі қызғылт тартқан сұр болып тұратын қанталаған жерлер.

Физикалық факторлар әсерінен болатын өлім

Электрозақымдар – электр тоғының әсерінен пайда болатын патологиялық үрдіс. Бүкіл жарақаттардың 2,5% құрайды. Өлімнің деңгейі – 20%.Электр тоғы адам денесіне кіріп,  басқа аймақтан шығады, оны тоқ шеңбері деп атайды. Төменгі шеңбер – бір аяқтан екінші аяққа өтетін, онша қауіпті емес, ал жоғарғы шеңбер – бір қолдан екінші қолға, оған қарағанда қауіптірек болады. Ең қауіптісі, ол толық шеңбер болып табылады – екі аяқ пен екі қолды қамтиды.

Электрожарақаттың әсері:

  1. Нерв жүйесі рефлекторлы әсер етуі, ол тыныс алу және қан айналым бұзылыстарына әкеліп соғады.
  2. Адам денесіне термиялық, электрохимиялық және электродинамикалық факторлардың тікелей әсер етуі.

Жарақаттанған  адам жүрек қарыншаларының фибрилляциясынан, тыныс алу орталығының салдауынан, шоктан және дауыс байламдарының тарылуынан өліп кетуі мүмкін.

Электрожарақаттың ауырлығының 4 дәрежесін ажыратады:

  • І дәрежеде – науқас есін жоғалтпайды, бұлшықеттері құрысып жиырылады.
  • ІІ дәрежеде – науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады.
  • ІІІ дәрежеде – науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады және жүрек пен өкпенің қызметтері бұзылады.
  • ІV дәрежеде – клиникалық өлімнің белгілері байқалады.

Жеңіл дәрежесінде (І-ІІ) пайда болған өзгерістер 1-2 аптада жойылады. Ауыр дәрежесінде жүрек-қан тамыр жүйесінде тұрақты өзгерістер дамиды, кейде миокардтың инфаркты болуы мүмкін.

Тіндердегі жергілікті өзгерістер электрокүйік белгілерімен сипатталады. Олар электр энергиясының жылу энергиясына ауысуының нәтижесінде болатын, тоқ кірген және шыққан жерлерде байқалады.

Жарақаттың тереңдігіне байланысты электрокүйіктің  4 дәрежесін ажыратады:

  1. Эпидермистің зақымдалуы.
  2. Эпидермис ажырап, көпіршіктердің түзілуі.
  3. Терінің барлық қабаттарының коагуляциясы.
  4. Тері мен терең орналасқан тіндердің зақымдалуы.

Электрокүйікке қоршаған тіндердің ісінуі мен гипэстезия тән. Сонымен қатар, парез бен малдану дамуы мүмкін. Адам денесінен электр тоғы өтіп жатқанда бұлшықеттер құрысып жиырылады, соның салдарынан компрессионды және жұлынған сынықтар, сынық пен буынның шығуы және буынның шығуы пайда болады. Электр жарақатын анықтау үшін өлікке сот медициналық зерттеу жүргізумен қатар, өлікті оқиға болған жерде қараудың, киімін, техникалық сараптама деректерін зерттеудің зор маңызы бар: киімнің жанған іздері, аяқ киімдегі шегелердің балқуы электр жарақатын көрсетеді.

Зерттеу әдістері:

  • Спектральді анализ: эмиссионды және атомды спектрофотометрия;
  • Контактті-диффузды әдіс;
  • Рентгенологиялық әдіс.

Электрожарақаттың ерекше бір түрі – атмосфералық тоқтан, яғни найзағайдан болатын жарақат. Көбінісе, адамдар найзағай кезінде электрлі жабдықтардың, жұмыс істеп тұрған телевизордың, радио қабылдағыштың қасында тұрғанда немесе телефонмен сөйлескенде жарақат алады. Жарақаттанғандардың терісінде  найзағай белгілері анықталады, ол ағаштың бұтақтарындай жайылған, ашық-қызғылт және қызыл түсті жолақтар болып табылады. Бұл белгілер дене бөлігіне найзағай әсер еткен жердегі капиллярлардың кеңеюімен сипатталады.

Организмде пайда болатын бұзылыстардың көріністері барометрлік қысымның төмендеу дәрежесіне және оның жылдамдығына байланысты. Қалыпты барометрлік қысым сынап бағанасы бойынша 760 мм болса, оның 530-460 мм-ге дейін төмендеуі 3000-4000 м биіктікте болады. Барометрлік қысым төмендеген сайын денедегі газдардың еруі азайып, олар газ күйіне айналады. Сондықтан кеңсірік, маңдай, өкпеқап қуыстарында, ішек – қарын жолдарында, ортаңы құлақ ішінде газ жиналып керіп кетеді. Олардағы сезімтал қабылдағыштарды қоздырып, қатты ауыру сезімін тудырады. Әсіресе құлақ ішінен қатты шаншып ауыртады.

9000 м биіктікте барометрлік қысым с.б.б. 225,6 мм-ге дейін төмендейді. Декомпрессияның нәтижесінде азот көпіршіктеніп қанға түседі, эмболия дамиды. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің ишемиясы болады. Бұл эмболдар ми мен жүрек тамырларына тұрып қалуынан адамның кенеттен естен тануы, жүректің инфаркты дамиды. 19000 м биіктікте барометрлік қысым 47 мм-ге дейін азаяды, организмдегі сұйықтар газдың бөлінуінен сарқылдап, қайнаған су сияқты болады. Газдар тері астындағы шелмайға т.б тіндерге жиналуынан  тіндердің биіктік эмфиземасы немесе газ кернеп кетуі дамиды.

Тау ауруы салдарынан болған гипоксиядан қаза тапқан адамның өлігіне сот медициналық зерттеу жүргізгенде терінің, ішкі мүшелер мен ұлпалардың қанға күрт толғаны, қанның сұйық әрі қошқыл болуы, конъюктиваларға және сероздық қабықтар астына көптеген нүкте сияқты қан құйылғаны анықталады.

  • Жоғарғы қысымды камераларда емдеулер мен операциялар кезінде, кессонды жұмыстағы, су асты жүзулері кезінде, су асты үйлеріне түсу кезіндегі өндірістік орындардағы  адамдар жоғары газ қысымының  әсеріне душар  болады.
  • Декомпрессиялық (кессон ауруы) ауру декомпрессия процесі кезінде немесе одан кейін (жұмысшылардың кессоннан шығуы кезінде), сонымен қатар одан кейінгі біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін. Аурудың пайда болуы баяу декомпрессияның жетіспеушілігі кезіндегі ағзаның сұйық ортасының инертті газдармен (азот, гелий және т.б.) қанығуы жүрмейді олар жоғары қысымның әсерінен көп мөлшерде еріп кеткен, ол тіндер мен сұйықтық орталарындағы бос газ көпіршіктерінің түзілуіне әкеледі және аэроэмболияның бұзылуына әкеледі.

Барометрлік қысымның көтерілуінен қаза тапқан өлікке сараптама жүргізгенде өкпе үлкейіп кетеді, кесілген бетінде қан құйылған қошқыл қызыл жерлер болады. Кеңірдек пен ірі бронхтардың шырышты қабықтарында қан құйылғаны аңғарылып, тыныс жолдары саңылауынан сұйық немесе ұйыған қан шығады.

Бастың жұмсақ ұлпалары ісініп, беті қабарып, көгеріп кетеді, екі қабақтың ісінгені, бет терісінде және конъюктивада көптеген қан құйылулар, экзофтальм байқалады.

Ішекте, шажырқайда, көктамырда, паренхиматозды мүшелерде газ эмболиясының болуы жиі байқалады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Тоқ соғу. Найзағай соғу
  2. Үсу. Үсу кезіндегі алғашқы көмек
  3. Күйіктер
  4. Күйік. Күйік шогы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!