Тітіркенген ішек синдромы
Тітіркенген ішек синдромы – полиэтиологиялық ауру, тоқ ішектің моторикасының, сіңірілуінің, шығарылуының әртүрлі формадағы функциональды бұзылыстармен көрінеді.
Этиологиясы:
Тітіркенген ішек синдромының анық себебі белгісіз.
- Нерв немесе ас қорыту бұлшықеттерінің жоғары белсендігі
- Ас қорыту жолындағы инфекция немесе бактерия
- Антибиотик қабылдау
- Психикалық стресс
Симптомдары
Ауырсыну және дискомфорт. Іштің әртүрлі бөліктерінде кездесетін ауырсыну, кейде нәжістен соң ауырсыну азаяды.
Нәжістің өзгерістері. Кейбір науқастарда диарея байқалса, басқаларында қатты іш қату байқалады. Кейде кезектесіп кездеседі. Кейде нәжіс шырышпен араласады.
Императивты шақырулар. Кейбір науқастарда таңғы уақыттағы жиі императивті шақырулар байқалады.
Басқа симптомдары. Оған жүрек айну, бұлшықеттегі ауырсыну, кекіру, бас ауру, шаршағыштық, тәбеттің нашарлауы, бел тұсындағы ауырсыну, тамақтан кейінгі тез тою сезімі, тітіркенген қуық синдромы. Кей жағдайда жиі газ шығару байқалады.
Тітіркенген ішек синдромының 3 негізгі түрін ажыратады:
- Іш қатуының басымдылығымен жүретін
- Іш өтуінің басымдылығымен жүретін
- Ауырсынудың басымдылығымен жүретін
Диагностикасы:
Тітіркенген ішек синдромы диагнозы қосымша зерттеулер барысында ішектің басқа ауруларын жоққа шығарғаннан кейін, осы ауруға тән көріністердің нәтижесінде қойылады.
Қазіргі уақытта ересектердегі тітіркенген ішек синдромы диагностикасында “Рим критериі – ІІ” 2000 ж қолданылады. Ол бойынша кем дегенде 12 апта бойы іш аймағындағы дискомфорт, ауру сезімі, мына төмендегі 3 жағдайдың екеуінің болуымен сипатталады:
- Ішекті босатқаннан кейін азаятын ауырсыну сезімі
- Басталуы нәжістің жиілігінің өзгеруімен байланысты
- Басталуы нәжістің формасының өзгеруімен байланысты
Емі:
Ем комплексті болу керек.
Тағаммен ем: Іш қату кезінде – бидай өнімдерінің қалдықтары қосылған диета тағайындалады. Іш өту кезінде клечаткаға бай тағамдарды шектеу керек. Тағам құрамында кофеин, лактоза, фруктоза, бұрыш, алкоголь, сүт қышқылды өнімдер болмауы керек.
Антибактериалды препараттар
Антибактериалды емге көрсеткіштер:
- іш өту
- іш аймағындағы ауырсыну
- метеоризм
Антибактериалды препараттарды 7-10-14 күндік курспен қабылдайды: трихопол, фуразолидон, эрсефур
Пробиотиктер: бифидум, лактобактерин, бифиформа, хилакфорте;
Іш өту кезінде: имодиум, алдосетрон
Іш қату кезінде: церукал, мотилиум
Ауырсыну басым болғанда: дицетал, дюспаталин
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Балалардағы асқазан ішек жолынан қан кету
- Туа пайда болған ішек өтімсіздігі
- Тоқ ішек дивертикулы
- Ішектің қалыпты қызметі үшін қажет 10 ереже
- Асқазан ішек жолдары ауруларын сұрап, тексеру
- Ішектің жабысқақ ауруы
- Асқазан ішек жолдарынан қан кету
- Тоқ ішек пен жіңішке ішек айырмашылығы