Энтеросорбция
Энтеросорбция — асқазан – ішек жолынан емдік немесе профилактикалық мақсатпен эндогенді және экзогенді заттарды байланыстырып шығаруға негізделген эфферентты терапия. Денсаулықты үнемі қалыпта ұстау, әр түрлі аурулардан сауығудың бір шарты организмде жиналған зиянды заттар мен балласты заттарды дер кезінде шығару болып табылады. Көптеген аурулардың өршу кезеңінде эндогенді интоксикация немесе эндотоксикоз деп аталатын жағдай туындайды. Өмір бойында адам эндогенді интоксикацияны – грипп немесе кәдімгі тұмауда, тағам қорытылу бұзылыстарында, жоғары температурада және де басқа көптеген жағдайларда кездестіреді. Энтеросорбенттер – АІТ-да сорбция, ион алмасу және комплекс құру жолы арқылы заттардың байланысуын жүзеге асыратын әр түрлі құрылымды емдік препараттар.
Эндогенді интоксикацияның түрлері:
- Ретенционды- метаболизмнің соңғы заттарының организмнен шығуының тежелуі.
- Алмасулы- метаболизмнің кезеңді заттарын организмде жиналуы
- Резобционды- тіндік ыдырау заттарының пайда болуы және сіңірілуі
- Инфекционды-ыдыраған заттар мен микроб токсиндерінің сіңірілуі
(В.В.Рыбачков және Э.В.Малафеева, 1986ж)
Эндогенді токсиндердің түрлері өте көп. Оларға биогенді аминдер, регуляторлы пептидтер, калликреин-кининді каскад қосылыстары, коагуляция мен фибринолиздің соңғы заттары, тотықты процестер, комплемент жүйесінің компоненттері, лизосомальді энзимдер, орташа молекулярлы массалы заттар тобы, бактериалды токсиндер және алмасудың басқа заттары жатады.
Сорбенттер әр түрлі құрылымды және көптеген белгілер бойынша ажыратылады.
- Дәрілік түрі және физикалық қасиетіне қарай: гранула, порошок, дәрі, паста, гель, қопа (взвесь), коллоид, инкапсуланған материалдар, тағамдық қоспалар.
- Химиялық құрылымына қарай: белсендірілген көмір, силикагельдер, цеолиттер, алюмогельдер, қышқылды және басқа органикалық емес сорбенттер, талшықтар.
- Механизмі бойынша: адсорбенттер, абсорбенттер, ионды алмасулы материалдар.
- Селективтілігі бойынша: селективті, селективті емес, би және полифункционды.
Энтеросорбенттерді дәрілік түрі бойынша ажырату медициналық практикада маңыздылығы зор, өйткені препараттарды қолдану қолайлылығы және нақты бір ауру кезінде емдеу үшін сорбентті таңдау мүмкіншілігі жоғары.
Барлық жаңа сорбенттер келесі талаптарға сай болуы тиіс.
- Токсикалық қасиеті болмау керек
- Шырышты қабаттарға травматикалық емес әсер етуі
- Ішектен жақсы эвакуациялануы
- Жақсы функционды (сорбентті) қасиеті бар
- Дисбактериоз тудырмайтын болуы қажет
- Ынғайлы дәрілік түрге ие болуы
Энтеросорбцияны жүргізу механизмі
Энтеросорбцияның емдік механизмнің әсері сорбент түріне және сорбаттар құрылымы (токсиндер мен ксенобиотиктер), организмге удың түсу жолдары, токсикалық дәрежесі, қан мен энтеральді орта алмасу жағдайына тәуелді. Улы заттарға токсикалық заттар жатады. Токсиндер – құрылымы және табиғаты бойынша органикалық емес және органикалық біркелкі емес бактерия, өсімдік және жануар тектес заттар болып табылады. Эндогенді өнімдер қан, тін және энтеральді орта арасында танымал жол (массообмен) салмақ алмасу бойынша таралады. Энтеросорбцияның тура және қосалқы әсері бар.
Энтеросорбцияның тура және қосалқы емдік әсері:
Тура әсері | Қосалқы әсері |
Per os арқылы түсетін улар мен ксенобиотиктердің сорбциясы | Токсико-аллергиялық реакциянын алдын-алу немесе әлсірету |
Ұйқы безі, бауыр, шырышты қабаттар арқылы химусқа бөлінетін удың сорбциясы | Экзотокискоздың соматогенді деңгейінің алдын-алуы |
Секреция және гидролиз эндогенді заттарының сорбциясы | Секреция және детоксикационды метаболикалық жүктеменің азаюы |
Биогенді белсенді заттардың сорбциясы- нейропептидтер, простогландиндер, серотонин, гистамин және т.б. | Алмасу процестері және иммунды статустың коррекциясы гуморальді ортаның жақсаруы, ББЗ-дың дисбалансын болдырмау. |
Патогенді бактерия және бактериалды токсиндерді сорбциясы | Шырышты қабаттардың бүтіндігі мен өткізгіштігінің қалпына келтіруі |
Газдардың байланысуы | Метеоризмді болдыртпау, ішектің қан айналымын жақсарту |
Асқазан ішек трактының рецепторлы аймақтарының тітіркенуі | Ішек маторикасын жақсарту |
Сорбентпен зат алмасуда сілекей, асқазан сөлі, өт, панкреатикалық сөл, ащы және мықын ішектерінің сөлі, қатысады да тәулік бойы 1л, 2л, 0,5л, сәйкес бөлінеді. Сорбенттердің біркелкі таралуы асқазанда секреттің сұйық фазасында басталады, онымен препарат он екі елі ішекке тарайды. Асқазанның қышқыл ортасындағы сорбция кезеңі мүмкін маңыздылығы жоғары болып табылады, өйткені сорбент қанықпаған және де токсикалық заттардың байланысуына максималды түрде қабілетті.
Энтеросорбенттерді тәулігіне 3-4 рет таңертеңгі асқа дейін, ас қабылдаудың арасында, жатар алдында тағайындалады. Тәуліктік дозасы дене массасына 0,3-1г құрайды. Сорбенттерді ұзақ уақыт қабылдауда терапияның үш кезеңің ажыратады – бастапқы, негізгі, соңғы. Басында дозаның 1/3-1/4 бөлігін 1-2 күн қабылдайды, кейін доза көбейеді және ішектің құрамының эвакуация қабілеті бақыланып отырады. Ас қабылдау кезінде нәжіс күнделікті болуы керек, ал іш қату болса тәуліктік мөлшері максималды дәрежеге жеткізбеу керек. Бастапқы кезең 2-3 құрайды, бұл уақыт ішінде организм ортаның жаңа сапалы жағдайына үйренеді. Негізгі кезең 7-ден 14 күнді құрайды.
Ол аурудың ауырлығына байланысты, яғни ұзақ уақытты және созылмалы аурулар кезінде. Соңғы кезеңінде 2-3 күн ішінде сорбенттің мөлшерін ақырындап азайтады, ол организм реадаптациясы үшін қажет. Емдеу арасындағы үзіліс 1-2 аптаны құрайды, ол уақытта ішек биоценозы қалыптасады, керекті препараттар сіңіріледі.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Ішек тітіркену синдромы
- Асқорыту жүйесінің аурулары. Себептері. Емі.
- Асқорыту жолының сәулелі диагностикасы
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Гемодиализ