Балалардағы май алмасу ерекшелігі
Май ағаза үшін маңызды компоненттердің бірі болып келеді. Ол ағзада трофикалық, қорғаныштық, энергетикалық және құрыстық қасиет атқарады. Майлар ыдырағанда ең көп энергия бөлуші екенін біз білеміз.
Сонымен қатар майлар келесідей негізгі қызметін бөліп кетуге болады:
- энергетикалық алмасуға қатысады;
- жүйке тіндеріндегі құрылымдық компоненті болып табылады;
- бүйрекүсті безінің гормондарын синтзеіне қатысады;
- ағзаны шектен тыс жылу жолғалтына кедергі болады;
- Майға еритін дәрумендерді тасымалдауға қатысады.
Ағзадағы майлар алмасуына нейрталды майлар, фосфаттар, гликолипидтер, холестерин және стериодтар алмасуы жатады.
Ерекше орында липидтер тұр. Олар жасуша құрамына еніп, дене салмағының 2-5 2–5 % пайызын құрайды. Бұдан қарағанда азырақ қызметке ие тері асты қабатында орналасқан май, сары кемік сүйек майы, құрсақ қуысындағы майлар да бар. Майлар ағзадағы пластикалық қызметті атқарушылардың бірі, бұған дәлел ағзаның белсенді өсуі кезіндегі оның активті түрде жианала бастауы. Май жиналудың ең аз уақыты 6-9 жас аралығы, кейін жыныстық жетілу басталғанда майлардың қоры қайта көбейе бастайды.
Майлардың синтезі тек ұрық ағзасында жүреді. Майлардың синтезі жасуша цитоплазмасына жүреді. Майлардың синтезі үшін гидрогенизирленген никотинамид ферменттері қажет, оның басты көзі болып көмірсулардың пентозды ыдырау циклы. Яғни бұдан шығатын ұйғарым, май қышқылдарының синтез жылдамдығы көмірсулардың пентозды ыдырау циклына тікелей байланысты.
Бала ағзасында май жиналуға оның қоректендіруі маңызды роль атқарады. Омырау сүтімен қоректендіргенде балада май көлемі аз, ал жасанды тамақтандыруда май деңгейі жоғары болатыны байқалған. Омырау сүті бала алғашқы айында ағзада холестериннің транзиторлы жоғарылауына алып келеді. Бұл өз алдына липопротеинлипаза түзілуіне стимул болады. Ерте жастан бастап баланы артық тамақтандыру ондағы май клеткаларының артық түзілуіне себеп болып, кейіннен семіздікке бейімділік пайда болады.
Ересектер мен балалардағы май құрамының ерекшеліктері
Жаңа туған нәрестелердегі майда олеин қышқылы аз, ал пальмитин қышқылы көп мөлшерде болумен сипатталады. Бұл балалардағы майдың еру нүктесінің жоғары болуына септігін тигізеді.
Бала дүниеге келгенде бірден энергияға қажеттілігі пайда болады, сонымен қатар бір уақытта ана ағазасынан қоректік заттардың келуі тоқтайды. Осыған орай ағзадағы май қоры пайдаланылуы басталады. Бала қанында эстерифицирленген май қышқылдарының жоғарылауымен қатар глюкоза деңгейі төмендеуі байқалады.
Эстерифицирленген май қышқылдарының жоғарылауымен қатар жаңа туған нәрестенің алғашқы 12-24 сағат аралығында қанында кетон денелері концентрациясы көтерілумен сипатталады. Эстерифицирленген май қышқылы, глицерин, кетон денелерінің концентрациясы тамақ қабылдауына байланысты өзгеріп отырады. Бірақ жаңа туған нәресте өзінің энергетикалық қажеттіліктерін негізінен көмірсулар арқылы толтырып отырады, май тек көмекші қызметін атқарады.
Бала күн сайын алған омырау сүтінің көлемі жоғарылаған сайын, оған қоса сүт калориялығы 40 ккал/кг дейін жоғарылағанша, ағзадағы эстерифицирленген май қышқылының деңгейін азая береді. Жаңа туған нәрестеде липидтер, холестерин, фосфолипидтер, липопротеидтер деңгейі төмен болады, бірақ 1-2 аптадан кейін олардың деңгейі күрт өсе бастайды. Бұл баланың қабылдайтын қоректік заттарының өсуімен байланысты. Тағам арқылы қабылданған майлар ыдарау және резорбцияға асқазан ішек жолындағы липолитикалық ферменттер және өт қышқылымен жіңішке ішекте қорытыла бастайды. Майлардың қанда ерімейтініне байланысты, олардың транспорты липопротеиндер ретінде жүреді.
Хиломикронардың липопротеинге ауысуы липопротеинлипазы әсерінен жүреді. Оның кофакторы болып гепарин табылады. Липопротеинлипаза әсерінен бос май қышқылдарының триглицеридтерден бөлінуі жүріп, нәтижесінде альбуминмен оңай байланысатын түзіліс пайда болып, жеңіл сіңіріледі.
Балаларда липидтер алмасуы метаболизімнің әртүрлі сатыларында жүреді:
Шелдона синдромы панкреатикалық липаза жоқ болғанда дамиды. Клиникалық жағынан целиакия тәрізді синдроммен, айқын стеаторея, дене массасының баяу жоғарылауымен байқалады. Өте сирек кездеседі. Эритроциттер стромасы өзгерген күйде жүреді.
Золлингер—Эллисон синдромы асқазанда тұз қышықылының гиперсекрециясы кезінде байқалады, ол өз кезегінде панкреатикалық липазаны бейтараптайды. Көрінісі жоғарыдағы Шелодан синдромы тәрізді.
Абеталипопротеинемия – майлардың траспортының бұзылысы. Целиакциямен клиникасы ұқсас (диарея, гипотрофия байқалады). Қанда майлардың концентрациясы төмен болады.
Гиперлипопротеинемиялар
I тип липопротеинлипаза дефицитінің әсерінен болады, қан сарысуында көп мөлшерде хиломикрондар болады, олар лайлы, ксантома түзеді. Мұндай науқастар өткір ауырсынуы бар панкреатитпен, ретинопатиямен ауырады.
II тип b-липопротеиндер жоғарылауымен сипатталады. Олар қышқылдығы төмен, холестерин деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы және қалыпты немесе аздап жоғарылаған триглицеридтер байқалады. Клиникалық жағынан қолда, жамбаста, периорбиталды кстантомалар, ерте атеросклероз дамиды.
III тип –флотирленген b-липопротеиндер жоғарылауы, холестерин деңгейі жоғары, триглицеридтер шамалы жоғарылауы байқалады. Клиникалық түрде ксантомалар байқалады.
IV тип – пре-b-липопротеиндер және триглицеридтер жоғрылауымен, қалпыты немесе аздап жоғарылаған холестерин деңгейімен сипатталады. Хиломикрондар үлкеймеген.
V тип тығыздығы төмен липопротеидтер концентрациясының көтерілуімен сипатталады. Клиникалық көрінісінде іште ауырсыну, созылмалы рецедивтеуші панкреатитпен, гепатомегалиямен көрінеді. Гиперлипопротеинемия генетикалық тұрғыдан негізгдеген және липидтер алмасу аурына жатады
Жасушаішілік липоидоздар. Балаларда жиі кездесетін Нимана—Пика ауруы (ретикулоэндотелиалды жүйеді сфингомиелин жинақталуы) және Гоше ауруы (гексозоцереброзидтердің жиналуы). Бұл аурулардың басты клиникалық белгісі– айқын спленомегалия.
Майлар ересек үшін емес, балалар үшін маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Сырттай ағза үшін керек емес тәрізді құрылым болғанымен, олай емес. Бала ағзасының дамуына, жетілуіне, қалыпты өмір сүру үшін көмірсу және нәруыздармен бірге майлар да толыққанды әсер көрсетеді. Ағзадағы толыққанды ыдырау және қайта түзілу, сақталу процесстері арқылы қажетті уақытта қолданылатын резерв ретінде сақталып қоймай, жүйке өтімділігін қамтамасыз етуге қатысатын майлар да бары осы презентациядан белгілі болды. Олардың артық болуымен қатар жетіспеушілігі өз алдына бала үшін ауыр патологиялық жағдайларды тудырады. Оларды білу және ерекшеліктерін ажырату медициналық қызметкер үшін маңызды міндеттердің бірі.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Балалардағы көмірсу алмасуы
- Балалардағы су тұз алмасу ерекшелігі
- Зат алмасуға кіріспе. Метаболизм
- Ағзадағы су-тұз алмасу