Қасаң қабық формасының өзгеруі

Қасаң қабық формасының өзгеруімен жүретін аурулар

Мегалокорнеа

Қасаң қабық диаметрінің үлкеюі. Аутосомды-рецессивті жолмен түқым қуалайтын ауру. Ауруға тән белгілер: қасаң қабық диаметрінің үлкен болуы (11 мм-ден көп), алдыңғы камера терең, нұрлы қабықтың гипоплазиясы, иридоденез, көз бұршақтың тайып кетуі. Көбінесе эпикантпен және жалпы көріністермен қосарланып жүреді: микроцефалия, бойының төмен болуы, моторлық дамуының қалып қоюы, бұлшыкеттік гипотония, ақыл-ес кемшілігі.

Микрокорнеа

Қасаң қабық диаметрінің кішіреюінін туа біткен акауы. Көп жағдайда микрофтальм кезінде болады, алайда көз алманың калыпты мөлшерінде де кездеседі. Микрокорнеа (касаң қабық  диаметрі 9 мм-ден аз) бір немесе екі көзде кездесетін патология. Астигматиз және катаракта қосарланып жүреді.

Кератоглобус (шар тәрізді қасаң қабық)

Бұл — қасаң қабықтың туа біткен шар тәрізді томпаюы. Мезодермалды тіннің дамуының бұзылысы нәтижесінде касаң қабық жұқарады (9.7-сурет). Ауру балалық шақта басталады, астигматизм және миопия қосарланып жүреді. Қасаң қабықтың барлық аумағы томпайып тұрады, жиі диаметрінің ұлғаюы да анықталады.

Кератоконус (қасаң қабық конус пішініне уқсас)

Аутосомды-рецессивті жолмен тұқым қуалайтын, мезодермалды тіннің толық дамымай қалуынан болатын ауру. Екі көзде де қасаң кабықтың пішіні өзгеріп тұрады. 10—18 жаста басталып, әдетте 5 жыл аралығында үдей береді. Науқастар көру өткірлігінің біртіндеп түсуіне, заттардың пішінінің өзгеруіне, көзілдірікті жиі ауыстырып және тандау қиын болатынына шағымданады. Көзді зерттеген кезде қасаң қабықтың сыну қабілетінің жоғарылауы, дұрыс емес астигматизм, қасаң қабық пішінінің өзгеруі анықталады. Қасаң қабықтын орталық бөлімі шектелген аймақта конус тәрізді томпайып тұрады. Биомикроскопия көмегімен алдыңғы камераның тереңдеуі, қасаң қабықтың жұқарғаны және қасаң қабықтың артқы беткейінде ұзыннан келген нәзік жолақтарды (десцемет қабықшасынын тілінуі) көруге болады. Тілінулер үлкейген сайын кератоконустың аскынуы — жедел кератоконус дамуы мүмкін.

кератоглобус қазақша
Кератоглобус көрінісі

Бұл асқыну көру көргіштігінің айқын төмендеуі, қасаң қабықтың бұлыңғырлануымен және ісінуімен сипатталады. Жедел кератоконус қасаң қабықтың тұрақты бұлыңғырлануымен аяқталады.

Емі: қасаң қабықтың өлшемінің өзгеруі арнайы емді қажет етпейді. Айқын кератоглобус немесе кератоконус жағдайында өтпелі кератопластикаға жүгінеді. Үдемелі аметропияны көзілдірік тағу немесе жанаспалы линзамен түзетеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Конъюнктивит
  2. Құрғақ көз синдромы
  3. Көру бұзылысын түзету жолдары
  4. Көзден жас ағумен жүретін аурулар

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 9 часов

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 975Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: