Қан түзудегі қызыл жілік майы

Қызыл жілік майы

Қызыл жілік майы (немесе орысша костный мозг, басқаша атауы «сүйек кемік майы») гемопоэздің және иммуногенездің орталық мүшесіне жатады. Оның құрамында қанжасаушы дің жасушаларының басым көпшілігі орналасып, лимфоидты және миелоидты қатардың жасушаларының дамуы өтеді. Эмбриогенезде қызыл жілік майы жалпақ сүйектерде екінші айда, түтікшелі сүйектерде төртінші айда пайда болады. Ересек адамдарда ол түтікшелі сүйектердің эпифизінде, жалпақ сүйектердің кеуекті затында, бас сүйектерінде орналасады. Орналасқан аймақтарының әр жерде болғанына қарамастан қызыл жілік майы қызметін атқаруы кезіндегі жасушалардың орын ауыстыруы мен реттеу механизімінің нәтижесінде бірегей мүше болып табылады. Қызыл жілік майының салмағы 1,3-3,7 кг (дене салмағының 3-6%) болады.

Қызыл жілік майының құрылысы мен құрылымы

Қызыл жілік майының құрылысы паренхималық мүшелерге ұқсас. Оның стромасын сүйек табақшалары мен ретикулярлық тін құрайды

Ретикулярлық тінде көптеген қан тамырлары, көбінесе базалдық мембранасы жоқ, эндотелиінде саңылаулары бар синусоидты капиллярлар болады. Ретикулярлық тіннің арасында дің жасушасынан бастап толық пісіп-жетілген жасушаларға дейінгі дамудың әртүрлі сатыларындағы гемопоэздік жасушалар орналасып, мүшенің паренехимасын құрайды. Дің жасушаларының саны қызыл жілік майында ең көп болып анықталады (5х106 жасуша).

Кез келген гемопоэздік тінде негізгі төрт компонент болады: гемальдық (гемопоэтикалық жасушалар), стромальдық, макрофагтар қатарының жасушалары және маманданған ерекше тамырлар. Олардың бәрі бір-бірімен тығыз морфофункциональдық байланыста болады.

Қызыл жілік майының гемальдық компоненті. Қызыл жілік майында лимфоциттер қатарының ақырғы жасушаларынсыз қанжасау барысында түзілетін бүкіл гемопоэздік жасушалардың барлығы дерлік болады. Жілік майында гемопоэздік жасушалар аралшықтар түрінде орналасады. Аралшықтарды құрайтын көбінесе гемопоэздің v класының жасушалары болып келеді. Осының нәтижесінде аралшықтардың бірнеше түрлері ажыратылады.

  1. Эритропоэздік аралшық тамақтандырушы деп аталатын макрофагтың жанында құралады. Тамақтандырушы жасуша көкбауырда өлген эритроциттердің қанға түскен темірін жұтады да оны жаңадан түзеліп жатқан эритроциттерге гемоглобин түзу үшін береді. Аралшықтың құрамында дамудың әртүрлі сатысындағы жасушаларды – эритроциттердің дифферонын көреміз.

Iv класс жасушалары: проэритробластылар — аралшықтың ең ірі жасушасы, ядросы базофильді.

Аралшықтың негізгі құрамы — v класс жасушалары: базофильді эритробластылар — олардың цитоплазмасы да, ядросы да базофильді; полихромафильді эритробластылар — цитоплазмасының түсі сұр-қызғылт болады; оксифильді эритробластылар — кіші көлемді, цитоплазмасы оксифильді, ядросы да кішкентай жасуша.

Аралшықта сонымен қатар vi класстың да жасушалары, дәлдеп айтсақ жасушадан кейінгі құрылымдар — ретикулоциттер  мен эритроциттер де болады.

  1. Гранулоцитопоэз аралшықтары үш түрлі болуы мүмкін: нейтрофильдік, эозинофильдік және базофильдік. Iv класстың жасушаларының –миелобластылардың – саны көп емес.

Көбінесе анықталатын компоненттерге — v класстың жасушалары жатады: промиелоциттерде бірінші реттік түйіршіктер болады. Миелоциттерде екінші реттік те түйіршіктер (арнайы, ерекше) болады. Аралшықтың түріне орай екінші реттік түйіршіктер және миелоциттер эозинофильді, базофильді немесе нейтрофильді болады. Ядро бұрынғысындай дөңгелек пішінді. Метамиелоциттер, немесе жас гранулоциттер — ядроларының пішіні бұршақ тәрізді (түйіршіктердің екі түрі де болады). Таяқшаядролы гранулоциттер — ядроларының пішіні өзгере түскен.

Загрузка...

Б) аралшықтарда толық пісіп жетілген vi класстың жасушалары да кездесуі мүмкін — сегментті ядролы гранулоциттер.

  1. Тромбоцитопоэз қатарының жасушалары. Iv класс жасушалары (мегакариобластылар) сирек кездеседі де ажыратылуы қиын. V класс жасушалары промегакариоциттер, әсіресе мегакариоциттер, көлемдеріне бола тез танылады — олар қызыл жілік майының ең ірі жасушалары, көп ядролы, цитоплазмасы оксифильді әрі мол болады. Әдетте олар гемокапиллярлармен тығыз байланысты болады да, жасушаның цитоплазмасы капиллярдың қуысына шыға орналасады.
  2. Кіші лимфоциттерге ұқсас жасушалар. Қызыл жілік майының гемальдық компонентінде міндетті түрде кіші лимфоциттерге ұқсас жасушалар болады, бірақ басқаларға қарағанда аздау анықталады. Олар:
  • Біріншіден і-ііі класстардың аз дифференцияланған жасушалары, олар аралшықтардың арасында орналасады;
  • Екіншіден, моноцитарлық және в-лимфоцитарлық қатардың жасушалары.

Дамып келе жатқан в-лимфоциттерде (немесе олардың бастапқы түрлерінде — про- және пре-в-жасушаларда) жаңа гендердің түзелуін қамтамасыз ететін үрдіс жүреді — иммуноглобулиндердің гендері қалыптасады.

Қызыл жілік майының басқадай компоненттеріне қан тамырларын, стромалық құрылымдарды, макрофагтарды жатқызамыз.

қызыл жілік майы қазақша

Қызыл жілік майы қанмен қамтамассыз етілуі және нервтенуі

Сүйек майының қанмен қамтамасыз етілуіне сүйекті қоректендіруші артериялар қатысады. Сондықтан оның тамырлануында көптеген жолдарды ажыратады. Артериялар сүйектің қуысына кіріп дисталды және проксималды екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар сүйек майының орталық венасының сыртына ширатыла оратылады. Артериялар диаметрі 10 мкм–ге дейін болатын артериолаларға тармақталады. Оларда прекапиллярлық жұм болмайды. Жілік майының капиллярлары екіге бөлінеді: нағыз (артериолалардың дихотомиялық бөлінуінен пайда болады) және синусоидты капиллярлар (нағыз капиллярларға жалғасады). Жілік майында капиллярлардың кейбіреуі жіңішке қалпын сақтап (6—20 мкм), қоректендіру қызметін атқарады. Басқалары кең жұқа қабырғалы, эндотелиі мен базальды мембранасында саңылаулары бар синустарға айналады (200—500 нм). Бұл тамырлар синус түріндегі капиллярлар немесе веноздық синустар деп аталады.

Синусоидты капиллярларға нағыз капиллярлардың біразы ғана жалғасады, қалғандары сүйектің гаверс каналдарына кіреді, одан кейін біріге венулалар мен веналарға ұласады. Сүйек майының нағыз капиллярларының басқа мүшелердің капиллярларынан айырмашылығы аз. Олардың тұтас эндотелийлік қабаты, базалдық мембранасы және перициттері бар. Бұл капиллярлар қоректендіру қызметін атқарады. Синусоидты капиллярлар эндосттың қасында орналасып, қанның құрамына тек жетілген пішіндік элементтердің шығуын (селекциясын) қамтамасыз етеді (2 сурет), сондай-ақ, олар жасушалық адгезия молекулалары арқылы жасушалардың пісіп-жетілуінің ақырғы сатыларына қатысады. Синусоидты капиллярлардың диаметрі 100-500 мкм. Кесінділерде синусоидты капиллярлардың пішіні ұршық тәрізді, гексогоналды немесе сопақша болуы мүмкін. Капиллярды жауып тұратын эндотелидің фагоцитарлық белсенділігі жоғары. Эндотелийде фенестрлер болады, олар қызметтік күш түсу кезінде нағыз тесікшелерге айналады. Базальдық мембрана кейде үзікті, кейде мүлдем болмайды. Эндотелиймен тығыз байланысқан көптеген макрофагтар болады. Синусоидтар венулаларға ұласады, ал олар бұлшық етсіз орталық венаға жалғасады. Артериолалардан қан капиллярға соқпай артериоло-венулярлық қосылыстар арқылы тіке венулаларға әкетілуі мүмкін. Анастомоздар гемопоэздің және қанжасаушы жүйенің гомеостазының маңызды реттеуші факторы болып табылады. Жілік майында лимфа тамырлары болмайды.

2) Қызыл жілік майының стромальдық компоненті негізінен ретикулярлық тіннен құралған. Сонымен бірге бұларға тағы үш түрлі жасушаларды жатқызады: остеогенді (эндосттың құрамында), адвентициальды (тамырлардың сыртында), май жасушалы.

Ретикулярлық жасушалар, өсінділі, ретикулярлық талшықтардың (iii типті коллагенді) және аморфты заттың құрамдарына кіретін заттарды өндіреді. Ретикулярлық талшықтармен бірігіп ретикулоциттер тор құрайды, бұл торлардың арасындағы бос жерлерде гемопоэздік жасушалар орналасады. Сонымен қатар ретикулоциттер, эндотелиоциттер мен остеогенді жасушалар сияқты, гемопоэзді реттеуші әртүрлі заттарды өндіреді.

Остеогенді жасушалар. Олар шеміршек және сүйек тіндерінің дің жасушалары. Арнайы факторларды бөлу арқылы олар эмбриональдық кезеңде жілік майына қанның дің жасушаларының орын тебуіне себептеседі, ал өмір бойы гемопоэздік жасушалардың пролиферациясы мен дифференцировкасына ат салысады.

Адвентициальды жасушалар. Олар синусоидты тамырларды сыртынан қаптап жататын аз дифференцияланған фибробластылар қатарының жасушалары. Олар эритропоэтиннің ықпалымен жиырыла алады, ал бұл жілік майынан қанның пішіндік элементтерінің шығуын жеңілдетеді деп есептеледі.

Адипоциттер. Олар ретикулярлық жасушалар дамитын бастапқы жасушалардан пайда болуы мүмкін. Адипоциттерде, әдеттегідей үлкен көлемді май тамшылары болады, ядролары шетіне қарай ығыстырылған. Жасушаның құрамындағы май тамшысы қан жасау кезінде энергия көзі болып табылады, организмнің басқа қажеттеріне шығындалмайды. Строманың басқа компененттері сияқты олар гемопоэтин өндіруге қатысады.

3) Макрофагтар қатарының жасушалары. Қызыл жілік майында мұндай жасушалардың үш түрі болады: кәдімгі макрофагтар, «қоректендіруші-жасушалар» және эндосттың құрамындағы остеокластылар. Олардың бәрі қанның моноциттерінен дамиды.

Қалыпты макрофагтар бөтен және зақымданған жасушаларды және оксифильді эритробластылардан шығарылып тасталған ядроларды жұтады. Сондықтан олардың құрамында көптеген лизосомалар мен фагосомалар болады. Сонымен қатар олар өсу факторларын өндіреді.

«қоректендіруші-жасушалар» эритропоэздік аралшықтарда орталық аймақтарда орналасады. Бұл жасушалар қаннан трансферрин ақуызымен байланыста болатын темір иондарын (fe2+) алып, оларды эритробластыларға гемоглобиннің құрамына қосу үшін жеткізеді. Сонымен қатар бұл жасушалар да өсу факторын — эритропоэтинді өндіреді.

Остеокластылар бірнеше моноциттердің бірігуінің нәтижесінде пайда болатыны белгілі. Остеогенді жасушалар сияқты олар қызыл жілік майының ішінде емес, онымен шекаралас орналасқан эндостыда анықталады. Остеокластылар сүйек тінінің қайта құралу аймақтарында белсенді болады, олар сүйек затының еруін арттырады.

Мегакариоциттердің өсінділері капиллярдың ішіне кіре орналасады, олардан үнемі тромбоциттер бөлініп отырады. Қан тамырларының айналасында лимфоциттер мен моноциттердің аздаған топтары кездеседі.

Қызыл жілік майының жасушаларының көп бөлігін толық пісіп-жетілген және дифференциялану барысындағы жасушалар құрайды, бұл қызыл жілік майының жинақтаушылық қызметінің көрінісі болып табылады. Керек уақытында олар қанға түсіп отырады. Қалыпты жағдайда қанның құрамына тек жетілген жасушалар ғана шығады. Бұл кезде олардың цитолеммасында капиллярдың айналасындағы негізгі затты ерітетін фермент пайда болады деген болжам бар. Жетілмеген жасушаларда бұндай ферменттер болмайды. Жетілген жасушалар селекциясының екінші мүмкін жолы – оларда капиллярдың эндотелиімен байланысатын арнайы рецепторлардың пайда болуы. Бұндай рецепторлардың болмауы эндотелиймен байланыстың, яғни қан ағымына шығудың мүмкіндігін жояды. Екі механизмнің қосарласа жұмыс істеуін де жоққа шығаруға болмайды.

Қызыл жілікпен қатар сары жілік майы да болады. Ол көбінесе түтікшелі сүйектердің диафизінде орналасады. Кей жерлері май ұлпасымен алмастырылған ретикулярлық тіннен тұрады. Оның құрамында қанжасаушы жасушалар болмайды. Сары жілік майы қызыл жілік майының қоры болып табылады. Қансыраған жағдайларда оның ішіне гемопоэздік элементтер орнығып, ол қызыл жілік майына айналады. Сондықтан, сары және қызыл жілік майларын бір қанжасаушы мүшенің қызметтік екі қалыбы деп қарауға болады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Тимус
  2. Қан түзу жүйесі ауруларын тексеру әдістері
  3. Қан өндіру (гемоцитопоэз)
  4. Көкбауыр қызметі, анатомиясы.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 3 недели

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Комментарии: 0Публикации: 992Регистрация: 01-10-2014
1 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 5 (1 оценок, среднее: 5,00 тен 5)
Загрузка...