Жарық сезу және бейімделу

Көздің жарық сезу және бейімделу қабілеті

Жарықты сезу — көздің жарықты қабылдау және оның әр түрлі жарықтық дәрежесін анықтау қабілеті. Жарықты сезуге негізінен таяқшалар жауап береді, өйткені олар сауытшаға қарағанда жарыққа әлдеқайда сезімтал. Жарықты сезу көру анализаторының функционалды жағдайын бейнелейді және жарықтығы төмен жағдайда бейімделу мүмкіншілігімен сипатталады; оның бұзылысы — көз ауруларының ерте симптомдарының бірі.

Жарықты сезуді тексерген кезде тор қабықтың ең аз мөлшерде жарыққа тітіркенуді қабылдау қабілетін (жарықты сезу табалдырығы) және түскен жарықтың ең төменгі жарықтығын аңғару қабілетін анықтайды (ажырату табалдырығы). Жарықты сезу табалдырығы алдын ала жарықталған дәрежесіне байланысты: ол қараңғыда аздау және жарықта артады.

Көздің жарықты сезу қабілеті

Адаптация (бейімделу) — жарық түсуі ауытқыған кезде көздің жарыққа сезімталдығының өзгеруі. Бейімделуге қабілеттілігі арқылы көз фоторецепторларды қатты күштеністен қорғайды және сонымен қатар, жарыққа жоғарғы сезгіштікті сақтайды. Жарыққа (жарық түсуі жоғары кезінде) және қараңғыға бейімделуді ажыратады (жарық түсуі төмен деңгейде кезінде).

  • Жарыққа бейімделу, әсіресе жарықтық деңгейі күрт жоғарылаған кезде, көзді қысу арқылы қорғану реакциясымен жүреді. Жарыққа бейімделу алғашқы секундтерде аса қарқынды болады, жарыққа сезгіштік табалдырығының ақырғы белгісі бірінші минуттың соңында жетеді.
  • Караңғьлыққа бейімделу баяу жүреді. Төменгі жарықтану жағдайында көру пигменттері аз жұмсалады, олардың біртіндеп жиналуы нәтижесінде тор қабықтың төмен жарықтануына сезімталдығы ынталанады. Фоторецепторлардың жарыққа сезімталдығы 20—30 мин ішінде қарқынды өседі және тек қана 50—60 минутта максимумға жетеді.

Қараңғылыққа бейімділіктің жағдайын арнайы аспап — адаптометр арқылы анықтайды. Қараңғылыққа бейімділікті шамалап тексеру үшін Кравков—Пуркинье кестесін пайдаланады. Кесте 20×20 см көлемінде, қара картон қағаздың бұрыштарында 3×3 см көк, сары, қызыл, жасыл түсті қағаздан 4 квадрат жабыстырылған. Дәрігер жарықты сөндіріп, науқасқа 40—50 см қашықтықта кестені көрсетеді. Егер науқас 30—40 с кейін сары квадратты көре бастаса, ал көкті 40—50 с кейін көрсе, онда қараңғылық бейімделуі қалыпты. Егер де науқас сары квадратты 30-40 с кейін көрсе, ал көкті 60 с аса көрсе немесе мүлдем көрмесе, науқаста қараңғылыққа бейімделуі төмен болып есептеледі.

Гемералопия — көздің қараңғылыққа бейімделуінің әлсізденуі. Ымыртта көруі күрт төмендеп, ал күндізгі көруі сақталуымен байқалады. Симптоматикалық, эссенциалды және туа пайда болған гемералопия болып бөлінеді.

  • Симптоматикалық гемералопия әр түрлі офтальмологиялық аурулармен қосарланады: тор қабықтың пигментті абиотрофиясы, сидероз, көз түбінің айқын өзгерістерімен жақыннан көргіштіктің жотарғы дәрежесі.
  • Эссенциалды гемералопия А гиповитаминозымен байланысты пайда болады. Ретинол родопсиннің өңдірілуіне субстрат ретінде қызмет етеді, ал дәруменнің экзо- және эндогенді жетіспеушілігі кезінде бұзылады.
  • Туа пайда болған гемералопия — генетикалық ауру. Офтальмоскопиялық өзгерістер байқалмайды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Перифериялық (шеткері) көру
  2. Көздің көру қызметі
  3. Нашар көру және соқырлық себептері

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!