Шыны тәрізді дене аурулары

Көздегі шыны тәрізді дене

Шыны тәрізді дененің аурулары биомикроскопия, офтальмоскопия және ультрадыбыстық зерттеулер аркылы анықталатын, шыны тәрізді дененің мөлдірлігінін уақытша немесе тұрақты түрде бұзылуымен жүреді.

Шыны тәрізді дененің деструкциясы

Шыны тәрізді дененің деструкциясы кезінде бұлыңғырланудың бірнеше түрлері кездеседі.

  • Жіпшелі деструкция жоғары дәрежелі аскынған сығырлығы бар адамдарда кездеседі. Шыны тәрізді денеде сұр түсті, жіптерге ұқсас бұлыңғырлану анықталады.
  • Түйіршіктік деструкция тамырлы қабаттың қабыну үдерістерінде, тор кабықтың ажырауы, көз жарақаты, көз ішілік ісіктер болған жағдайда кездеседі. Қараған кезде шыны тәрізді денеде сұр-коңыр түсті түйіршікке ұқсас бұлыңғырлану көрінеді.

«Алтын» немесе «күміс» жаңбыр симптомы — шыны тәрізді денеде холестериннің кристалдық кірінділер (холестерин алмасуының бұзьшысы бар адамдарда) немесе кальций мен магний тұздары (қант диабеті кезінде) түзіледі.

торлы қабық
«Алтын жаңбыр» симп- томының биомикроскопиялық көрінісі

Айқын деструкция көру өткірлігінің төмендеуіне әкеледі. Шыны тәрізді дененің деструкциясының емі организмдегі алмасу үдерістерін қалпына келтіруге бағытталған. Метаболизмдік үдерістерді жақсартатын препараттарды жергілікті түрде қолданады (1% эмоксипин ерітіндісін субконъюнктивалыққ инъекция түрінде енгізеді, 4% таурин ерітіндісін көзге тамызады).

Шыны тәрізді дененің қабыну үдерістері

Шыны тәрізді дененің қабынуы (эндофтальмит) ауыр түрде өтетін увеиттердің, қасаң қабықтың іріңді жарасының, тесіп өтетін жарақаттың немесе қуыс ішілік операцияның нәтижесінде шыны тәрізді денеге үдерістің жайылуынан дамиды. Тамырлы қабаттың қабыну симптомдарынан басқа өтпелі жарықтандырумен зерттегенде шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы мен көз түбінен сары-сұр немесе сары-жасыл түсті рефлекс көрінеді. Көз алманың гипотониясы да болуы мүмкін. Эндофтальмиттің нәтижесінде шыны тәрізді денеде ірі бұлыңғырланулар пайда болып, тор қабықтың тракциялық ажырауына әкелетін тыртықтар түзіледі. Сонымен қатар, көз алма субатрофиясының дамуы сирек емес.

Емінің қағидалары увеиттерді емдегенге ұқсас. Ауыр қабыну үдерісі кезінде дәрілік препараттарды тікелей шыны тәрізді денеге енгізеді. Тыртықтар түзілген кезде тор қабықтың ажырауын алдын алу үшін витреоретиналдық операциялар жасайды.

Гемофтальм (шыны тәрізді денеге қан қуйылу)

Гипертониялық ауруы бар, қант диабетімен ауыратын науқастарда, жарақаттан немесе іш қуысына жасалатын операциялардан кейін дамиды. Гемофтальм кезінде көру өткірлігі жарық сезгіштікке дейін бірден (толық гемофтальм кезінде) және ауырсыну сезімінсіз төмендейді. Бүйірлік жарықтандыру мен биомикроскопия әдістері арқылы көз алмасын қозғалтқанда шыны тәрізді денеде қызғылт реңі бар аморфты немесе дұрыс емес пішінді гомогенді массалардың жүзіп жүргенін көреміз (толық емес гемофтальм). Өтпелі жарықтандыру көмегімен көз түбінен көрінетін рефлекстің бірден әлсіз болуы немесе мүлдем жоғалғаны байқалады. Гемофтальм кезінде тор кабықтың ажырауының бар-жоқтығын анықтау үшін міндетті түрде ультрадыбыстық зерттеу жүргізеді.

Гемофтальм
Толық емес гемофтальм бимикроскопиялық көрінісі

Емі: жаңа гемофтальм кезінде көзге бинокулярлық таңғыш салып, 2—3 сағаттай көз аумағына суықтық кояды, төсектік режим тағайындай- ды. Алғашқы 3 күн бойы гемоста- тикалық препараттарды колданады, кейін — фибринолитикалык дәрі- лерді. Фармакотерапия тиімсіз бол- ған жағдайда алғашқы 7—10 күндер аралығында витроэктомия жасайды.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Шыны тәрізді дене
  2. Көру бұзылысын түзету жолдары
  3. Көздің көру қызметі
  4. Көз анатомиясы, физиологиясы және құрылымы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!