Кининдер жүйесі және оның атқаратын қызметі
Калликреин – кинин жүйесіне (ККЖ) деген қызығушылық оның организмнің әр түрлі функцияларды реттеуіне байланысты. ККЖ қан плазмасының каскадты протеолитекалық жүйесі: кининогеназа, гемокоагуляция, фибринолиз, комплемент, ренин – ангиотензин жүйесі, қорғаныс және адаптация процестерінің белсенділігін реттейді. Тін ККЖ- сі клетка морфогенезінің әр түрлі кезеңдерің, иммунды жауап реакцияларын, ісік дамуын, әр түрлі себепті шок дамуын, тромбоз, геморрагия, қатерлі жаңа түзілістерді т.б. патологиялық процестерді бақылайды. Генетика және тіндік ККЖ- нің молекулалық биологиясын зерттеу белсенді дамуда. Осы бағыттағы зерттеулердің маңыздыларына жатады: тышқанның генді калликреинді топтарын идентификациялау, олардың құрамын зерттеу, реттеудің функциясымен механизмі, сонымен қатар кейбір полиморфты мутанттарды идентификациялау.Қазіргі уақытта адамның гипертониясының генді терапиясының технологиясы дамытылуда. Соңғы жиырма жылда ККЖ – ні зерттеуде 5 негізгі бағыт ашылды:
- Кининогендер
- Калликреиндер
- Кинин рецепторлары және сигнал өткізу жүйесі
- Кининазалар
- ККЖ физиологиясы және патофизиологиясы
Кининогендер полиморфты гликопротеиндер болып табылады, олардың молекуласы бір полипептидті тізбектен тұрады, негізінен гепотоциттермен синтезделеді. Адам қаны плазмасында екі кининоген бар: Жоғарғы молекулалы кининоген (ЖМК) және төмен молекулалы кининоген (ТМК). Синтезі хромосома 3-те локализденген бір генмен кодталады. Кининогеннің гені құрамына 11 экзон, оның тоғызы 3 триплетті экзон түзеді.
Организм тінінің және қан плазмасы ККЖ-ң негізгі компоненттері
Кининогендер – ЖМК молекуласы 626 амин қышқыл қалдықтарынан тұрады, молекулярлы массасы шамамен 120 кДа, pH = 4,3. ТМК молекуласы 409 амин қышқыл қалдықтарынан тұрады, молекулярлық массасы 65 кДа, pH = 4,7. ЖМК, ТМК адам қанында концентрациясы 65 -130 мкг/мл және 109 – 272 мкг/мл. ТМК 5 домені бар ( Д1- Д5 ),ал ЖМК – да 6 домен бар (Д1 – Д6 ). Д1, Д2, Д3, Д4 домендері екі кининогенге тән.
Кининогендер тромбоциттер, нейтрофильдер, эндотелиальды клеткалармен қайтымды байланысуы мүмкін. Барлық жағдайларда кининогендерді клеткалармен байланыстыру үшін Zn2+ қажет.
Спецификалық және қайтымды полиморфты ядролы лейкоциттермен (ПЯЛ) байланыстыруда ЖМК антиадгезивті молекула сияқты әсер етеді. ЖМК – ның антиадгезивті эффектісі – клетка бетінен фибриногенді ығыстырады, ал ол адгезия мен агрегацияда қажет.Сонымен қатар ЖМК ПЯЛ – ң калликреинмен стимуляцияда керек. Осы кезде ЖМК оттегінің бос радикалының өсіп көбеюіне, ПЯЛ дегратациясына, лактофиррин және гранулоцитарлы, эластазаның босауына әсер етеді. Қазіргі зерттеулер ЖМК урокиназды рецепторлармен эндотелиальды клеткалар бетіне әсер ететінің көрсетті.
Калликреиндер – кининнің кининогендерден босауы трипсин тәрізді серинді протеиназдар әсерімен калликреин қан плазмасында және кейбір мүшелер тканьдерінде таралған, әсіресе ұйқы безі, слекей безі, ішек қабырғасында, бүйрек, зәрде, жыныс, тер бездерінде. Плазмалы калликреиндер – сілтілі белоктар, pH шамамен 8,6, молекулярлық массасы шамамен 90 кДа, тіндік калликреиндер қышқылды гликопротеиндер, pH=3,5 – 4,5, молекулярлық массасы 24 – 40 кДа дейін. Соңғы жылдары үлкен жетістіктер – калликреин құрамын анықтау, молекулярлы биологиясын және қан қысымын реттеуде, гипертензияда, онкологиялық ауруларда, көптеген басқа физиологиялық және патогенетикалық процестарді реттеудегі маңызы зерттелді.
Қан плазмасының прекалликреин және калликреині. Прекалликреин – қан плазмасы каллекреиннінің алдында жүреді (предшественник) және гликопротеин болып табылады, бір полипептидті тізбектен тұрады, Құрамына 619 амин қышқыл қалдықтары кіреді.
Қан плазмасында прекалликреин конценттрациясы 295 – 580 кМ (35 – 50 мкг/мл). Прекалликреин гепотоциттерде синтезделеді. Прекалликреинді кодтайтын ген 15 эгзон, 14 интроннан тұрады. Кининдер қабыну процесінің дамуында басты рөл атқарады, өйткені кенинді қанға немесе адам терісіне енгізгенде негізгі қабыну симптомдарын және белгілерін шақырады. Кининдердің тағы бір қасиетті – цитокиндерді босату.
Калликреин брадикинин түзіп, ЖМК – ны ыдыратады.Бұл жаңа гипотеза ККЖ қан тамырлар қабырғасының биологиялық функциясын реттейтінің көрсетеді. Сонымен қатар қан плазмасының басқа протеолитикалық жүйесінің белсенділігін реттеу калликреин басты рөл атқарады.
Қан плазмасының калликреині – гемокоагуляцияның XXI факторын, плазминоген, проурокиназа, проренинді белсендіреді. Сонымен қатар калликреин ПЯЛ белсенділігін стимульдейді, гранулярлы эластазаның босауы, латентті коллагеназа активациясы, тығыздығы төмен липопротеидтердің апобелоктарын фрагменттеуін қамтамасыз етеді.
Плазмалы калликреин қасиеттері қорғаныс реакцияларына қатысуын қамтамасыз етеді.Ол реакциялар гемокоагуляция, фибринолиз, клеткалар лизисі, артериялық қысымды реттеуді қамтамасыз етеді. Бірақ кейбір жағдайларда калликреиннің сол қасиеттері көптеген патологиялық процестердің дамуына әкеледі. Көптеген экспериметалды және клиникалық зерттеулер жіті және созылмалы қабыну, шок, диабет, аллергия, тромбо – гемаррагиялық бұзылыстар, онкологиялық аурулар, организмнің басқа да патологиялық процестерінің дамуына калликреин қатысады, қан плазмасы калликрниннің патогенетикалық функциясы, оның ингибиторларының жетіспеушілігінде айқын көрінеді.
Тканьдік (тіндік) калликреиндер. Тканьдік калликреиндер сүтқоректілер организмінде, экзокринді функциялы тканьде және олардың секреттерінде, эндотелиде, миокардиоцитте, орталық жүйке жүйесі және перифериялық нервтерде кездеседі.
Соңғы жылдары көп жұмыстар атқарылды. Олар калликреиннің структуралық функциясын және әр түрлі тканьдік калликреиннің молекулярлы биологиясын зерттелген.
Калликреиннің барлық молекулаларында өсу факторларын қамтамасыз ететін домені бар. Сондықтан қазір тканьдік калликреиннің клеткалық пролиферациясын реттеуде және ісік даму процесіне қатысуына аса көңіл аударылуда. Калликреин туыстығының ферменттері регуляторлы пептидтердің прогрессиясына қатысатыны туралы түсінік бар. Көптеген калликреин тәрізді ферменттердің генетикалық структурасы зерттелген. Олардың бес экзоны бар. Қазіргі кезде кемірушілердің 100 гені, адамның 30 гені клондалған. Тканьдік калликреиндер қан қысымын, гипертения дамуы, қабыну реакцияларының репродуктивті функцияларын, көптеген адаптация, қорғаныс процестеріне қатысады. Қан тамырлар қабырғасында тканьдік калликреиннің локальді пайда болуы. Осы фермент мРНК – лы екені табылған, ал оның қан тамырлар гомеостазын реттеуде маңызды рөл атқарады. Тканьдік калликреиндер клетканың басқа протеогенезімен қарым – қатынаста болады.
Брадикинин рецепторлары және олардың функциялары
Брадикинин антогонистері ашылғаннан кейін 80 – жылдары үлкен жетістіктер болды. Ол ККЖ – ның маңызды физиологиялық жүйелер – адаптация, қорғаныс, клетканың өсуі мен көбеюіне, артериялық қысым реттелуі, бүйрек функциялары және т. б қатысатыны анықталды.
Брадикинин қасиеттері – перифериялық және коронарлы қан тамырлар қабырғасын кеңейту, артериялық қысымды төмендету, капиллярлар өткізгіштігін жоғарлату, бронхтар және басқа органдар тегіс бұлшық еттерін жиырылту, лейкоциттер диапедезін стимулдеу, ауырсыну сезімін шақырту молекулалық және клеткалық деңгейде зерттелді. Брадикинин семіз клеткалардан гистаминді босатады, простагландиндер синтезін, босауын стимулдейді, әр түрлі тканьдер ісіктерінің некрозын, интерлейкиндер босауын, перифериялық тканьдермен глюкозаны қармап алу, орталық жүйке жүйесіне және перифериялық нерв жүйесіне нервті импульстар өткізу, Гемато Энцефалық Барьер қалпын өзгертуді стимульдейді.
Осы қасиеттерінің арқасында брадикинин қан қысымының перифериялық реттелуіне, физиологиялық және патофизиологиялық эффектіге, әсіресе қабыну дамуына қатысады. Көптеген брадикининнің биологиялық әсерлері екі спецификалық рецепторлармен В1 және В2 арқылы қамтамасыз етіледі. Брадикининнің негізгі биологиялық функциялары және организмде рецепторлардың локализациясыкестеде көрсетілген
Кинин әсері | Тканьдер/клеткалар | Рецепторлар |
вазоделятация | артериолалар | В2,В1 |
Капиллярлар өткізгіштігі | капиллярлар | В2 |
веноконстрикция | веналар | В2,В1 |
Простогландиндер босауы | Клеткалардың әр түрлі типтері | В2,В1 |
ауырсыну | Сенсорлы нервтер | В2 |
Клеткалар миграциясы | Полиморфтыядролы лейкоциттер лимфоциттер | В2 В2 |
Тканьдер репарациясы | фибробластар | В2,В1 |
бронхоконстрикция | бронхиолалар | В2,В1 |
Брадикинин антогонистері – В1, В2 рецепторларымен байланысады. Олар ренит терапиясында, бронхит, астма, септикалық шок, бас жарақаты, онкологиялық ауруларда қолданылады.
Брадикинин жартылай ыдырау кезеңі үлкен қан айналым шеңберінде 17 – 24 сек, ал кіші қан айналым шеңберінде одан да тезірек.
Соңғы жылдары – жаңа киноназа топтаоы бөлінген. Астма, бас жарақаты, диабет және басқа терапияда АПФ ингибиторларын ашумен байланысты. Гипертония, миокардиальді ишимия, емдеуде көп жетістектерге әкелді. Бәріне бнлгілі гомеостаз сияқты процестер, су – тұзды алмасу, асқазан – ішек жолдарының функциясы зақымдануы мүмкін, өйткені олар қабыну және ауырсыну нысаны болуы мүмкін. Басты рөл ККЖ активациясы, брадикинин түзілуінде. Осының бәрі ККЖ клиникалық медицинада қазір маңызды зерттеу саласы. Қазір ККЖ белсенділігінің бұзылуымен байланысты ауыр патологиялық жағдайдың емделуі анықталды. Генотерапияның ауыр гипертонияны емдеуде, табиғи және синтетикалық калликреиннің және кининазаның ингибиторын пайдалану. Көптеген аурулар терапиясында брадикинин антогонисі, агонистерін пайдалану қолданылады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: