Бүйректің жасқа байланысты өзгерістері

Бүйректің жасқа байланысты өзгерістері

Бүйрек  — барлық ішкі ағзалар сияқты өзгеріске ұшырайды. Жаңа туған нәрестелерде бұл мүше бір морфологиялық ерекшеліктерге ие болса, қарт жаста басқа морфологиялық қасиеттерге ие.

Құрсақ ішілік кезеңдегі бүйректің даму ерекшеліктері:

  • Бүйрек алды кезеңі
  • Біріншілік
  • Соңғы

Ұрықтың үшінші аптасында бүйрек алды дамуы жүреді. Төртінші аптада біріншілік бүйрек түзіледі. Кейін екінші айда ұрықтың екіншілік бүйрегі дамиды. Соңғы даму сатысында құрсақ бөлігінде орналасады және онда үлкен көлемде каналшалар мен қан шумақшалары орналасады. Бала туғанға дейін бүйрек жұмыс атқармайды, сондықтан барлық өмір сүру әрекет өнімдері плацента арқылы шығарылады.

Бүйректің жасқа сай дамуы

Постнатальды өмір кезеңі

Баланың алғашқы өмір сүру кезінде бүйрек құрылымы:

  • Домалақ формалы;
  • Бөлшектік құрылымға байланысты кедір – бұдырлы беткейлі;
  • Орташа өлшемдері: ұзындығы — 4,2 см, масса 12 грамм;

Құрылым ерекшеліктері

  • Қыртысты және милы зат құрылымы тең 1:4 (8 және 2 мм сәйкесінше);
  • Жіңішке бүйректік фасция;
  • Бүйрек сыртының майлы қабаты болмайды;
  • Ұзын бүйрек аяқшасы болады және қисық орналасады.

Топографиялық ерекшеліктері

Мүшенің жоғары шеті XII кеуде омыртқасы деңгейінде орналасқан Мүшенің төменгі шеті IV бел омыртқасы деңгейінде орналасқан. Екі жақтан жоғары жағынан бүйрек үсті безі орналасады, оң жақ бүйрегі бауырмен және соқыр ішекпен байланысқан. Сол жағында ұйқы безінің құйрығы және көкбауыр байланысқан. Әрбір бүйректің көлденең өсі омыртқаға паралелльды орналасқан, ал бүйрек қақпасы алдыға бағытталған. Омыраудағы балада бұл мүшелердің интенсивті өсуі байқалады. Жас балаларда бүйрек қызметінің бірқатар көрсеткіштері көпшілік жағдайда төмен болады, тек бала екі жасқа таяғанда ғана ересек адам деңгейіне жақындайды. Балалық шақтың ерте кезеңінде бүйрек кызметінің жүйке-гуморальдық жолмен реттелуін қамтамасыз ететін көпшілік құрылымдар жақсы жетілмеген күйде болады. Бала өмірінің бірінші жылында гломерулалық сүзілу деңгейі өте төмен, сол сияқты кері сіңу және нефрон түтікшелерінде концентрация, яғни қоюлану үдерістері өте жеткіліксіз жүретіндігі дәлелденген. Осыған байланысты омыраудағы нәрестелерде несеп түзілу, ересек адамдармен салыстырғанда, барлық денесінің сыртқы көлеміне шаққанда 2-3 есе артық. Бала өмірінің алғашқы айының аяғында тәулігіне 300-350 мл, ал 1-2 жас шамасында 700-750 мл, 4-5 жаста 1 литрге жуық, 10 жаста 1,5 литрге жуық несеп түзіледі. Түзілетін несеп көлемімен салыстырғанда, шығару жиі. Жаңа туған бала несебінің құрамында белок іздері және сүт қанты болады. Мұндай физиологиялық альбуминнурия мен лактозурия себебі бүйрек қан шумақтары мен түтікшелерінің эпителий тінінің өткізгіштік қасиеті жоғары болуынан. Ересек балалардың зәр құрамында белок, кант болмайды. Ересек адамдармен салыстырғанда нәрестелердің (әсіресе алғашқы айларында) несеп құрамында мочевина, хлорид және фосфат едәуір аз, ол бүйректің иірімді түтікшелерінде кері сіңу (реабсорбция) үдерісінің өте жоғары жүруінен. Емшек еметін бөбектер несебінің құрамында хлорид он есе аз. Бүйректің осмос және ион реттейтін қызметі баланың бірінші жылында пайда болып, қалыптасады. Бұл кезеңде ересек адаммен салыстырғанда бүйрек қатысуымен  сілті-қышқыл тепе-теңдігі аз ауысады. Бүйректің функционалдық даму жеткіліксіздігі туғаннан кейінгі алғашқы  айларда байқалады: егер өте көп мөлшердегі су енгізсе, судан улану пайда болуы мүмкін. Шамадан тыс ас тұзы да ісік тудырады, артық  тамақтанудан қан құрамында белок алмасудың соңғы ыдырау өнімдері көбеюі мүмкін. Сонымен, ересек адам бүйрегімен салыстырғанда, жаңа туған бала бүйрегі даму  ерекшелігіне байланысты гомеостазды толық  қамтамасыз ете алмайды.

Ересек кезең мен қарттық

Қарттық кезеңде, яғни 50 жастан кейін ағза қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Көлемі кішірейеді және бүйректер төмен түседі. Бүйрек аяқшасы  төмен бағытталады және ұзындығы бойынша өседі. Ағзаның жұмысшы нефрон саны азаюына байланысты, сүзу қызметі төмендейді. Соның нәтижесінде бірте-бірте қан шумақтарының сүзу дәрежесі, несептің қоюлануы (судың кері қарай сіңуі 30 пайызға жуық азаяды) төмендейді. Құрылымдық өзгерістеріне байланысты бүйректерде әртүрлі аурулар пайда болуы мүмкін: жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, инфекциялық аурулар (нефрит), бүйрек паренхимасындағы жаңа түзілімдер.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Бүйректің ассиметриялы зақымдалуы
  2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
  3. Бүйректің даму ақаулары
  4. Бүйректік гипертониялық синдром

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!