Плазмаферез
Плазмаферез –plasm (плазма) + aphairesis (алу немесе жою). Қан құрамындағы патологиялық өнімдер жиналатын плазманы шығару арқылы жүргізілетін тазарту әдісі. Плазмафарез кезінде қанды фильтрация және центрифугирлеу арқылы тазартады. Гемосорбция – қаннан патологиялық заттарды шығаруға негізделген тазарту әдісі. Гемосорбция кезінде қанды тазарту патологиялық заттарды медициналық сорбенттер арқылы сорбция негізінде жүргізіледі. Егер плазма суық, басқа әсер ету әдістерімен өңделсе, оны криоферез деп атайды.
Плазмаферез емдік және донорлық болып екіге бөлінеді. Плазма алыну түріне қарай аппаратты, центрифугалық, мембранды және седиментационды (тұндыру) плазмафарез түрлері болады. Плазмафарез кезінде ағзадан қан порциясы жүйеге, флакон, гемоконтейнерге алынып, әдіс түріне байланысты қанның формалық элементтеріне (эритроцит (қызыл қан денешіктері), лейкоциттер (ақ қан денешіктері), тромбоциттерге (қан ұюына қатысатын денешіктер), бөлінеді, кейін қан жасушалары қайтадан ағзаға оралып, алынған плазма емдік немесе донорлық плазмафарез түріне қарай қан компонеттері немесе препараттарын алуға немесе утилизацияға кетеді.
Донорлық плазмаферез – қатаң регламентирленген процедура.
Терапевтикалық плазмаферез. Науқастан белгілі көлемде қан алып, оның ұйық бөлігін алып тастайды — плазманы, онда токсикалық және метаболикалық заттар болады (қан екі құрамдас бөліктен тұрады — формалық элемент және плазма). Неврологиялық, аутоиммундық аурулар емінде қолданылады. Склероз кезінде глюкокортикоидтардан пайда болмаған кезде, ВИЧ, нейропатия, оптикомиелит кезінде қолданылады. Осы сияқты иммунды ауруларды емдеу кезінде жақсы нәтиже береді, агрессивті антиденелерді шығару әсерінен болады. Плазмафорез әрекеті арнайы құрылғы арқылы іске асады, ол науқасты толықтай гепатит және ВИЧ сияқты аурулардан сақтайды, процедура жарты сағатқа созылады.
Мембранды плазмаферез
Мембранды плазмаферез — ағзадан әртүрлі патологиялық өнімдерді шығаруға арналған. (токсикалық немесе баланстты элементтер) Плазмалық фильтрде қанды фильтрациялау арқылы іске асады. Мембранды плазмаферез клиникалық тұрғыда кең тараған. Адамның ішкі ортасын бұзатын аурулар заманауи дәрілерді қолданса да теріс нәтиже береді, бұндай проблемалар жедел кеуде және құрсақ мүшелерінің қабыну ауруларында, жарақат, күйік және инфекциялық аурулар кезінде орын алады. Ағзада өзіндік «иммунды дистресс синдром» дамиды. Осындай кезде басты орынды плазмаферез ойнайды, ол эндотоксиндерді және гуморальды иммунитеттің компетентті емес бөлшектерін шығарады. Алынған көлемді донорлық плазмамен орын ауыстыру ағзаның тез қалпына келуіне әсер етеді.
Май алмасудың теріс өнімдерін шығару атеросклероз және оның асқынуларының алдын алады. Плазмаферез сәулелік және химиотерапия әсерін жоюға да көмегін тигізеді. Сонымен қоса, наркомания, алкоголизм кезінде де жақсы әсер көрсетеді.
Жүктілер токсикозы кезінде, резус-конфликт, «жасырын» урогенитальды инфекция, антифосфолипидты синдром кезінде кең қолданыс табуда.
Вирусты гепатиттен соң, әсіресе В және С, аутоиммунды созылмалы гепатит с туындайды, кейін бауыр циррозына ауысады және кейде тіптен бауыр рагына да ауысады. Плазмаферез көмегімен аутоантиденелерді және патологиялық метаболиттерді шығаруға болады, нәтижесінде бауыр зақымдалуының үдеуін баяулатуға болады.
Каскадты плазмаферез (cascade немесе double-filtration plasmapheresis) — қан плазмасын арнайы фильтр арқылы қайталама фильтрация, ол тек төмен молекулярлы ақуыздарды (альбумин) өткізеді және ірі молекулярлы ақуыздарды, атерогенды липопротеидтерді ұстап қалады. Каскадты плазмофорез қолданылатын салалар гематологияда миеломды ауру, тромботикалық тромбоцитопениялық пурпура, парапротеинемия және макроглобулинемия, гемолитико-уремиялық синдром, моноклональды гаммапатия және амилоидоз; ревматологияда жүйелі қызыл жегі, склеродермия, ревматоидты артрит, жаралы колит және Крон ауры; пульмонологияда — фиброзирлеуші альвеолит және саркоидоз; неврологияда —склероз, қатерлі миастения, Гийена-Барре синдромы және созылмалы қабынулы полинейропатия; дерматологияда —буллёзды пемфигоид, эпидермальды токсикалық некролиз (Лайелла синдромы); АВО және резус сәйкессіздік; нефрологияда — гломерулонефрит ауыр нефротикалық синдроммен; хирургия және реаниматологияда — сепсис және полиорганды жеткіліксіздік, сонымен қоса әртүрлі улану, гепатит ауыр бауыр жеткіліксіздігімен қатар болса.
Плазмафарез әсерінің ұзақтығы ауру табиғатына байланысты. Аутоиммунды аурулар кезінде эффект 3-5 айға дейін созылады. Плазмаферез созылмалы аурулардың өту ағымын жеңілдетеді. Созылмалы аурулар кезінде плазмаферез курспен жүргізіледі, 1 процедура әр күні немесе бір күн сайын. Алкоголизм, наркомания кезінде 2-3 сеанс плазмаферез жүргізіледі.
Процедураны жүргізуге көрсеткіштер:
- Құрамында метаболикалық және токсикалық заттары бар қан плазмасын шұғыл түрде шығару кезінде. Аутоиммунды және қабыну аурулары (астма, ревматоидты артрит, нейропатия, гипертониялық ауру) кезінде терапияға резистенттілік кезінде қолданылады.
- Қанның тұрақты белгілі құрамын сақтап тұру қажет болған кезде (улы заттармен, бактерия токсиндарымен интоксикация, онкологиялық аурулар кезіндегі химиотерапия, вирусты гепатит, қант диабеті, резус-конфликт және басқа жағдайларда).
- Операция кезінде уақытша қан құрамын ұстап тұру қажет болған кезде қолданылады.
Процедураны жүргізуге қарсы көрсеткіштер:
- Анемия (гемоглобин <80 г/л)
- Қандағы жалпы ақуыз деңгейінің төмендеуі (< 60 г/л)
- Қан айналым жеткіліксіздігімен жүретін әртүрлі аурулар (жүрек- қан тамыр аурулары, атеросклероз, асқазан жарасы, постинфарктты кезең
- Қан кету
Жүргізу әдістемесі:
Науқас арнайы креслоға жатады, қолының венасына пластикалық катетер (венфлон), енгізіледі, кейін ол плазмофильтр түтікше жүйесімен байланыстырылады. Плазмофильтр (құрылғы түріне байланысты) ішінде бір реттік фильтрлер, насос, мембрана және центрифуга болады. Кейін құрылғыда программа іске қосылады, сол кезден бастап автоматты түрде қан тамыр қабырғасынан құрылғы ішіне сорылады және онда қанды фракцияларға бөлу жүргізіледі. Процедера түріне байланысты плазмаферез 30 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылады. Программа аяқталған соң, тазартылған қан қайтадан тамыр қабырғасына жіберіледі.
Плазмаферез пайдасы
- Детоксикация.
- Ағзаның жүрек – қан тамыр жүйесін және қан жасау жүйесін рефлекторлы стимуляциясы
- Иммуномодуляция
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: