Заманауи эндоваскулярлы хирургия бағыты
Эндоваскулярлы хирургия (рентгенхирургия, интервенционды кардиология және интервенционды радиология) — арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, сәулелі визуализация әдістерінің бақылауымен қан тамырларына тері арқылы енумен орындалатын хирургиялық араласу.
Эндоваскулярлы хирургия – өте жылдам ырғақта дамып келе жатқан медицинаның саласы бола отырып, заманауи медицина мүмкіндіктерін кеңейтіп, дәстүрлі хирургиялық араласуларды алмастырып келеді.
Эндоваскулярлы хирургия артықшылықтары:
- Эндоваскулярлы диагностикалық жэне емдік шаралар амбулаторлы орындалады немесе бірнеше күнге ғана госпитализацияны қажет етеді.
- Басым көпшілік жағдайларда жалпы анестезияны қажет етпейді.
- Операциялық қауіп, ауырсыну синдромы, қалпына келу уақыты дәстүрлі хирургиямен салыстырғанда біршама төмен көрсеткіштерге ие.
- Эндоваскулярлы араласулар материалды тұрғыдан салыстырмалы түрде қолжетімді келеді.
Эндоваскулярлы хирургияның бірегей әдістері қолданылады:
- Кардиологияда: (ЖИА, миокардтың жедел инфаркты)
- Нейрохирургияда: (Аневризма, Мальформация, Фистула, Атеросклероз, Тромбоз)
- Тамырлы хирургияда: (облитерирлеуші атеросклероз, перифериялық артериялар окклюзиясы, өкпе артериясы тромбоэмболиясы, абдоминальды ишемиялық синдром)
- Гепатологияда: (бауыр циррозы, бауырдың біріншілік және метастатикалық ісігі).
- Сонымен қатар, эндоваскулярлы әдістер осы күнге дейін күрделі хирургиялық араласуларды талап етіп жүрген қан ауруларын емдеуде, вазоренальды гипертензия кезінде, жатыр фибромиомасы, қуық асты безі аденомасын және басқа да патологияларда өолданыла бастады.
Эндоваскулярлы хирургия тарихы
ЭХ заманауи медицинаның жас салаларының бірі. Бастапқыда эндоваскулярлы техника тек диагностикалық мақсатта жүйеге енгізілген. Дегенмен, емдеуге қатысты феноменальды нәтижелерге қол жеткізу арқылы медицинада ерекше маңызға және қажеттілікке ие болды. Эндоваскулярлы хирургия жетістіктерінің арқасында коронарлы шунттау, каротидті эндартерэктомия, аневризмаларды клипирлеу сияқты дәстүрлі хирургиялық араласулардың альтернативасы табылды.
- Шамамен, б.з.д 400 жыл бұрын адамдар қуысты қамыс тәрізді заттардан иілген түтікшелер ойлап тауып, мәйіттің жүрек клапандарын зерттеу мақсатында қолдана бастаған.
- 1711 ж голландиялық физиолог Н. Hales жез, қаздың кеңірдегі және әйнектің көмегімен алғаш рет жылқы жүрегінің қуысына катетерлеу орындаған.
- 1844 ж француз физиологы Е. Bernard жүрекішілік қысымды жазып ала отырып, жануарлардың жүрек камераларын катетерлеген.
- 1895 ж W. Roentgen Х-сәулесі аталатын белгісіз сәулені анықтаған.
- 1896 ж В. М. Бехтерев ангиография ашылуын болжаған. Атақты орыс неврологы атап келесідей атап өткен: «…Кей сұйықтықтар Рентген сәулелерін өткізбейтіндігі анық болды, ол жағдайда ми тамырлдарын сол сұйықтықтармен толтырып in situ суретке түсіріп алуға болады». Дегенмен, бұл батыл болжамдар күшіне ену үшін отыз жыл уақыт қажет болды.
Интервенционды кардиологияның нақты пайда болған жылы 1929ж деп айтуға болады. Бұл жылы W. Forssman университетінің интерні эксперимент барысында өзінің шынтақ венасы арқылы несепағар катетерін оң жүрекшеге енгізіп, тірі адам жүрегіне катетер енгізудің еш қатерлілігі жоқтығын дәлелдеп берді. Екі жыл өткен соң өзіне жасаған әдісті ангиокардиография тарихына жазды. Бұл жасаған әрекеті үшін ол сол сәтте Эберсвальд (Германия) қаласындағы университеттен қуылып, кардиология саласында еңбек етуіне тыйым салынды.
Медициналық бірлестік оның тәжірибелерін ұзақ уақыт терістеп жүрді. 1941 ж A. Cournand пен D. Richards алғаш рет жүректің функционалды жағдайын бағалау үшін жүректік катетерді құрал ретінде қолданды.
Тек, 1956 ж ғана, 27 жыл өткен соң W. Forssman, АҚШ ғалымдары A. Cournand пен D. Richards «жүрек катетеризациясын және қанайналым жүйесіндегі бірқатар патологиялық жағдайларды ашқандығы үшін» Нобель сыйлығы табысталды. Бұл ғаламдар өз кезегінде Нобель комитетіне ізденушілер тізіміне неміс әріптестерін қосуын өтінген, айтуларынша өз зерттеулерін сол ғалымның 20—30-шы жылдардағы жұмысының ықпалымен бастаған екен.
Эндоваскулярлы әдістің мәні
Эндоваскулярлы хирургияның басты ерекшелігі барлық араласулар тері кесуінсіз жасайды — арнайы рентген – операция бөлмесінде, рентген (ангиография) бақылауымен, терінің бетінде (1-4 мм диаметрде) пункция ретінде кішігірім тесіктер жасалынады.
ЭХ орындайтын мамандар рентгенохирург дәрігерлер немесе эндоваскулярлы хирургтар — бір мезетте хирург және рентгенолог квалификациясына ие және күрделі медициналық аппаратурамен жұмыс жасай білетін мамандар болып табылады.
Басым көпшілік жағдайда эндоваскулярлы араласуларға жалпы анестезия жасалынбайды, тек пункция орнында жергілікті жансыздандыру орындалады. Бұл өз кезегінде, қосымша аурулары бар науқастарға да орындауға мүмкіндік береді. Араласудан кейін операцияданк кейінгі жара орны мен тыртық қалмайтындықтан, науқастар 1-3 күн аралығында ауруханадан шығарылады.
ЭХ негізгі бағыттары
Диагностикалық:
- Коронароангиография (КАГ)
- Артериография
- Аортография
- Вентрикулография
- Ангиопульмонография
- Шунтография
Емдік:
- Баллонды ангиопластика (БАП)
- Стенттеу
- Электрокардиостимулятор(ЭКС) орнату (имплантация)
- Кава-фильтр имплантациясы
Диагностикалық мақсат:
- Коронароангиография (КАГ) – жүрек артерияларының жағдайын бағалауға, ЖИА симптомдарын шақыру себептерін анықтауға және емдік тактиканы таңдауға мүмкіндік беретін рентгеноконтрасты әдіс.
- Артериография – қандай да бір зерттелуші аймақ артерияларының жағдайын бақылайтын диагностикалық рентгеноконтрасты әдіс (коронарография – артериографияның бір түрі).
- Аортография– нақты тамыр – аортаның жағдайын зерттейтін рентгеноконтрасты әдіс.
- Вентрикулография – контрасты затты қолдана отырып орындайтын рентгенэндоваскулярлы әдіс. Бұл зерттеу жүректің сол жақ қарыншасы қабырғасының әр сегментінің жиырылу мүмкіндігін бағалайды. Онлайн-түсірілім инфарктен кейінгі тыртықтар мен ишемия салдарынан зақымдалған аймақтарды, жүрек клапандарында дефекттердің бар жоқтығын анықтайды. Ангиопульмонография – өкпе артерияларының визуализациясы үшін орындалатын рентгеноконтрасты зерттеу. Негізгі міндет – ӨАТЭ терістеу.
- Шунтография – рентгеноконтрасты зерттеу әдісі. Аты айтып тұрғандай, шунттаудан кейінгі тамырлар жағдайын бағалайды.
Емдік мақсат:
- Баллонды ангиопластика (БАП)– тамыр қабырғасына баллонды катетердің әсері нәтижесінде қысым жасай отырып, тарылған тамыр өзегін өзінің қалыпты көлеміне дейін жеткізу мақсатында қолданылады. Енгізілген катетердің бір ұшындағы баллон үрленіп, тарылған тамыр бөлігін кеңейтіп, сол аймақтың қанайналымын қалпына келтіреді.
- Стенттеу – тамыр диаметрін қалпына келтіруге бағытталған араласу.
- Электрокардиостимулятор имплантациясы (ЭКС) – жарты ғасыр көлемінде сәтті орындалып келе жатқан әдіс. ЭКС – бұл, жоғары технологиялық құрылғы. Негізгі принцип – ритм бастаушысы жүректің қалыпты ырғағын қалпына келтіру үшін арналған. Кардиостимулятор науқастың ЖСЖ ұстап тұрады немесе жеткіліксіз соғу немесе аритмия кезінде қажеттісімен қамтамасыз етеді.
- Кава-фильтр имплантациясы – ӨАТЭ алдын ала отырып адам өмірін сақтап қалуға бағытталған, медициналық интервенция әдісі. Превентивті әсер тромбтың кіші қан айналым шеңберіне түсіп кетуінің алдын алу үшін төменгі қуысты венаға кава-фильтрді (тромбқа арналған тұзақ) орнату арқылы алынады.
- Ретгенэндоваскулярлы эмболизация. Патологиялық эмболиядан емдік эмболияның ерекшелігі пайда болу спонтандылығының болмауы және тұрақсыз локализацияның болмауымен сипатталады. Бұл жағдай тек арнайы жағдайларда орындалады: артериовенозды мальформацияларды бекіту (артериялар мен веналардың патологиялық байланысы), анеризма бар аймақтардығ қан ағысы жолынан алынуы үшін, қан кетудің кейбір түрлерінде қан кетуді тоқтату үшін (жиі қатерлі жағдайларда).
- Аорта аневризмасын емдеу–аортаға графт–стент имплантациясы. Жоғарыда стентті қолдана отырып емдеу әдістері сипаттал.ы. Бұл жағайдың ерекшелігі, стент аневризманы жекелеу үшін орнатылады және тамырды кеңейту үшін емес, қалыпты жағдайға дейін тарылтады.
Эндоваскулярлы хирургиядағы ену жолдары (доступ)
Атап көрсетілген оперативті (интервенционды) араласулар, әр науқасқа индивидуальді таңдалынатын бірнеше тамырлық енулер арқылы орындалады:
- сәулелі – перифериялық беткей шынтақ артериясы арқылы;
- Сан арқылы – орталық терең сан артериясы арқылы;
- Аксилярлы – қолтық асты қуысы арқылы ену.
Көптеген шағын құралдар қолданылады (спиральдер, окклюдерлер, катетерлер, стенттер және т.б). Олардың диаметрі әдетте 1,5-2 мм артық емес. Бұл құралдар алдын ала жасалған өзек арқылы тамырға енгізіліп, ары қарайғы жылжуы рентген-телевизиялық бақылауда болады. Бұл бақылау түрі арқылы тамыр мен енгізілген құралдың динамикалық суретун ренттген сәулеленудің өте төменгі дозасы арқылы мониторда бірнеше мың есе ұлғайтып көруге көз жеткізуге болады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Заманауи ингаляциялық анестетиктер
- Хирургияның даму тарихы
- Қазақстандағы балалар хирургиясы
- Балалар хирургиясының ерекшелігі