Катаракта

Көз бұршақ — қос дөңесті линзаның пішініне ұксас мөлдір жартылай қатты дене. Көз бұршақ капсуламен қапталған, капсуланың ішкі беткейі эпителиймен жабылған. Көз бұршақтың қызметтері:

  • көздің оптикалық жүйесінің бір бөлігі болып табылады (көз бұршақтың сыну күші 18—20 дптр-ға тең);
  • аккомодацияға қатысады (цилиарлык дененің бұлшықеттің жұмысы мен өзінің серпінділігі арқасында сыну қабілетін өзгертеді).

Жас ұлғайған сайын эпителиймен түзілген талшықтар көз бұршақтың орталық аймағында шоғырланып, нәтижесінде линза өзінің серпінділігін жоғалтады, аккомодациялық қабілеті төмендейді, яғни пресбиопия дамиды. Көз бұршақтың ауруларына оның даму ақаулары мен катаракта жатады.

Толықтай көз құрылысы мен анатомиясы жайлы оқи кетіңіз

Катаракта

Катаракта («kataraktes» сөзін грек тілінен аударғанда «сарқырама» деген мағынаны білдіреді) — көз бұршақтың мөлдірлігінің бұзылуы.

Жіктелуі

Катаракта оның пайда болу уақыты мен локализациясына байланысты, және туа біткен катаракталардың этиологиясы бойынша бөлінеді.

Пайда болу уақыты бойынша туа біткен және жүре пайда болған катаракталар болады:

  • туа біткен катаракталардың ағымы стационарлы (олар үдемейді) және жұмсақ (ядросы жоқ) болып келеді;
  • жүре пайда болған катаракталар үдемелі ағымы мен ядроның болуымен (яғни олар қатты) сипатталады.

Бұлыңғырланудың орналасуына байланысты катарактаның келесі түрлерін ажыратады: алдыңғы және артқы полярлық, алдыңғы пирамидалық, ұршық тәрізді, қабаттық шеткері катаракта, зонулярлык, тостақ тәрізді артқы катаракта, ядролық, қыртыстық және толық катаракта.

катаракта түрлері
Катаракта түрлері

Туа біткен катарактаның этиологиясына байланысты бөлінеді:

  • қарттық (сенилдық);
  • асқынған (көздің басқа аурулары: глаукома, иридоциклит, т.б. салдарынан дамыған);
  • жүйелі аурулар аясында дамитын катаракталар (мысалы, қант диабеті, инфекциялар, склеродермия);
  • токсикалық заттардың әсерінен пайда болған катаракталар;
  • жарақаттық катаракталар (әр түрлі энергияның әсерімен байланысты: механикалық, жылу, электр, радиациялық).

Туа біткен катаракта

Туа біткен катаракталар көз алманың барлық даму ақауларының 60%-ын кұрайды. Әдетте, бұлыңғырлану көз бұршақтың аксиалдық аймағында орналасады (адыңғы және артқы полярлық, ұршықтәрізді катаракталар), сирек толық туа біткен катаракта кездеседі. Аксиалдық аймақта орналасқан бұлыңғырлану көру өткірлігін айтарлықтай төмендетеді және амблиопияның дамуына әкеледі. Сондықтан, көз бұршактын туа біткен аномалияларын уақытылы анықтау мен оны коррекциялау өте маңызды.

Туа біткен катаракталар бөлінеді:

  • пайда болуына байланысты: тұқым қуалаған және кұрсақ ішілік;
  • зақымдану симметриясына байланысты: бір жақты немесе екі жақты үдеріс;
  • көру өткірлігінің төмендеуіне байланысты үш дәрежесі бар: көру жітілігі 0,3 және одан жоғары (I дәреже), көру жітілігі 0,2—0,05 (II дәреже), көру жітілігі бес жүздіктен төмен (III дәреже).

Туа біткен катарактаның келесі формаларын ажыратады:

  • алдыңғы полярлық катаракта көру өткірлігіне әсер етпейтін екі жақты симметриялы сәл бұлыңғырланумен сипатталады;
  • артқы полярлық катаракта кезінде көру өткірлігі төмен болады, өйткені бұлыңғырану орталық зонаға жақын болады және бұлыңғырлану көлемі үлкендеу болады;
  • ұршық тәрізді катаракта бұлыңғырлану көз бұршағының бір полюсінен екіншісіне дейін ұршық тәрізді созылып келеді;
  • қабаттық катаракта мөлдір немесе әлсіз бұлыңғыр ядроны бұлыңғырланған қабат қоршап тұрады да, шеткері қабаттары мөлдір болып келеді;
  • толық катаракта — көз бұршағының барлық талшықтарын қамтитын бұлыңғырлану.

Қарттық (сенилдық) катаракта

Қарттық катарактаның этиологиясы мен патогенезі толық зерттеліп біткен емес. Аурудың бастапқы белгілері генетикалық бейімділігі бар адамдарда 40 жастан кейін көрінеді. Катарактогенездің бастапқы рөлін көз бұршақтың бос радикалдық бұзылысы атқарады. Көз бұршақ нәруызының химиялық құрылымының өзгеруі нәтижесінде көз бұршақтың мөлдірлігін төмендететін нәруыздық конгломераттар түзіледі. Сонымен қатар, глутатион мен калийдің мөлшері азайып, су және натрий мен калийдің концентрациясы жоғарылайды.

Қарттық катарактаның қыртыстық және ядролық турлерін ажыратады. Қыртыстық (сұрлы) катаракта

Алғашқы бұлыңғырлану көз бұршақ экваторы маңайындағы қыртысты қабаттарында басталып, орталық бөлігі және ядросы ұзақ уақыт мөлдір болып қала береді. Соның арқасында катарактаның осы түрімен ауыратын наукастарда ұзак уакыт орталыктық көруі жоғары болып келеді. Кыртыстық катарактаның келесі сатыларын бөледі: бастапкы, жетілмеген, жетілген және жетіліп кеткен.

  • Бастапқы сатысында биомикроскопиямен жақсы көрінетін көз бұршақтың экваторлык зонасында шабақ тәрізді бұлынғырлану және сулы саңылаулар мен вакуольдердің түзілуімен сипатталады.

бастапқы катаркта

  • Түзетілген көру жітілігі 0,1-ден төмен болмайды. Науқастар көз алды бұльщғырланып тұрғандай немесе шіркейлер ұшып жүргендей сезімдерге шағымданады.
  • Жетілмеген сатысы. Көз бұршақтың қыртысты қабаты толығымен бұлыңғырланып тұрады, ал беткейлік қабаттары әлі де мөлдір болып келеді. Көру өткірлігінің бірден төмендеп кетуімен жүреді (коррекция жүргізген жағдайдын өзінде көру жітілігі 0,1-ден төмен болады). Осы кезеңде сулы саңылаулар мен вакуольдердің түзілуі және олардың детриттермен тығыздалуы (кейбір жағдайларда детриттермен толуы көз бұршак көлемінің ұлғаюына әкеледі) қарқынды өтеді. Ісіп кеткен көз бұршақ алдыңғы камераның бұрышын жауып тастап, екіншілікті (факоморфиялық) глаукоманын дамуына ыкпал етеді.
  • Жетілген катаракта кезеңінде көз бұршақ өзінің ылғалдылығын жоғалта бастайды да, талшыктары катаяды. Бұлынғырлану лас сұр түсті болып, біркелкі орналасады. Биомикроскоп көмегімен карағанда, жарықтың сәулесі көз бұршакка терең енбейді. Осы сатыда көру кабілеті жарык проекциясы дұрыс жарык сезгіштікке дейін төмендейді.
  • Жетіліп кеткен катаракта кезеңі. Көз бұршақ талшықтарының дегенерациясы және ыдырау үдерістерінің қаркынды жүруімен сипатталады. Көз бұршақтың ішінде осмостық қысым жоғарылап, капсула арқылы сұйықтық жинала бастайды.
катаракта қазақша
Катаракта түрлері саты бойынша

Нәтижесінде көз бұршактың екіншілікті ісінуі пайда болады (сүтті катаракта дамиды). Кейін көз бұршақтың кыртысты бөлімі біртіндеп ыдырайды да, соңында тек көз бұршақтың капсуласы қалады. Науқас қайтадан заттардың контурын ажырата бастайды, ал плюс 10-12 дптр-лық линзаның көмегімен көру кабілеті де жоғарылайды.

Бастапқыдан жетіліп кеткен сатысына дейін өту үшін, аз дегенде бірнеше жылдар өтеді, ал жетіліп кеткен көз алмасынын сарылуына ондаған жылдар уақыт керек екендігін білген жөн.

Асқынған катаракта

Ядролық (қоңыр) катаракта кезінде бастапқыда факосклероз дамиды — көз бұршақтың ядросы тығыздалады. Бұл жағдай көз бұршактың сарғаюы мен сыну кабілетінің кұшеюіне әкеледі. Аз уакыттың ішінде көздің айтарлықтай миопизациясы дамиды (—14,0 дптр-ға дейін, сондағы түзетілген көру жітілігі жоғары болып келеді). Кейін көз бұршақ ядросының мөлдірлігі, сонымен катар наукастың көру жітілігі тез төмендейді (12.6-сурет). Қоңыр катаракта кезінде көз бұршақ ісіп кетпейді және оның мөлшері ұлғаймайды.

Асқынған катаракта созылмалы увеиттер, увеопатиялар, тор қабықтың дистрофиясы, глаукома, жоғары дәрежелі миопия кезінде дамиды. Бұлыңғырлану көз бұршақтың артқы полюсі аймағында субкапсулалық өзгерістерден басталады. Үлкен емес ошақтар орталық бөлімінде орналасып, көру өткірлігін айтарлықтай төмендетеді. Науқастар жарық кезінде қарашыктары тарылған жағдайда көру функцияларының бірден төмендеуіне шағымданады және әлсіз жарық бөлмеде қарашықтары кеңейген кезде жағдайдың жеңілдегенін айтады. Біртіндеп асқынған катаракта тостақ тәрізді артқы катарактаға өтеді, ал бұл түрі жетілмеген сатысына жетпеуі де мүмкін.

Қант диабеті кезіндегі катаракта

Осы аурудың алғашкы көрінісі ретінде кездесуі мүмкін. Бұлыңғырлану көз бұршақтың артқы капсуласының бойымен орналасып, тостақ тәрізді түрімен сипатталады.

Жарақаттық катаракта

Көздің контузиясы кезінде көз бұршақтың субкапсулалық бұлыңғырлануымен жүретін механикалық зақымдануы мүмкін. Байлам аппаратының закымдануымен болатын күшті контузия көз бұршактың шыны тәрізді денеге немесе көздің алдыңғы камерасына қарай толық немесе толық емес шығып кетуіне әкеледі.

Тесіп өткен жарақат кезінде көз бұршақтың қабы (капсуласы) жарылып, талшықтары сыртқа қарай шығады, сонымен бірге көз бұршақ тез ісінеді. Қалыпты жағдайда көз бұршақтың құрамдас бөліктері иммунды жүйенің жасушаларымен байланыспайды, сондықтан көз бұршак қабының бүтіндігі бұзылған жағдайда аутоиммунды үдерістер жиі дамиды.

Сәулелі энергия да жарақаттық фактор болып саналады. Лазерлік, инфрақызыл, ультракүлгін және рентген сәулелері мен радиация көз бұршақтың бұлыңғырлануына әкеліп, көру өткірлігін айтарлықтай төмендетеді.

Катарактаның емі

Емдеу әдістері мен жолдары

Медикаментозды емді тек бастапқы кезеңде ғана жүргізеді. Ол беткейлік бұлыңғырланудың дамуын баяулату үшін қолданылады және ядролык, арткы капсулалық катаракталар кезінде тиімсіз. Офтан катахром, пиреноксин, азапентацин және т.б. препараттарды тағайындайды.

Катарактаны хирургиялық жолмен алып тастау (экстракция) — бүгінгі күні бұлыңғырланған көз бұршақты емдеуде теңдесі жоқ ең тиімді әдіс. Туа біткен катарактаның хирургиялық емінің көрсеткіші ретінде әуесқой әрекеттілігінде немесе тұрмыстық жағдайда қажет ететін көру өткірлігі болып табылады. Туа біткен катаракта кезінде көру өткірлігі 0,1-ден төмен болған жағдайда бала өмірінін алғашқы айларында хирургиялық жолмен емдеу керек. Егер көру жітілігі 0,1—0,3 болса, онда хирургиялық ем 2—5 жас аралығында жүргізіледі.

Катаракта экстракциясының екі тәсілі бар: экстракапсулалық және интракапсулалық.

  • Интракапсулалық түрінде мөлдір емес көз бұршақты капсулалық қабымен бірге алынады. Бұндай хирургиялық әрекет өте жарақатты және көптеген асқынуларға әкеледі (тор қабықтың ажырауы, екіншілікті глаукома, қасаң қабықтың дистрофиясы және т.б.). Қазіргі уақытта осындай операция цинн байламдары үзілген науқастарға ғана қолданылады.
  • Катарактаның экстракапсулалық экстракциясы кезінде көз бұршақтың ядросы мен қыртысты массалары алынып тасталады, капсуланың қабы мен байлам аппараты сақталынады. Жоғарыда аталып кеткен тәсілден гөрі операцияның бұл түрінде кездесетін асқынулар аз. Дегенмен, артқы капсула эпителийінің көбеюінен екіншілікті қабыршақты катаракта дамиды. Қазіргі уақытта осы әдістің ең жаңа модификациясы — факоэмулъсификация (көз бұршақ құрамын ультрадыбыстың көмегімен деструкциялайды), кейін бөлшектенген немесе майдаланған көз бұршақ массаларының аспирациясы мен итраокулярлық линзаны имплантациялау. Операцияның ерекшелігі — өзінен-өзі жабылатын кішкентай сызықтық тілік (2,8—3,2 мм) арқылы операция жасалынады.

Афакия және оны түзету

Афакия (арһакіа) — көз бұршақтың болмауы (мысалы, катарактаның экстракциясынан кейін). Афакияға келесі симптомокешен тән: жоғары дәрежелі гиперметропия, терең алдыңғы камера, иридоденез (көз алмасын козғалтқан кезде нұрлы қабық дірілдейді). Афакияны түзетудің тәсілдері:

  • Көзілдірік тағу, яғни 11—13 дптр-лық күші бар жинақтаушы линзаны қолданады. Бірақ, афкияны түзету мақсатында көзілдірікті тағуға мәжбүр болған адамдардың өмір сүру салты айтарлықтай өзгереді.

Сонымен қатар, монокулярлық афакия кезінде көзілдіріктік түзетуді қолдану мүмкін емес. Ол кезде альтернатива ретінде жанаспалы линзаларды тағайындайды.

  • Интраокулярлық тузету жасанды интраокулярлық линзаны имплантациялау дегенді білдіреді («жасанды көз бұршақ»), Интраокулярлық линза алдыңғы камераның ішіне, нұрлы қабық қа немесе артқы камераға орнатылады. Физиологиялық тұрғыдан ең дұрысы, жа- наспалы линзаны капсулалық қабықтың ішіне енгізген жөн. Полиметилметакрилаттан жасалатын қатты интраокулярлық линза- лар мен факоэмульсификация кезінде икемді (бүгілгіш, иілгіш) интраокулярлық линзалардың көптеген үлгілері қолданылады. Гидрофобты акрилдан жасалған линза артқы капсулаға «жабыстыры- лады», нәтижесінде артқы капсула эпителийінің пролиферациясын тежейді, екіншілікті катарактаның дамуына жол бермейді.

Артифакия — жасанды интраокулярлық линзаның имплантациясынан кейінгі көздің жағдайы.

Катаракталық хирургияның асқынулары

Асқынулардың көбісі емінде ескірген әдістерді қолданумен байланысты. Иридокөз бұршақтық диафрагма бүтіндігінің бұзылуы әсіресе, интракапсулалық экстракциядан кейін көп кездеседі. Осы кезде шыны тәрізді дене алдыға қарай жылжып, оның алдыңғы камераға түсіп қалуына және қарашықтың қысылуына әкеледі. Қарашықтық блок және алдыңғы камера бұрышының витреалдық құрылыммен бітелуі афакиялық глаукоманың дамуына себеп болады. Шыны тәрізді дененің талшыктары қасаң қабықтың ішкі эпителий жасушаларымен жанасуынан қасаң қабықтың эпителийлерінің түсіп қалуына және оның дистрофиясына әкеледі. Афакиялық көзде шыны тәрізді дененің алдыға қарай ығысуынан көз алманың артқы полюсінде қысым төмендейді, нәтижесінде тор қабықтың ажырау қаупі жоғарылайды. Афакияның асқынуы ретінде кейде макулодистрофия дамиды. Көз бұршақ эпителийінің қалдық жасушалары артқы капсуланың орталық бөлімінде айналып жүреді, нәтижесінде толық емес көз бұршақ талшықтары түзіледі. Кейін бұл үдеріс капсула фиброзының дамуына, көру өткірлігін төмендететін және жарықты дұрыс емес сындыратын Элыпинг шарларының пайда болуына әкеледі. Элыпинг шарлары сияқты түзілістердің болуы жас пациенттерге тән болса, қарт адамдарда үлкен дәрежеде фиброз дамиды. Жоғарыда айтылған арткы капсуланың өзгерістері екіншілікті катаракта деп аталып кеткен (12.7-сурет).

Катаракта экстракциясынан кейін касаң қабық ка салынған тігістің керілуі мен операциядан кейінгі жараның тыртықтану үдерісіне байланысты касан қабық тың пішіні бұрмаланып, астигматизм пайда болады. Со- нымен катар көз алма беріктігінің төмендеуінің де кері әсері бар. Опе- рациядан кейінгі алшақ кезеңдерде жаракат факторынын әсерінен операциядан кейінгі тыртык бойымен касаң қабықтың жыртылу жағдайлары белгілі.

Факоэмульсификацияның барлык ережелерін сактай отырып жаса- са, онда жоғарыда айтылған кемістіктер болмайды. Өздігінен бітелетін тілік көз алманың беріктігіне байланыссыз және 2—3 аптада жабы- лады. Линзаның барынша физиологиялық жағдайда орналасуы мен индукциялық астигматизмнің болмауы жоғары көру функциясын және нұрлы қабықтың диафрагмалық функциясын сақтайды. Қазіргі заман- да линзалардың жасалатын материалдары тор қабықты ультракүлгін сәулелерден қорғайды, кейбір түрлері көрінетін спектрдің қыска толқынды сәулелерінен корғайды. Сонымен катар екіншілікті катаракта даму каупін азайтады (линзаның артқы капсуласына адгезиясы салдарынан).

Катарактаны алып тастаудың барлык әдістерінде операциядан кейінгі аутоиммунды увеит дамуы мүмкін. Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша, операциядан кейінгі увеит 5—20% жағдайында кездеседі. Қабыну үдерісінің айкындылыгы әр түрлі болады: алдыңғы камераның жеңіл опалесценциясынан бастап панувеитке дейінгі көріністер. Айтып кету кажет, катарактаны алып тастаудың казіргі заманғы әдістерінен кейін кездесетін увеиттердін саны аз.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көз шарасының топографиялық анатомиясы
  2. Көздегі ақ қабықтың қабынуы
  3. Жақыннан көргіштік. Миопия
  4. Көру бұзылысын түзету жолдары
  5. Нашар көру және соқырлық себептері

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!