Өкпенің кәсіби аурулары

Өкпенің профессионалды аурулары

Жаңа жіктелу бойынша пневмокониоздар үш басты топқа жіктеледі:

  1. Жоғары немесе салыстырмалы жоғары фиброгенді шаңнан түзілетін пневмокониоздар (құрамында бос диоксид кремний 10 %) — силикоз, антракосиликоз, силикосидероз, силикосиликатоз. Бұл пневмокониоз құм өңдеуші, жер өңдеушілер, керамикалық заттар өндірісі бойынша жұмысшыларда кездеседі. Олар фиброзды процесстің және туберкулезды инфекцияның үдеуіне бейім болады.
  2. Әлсіз фиброгенді шаң әсерінен түзілетін пневмокониоздар (бос диоксид кремний 10 % немесе мүлде жоқ) — силикатоздар (асбестоз, талькоз, каолиноз, оливиноз, нефелиноз, цемент шаңы әсерінен пневмокониоз), карбокониоз (антракоз, графитоз, қабырға тегістеуші пневмокониозы, металлокониоз немесе от рентгеноконтрастты шаң әсерінен болатын пневмокониоз (электрлік сварка немесе темір заттарды, газды кесу кезіндегі аэрозольдан сидероз, баритоз, станиоз, манганокониоз). Олар салыстырмалы айқын пневмофиброз арқылы көрініс береді, болжамы оң және баяу үдейтін ағымға ие және бейспецификалық инфекциямен асқынады.
  3. Токсико­аллергиялық әсерлі аэрозольдан болатын пневмокониоз (металл аллергенді шаң, пластмасс компоненты және басқа полимерлы материалдар, органикалық шаң) — бериллиоз, алюминоз, «фермер өкпесі» және басқа гиперсезімтал пневмонит. Аурудың бастапқы сатысында созылмалы бронхиолит және үдемелі ағымдағы фиброзбен аяқталатын альвеолит көрінісімен жүреді. Бұл топтағы пневмокониозға шаң концентрациясы әсер етпейді. Ауру аздаған, бірақ ұзақ уақыттық және тұрақты түрде аллергенмен контакт кезінде дамиды.

Халықаралық еңбек ұжымы (ILO)  2000 ж. пневмокониоздың бұрынғы жіктелуін қарастырып жаңа рентгенологиялық көріністер бойынша жіктелу ұсынды.

Өкпе тінінің минералды шаңға реакциясының үш топ факторы бар:

  1. шаң концентрациясы және контакт ұзақтығы  (жұмыс істеу жылы);
  2. шаңға индивидуалды сезімталдық
  3. шаң мінездемесі, бөлшектердің геометриялық өлшемдері және аэродинамиялық қассиеттері. 0,5-5 нм өлшемдегі шаң бөлшектері респираторлы тракттың терең бөліктеріне еніп, онда жиналуға бейім.

Пневмокониоз жиі жер асты жұмыстарын жасайтындарда кездеседі. Өндірістің басқа түрлерінде пневмокониозбен металл өндірушілер, асбест өңдеуші зауыт жұмысшылары, фарфор, шыны, абразивты және басқа зауыт жұмысшылары ауырады.  Силикоз — пневмокониоздардың ішінде ең жиі таралған түрі, кварц өнімдерімен демалу кезінде түзіледі.

Патогенез. Пневмокониоздардың иммунологиялық теориясы бойынша силикоз кварцты бөлшектердің макрофаг арқылы  фагоцитозы әсерінен пайда болады. Макрофаг өлімінің жылдамдығы шаңның фиброгенді агрессивтілігіне пропорционалды болады. Макрофаг өлімі — силикотикалық түйін түзілуінің бірінші және міндетті шарты. Протеолитикалық  энзимдер, олар металлопротеиназа және эластаза зақымдалған макрофагтардан бөлінеді де өкпе тінінің зақымдалуына әкеледі.

Қабыну фазасы  репаративты процесспен жүреді, ол кезде өсу факторлары мезенхимальды жасуша өндірілуі мен пролиферациясын белсендіреді және жаңа тамырлар мен зақымдалған тіндерде эпителий түзілуіне әкеледі. Бақылауға көнбейтін механизмдер неоваскуляризация және эпителизация арқылы фиброз дамуына әкеледі. Фиброгенды бөліктер өздігінен қабынуға қарсы цитокиндерді белсендіреді.  Некроз факторы мен (ФНО­a)  интерлейкин1 силикоз дамуында маңызды қызмет атқарады. Силикоздың HLA жүйесімен байланысы анықталған.

Загрузка...

Клиникалық көрінісі. Силикозбен ауыратын науқастардың шағымы бейспефикалық және аз болады: жөтел, қақырық және физикалық жүктеме кезіндегі ентігу. Ірі фиброзды түйіндер түзілген кезде және плевра тұсынан өзгерістер кезінде кеуде тұсынан ауырсыну, жауырын тұсынан сұғу сезімі болады. Перкуторлы дыбыс қысқарады, ал эмфизема түзілген кезде қораптық дыбыс естіледі. Аускультацияда қатаң тыныс естіледі, эмфизема үдеген кезде сырыл түзіледі.

Диагностика. Басты диагностика әдісі өкпе рентгенографиясы жасалады. Рентгенологиялық жіктелу бойынша жіктелу:

А. кіші және үлкен қараю:

  1. аздаған қараю форма, өлшем, профузия және таралу зонасы

а) домалақ (түйінді):

  • — p — 1,5 мм,
  • — q — 1,5–3 мм,
  • — r — до 10 мм;

б) сызықты қараю:

  • — s — жіңішке сызықты 1,5 мм дейін,
  • — t — орташа сызықты —  3 мм дейін,
  • — u — дақты, дұрыс емес — 10 мм дейін.

Аздаған қараю домалақ формалы, анық контурлы, орташа интенсивты, мономорфты, жоғары және ортаңғы өкпе бөліктерінде диффузды орналасады.

Аздаған сызықты қараю дұрыс емес формалы, перибронхиалды, периваскулярлы және фиброзбен көрініс беретін және торлы формалы, өкпенің ортаңғы және төменгі қабаттарында орналасады.

Ағымы бойынша баяу прогрессирлеуші, кеш және регрессирлеуші пневмокониоз болады. Баяу ағымды силикоз кезінде бір сатыдан екінші сатыға өтуі бірнеше жылға дейін созылады, ал кейде фиброзды процесс үдеуі мүлде байқалмайды. Түйінді формалы силикоз зиянды жерде жұмыс жасаудан соң пайда болады және тез үдемелі түрде дамиды.

Аздаған концентрациялы кварц құрамды шаңнан кеш силикоз дамиды. Бұл аурудың ерекше формасы, 10 – 20 жылдан соң пайда болады. Зиянды өндірісте жұмыс жасау уақыты 4-5 жыл.

Силикоз асқынулары созылмалы бронхит, тыныс жеткіліксіздігі, өкпе эмфиземасы, туберкулез, өкпе рагы, ревматоидты артрит, склеродермия. Силикоз буындық синдроммен асқынған кезде — силикоартрит дамиды. Алғаш рет 1953 ж. Каплан силикоз бен буын зақымдалуына мән берген. Ревматоидты артрит бар силикозды  Колине — Каплан синдромы деп атайды. Силикоз склеродермиямен қатар жүрсе ауруды Эразмуса ауруы деп атайды.

Асбестоз. Пневмокониоздардың ішіндегі ең ауыр және қауіпті түрі асбестоз болып табылады, ол асбест шаңын жұтудан пайда болады. Өндірісте қолданылатын алты түрлі асбест бар: хризотил, кроцидолит, амозит, антофиллит, тремолит, актинолит. Ақырғы бес формасы амфибол асбестына жатады, ол хризотилдан жоғары токсикалығымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде ол жылына 5 млн т қолданылады. Хризотил асбесттың әлемдік өндірісінің  95 % құрайды. Асбесттан жасалатын басты заттар: труба арматурасы, қабырға мен еденге панель, гофрирленген және формалы беттер, асбестты қағаз.

Халықаралық стандарт бойынша асбесттың қолданылуға болатын концентрациясы бір куб сантиметр ауаға, бір фибро талшық. Асбест талшықтары фиброз, өкпе және плевра қатерлі ісігін шақырады.

Металлокониоз. Металл шаңын жұтынудан болатын пневмокониоз: бериллий (бериллиоз), темір (сидероз), алюминий (алюминоз), барий (баритоз). Ең жиі тараған түрі сидероз болып табылады, ол таулы мекен жұмысшыларында темір өндіру және өңдеу кезінде, газо және электр еріткіш жұмысшыларында кездеседі. Ауру манифестациясы  рентгенограммада өкпенің барлық аймақтарында ұсақ дақты жоғары тығыздықты көлеңкенің болуы. Темір шаңымен контактты жұмысты тоқтатқан соң, барлық рентгенологиялық өзгерістер жоғалады.  (регрессирлеуші пневмокониоз)

Бериллиоз берилидің қиын еритін қосылыстарымен дем алу кезінде дамиды. Клиникалық көрінісі мен гистологиялық құрылымы бойынша саркоидозға ұқсас болады. Бериллий заманауи индустрияда әртүрлі технология кезінде қолданылады: ұшақ жасау кезінде және космонавтика, электроника, компьютер және коммуникациялық технология кезінде қолданылады. Бериллидің жоғары концентрациялы буымен дем алу  токсикалық пневмонит тудырады.

Өкпенің кәсіби аурулары

Карбокониоз көмірсутек құрамды шаңмен ұзақ әсерлесу кезінде пайда болады (көмір, графит). Оған тән салыстырмалы көріністегі ұсақ ошақты және интерстициалды өкпе фиброзы болып табылады. Бұл топтың кең тараған ауруларының бірі антракоз, ол дисперсты көмір шаңымен дем алу әсерінен пайда болады.

Антракоз (антракосиликоз) таралуы шахтерлар арасында 12 % құрайды, 20 жылдан артық жұмыс жасағандардың жартысынан көбі ауырады. Ерекше морфологиялық ерекшелігі интерстициалды тінде, өкпе тамырларында немесе периваскулярлы қара дақ ретінде көмір шаңының шөгуі.

Созылмалы шаңды бронхит.

Шаңды бронхит салыстырмалы агрессивты аралас шаңды жұтынудан пайда болады. Созылмалы бронхит диагнозы клиникалық көріністеріне байланысты жөтел, қақырық бөліну 3 ай бойы, 2 жыл аумағында байқалса қойылады.

Потенциалды зиянды жұмыстар: литий өндірісі, тау  — кен өндірісі, машина жасау, құрылыс өндірісі, ауыл – шаруашылық. Потенциалды зиянды мамандықтар:  шахтер, көмір өндірушілер, металлург, цемент өндірушілері.

Профессионалды бронхит жіктелуі:

  1. өндірістік аэрозольдың әсер ету этиологиясы мен мінездемесіне байланысты:
  • токсикалық  және тітіркендіргіш әсері жоқ инертты шаң әсерінен болатын  профессионалды шаңды бронхит
  • токсикалық, тітіркендіргіш және аллергиялық шаң  әсерінен болатын  профессионалды токсико­- шаңды бронхит.
  1. Патоморфологиялық және эндоскопиялық көріністері бойынша:
  • катаралды
  • катаралды — ­атрофиялық;
  •  катаралды — склерозирлеуші
  1. Клинико­функционалды деректері бойынша:
  • обструктивты емес бронхит
  • обструктивты бронхит
  • астматикалық бронхит
  • эмфизематозды бронхит, трахеобронхиалды дискинезиямен бірге

Созылмалы шаңды бронхит дамуында келесі фазаларды бөліп қарауға болады.

Бастапқы фаза (агрессия фазасы) шаңның әсері трахеобронхиальды ағаштың шырышты қабатына жауапты реакция береді: беткей эпителий арқылы шырыш секрециясы жоғарылайды. Егер зақымдаушы әсер қысқа уақыттық болса, гиперсекреция қайтымды болады. Егер шаң әсері ұзақ уақыттық болса, трахеобронхиалды ағаштың шырышты қабатының жасушаларының функциясы қайтымсыз болады. Созылмалы шаңды бронхиттың бастапқы фазасында мукоцилиарлы аппарат бұзылысы байқалады. Бұл кезең клиникалық тұрғыдан тітіркену әсерінен эндобронхит немесе бронхы катары деп аталады.

Созылмалы шаңды бронхиттың келесі сатысы ашылған қабыну сатысы. Ол инфекция қосылумен жүреді және экссудация мен  инфильтрация арқылы көрініс береді.

Аяқтаушы саты қабыну фазасы, бұл кезде ұсақ бронхтардың облитерациясымен склерозы дамиды.

Созылмалы шаңды бронхит — біріншілік созылмалы бронхиттың бір формасы. Ол аурудың клиникалық ерекшелігін көрсетеді: баяу, баяулау сатыдан тұрады. Шаңды бронхит ерекшелігі ауру клиникасы шаң сипаттамасына байланысты болады. Кейбір өндірістік шаң түрлері аллергиялық әсер көрсетеді де ерте бронхиалды өткізгіштікті бұзады. Қабыну әрекеті обструкцияның үдеуіне, өкпе эмфиземасы туындауына, тыныс жеткіліксіздігіне, созылмалы өкпетекті жүрек дамуына әкеледі. Үдеу сатысында лабораторлы көрсеткіштерде өзгерістер байқалады  (нейтрофилды лейкоцитоз, салыстырмалы ЭТЖ жоғарылауы).

Пневмокониоздардың дифференциалды диагностикасы.

  • ревматоидты артрит
  • Вегенер гранулематозы
  • өкпенің васкулиты

пневмокониоз қазақша

Емі.

  • Шаңмен контактты аластату
  • Бронходилататорлар
  • Муколитиктер (мукорегулятор, мукокинетик)
  • Оттегі терапиясы
  • Тыныс гимнастикасы
  • Витаминотерапия

Жүйелі оксигенотерапияға көрсеткіштер: 

  • РаО2 қанда 60 мм.сын.бағ дейін төмендеуі
  • SaO2 < 85 % (6 минуттық жүріс сынамасы)

Алдын алу

  • Еңбек жағдайын жақсарту
  • Тыныс мүшелеріне индивидуалды қорғанышты күшейту
  • Медициналық қаралу

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өкпеге жасанды тыныс алдыру
  2. Балалардағы өкпенің даму ақаулары
  3. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ХОБЛ)
  4. Өкпе аускультациясы
  5. Өкпе перкуссиясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия
  6. Өкпеден қан кету кезіндегі жедел жәрдем
  7. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 3 часа

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 966Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (6 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: