Көзден жас ағумен жүретін аурулар

Көзден жас ағумен сипатталатын аурулар

Жас нүктесінің тарылуы

Жас нүктесінің тарылуы — үздіксіз жас ағудың ең жиі себебінің бірі. Аурудың дамуының басты мағынасы: сыртқы зиянды факторлардың (суықтық, жел, шаң-тозаң, түтін, химиялық заттардың буы және т.б.) болуы. Науқас суық пен жел әсер еткенде күшейетін үздіксіз жас ағуына шағымданады. Қараған кезде көз жасы нүктесі тесігінің диаметрі 0,25 мм- ден азырақ. Көз жасы нүктесін конус сүңгісін көп рет енгізу арқылы кеңейтеді. Емшара нәтижесіз болғанда хирургиялық араласу жүргізеді.

Жасы нүктесінің сырт айналуы. Көз жасы нүктесінің сырт айналуы қабақтың сырт айналуы кезінде дамиды. Науқас үздіксіз жас ағуға шағымданады. Қараған кезде көз жасы нүктесі көз жасы көлшігіне батпай сыртқа айналған. Емі тек қана хирургиялық.

Дакриоцистит

Дакриоцистит — көз жасы қапшығының қабынуы. Бұл патология көз жасы мүшесінің ауруларынан 2-7% кездеседі. Дакриоцистит әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда 6-10 есе жиі кездеседі. Дакриоцистит жедел және созылмалы түрде ағуы мүмкін. Сонымен қатар нәресте дакриоциститін ажыратады.

дакриоцистит казакша

Жедел дакриоцистит

Мұрын-көз жасы түтікшесінің өтімсіздігі және жастың көз жасы қапшығында іркілуі нәтижесінде дамиды. Жастың іркілуі патогенді флораның дамуына (жиі стафилококкты немесе стрептококкты) себеп болады. Жас ағуының қиындауының себебі — жиі мұрын сілемейінен өтетін мұрын-көз жасы түтікшесінің сілемейлі қабығының қабынуы.

Науқастар көз саңылауының ішкі бұрышындағы өткір ауру сезіміне, ісінуіне және қызаруына, сол сияқты айқын жас ағуына шағымданады. Қараған кезде көз жасы қапшығының аймағындағы қызару мен ісіну анықталады. Қабақтың айқын ісінуі кезінде көз саңылауы тарылады (7.2-сурет). Аурудың бастапқы кезінде көз жасы қапшығы аймағына абай- лап басқанда көз жасы нүктесінен ірің бөлінеді. Үдерістің басында өзекшелі сынама оң, кейіннен өзекше және мұрын сынамасы теріс болады. Ауру дене кызуының жоғарылауымен, әлсіздікпен, бас ауруымен қатар жүреді. Бірнеше күннен кейін аб- сцесс түзілуі мүмкін.

жедел дакриоцистит
Жедел дакриоцистит кезіндегі көрініс

Емді стационарлы жағдайда жүргізеді. Флюктуация кезінде абсцессті дренаждайды және онын қуысын антисептик ерітіндісімен (0,02% нитрофурал ерітіндісімен) жуады. Конъюнктивалды қапшыкка 7—10 тәулік бойы көздің антибактериалді дәрі-дәрмектерін тәулігіне 5—6 рет тамызады.

Түнге таман төменгі қабақ артына антибактериалді майды жағады. Жүйелі түрде 7—10 күн бойы кен спектрлі антибиотик (жартылай синтетикалық пенициллиндерді, цефалоспориндерді) колданады. Айқын уыттану симптомдары кезінде дезинтоксикационды терапияны жүргізеді.

Жедел дакриоцистит симптомдары басылғаннан кейін ұзак уақыт бойы наукастарды жас ағу мазалауы мүмкін. Жас ағуды дер кезінде жасалған хирургиялық еммен тоқтатуға болады.

Созылмалы дакриоцистит

Жедел дакриоциститтің созылмалы түрге өту салдарынан дамиды. Бұл жас ағумен, төменгі қабақтың жиегінде жастың тұруымен және конъюнктивалды куыстан ірінді бөліндімен көрініс береді. Қарау кезінде көз жасы қапшығы аймағында жұмсак-эластикалык консистенциялы үрмебұршақ тәрізді томпаю анықталады. Көз жасы капшығы аймағына басқан кезде көз жасы нүктесінен сілемейлі-іріңді бөлінді пайда болады. Қабақтың дәнекері қызарған. Өзекше сынамасы оң, мұрын сынамасы — теріс. Көз жасы жолдарын жуған кезде сұйыктық мұрын қуысына өтпейді. Сирек жағдайда көз жасы қапшығының шемені туындауы мүмкін, ол кезде көз жасы қапшығының қатты созылуынан жұқарған теріден көрінеді.

Емі тек кана хирургиялық. Дакриоцисториностомиюны — көз жасы қапшығы мен мұрын қуысының арасында тікелей сағалық жасайды.

Нәрестенің дакриоциститі

Нәрестенін дакриоциститі мұрын-көз жасы өзекшесінің шығар тесігінде мембрананың болу салдарынан дамиды. Баланың туылар сәтінде бұл мембрана кері дамуға ұшырайды және алғашқы дем алғанда ол жыртылады. Бірақ нәрестелердің 1—7%-да бұл мембрана сақталады. Нәрестенің алғашқы кұндерінде бір немесе екі көзден сілемейлі-іріңді бөлінді пайда болады. Көз жасы қапшығы аймағына басқанда көз жасы нүктесінен сілемей және ірің шығады. Өзекшелік сынама оң, мұрындық сынама — теріс. Көз жасы жолдарын жуған кезде сұйықтық мұрын қуысына өтпейді. Жедел флегмонозды дакриоцистит түрінде асқынуы мүмкін. Емді тәулігіне 3—4 рет 10—15 күн бойы көз жасы қапшығының аймағын жоғарыдан төменге қарай түрткі тәрізді уқалаумен бастайды. Уқалаудан кейін конъюнктивалді қуысқа антисептик ерітіндісін (0,02% нитрофурал ерітіндісі) тамызумен бірге жүргізеді. Оң нәтиже болмаған кезде 0,02% нитрофурал ерітіндісімен 1—2 апта бойы көз жасы жолдарын пассивті жуу жүргізеді. Егер де уқалау және жуу нәтижесіз болса, боумен сүңгісі (зонд) арқылы сүңгілейді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көздің көру қызметі
  2. Нашар көру және соқырлық себептері
  3. Құрғақ көз синдромы
  4. Нашар көру және соқырлық себептері
  5. Жедел және созылмалы дакриоаденит

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 9 часов

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 975Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (5 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: