Нефрологиядағы ажырату диагностикасы
СБЖ жиі себебі гломерулонефрит болғандықтан (кей мәліметтерде ғана пиелонефриттен кейінгі орын алады) бұл нозологиялық форманың диагностикасы нефрологияда басты орын алады. Көптеген жүйелі аурулардың бүйректі зақымдаумен жүретінін, зақымданулардың гломерулонефритке ұқсас (симптомдар мен синдромдар) не толық клиникасын қайталайтынын ескеріп, ең алдымен ауруды гломерулонефритпен ажырату маңызды. Сондықтан, осы бөлімде гломерулонефритті анықтауға бағытталған ажырату диагностиканың негізгі әдістері келтірілген.
Гломерулонефрит –генетикалық тұқым қуалайтын, шумақшалардың басым зақымдалуы мен және патологиялық процеске барлық бүйрек құрылымдарының шалдығуымен,клиникасында бүйректік және бүйректен тыс симптомдармен жүретін иммунды қабыну
Аурудың HLA жүйесінің фенотипімен байланысы анықталып, гломерулонефритке әкелетін өзгерген кандидатты гендер себебі дәлелденген. Нефрологиялық сырқаттардың ішінде ГН 36,7 % құрайды.
Жедел гломерулонефрит көбінесе стрептококкты инфекциядан (фарингит, тонзиллит, тері аурулары) кейн дамиды:аса нефритогенді болып бетта-гемолитикалық стрептококк (12, 49 типтері) А тобынан. Әдебиеттер мәліметтері бойынша, 44,3% науқастарда ГН баспадан және созылмалы тонзилиттен кейін дамиды. Жедел ГН пневмококкпен және Фридлендер таяқшасымен шақырылған пневмониядан кейін, менингококкты инфекция, шистосомоз, малярия, вирусты инфекциялардан кейін де дамуы мүмкін. Жедел гломерулонефриттің классикалық көрінісінде инфекциядан 10-12 күннен кейін(антиденелердің түзілу уақыты) дамып, ісінудің тез дамуымен, протеинурия және макрогематурия (ет шайындысы тәрізді несеп), гипертония және циклдық ағыммен өтеді. Бірақ, жедел гломерулонефрит, әсіресе, классикалық түрі қазіргі кезде ересек адамдарда сирек кездеседі. Терапевт байқауында қазіргі кезде тек зәр синдромымен жүретін, кейде айқын емес, жасырын клиникалық көріністермен өтеді. Созылмалы гломерулонефрит айтарлықтай жиірек кездеседі. Клиникалық көрінісі бойынша созылмалы гломерулонефриттің келесі түрлері ажыратылады: 1) латентті, 2) гематуриялық, 3) нефротикалық, 4) гипертониялық және 5) аралас (нефротикалық-гипертониялық).
Негізгі нозологиялық формалардың ішінен клиникалық көрініс бойынша ажырату диагностикасын жүргізуде мңыздыларын еске түсірейік.
Жасырын гломерулонефрит – созылмалы гломерулонефриті бар науқастардың ішіндегі ең жиі 44% кездесетін түрі. Ауру тек зәрдегі өзгерістермен ғана көрінеді – протеинурия, гематуря, шамалы лейкоцитуриямен және кейде АҚҚ көтерілуімен. Ағымы әдетте баяу өрістейді, болжамы жекеленген протеинурия кезінде жағымды, протеинурия мен гематурия бірлессе жағымсыз. Латентті гломерулонефриті бар науқастардың 88% өмір сүру ұзақтығы 10 жыл (гематуриялық вариантты қосқанда).
Гематуриялық гломерулонефрит – созылмалы гломерулонефриттің 6 % – да ғана кездесетін сирек варианты. Ауру тұрақты гематурия және кейде макрогематурия эпизодтарымен өтеді. Гематуриялық гломерулонефрит ішінде айқын формасы шумақшаларда IgA жиналуымен сипатталатын, кбінесе жас ер адамдарда респираторлы инфекциялардан кейін дамитын, макрогематурия эпизодтарымен өтетін IgA-нефропатиясы (Берже ауруы) ерекшеленеді. Гематуриялық гломерулонефрит ағымы қолайлы, СБЖ сирек дамиды.
Нефротикалық гломерулонефрит – созылмалы гломерулонефриті бар науқастардың ішінде 22% ауруларда кездеседі, айқын протеинуриямен (3,5 г белок тәулігіне), диурез төмендеуімен, тұрақты ісінулермен, гипопротеинемия ( 60 г/л дейін), гипоальбуминемия (30 г/л дейін), гипер- гамма-глобулинемия, гиперхолестеринемия мен көрінеді. Ағымы әдетте аздап тез өрістейтін (мембранозды немесе мезангиопролиферативті морфологиялық вариантпен сипатталатын гломерулонефрит) немесе салыстырмалы тез өрістейтін (мезангиокапиллярлы гломерулонефрит, фокальды-сегментарлы гломерулосклероз, фибропластикалық гломерулонефрит)түрлерінде өтеді. Нефротикалық синдром периодты түрде рецидив береді: рецидивтер арасындағы кезеңде шамалы зәр синдромы сақталады. Кейде нефротикалық синдромның айқындылығының біртіндеп өсуі байқалады. СБЖ дамыған соң нефротикалық синдром әдетте азайып артериальды гипертонияға жол береді, бірақ, кейде гломерулонефриттің терминальды кезеңінде алғаш рет дамуы да мүмкін. Нефротикалық гломерулонефритке нефротикалық криз (дене қызуының жоғарылауы мен перитонит тәрізді симптомдар, тілме тәрізді терілік эритемалардың кенкттен дамуы), гиповолемиялық коллапс, бүйрек қызметін бұзатын көктамырлардың тромбозы, тамырішілік коагуляциялар кризі секілді жедел дамитын эпизодтар тән. Қазіргі кезде нефротикалық гломерулонефриттердің инфекциялық асқынуы бұрынғыдай фатальды емес.
Гипертониялық гломерулонефрит -созылмалы гломерулонефриті бар науқастардың ішінде 21% ауруларда кездеседі. Әдетте, несептегі өзгерістер минимальды (протеинурия 1 г/тәу аспайды, шамалы гематурия); клиникалық көрінісінде маңыздысы гипертониялық синдром. Гломерулонефриттің бұл түрі ісінулер болмаса дәрігерге бармай, көп жылдар бойы (кейде 30 жылға дейін) артериялық гипертонияны қалыпты көтерумен сипатталатын, ағым ерекшелігі бойынша жасырын формаға ұқсайды. Артериальды типертонияның асқынулары (инсульт, миокард инфаркты) сирек кездеседі; жиірек шоқырақ ырғағы, жүректік астма мен солқарыншалық жүрек жетіспеушілігі байқалады. Ағымы баяу, бірақ СБЖ әкелетін қайтымсыз үдемелі.
Аралас гломерулонефрит– нефротикалық синдроммен гипертониялық синдромдардың бірлесуі. Бұл анасаркаға дейінгі айқын ісінулер мен олигоурия, массивті протеинурия, жоғары гипертония секілді негізгі синдромдармен жүретін брайт нефритінің типті түрі.
Созылмалы гломерулонефриттердің ішінде 7% құрайды, қайтымсыз прогрессирлеуші ағыммен, 30% – да 10 жыл өмір ұзақтымен сипатталады. Нефриттің жеке түрі ретінде нефротикалық синдромға қоса жоғары гипертония мен БЖ жедел (алғашқы айларда) дамуымен, типті морфологиялық (шумақшалар капсуласы эпителийінің тез пролиферациялануы мен «жартыайшалар») көрінісімен сипатталатын жеделдеу гломерулонефритті ажыратады. Летальдылық 1-2 жылдан кейін дамиды; «пульс-терапия» (кортикостеройдтардың өте жоғары дозасы) мен плазмаферезден кейінгі қолайлы ағымды жағдайлар да кездеседі. Жүйелі аурулармен бірлескен гломерулонефриттер қазіргі нефрология клиникасында ерекше орын алады. Аталған аурулар кезінде бүйрек зақымдануын дұрыс анықтап, нефропатия емін және болжамын дұрыс таңдауда жүйелі аурулардың клиникалық көрінісін де жеке назологиялық түр екенін ескерген жөн(5табл.). Сонымен қатар, жүйелі көріністер амилоидоз, бактериальды эндокардит, ісіктерде (паранеопластикалық синдром), туберкулез кезінде де жиі байқалады, негізгі ауруды емдеу мен оның салдарынан зақымдалған бүйректі емдеу тактикасы да әртүрлі.
Бүйрек зақымдануына әкелген жүйелі аурулармен ажырату диагнозды дүргізгенде лабораторлы зерттеулердің нәтижесі де көмегін тигізеді. Жүйелі аурулар кезіндегі бүйректік процесс көптеген ауруларға ұқсас болғанымен өз белгілі ерекшелігімен айқындалады (табл. 6).
ЖҚЖ кезінде бүйрек зақымдалуы көбінде алғашқы 2 жылда дамиды, сирек кеш кезеңде. Жиі нефротикалық синдром байқалады, гематуриялық вариант кездеспейді де, артериалық қан қысымының жоғарылауы жиі болса да гипертониялық вариант минимальды зәр синдромымен сирек кездеседі. Шенлейна-Генохтың геморрагиялық васкулиті кезіндегі нефрит көбінесе гематуриялық гломерулонефрит түрінде балаларда жиі кездеседі. Ересектерде сирек, көбінесе нефротикалық, гипертониялық синдромдармен ауыр өтеді. Ересектердегі жасырын гломерулонефриттің болжамы қолайсыз, белсенді емге бағынбайды. Түйінді периартеритте бүйрек зақымдануы аурулардың 3\4 де кездеседі, гематурия және көбінде рейтинопатия мен соқырлыққа әкелетін қатерлі гипертония тән. Ағымы қайтымсыз үдемелі, цитостатиктермен белгілі нәтиже береді.
Тез өрістеуші гломерулонефрит Вегенер гранулематозына, Гудпасчер синдромына, криоглобулинемяға т.б. тән. Гломерулонефриттің негізгі варианттарының (жекеленген және жүйелі) клиникалық түрлілігіне қарамастан, барлығы да бірдей СБЖ – не әкедеді, бірақ даму жылдамдықтары әртүрлі. Гломерулонефриттің даму жылдамдығын бағалау науқасты клиникалық зерттеудег негізгі этапы болып табылады. Келесі: 1) баяу өрістеуші (персистирлеуші) гломерулонефрит, белсенді ем нәтижелілігі дәлелденбеген; 2) шамалы өрістеуші және 3) тез өрістеуші гломерулонефрит, бірлескен схеманы (преднизолон+цитостатиктер+антикоагулянттар) қолдану арқылы, кортикостероидтар мен плазмаферездің өте жоғары дозасымен белсенді емді қажет ететін түрлері ажыратылады.
Гломерулонефриттің ажырату диагностикасын екі этапта жүргізеді: 1) гломерулонефрит диагнозын нақтылап, пиелонефритті және басқада интерстициальды нефриттерді, әсіресе, дәрілік, бүйрек амилоидозын, подагралық және миеломды бүйректі және протеинурия немесе гематурияның басқада себептерін (бүйрек веналарының тромбозы, ортостатикалық протеинурия, бүйрек ісігі мен зәртас ауруы т.б.) жоққа шығару керек; 2) гломерулонефрит диагнозын қойған соң бүйректің жеке зақымдалуы ма (Брайт ауруы) ,әлде, жүйелі аурулар кезіндегі гломерулонефрит екендігін анықтау керек.
Жедел гломерулонефриттің ажырату диагностикасын, ең алдымен, жедел пиелонефритпен және гематурия мен жүретін жедел интерстициальды нефритпен жүргізу керек. Жедел гломерулонефритке жоғары лейкоцитурия (кейде нефротикалық синдроммен бірге жүреді), бел аймағындағы тұрақты ауырсынулар, қалтырау мен дене қызуының көтерілуі тән емес; Жедел пиелонефритте ісіну синдромы мен жүректік астма сирек кездеседі. Дәрілік жедел интерстициальды нефрит туралы бүйрек зақымдануы антибиотиктермен (метициллин, цефалоспориндермен) емделгеннен кейін дамыса, әсіресе қандағы эозинофилия, тері бөртпелері мен басқада дәрілік алларгияның көріністері, несептің салыстырмалы тығыздығының күрт төмендеуі кезінде ойлауға болады. Жедел гломерулонефриттің барлық клиникалық көріністері бүйректің созылмалы ауруларының белсенді прцесі (жедел нефритикалық синдром) кезінде де туындау мүмкін. Мұндай жағдайда, қорытынды диагноз қойып, белсенді ем қажеттілігін анықтау үшін анамнезді жинау мүмкін болмаса, бүрек бүтіндігі сақталса, бүйректің пункционды биопсиясын жүргізу қажет.
Жасырын гломерулонефрит кезіндегі өзгерістер созылмалы пиелонефрит, бүйрек амилоидозы, подагралық бүйрек кезінде де байқалуы мүмкін. Пиелонефритке жоғары лейкоцитурия, бактериурия, зәрдің салыстырмалы тығыздығының және осмотикалық концентациялаудың төмендеуі, периодты түрде дене қызуының көтерілуі мен қалтырау, бүйректердің ассиметриялы зақымдануы және ерте дамитын анемия тән. Жасырын нефрит пен пиелонефритке ажырату диагностикасын жүргізгенде ұқсас көрініс (жекеленген зәр синдромы) беретін, зәртас ауруына және интерстициальды процеске (зәрқышқылды түтікшелі блокада сирек кездеседі) әкелетін подагра кезіндегі бүйректің зақымдануын да ескерген жөн. Жедел подагралық артрит кезіндегі типті ұстамлар мен теріастылық тофустар подагралық нефропатияны қоюға дәлел. Бірақ, кейде подаграның бұл көріністері болмай, қандағы зәр қышқылының деңгейін тексеру арқылы ғана дұрыс диагноз қойылады. Созылмалы инфекция (туберкулез, өкпенің созылмалы аурулары, остеомиелит) ревматоидты артрит, кезеңді ауруы бар адамдардың зәрінде өзгерістер пайда болса бүйрек амилоидозына күдіктену қажет. Нефрологияда ажырату диагностиканың қиын мәселесінің бірі, жедел мен созылмалы нефритті айыра білу. Жедел нефротикалық синдромның күрт басталуы және зәрдегі өзгерістер мен клиникасының бұрын болмауы жедел нефрит мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, жедел нефрит білінбей басталып тек мақсатты зерттеулер кезінде (жалпы зәр талдауы, АҚҚ өлшеу, бүйректің функциональды жағдайын бағалау) ауытқуларды анықтағанда ғана бүйрек патологиясын күмәндандыруы мумкін. Мұндай жағдайда, және бүректің функциональды қызметі сақталса жедел нефрит диагнозын тек 1 – 1.5 жылдан соң патологиялық көріністердің толық жоғалуы болса ғана заңды болады. Жедел нефриттің клиникалық көрінісінде ануриялық ЖБЖ, эклампсия, ЖЖЖ секілді асқынулар басым дамыса диагностикасында қиындықтарды тудырады. Аурудың мүмкін этиологиясын меңгеріп және сырқаттың жағдайын мұқият бағалау арқылы ғана ауруды анықтау мүмкін. Жедел нефриттің клиникасында гипертониялық синдром басым болса ажырату диагностиканы гипертониялық кризбен, біріншілік гиперальдостеронизммен, феохромоцитомамен, пиелонефритпен, реноваскулярлы гипертониямен, сирек – бүйрек поликистозымен, бүйрек паренхимасының қатерлі ісігімен («гипернефромамен»)жүргіземіз. Мұндай жағдайда дұрыс ажырату үшін анамнезді, клиникалық көріністі, жедел нефритке тән емес гипертониялық аурудың тұқым қуалаушы сипатын, бүйрек гипертониясы жоқ кездегі күшті ұстама тәрізді бас ауыруы, тахикардия, тершеңдік, феохромацитома кезіндегі гипергликемия, Конн синдромы кезіндегі күрт гипокалиемия, реноваскулярлы гипертония мен пиелонефрит кезіндегі изотопты рентгенограммада ассиметрия белгілерін мұқиат игеру қажет.
Гематуриялық гломерулонефрит ең алдымен урологиялық поталогиямен (зәртас ауруы, бүйрек туберкулезі, ісігі, инфаркті, венозды айналымның бұзылуы) ажырата білу керек. Гематуриялық нефрит маскасымен бел аймағындағы ауырсынумен гормональды контрацептива қабылдайтын әйелдерде люмбалгия-гематуриялық синдром өтуі мүмкін. Гематурияның гипокоагуляциялық (тромбоцитопения, гемофилия, бүйрек аурулары т.б.) және гемопатиялық (жедел лейкоз, эритремия т.б.) механизмдерін ескерген жөн. Гематуриялық нефритті анықтағанда гематурия негізгі клиникалық симптом болса созылмалы интерстициальды нефритпен тұқым қуалайтын нефритті терістеу керек. Ажырату диагностикасын жүргізгенде ең маңыздысы гломерулонефриттің жүйелі аурулармен байланыс жоқтығын анықтау. IgA – ның бүйректе жиналуы мен қанда концентрациясының жоғарылауы нефриттен басқа қол, аяқ,денедегі симметриялы геморрагиялық бөртпелер, артралгиялар мен, абдоминалгиялармен жүретін геморрагиялық васкулиттерде де(Шенлейн—Генох ауруы) кездеседі. Осындай гематуриялық IgA-нефрит бауырдың алкогольды зақымдануларында және жалпы алкогольды көп қабылдағанда да байқалады. Гематурия бактериальды эндокардиттің көрінісі (кейде алғашқы) де болуы мүмкін. Гематуриялық нефрит кезінде бүрек қызметінің тез төмендеуінде Вегенер гранулематозына (бүйрек зақымданумен, тыныс жолдары және өкпенің шырышты қабатының зақымдануының үйлесуі, қан түкіру мен кейде қан ағумен сипатталтын тамырлы қуыстардың түзілуі), түінді периартерит, Гудпасчер синдромынан (гематуриялық нефритпен қан түкірумен өкпе зақымдануының үйлесуі) күмәндану керек.
Нефротикалық гломерулонефрит ең алдымен бүйрек амилоидозымен ажыратады. Амилоиды іріңді инфекциялық ауруы бар, ревматоидты аргрит, Бехтерев ауруы, псориатикалық артриті бар адамдардан күмәндануға болады. Нефротикалық синдромы бар науқастың жанұясында жиі типті қызбалық – абдоминальды ұстамалар мен ауыратын туысқанының болуы, науқаста кезеңді аурудың классикалық көрінісі болмасада нефротикалық синдромнды 100% амилоидоздың көрінісі деп бағалайды. Бүрек амилоидозының мүмкіндігін нефротикалық синдромның тұрақтылығы және оның СБЖ кезеңінде де сақталуы мен гепатоспленомегалия, сіңірудің бұзылуы, гиперфибриногенемия, тромбоцитозбен үйлесуі дәлелдейді. Амилоидоз кезіндегі гематурия (кейде макрогематурия) қазірде жиі кездесуде. Сондықтан, нефрит пен амилоидозды ажыратуда сенімді әдіс морфологиялық зерттеу, бүйрек биопсиясы көп жағдайда тік ішектің шырышты қабаты мен қызыл иек тінінен де (аз ақпаратты) биопсия жүргізеді.
50 – ден асқан адамдарда нефротикалық синдромның дамуында бүйректің паранеопластикалық зақымдануынан, мембранозды нефропатия, бүйрек амилоидозынан күдіктену керек. Біздің байқауымызда нефротикалық синдромы бар паранеопластикалық амилоидоздың дамуы бүйрек паренхимасының қатерлі ісігі мен лимфогранулематозда жиі кездеседі.
Нефротикалық синдромға тән массивті протеинурия көбінесе, парапротеинемияда және ең алдымен моноклонды гаммапатияларда (миеломды ауру ) дамиды. Бірақ, миеломды ауруда амилоидоз дамымаса тәуліктік протеинурия үлкен көрсеткішке жетсе де нефротикалық синдром болмайды. Миеломды бүйректің (бүйрек каналшаларының парапротеинмен, кальцинозбен бітелуі мен миеломды нефропатияның варианты ретінде амилоидоз протеинуриядан сирек кездеседі) осы клиникалық ерекшелігімен қатар ажырату диагностикада зәрдегі белокты электрофорездік зерттеуінде (әсіресе иммундыэлектрофорез) глобулинді фракциялар арасынан М – градиентті анықтау ( кейде Бенс-Джонс белогынсыз да) өте маңызды.
Нефротикалық синдром диабеттік нефропатияда да жиі байқалады, бірақ , бұл кезде бүйрек зақымдануы ұзақ уақыт мөлшерлі зәр синдромымен созылмалы пиелонефрит көрінісімен көрінеді. Ажырату диагностика мақсатында анамнез мәліметтерімен эндокринологиялық зерттеулерге қоса жайылған микроангиопатия (көз түбіндегі өзгерістер) көріністері де маңызды.
Жүйелі ауруға күмән туса, әсәресе, нефротикалық синдром жас әйелдерде дамыса ең алдымен ЖҚЖ- ден ажырату керек. ЖҚЖ-ге артралгиялар мен бет терісінде «көбелек» тәрізді эритемалар, полисерозиттер (көбінесе плеврит), диск түрінде ателектазды пневмониялар, қызба, жүдеу, лейкопения, тромбоцитопения, СОЭ жоғарылауы, гипергамма-глобулинемия тән. ЖҚЖ – лік нефротикалық нефритте жүйелі көріністер жасырын не болмауы да мүмкін ( ЖҚЖ кезіндегі «нефритикалық маска»), мұндай жағдайда диагноз мақсатты сұрастыру мен зерттеулер нәтижесінде қойылады. Нақты диагностикалық көрініс ретінде науқастың ДНК – сына антидене мен LE-клеткаларының анықталуы жатады. Нефротикалық нефрит геморрагиялық васкулитте, жеделдеу бактериальды эндокардитте, дәрілік және сарысулық ауруда, Вегенер гранулематозында, саркоидозда да кездеседі. Түйінді периартерит кезінде нефротикалық синдром өте сирек кездеседі. Көп жағдайларда нефротикалық синдром ірі веналар мен бүйрек веналарының тробозына байланысты дамиды.
Гипертониялық гломерулонефрит минимальды зәр синдромы мен, бүйректің концентрациялаушы қызметінің төмендеуімен жүретін гипертониялық аурумен, реноваскулярлы гипертониядан ажырата білу керек. Артериальды гипертонияға егде жас пен зәр синдромына дейін артериялық қысымның жоғарылауы, көз түбіндегі айқын өзгерістер, миокард инфаркты және инсульт (кейде, гломерулонефритке де тән) секілді асқынулардың дамуы мен жанұялық анамнез тән. Реноваскулярлы гипертония рентгенорадиологиялық зерттеу әдістерімен (бүйректердің ассиметриялы зақымдануын көрсететін вена ішілік урография және радиоизотопты ренография, ангиография); кейде, бүйрек артериясының стенозы аймағынан систолалақ шудың естілуімен сипатталатын көрінісімен ажырата аламыз. Қатерлі гипертония болмаса, гипертониялық ауру кезінде уремия дамуы байқалмайды. Амилоидоз кезінде тұрақты гипертониялық синдром кездессе де сирек. Жүйелі аурулар кезінде тұрақты гипертониялық синдром түінді периартеритке басым тән.
Аралас (нефротико-гипертониялық) гломерулонефритті көбінесе жүйелі аурулар кезіндегі гломерулонефритпен (жегілік нефритпен) ажырату диагнозын жүргізу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар (жеделдеу, экстракапиллярлы, жартыайшайшалы гломерулонефрит) тез өрістеуші нефротико-гипертониялық гломерулонефрит жеке ауру ретінде сирек кездеседі. Керсінше тез өрістеуші гломерулонефрит жүел і ауруларда (ЖҚЖ, Вегенер гранулематозы, Гудпасчер синдромы, аралас криоглобулинемия) жиі кездесуде. Практикалық көз қарас бйынша нефриттің нозологиялық тобын анықтағанша, тез өрістеуші гломерулонефритті қойып аса айырмашылығы жоқ максимальды емді тағайындау маңыздырақ.
Емдік тактика түрлілігіне байланысты ажырату диагностикасы маңызды сырқаттарды қайталау:
Жедел гломерулонефрит – жедел дәрілік интерстициальды гломерулонефритті (антибиотиктерді тоқтатып жоғары дозалы преднизолонды тағайындау) терістеу. [13, 15]
Латентті гломерулонефрит – пиелонефритпен (антибактериальды ем), подагралық бүйрекпен (урикостатикалық ем) ажырату.
Гематуриялық гломерулонефрит – спецификалық не хирургиялық емі бар урологиялық патологияны (туберкулез, ісік, зәртас ауруы, бүйректің төмен түсуі), алкогольды нефритті (алкоголь қабылдауды тоқтатқансоң мүмкін жазылатын), дәрілік интерстициальды нефритті (медиаменттерді тоқтату) терістеу.
Нефротикалық гломерулонефрит– ажырату бүйрек амилоидозынан (кортикостероидтар мен цитостатиктер қарсы көрсетілетін), жегілік нефрит (иммунодепрессанттармен массивті емді қажет ететін), көктамыр тромбозы (антикоагулянттар), жеделдеу бактериальды эндокардиттен (массивті антибиотикотерапия).
Гипертониялық гломерулонефрит – ажырату реноваскулярлы гипертонияны (мүмкін хирургиялық ем), подагралық бүйрек, түйінді периартериит (цитостатиктер). Нефроптияның барлық жағдайында тез өрістеуші нефритті симмуляциялайтын бүйрек қызметін айтардықтай бұзатын бүйрек көк тамырларының тромбозын, жедел интерстициальды нефритті, нағыз склеродермиялық нефритті, зәр жолдарына инфекция бірлесуін, апостематозды нефритті жоққа шығару керек. Ажырату диагнозды сәтті жүргізу үшін гломерулонефриттің жүйелі және пиелонефрит секілді негізгі варианттарының клиникалық ерекшеліктерін білу ғана емес, сонымен қатар, нефропатияның подагра, қатерлі ісіктер мен қан ауруларында да кездесетінін ұмытпаған жөн.
Клиникалық көріністі өзгертетін мүмкін асқынуларды дұрыс бағалап (инфекцияның қосылуы мен тамырлардың тромбозы), бүйрек жеткіліксіздігіне және процесс балсенділігіне байланысты синдромдар мен симптомдарды білу аса маңызды
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Бүйректің шумақшалы фильтрациясын есептеу
- Бүйрек несеп жолдарын тексеру. Бүйрек пальпациясы
- Бүйректің ишемиялық ауруы
- Бүйректік гипертониялық синдром
- Бүйректің даму ақаулары
- Бүйрек коликасы
- Бүйректің функционалды зерттеу әдістері
- Бүйректі лабораторлы аспапты зерттеу тәсілдері.
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Гемодиализ
- Бүйрек поликистозы