Орхит және Эпидемит. Аталық без қабынуы

Аталық без және оның қосалқысының қабыну аурулары

Орхит

Орхит аталық бездің қабынуы. Орхиттің жедел және созылмалы, бір жақты және екі жақты түрлерін ажыратады. Нәрестелерде екіншілік түрінің дамығаны өте сирек кездеседі. Ауру негізінен баспа, тұмау, пневмония, фурункулез кезінде, немесе солардан кейін дамиды. Аталған жағдайларда инфекция аталық безіне гемотогенді жолмен түседі. Орхит өте жиі жарақаттан кейін дамиды.

Клиникалық көріністері. Ауру біртіндеп басталады. Балаларда ұманың бір жақты ауырсыну және ұлғаюы анықталады. Кейіннен ұманың гиперемиясы және ісінуі дамиды. Науқастың жалпы жағдайы аса нашарламайды. Дене қызу жоғарылайды, қалтырайды, жалпы әлсіздік болады. Ауырсыну кейде ұрық бауы ( семенной канатик ) арқылы мықын аймағына беріледі.

Пальпация кезінде аталық безі ұлғайған, ауырсынады, тығыз, теріге жабысқан.

Аурудың кеш кезеңдерінде аталық безінде босаңдау ошақтар анықталуы мүмкін, үрпі жолы тығыздалады.

Диагноз. Диагноз қою қиындық тудырмайды. Орхитті босану кезіндегі ұма жарақатынан (қан құйылу тән), аталық бездің айналуынан (аурудың жедел басталуы, кенет ауырсынуы тән), аталық бездің жедел қабыну кистасынан және туа пайда болған сифилистен ажырату керек.

Емдеу. Орхиттің емі консервативтік. Жарақатты орхиттің емі тыныштық, суық тамақ тағайындаудан басталады. Кейіннен сорғыш препараттар тағайындалады (бұлшық етке лидаза, алоэ).

Орхиттің басқа түрлерін кең спектрлік антибиотиктермен, үрпі жолын жансыздандыру блокадасымен емдейді. Аурудың өршу кезеңінде – суық, аурудың тынышталуында – жылу, майлы компрестер, тыныштық тағайындалады.

Сонымен қатар, науқасқа суспензория тағу, сорғыш заттар – лидаза, йодты калимен ионофорез беріледі.

Аталық бездің іріңдеуінде абсцесті ашып, жараны дренаждайды. Егер үрдіс созылмалы түрге ауысса, ұзақ уақыттық сору терапиясы жүргізіледі. Егер бұл ем нәтижесіз болса, онда аталық безін алып тастайды.

Орхит, эпидемит қазақша

 Эпидидимит

Эпидидимит аталық бездің қосалқы тінінің қабынуы. Қабыну жарақаттану, сонымен қатар оның микробтармен инфекциялануы нәтижесінде дамиды. Инфекция уретра және басқа мүшелерден лимфогендік, гемотогендік жолдармен түседі. Инфекцияның уретрадан аталық бездің қосалқы тініне түсуіне уретраны буждау кезіндегі дөрекі шаралар және катетеризация әсер етеді.

Аталық бездің қосалқы тінінің гемотогендік инфекциялануы тұмау, баспа, пневмониясы бар науқастарда жиі болады.

Клиникалық көріністері. Жедел эпидидимит кенет басталады. Қосалқы тіннің ұлғаюы, олардың ауырсынуы, дене температурасының жоғарылауы, жалпы әлсіздік көрінеді.

Ауырсыну мықын аймағына беріледі. Қосалқы тін ұлғайған, ауырсынады, оның аталық безімен шекарасы айқын емес (орхоэпидидимит), қосалқы тін үстіндегі тері қызарған, инфильтрацияланған, үрпі жолы тығыздалған.

Кейбір балаларда аталық бездің шемені анықталады.

Диагноз. Ауырсынудың мықын аймағына берілуі аппендициттің қате диагнозын беруі мүмкін. Сондықтан қарап тексергенде өте мұқият болу керек.

Емдеу. Тыныштық, жылыту компрестерін, жасқа сәйкес дозада бұлшық етке антибиотиктер тағайындалады. Жедел көріністер басылғаннан кейін сору процедуралары (парафин, йодты калиймен ионофорез, УВЧ, лидаза) көрсетілген.

Абсцестену жағдайында абсцесті ашады.

Қосалқы тінінің ұзақ тарамайтын тығыздануы, ауырсынуы, аурудың қайталануы эпидидимэктомияға көрсеткіш болып табылады.

Екі жақты эпидидимиті бар науқастарда бедеулік дамиды. Сондықтан оларға жасына қарай кейде ұрық шығару жолының реконструкциясын жүргізеді (вазонеостомия).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Варикоцеле
  2. Гидроцеле (су шемені) және Фуникулоцеле
  3. Ісінген ұма синдромы
  4. Гипоспадия және Эписпадия

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!