Кеңірдек өңештік жыланкөз
Комбинирленген патологиялардың ауыр түрлерінің бірі болып – кеңірдек – өңештік жыланкөз болып табылады. Кеңірдек пен өңеш арасындағы туа пайда болған жыланкөз жаңа туған нәрестелердің 0,03 – 0,04% кездеседі. Жиі кеңірдек – өңештік жыланкөздер кездеседі, сирек бронхиалды жыланкөздер. Нәрестеде уақытында анықталмаған жыланкөз сұйықтықтың аспирациясына алып келіп, пневмонияның тез дамуына, аяғында леталділікке алып келеді.
Жүре пайда болған жыланкөздер негізгі патологиялық үрдістің асқынуы ретінде (ісіктер, өңеш дивертикулдары және т.б.) немесе жарақаттардан кейін дамиды.
Этиология және патогенезі
Туа пайда болған жыланкөздер эмбирогензедің бұзылысы салдарынан жиі дамиды. Жыланкөз алдыңғы ішек және тыныс алу түтігінің арасындағы тесіктің бітіспеуі салдарынан дамиды. Тұқым қуалаушылығы толығымен зерттелген жоқ. Жыланкөздер қалыпты өңеш кезінде сирек кездеседі, әдетте ол өңеш атрезиясымен немесе стенозымен қосарланып жүреді.
Жүре пайда болған өңеш – кеңірдектік және өңеш – бронхтық жыланкөздер жиі ісіктің әсерінен өңештің ыдырауы салдарынан дамиды. Басқа да этиологиялық факторларға жатады: өңештің зақымдалуы, жарақаттар, бөгде заттар және эндопротездер, өңеш дивертикулының перфорациясы, эндоскопиялық зерттеулер және буждау, ауаға толған трахеостомиялық канюляның әсерінен трахея қабырғаларының некрозы, өңештің химиялық күйіктері, және де өңешке, бронхтарға, кеңірдекке және т.б. жасалынған операциялар салдарынан.
Патологиялық анатомиясы
Жүре пайда болған жыланкөздер әр түрлі ұзындықтағы және көлемдегі каналдардан тұрады және оның екі шығатын өзегі болады: өңештік және кеңірдектік (немесе бронхиалды). Сирек өңеште немесе кеңірдекте екі өзек болады және көптеген жыланкөздер де сирек кездеседі. Жыланкөздің ұзындығы бірнеше милиметрден – 2-3 см-ге дейін созылуы мүмкін. Кейде каналдар иректелген немесе ұзын болуы мүмкін. Жыланкөздің көлемі нүктелі түрінен 2-3 см-ге дейін болуы мүмкін. Жыланкөз қабырғалары қатқыл, тығыз консистенциялы байланыстырушы тіндерден тұрады. Жыланкөздің ішкі қабырғасы оның этиологиясына және даму ұзақтығына байланысты болып келеді. Жиі қабырғалары кедірлі – бұдырлы үшкірленген қырлармен, ісінген, лайлы – сұр түсті, фибринозды – іріңді жабынмен жабылған.
Жүре пайда болған кеңірдек – өңештік және өңеш – бронхиалды жыланкөздердің жіктелуі (Багиров Д. М., Ванцян Э. Н., Перельман М. И., 1972)
А. Өңештің және тыныс алу жолдарының қатерлі ісіктері (рак, лимфогранулематоз және т.б.)
- Өңеш-кеңірдектік;
- Өңеш-бронхиалды;
- Өңеш-медиостеналды-өкпелік-бронхиалды (кең, тар, клапанды, қысқа)
Б. Өңеш дивертикулдары және зақымданулары, кеңірдектің және бронхтардың зақымдануы:
1.Өңеш дивертикулы;
2.Өңеш, кеңірдек және бронхтардың зақымдалуы:
- Буждау немесе эзофагоскопия кезде;
- Бөгде заттармен;
- Химиялық заттармен;
- Жабық жарақаттар кезде
Өңеш-кеңірдектік;
Өңеш-бронхиалды;
Өңеш медиостеналды немесе плевро өкпелік бронхиалды (кең, тар, клапанды, қысқа, ұзын)
В. Инфекция:
- Спецификалық – туберкулез, сифилис, актиномикоз;
- Спецификалық емес– іріңді медиастенит, плеврит, өкпе абсцессі.
Г. Операциялар:
- Өңешке;
- Кеңірдекке және бронхтарға;
- Өкпелерге.
- Өңеш-медиостеналды-трахеалды немесе бронхиалды;
- Өңеш-плевро-бронхиалды;
- Өңеш-плевра-бронхо-торакалды (кең, тар)
Қатерлі ісік салдарынан дамыған жыланкөздер;Осы жіктеуге байланысты этиологиялық принцип бойынша жыланкөздер топқы бөлінеді:
- Өңеш, кеңірдек, бронхтардың зақымдалуынан және дивертикулдардың перфорациясынан дамыған жыланкөздер;
- Спецификалық немесе спецификалық емес инфекциялардың салдарынан дамыған жыланкөздер;
- Операциядан кейінгі дамыған жыланкөздер.
Орналасуына және өзара байланысына байланысты жіктеледі:
- Өңеш-кеңірдектік;
- Өңеш-медиастеналды-кеңірдектік;
- Өңеш-бронхтық;
- Өңеш-медиастеналды-бронхтық;
- Өңеш-плевра-бронхтық;
- Өңеш-плевра-өкпе-бронхтық;
- Өңеш-медиастенлды-өкпе-бронхтық;
Клиникасы және диагностика жолдары.
Өңеш пен тыныс алу жолдарының арасындағы жалынкөздердің клиникасы әр түрлі. Симптомдардың негізгі 3 тобын бөлуге болады:
- ауырсыну симптомы;
- жыланкөз симптомы;
- жыланкөз салдарынан іріңді – қабыну үрдістердің симптомы.
Шағымдары:
- Тамақ ішкен кезде немесе ішкеннен кейінгі ұстама тәрізді жөтел;
- Қан, ірің немесе шырыш аралас қақырықтың болуы;
- Қан құсу;
- Дауыс дірілі симптомы, афонияның дамуы, дауыстың қарлығуы;
- Кеудедегі және арқадағы ауырсыну;
- Желінген тамақты тез арада құсып тастау және ұзаққа созылған ықылық ату;
- Және асқынуларына байланысты клиниканың болуы (пневмония, өкпе абсцессі немесе гангренасы, іріңді плеврит, медиастенит, перикардит және т.б.).
Диагностика:
- Анамнез;
- Метилен көгін жұтқыу (егер жыланкөз бар болатын болса, метилен көзі қақырықты бояйды);
- Өңешті рентгенконтрастпен зерттеу (суда еритін заттарды қолдану керек – біріншідіен, олар тар тесіктер арқылы еркін өтеді, екіншіден, тыныс алу жолдарына түсетін болса өкпебронхтық асқынуларды алып келмейді);
- КТ;
- Эзофагоскопия және трахеобронхоскопия;
Емдеу
Консервативті емге жатады:
- Зондпен парентеральды тамақтандыру;
- Трахеобронхиалды ағаштың санациясы;
- Симптоматикалық терапия;
Консервативті терапия тек қана уақытша науқастардың жағдайын қалыпқа келтіріп, асқынуларды болдырмауға қолданылады. Егер уақытында оперативті ем жасалынбайтын болса науқастар әр түрлі асқынулардың салдарынан қайтыс болады.
Оперативті емге көрсеткіш және оперативті емнің көлемі жыланкөздің этиологиясына, топографо-анатомиялық ерекшелігіне, науқастың жалпы жағдайына және негізгі аурудың болжамына байланысты болып келеді. Өңеш – кеңірдек жыланкөздері кезінде қолданылатын оперативті емді 3 топқа жіктеуге болады:
Радикалды: Жыланкөзді сылып алу, зақымдалған өкпені немесе оның бөлігін алып тастау, қалған бөлшегін дренирлеу және өңештің, кеңірдектің және бронхтың пластикасын жасай отырып дефектті тігу.
Шартты радикалды: Кеуде ішілік абсцессті ашу, бөгде затты алып тастау, жыланкөзді тігу және өңешті байлау.
Паллиативті: Гастростомия, еюностомия, өңешті шундтау.
Радикалды операцияға көрсеткіштер: қатерсіз ісіктер немесе жарақаттар, операциядан кейінгі жыланкөздер, өңештің, кеңірдектің, бронхтардың басқа да патологиялық өзгерістерінің болмауы.
Ену жолы және көлемі орналасуына, жалынкөздің даму ұзақтығына, қоршаған тіндерінің өзгерістеріне байланысты болады. Жиі оңжақты бүйірлік торакотомия қолданылады.
Радикалды операцияның мәні: жыланкөзі және оны қоршаған тіндерді мобилизациялау; жыланкөз каналын сылу немесе оны құрайтын ағзаларды босату; қалпына келмейтін ағзаларды немесе олардың бөлшектерін алып тастау; ағзалардың дефектілерін алып болғаннан кейін тігу немесе пластикасы.
Егер жыланкөз нүктелі көлемде болатын болса онад эндоскопиялық ену жолы арқылы фибринді желіммен жабуға болады.
Паллиативті операцияға көрсеткіштер: өңештің созылмалы қатерлі ісіктері, ауыр жарақаттар, мидың қалыпқа келмейтің қзгерістерінің әсерінен ұзақ уақыт өкпені жасанды тыныс алдыру және т.б.
Паллиативті операциялар энтеральды тамақтандыруды қалыптастыруға және өңеш пен асқазан ішіндегі заттардың трахеобронхиалды ағашқа регургитациясын алдын алуға бағытталған. Көп жағдайда осы лақытырстар нәтижесінде жыланкөз өзіндігінен жабылуы мүмкін. Осындай жағдайда асқазан – өңештік рефлюксты ескере отырып, гастростома немесе энтеростома салынады, сонымен қоса әр түрлі стенттер қолдана отырып өңешті стенттейміз.
Кейбір жағдайларда егер жыланкөз көлемі үлкен болатын болса, өңештің мойын бөлігінің резекциясын жасап гастростома салынады, кейін жыланкөз жабылғаннан кейін өңештің пластикасы жасалынады.
Қорыта келгенде, өңеш – кеңірдектік жыланкөзді хирургиялық емдеу өте ауыр жағдай болып табылады. Себебі көп жағдайда жыланкөздер қатерлі ісіктердің асқынуы кезінде дамиды, ал радикалды хирургиялық ем әр жағдайда қолданула бермейді.
Осындай науқастарған оперативті ем түрлері индивидуалды түрде, жыланкөздің патоморфологиялық ерекшелігін, ағзаның жалпы жағдайын және аурудың ары қарай дамуының ауырлығын ескере отырып таңдалуы керек.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Өңешті сәулелі тексеру әдістері, алгоритімі
- Асқазан өңеш рефлюкс ауруы, рефлюкс эзофагит
- Өңеш рагі (обыры)
- Өңеш дивертикулы
- Өңеш ахалазиясы
- Көкірекаралық кеңістік анатомиясы
- Ntesen—Roeeettl бойынша диафрагма жарығына операция