Көз ішілік қысымды өлшеу

Көздің қысымын анықтау әдісі

Көз ішілік қысым (КІҚ) анықтау – тонометрия, яғни тонометрмен жүргізіледі.

Бірінші танометрлеуі Graefe (862). Donders (1863) ұсынған. Танометрлер импрессиондық және аппланациялық болып бөлінеді:

1) апплонациялық тонометр арқылы қасаң қабықты тегіс беті бар затпен көз қысымы өлшенеді. Бұл тонометрдің негізін А.Н. Макланов (1884) зерттеп шығарады.

Көз қысымын өлшеуге арналған тонометр

 А.Н. Макланов ұсынған көз ішілік қысымды өлшеуге арналған жиынтық

көзішілік қысым

қысымды өлшеу кезінде . . . 

2) Импрессионды тонометрлер – қасаң қабықтың басылу тереңдігін жазады. Бұл принципте Грефе танометрі (1863) жасалған.

3) Болжама тәсіл – пальпаторлы зерттеулер (саусақпен сипау). Қалыпты КІҚ -16-27 мм сын. бағ. құрайды.

Көз ішілік қысымның төменгі шекарасы 14-15 мм.сын.бағ, ал жоғарғы шекарасы 26-27 мм.сын.бағ. Көз ішілік қысым тәуліктік ауытқулары 5 мм.сын.бағ. артпау керек. Көз ішілік қысым деңгейі таңертең жоғары (6-7 сағ.) кешке төмен (19-20 сағат) болады. Себебі:

1) дене горизонтальды орналасса, яғни ұйқы барысында баста, көзде қаннның тоқырауы салдарынан КІҚ жоғарлайды, кешке дене қозғалыста болғандықтан көз ішілік қысым деңгейі төмендейді.

2) Тамақтану кезінде осмостық өзгерістер және организмде қанның орналасуының өзгеруі салдарынан: қарашықтың диаметірі де өзгереді (қараңғыда кеңейеді, жарықта тарылады). Бірақ қарашық ұйқы кезінде тарылады, кеңеймейді, соған сәйкес таңертең көз ішілік қысым жоғары.

tonometrкөз ішілік қысымды өлшеу

Келесі зерттеу тәсілі: тонография. Ол көздің ішкі қысымының мөлшерін анықтап қоймай, көзден ағып кететін сұйықтың мөлшерін де анықтайды. Тонометр қасаң қабықтың бетінде 4 мин. көлемінде ұстап тұрады, яғни ұзақ компрессия көрсетіледі. Тонометрді қасаң қабықтың бетіне түсіргенде, алғашқыда көз ішілік қысым көтеріледі, келесіде қысымның әсерінен көзден ағып кететін сұйықтың жылдамдығы ұлғаяды. Осциолографтың көмегімен КІҚ-ың көрсеткіштері лентаға жазылады. Ол жазуларға қарсы және қосымша есептеулер жасап ағу жолдарының жағдайын анықтауға болады. Ең маңызды көрсеткіштер: ағудың жеңілдік коэффиценті(с), ол 1 минутта 1 мм.сын.бағ. фильтрациялық қысымда көзден ағып кететін сұйықтың мөлшерін мм көрсетеді. Ол қалыпты жағдайда орташа =0,3 (0,15-0,60). Р – ақиқат КІҚ 21-22 мм сынап бағ. артпау керек. Сұйықтың минуттық көлемі, көзен ағып кететін орташа 2,0 мм2/мин тең. Егер ол 4 мм3/мин тең болса, бұл гиперсекреция.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көз шарасының топографиялық анатомиясы
  2. Көз алмасының зақымдалуы. Контузиясы
  3. Көздің көру қызметі
  4. Көз анатомиясы, физиологиясы және құрылымы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!