Шеткі жүйке жүйесінің зақымдалуы

Шеткі нерв жүйесінің зақымдануы (нерв, өрім, жұлындық, түйін, түбір)

Перифериялық нерв жүйесі –  бас миы және жұлыннан тыс нервті структуралар жатады: олар жұлынның артқы және алдыңғы түбірлері, түйіндер, өрімдер, ганглилер. Бұл нерв өнімдері импульсты орталық нерв жүйесінен, жұмысшы мүшелерге – бұлшықет және периферияға жеткізеді. Перифериялық нерв жүйесінде ОЖЖ сияқты, қорғаныш қасиеті болмайды, сондықтан ол токсиндер әсеріне және механикалық зақымдануларға сезімтал болады. Олардың зақымдау себептері токсиндер, инфекция, авитаминоз, қан айналым бұзылыстары, жарақаттар болуы мүмкін.

Перифериялық нерв жүйесі ауруларының жіктелуі:

  1. Топография-анатомиялық принцип бойынша:
  • радикулит (түйін қабынуы);
  • фуникулит (қанатша қабынуы);
  • плексит (өрімдер қабынуы);
  • мононеврит (перифериялық нерв қабынуы);
  • полиневрит (көптеген перифериялық нерв қабынуы)
  1. Этиологиясы бойынша:
  • инфекционды;
  • инфекционды-аллергиялық;
  • токсикалық;
  • аллергиялық (вакциналық, сары сулық);
  • дисметаболикалық (витамин жеткіліксіздігінде, эндокринді аурулар кезінде);
  • дисциркуляторлы (ревматикалық васкулит кезінде);
  • идиопатикалық және тұқым қуалаушы (Шарко-Мари невральды амиотрофия) ;
  • жеке перифериялық нервтердің компрессионды-ишемиялық зақымдалуы
  • вертеброгенді зақымдалуя (сүйектік, дисктік, буындық, бұлшықеттік).
  1. Патогенез және патоморфологиясы бойынша:
  • неврит (радикулит);
  • невропатия (радикулопатия)- ми жұлын нервісінің түбірше аймағында зақымдануы. Әдетте жұлынның бір деңгейінде тұбіршелердің жаншылуы;
  • невралгия – белгілі нервтер иннервация аймағындағы ауырсынулы сезімдер. Ұстама алдында зақымдалған нерв қызметінің тежелуі, субьективті немесе обьективті қозу симптомдары байқалмайды.

полиневропатия (невропатия) тобы перифериялық нерв жүйесінің тамырлық, аллергиялық, токсикалық, метаболикалық, сонымен қоса әртүрі физикалық факторлар – механикалық, температуралық, радиациялық зақымданулар әсерінен болады.

Нейропатия – нерв жасушасының денесінің зақымдануы. Бұл жеке қозғалтқыш немесе жеке сезімталдықтың  бұзылуымен сиппаталады.

Полирадикулопатия – ми жұлын нервітерінің түбіршелерінің бір мезгілде бірнеше деңгейде зақымдалуы, көбінесе ісіну процесстерінде кездеседі.

Полирадикулонейропатия – бұл кезде бір мезгілде бірнеше деңгейде түбіршелер ғана емес нервтердің өздері де зақымданады.

Плексопатия – иық немесе бел сегізкөз  өрімдерінің зақымдануы.

Мононейропатия – бір ғана перифериялық нервтің зақымдануы, көбінесе локалді травмадан кейін пайда болады.

Полинейропатия – симметриялы бірнеше перифериялық нервтердің зақымдануы.  Патологиялық процесстің басталуы  аяқтардың ұшынан   басталып қолдардың басына дейін таралуы.

Мультинейропатия – бірнеше перифериялық нервтердің изоляцияланған зақымдануы. Бұл зақымдану түрі васкулиттерде кездеседі.

Жұлынның түбірінің зақымдалуы – түбірлік синдром деп аталады. Алдыңғы түбірдің зақымдалуы – осы түбірдің иннервациялайтын бұлшықеттің перифериялық параличін тудырады. Артқы түбірдің зақымдалуы – сезімталдық бұзылысына әкеледі. Зақымдалған түбір иннервациялайтын тері аймағында әртүрлі парестезиялар, ауырсыну, гиперестезия және анестезия болады. Ауырсыну ұстама тәрізді немесе тұрақты, аяқ-қолға иррадиацияланатын болуы мүмкін. Түбірлік гиперестезиялар, гипестезиялар және анестезиялар белгілі-бір форма түзеді – аяқ-қолда көлденең және денеде циркуляторлы. Артқы түбірлердің зақымдалуы кейбір рефлексттердің әлсіреуі немесе жоғалуына әкеледі. Ол осы рефлекстерді тудырушы нерв аппараттарының функцияларының жоғалуы есебінен болады. Клиникалық практикада жиі жұлынның алдыңғы және артқы түбірінің бірдей зақымдалуы кездеседі.

шеткі нерв жүйесінің зақымдалуы

Жүйке өрімінің зақымдалуы қозғалыс, сезімталдық және вегетативті бұзылыстар тудырады. Себебі өрім бағаны қозғалыс, сезімталдық және вегетативті жүйке талшықтарынан тұрады. Бір аяқ не қолдың перифериялық параличі (парезі)-мен бірге ауырсыну және басқа сезімталдық бұзылыстарымен қатар болуы мүмкін. Жиі кездесетін өрімнің бөліктік зақымдалуы болады. Ол қозғалыс және сезімталдық бұзылыстарын тудырады. Перифериялық нервтің зақымдалуы (мононевриттік синдром) ол тек қозғалыс бұзылысын тудырады. Егер ол моторлы нерв болса, тек сезімталдық бұзылысы болады, егер тері жүйкесі зақымдалса, жиі қозғалыс, сезімталдық және вегетативті бұзылыстар болады. Себебі нервтердің көбі аралас болып табылады. Зақымдалған нерв иннервациялайтын бұлшықеттің перифериялық параличі туындайды. Сәйкес бұлшықеттерде атрофия, рефлекстер жоғалады. Өрім бағаны бойынша ауырсыну және пальпация кезінде ауырсыну болады.

Перифериялық нерв жүйесі зақымдалуының жиі кездесетін симптомдары:

  • сезімталдық бұзылыстары (ауырсыну, ұю сезімі, «құмырсқа жүргендей» сезім, белгілі аймақтардың сезімталдығының жоғарылауы немесе төмендеуі)
  • қозғалыс бұзылыстары (әлсіздік, аяқтың қозғалысының бұзылысы
  • вегетативті бұзылыстар (аяқ – қолдың тоңуы, дымқыл аяқ)

Жалпы  симптомдары:

Қозғалыс бұзылысы:

  • парез, паралич (салдану)

сезімталдық бұзылысы:

  • анестезия, гипестезия
  • парестезия,   гиперестезия
  • ауырсыну синдромы

Вегетативті бұзылыстар:

  • вазомоторлы
  • секреторлы
  • трофикалық

Диагностикасы:

Перифериялық нерв жүйесі ауруларының диагностикасы басты ауруды анықтауға негізделген. (мысалы қант диабеті кезіндегі перифериялық нервтің зақымдалуы, алкоголизм).

Емі:

Медикаментозды терапия басты аурудың алдын алуға негізделген, яғни ауырсынуды басу, нерв қызметін қалпына келтіру.

Медикаментозды емес терапия физиотерапевтикалық емдеу әдістерінен тұрады.

Хирургиялық емдеу әдістері:

  • ұзақ уақыттық неврологиялық дефект және консервативті терапия нәтижесіз болғанда;
  • жедел жағдайларда және операцияға абсолютті көрсеткіш болған кезде

Ұқсас матетериалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қөз қозғайтын нервті тексеру
  2. Үшкіл нервті тексеру әдістері
  3. Бет нервісін тексеру әдістері
  4. 12 жұп бассүйек ми нервтері
  5. Аяқ нервтерінің семиотикасы
  6. Қолдағы нервтердің зақымдалуы
  7. Аяқ нервтерінің зақымдалуы. Бел өрімі
  8. Жүйке (нерв) тіні
  9. Перифериялық нерв зақымдалулары

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!