Кепілдендірілген тегін медициналылық көмек

ҚР тегін медициналық көмек түрлері

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтитын қызметті атайды.

 МККК-ге кіреді:

  1. жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
  2. медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК); медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
  3. шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
  4. МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
  5. қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді.

ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек:

  1. шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсетуді;
  2. шұғыл айғақтары бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;
  3. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар бұқаралық іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.

 

ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:

  1. пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
  2. авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.

ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтиды және осы ТМККК тізбесіне қосымшаға сәйкес көлемде ұсынылады.

ТМККК шеңберіндегі стационарлық көмек уәкілетті орган белгілеген стандарт палаталарда қосымша сервистік қызметтер (теледидар, телефон, тапсырыс бойынша тамақ және т.б.) ұсынусыз жүзеге асырылады.

Стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК келесідей деңгейде болады:

  1. мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;
  2. денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
  3. медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
  4. медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;
  5. үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;
  6. бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;
  7. балалар және азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін кеш оңалтуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды;
  8. балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;
  9. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаты үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.

тегін медициналық көмек

ТМККК көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес:

  1. жедел/кезек күттірмейтін/шұғыл медициналық жәрдемді;
  2. эпидемиялық айғақтары бойынша жұқтыру қаупі кезінде антирабикалық көмекті;
  3. айғақтар бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы көмекті;
  4. иммунопрофилактиканы/вакцинациялауды;
  5. стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

ТМККК тізбесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және айғақтар болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу қамтылады.

Профильды мамандарға консультацияға көрсеткіш кез келген дертті жағдайда науқас стационарға жатар алдында профильді маман зерттеуін қажет етеді. Дәл сол профиьлді маман тексергенен кейін науқасқа жазып берген ұйғарымы стационарға міндетті түрде қажет құжаттар қатарына жатады.

ЖТД науқасты қабылдап, зерттей келе, анықталған патологиясына байланысты оны профильді маманға жібереді. Мысалы науқаста ішек өтімсіздігіне сай шағымдар пайда болса, хирург маманға, ал көзінің нашар көруіне шағымданса, онда офтальмолог дәрігерге бағыттайтыны белгілі. Өз кездегінде ол мамандар науқасты қарағаннан кейін, оған ем көлемін, немесе жоспарлы ем бағытын анықтап, сәйкес емге жіберу үшін өз ұйғарымын (заключение) жазады

Госпитализация бюросы. Науқасты портал арқылы қабылдау

Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі жоспарлы госпитализацияның қол жетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Емдеуге жатқызу бюросының порталы ол – науқас адам алдағы үш күнге республиканың кез келген стационарындағы бос төсек орындар  туралы ақпарат алатын  интернет-ресурс болып табылады. Егер науқас дәрігерден емделуге жату үшін  код қойылған жолдама алып қойған болса (емдеуге жатқызу талоны немесе «квота»), ол республика өңірлері және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы кезек парақтарын қарап, өз кезегін қадағалай алады.

Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу ол–көрсетілімдер (анықталған жағдайда) болған жағдайда, созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің науқас адамды емдеуге жолдауы.  Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы арқылы бірнеше күн ішінде науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты іске асырылады.

Стационарға жоспарлы түрде жатқан кезде науқас адамның қолында келесі құжаттар болуы тиіс:

  • жеке куәлік;
  • барлық талдаулар мен диагностикалақ зерттеулердің қорытындылары;
  • емдеуге жатқызу талоны;
  • науқасты жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін жолдама берген медициналық ұйым басшысының қолтаңбасы қойылған  және мөрі соғылған жолдама.

Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда емдеуге жату мүмкін емес екендігін ескерген жөн, стационар науқасты емдеу үшін қабылдамауға құқылы!

Сонымен қатар ҚР ДС МР 2015 жылғы 17 тамыздағы
№ 669 бұйрығы бойынша «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бойынша үйде медициналық қызмет көрсету жаттары айтылған

Осыған сай ұғым:

  • үйдегі стационар – халыққа стационарды алмастыратын көмекті үйде көрсету
  • үйдегі стационарларды – амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілер ұсынады.
  • Пациентті үйдегі стационарда қадағалап-қарау үшін күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек алу қажет болған жағдайда пациенттің амбулаториялық-емханалық ұйымға қаралуына кедергі келтіретін ағзалар функцияларының бұзылуы көрсетілімдер болып табылады.
  • Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз болған кезде үйдегі стационар жағдайында стационарды алмастыратын көмек көрсетуге рұқсат етілмейді.

Денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша ҚР ДСМ 2015 жылы 16 наурыздағы №165 тіркелген бұйрығы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»  сүйенеміз

Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар (бұдан әрі – МӘҰ) қызметінің тәртібін белгілейді.

Стационарлық үлгідегі ұйымдар:

  1. психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды
  2. тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды
  3. психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді
  4. бірінші және екінші топтағы мүгедектерді
  5.  егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға МӘҰ қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.

Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады.

Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Темір жетіспеушілік анемия
  2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
  3. Жедел аппендицит
  4. Аурухананың қабылдау бөлімі

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!