Аяқтың созылмалы ишемиялық аурулары
Өзектілігі.
- Егде жастағылардың 10% науқас;
- Барлық ампутация жасаулардың шамамен 90% -ы аяқтағы айқын ишемиялық бұзылыстар салдарынан болады
Аяқтың ишемиясына алып келетін аурулардың саны:
- Облитерациялаушы атеросклероз – 81,6 %
- бейспецификалық аортоартерит перифериялық формалары– 9 %
- Диабеттік ангиопатия – 6 %
- Облитеритерациялаушы тромбангиит – 1,4 %
- Рейно ауруы – 1,3 %
- Басқа аурулар– 0,6 % (тамырлар травмасы, жедел тромбоз, туа пайда болған патологиялар)
В. М. Кошкин, 1998 г.
Қауіп факторлары:
- Шылым шегу
- Егде жас
- Қант диабеті
- Артериальды гипертензия
- Дислипидемия
- Дұрыс тамақтанбау
- Гиподинамия
- ЖИА (стенокардия, инфаркт)
- Артериальды гипертензия
- Ми тамырлық жетіспеушілік
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
Қысқаша патогенезі:
- Тамыр өзегінің >70% тарылуы
- Компенсаторлы механизмы (коллатералдар дамуы)
- Декомпенсация
- Магистарльды тамырлардағы қысым <60 мм сн.бағ
- Микроциркуляция бұзылысы
- Перифериялық қысым 20 мм рт ст төмен
- Капиллярлар атониясы
- Ацидоз
- Ауырсыну симптомокомплексі
- Трофикалық өзгерістер
Аяқ ишемиясының жіктелуі
Савельев В.С., 1986ж бойынша:
Ишемия I дәрежелі
- А: ұйып қалу, парестезия, салқындау
- Б: + ауырсыну
Ишемия II дәреже
- А: парез (бұлшықет күшінің және сезімталдығының төмендеуі)
- Б: паралич (белсенді қозғалыс болмауы)
Ишемия III дәреже
- А: субфасциальды ісіну
- Б: бұлшықеттік контрактура
Князев М.Д., Белорусов О.С., 1977 бойынша:
- Компенсация
- Субкомпенсация
- Декомпенсация
Шалимов А.А., Дрюк Н.Ф., 1979ж. бойынша:
- I дәреже– жеңіл;
- II дәреже– орташа;
- III дәреже– ауыр;
- IV дәреже– гангрена, немесе тіндердің қайтпас өзгерістері
Аяқ тамырларының созылмалы артериялық жетіспеушілігінің деңгейлері ( Фонтен– Покровский бойынша):
- I др.- аяқтағы ақсау пайда болатын дистанция тұрақты емес, 1000 м артық.
- II ст.- аяқтағы ақсау пайда болатын дистанция:
- А- 200 ден 1000 м
- Б- 25 тен 200 м
- III ст.- науқас бірнеше қадам жүре алады, тыныштықтағы ауырсыну, «түнгі ауырсынулар».
- IV ст.- трофикалық бұзылыстар (жара, некроз, гангрена).
III және IV др «КРИТИКАЛЫҚ ИШЕМИЯ» деген атпен аталады
- тыныштықтағы әрдайым ауырсыну, кем дегенде 2 апталық тұрақты анальгезияны қажет ететін.
- табан жарасы және гангренасы, аяқтағы қысым деңгейі 50 мм. Сн.бағ жеткенде
Клиникалық көріністері
- Ауырсыну (жедел, қатты, әрдайым)
- Бозару (бледность), цианоз және мрамор түске ауысумен жүреді
- Ұйып қалу (онемение), беткей және терең сезімталдық бұзылуы
- Аяқтың салқындауы
- Аяқтағы белсенді қозғалыстың әлсіреуі, кейде параличке дейін алып келеді.
Жедел артериалды өтімсіздіктің көрінісі:
- Окклюзиядан төменгі артерия аумағындағы пульсацияның болмауы
- Веналардың босауы («симптом канавки»)
- Жергілікті көріністердің күшеюімен, жалпы жағдайының нашарлауы
Эмбол орналасуы бойынша аяқ ишемиясының максималды жоғарғы бөліктерінің жіктелуі
Локализация | Ишемия аумағы |
Аорта бифуркациясы | Іштің төменгі бөлігім мен екі аяқ |
Артериялар: | Аяқ келесі аумаққа дейін: |
мықын | Пупарт байламы |
сан | санның ортағшы үштен біріне |
тізе асты | тізе буынынан |
Аяқ созылмалы артериялық жеткіліксіздік көріністері
4 сатысы бар:
- Окклюзияның бастапқы көріністері (зябкость, аяқ салқындауы, парестезия, бозару, терлегіштік);
- Функционалды жүктемелер кезіндегі көрініс (басты симптом– аяқ ақсауының пайда болуы);
- Тыныштық жағдайындағы қанайналым нашарлауы
- Жаралы некротикалық көріністер
- ауырсыну
- Ұйып қалу сезімі (онемение)
- Табан және аяқ төменгі бөлігінің ісінуі
- Тері түсінің өзгеруі (бозғылт, цианотикалық)
- Терінің трофикалық өзгерістері (түктердің түсуі, ауырсынатын сызаттардың (трещина) пайда болуы, тырнақ дистрофиясы, бұлшықет атрофиясы)
- Жаралы некротикалық көріністер баяу жүртетін ағымда болады.
Аяқтың созылмалы ишемиясына алып келетін аурулардың қысқаша сипаттамасы
Аяқ тамырларының атеросклерозы
- Жиі ерлерде дамиды
- Баяу өтеді, ЖИА, артериалды гипертензия, ми қанайналым жетіспеушілігімен бірге жүреді.
- Жиі локализациясы– аортомықындық сегмент және сан артериялары
Бейспецификалық аортоартериит
- Ерлер мен әйелдерде бірдей жиілікте.
- Науқас жасы 40 аспайды.
- Көбінесе зиянды факторлар және науқас мамандығына байланысты
- Ағымы толқынтәрізді.
- Зақымдалу локализациясы– Аорта ортаңғы сегменті, оның бифуркциялары, мықын артериялары
Облитерациялаушы тромбангиит
- 30 жас ер адамдар, көп шылым жегетіндер
- Ағымы толқын тәрізді
- Жиі локализациясы– табан және балтыр дистальды тамырлары
- Зақымдалу симметриялық түрде
Диабеттік ангиопатиялар
- 50 асқан ерлер мен әйелдерде бірдей жиілікте кездеседі.
- Ағымы прогрессирлеуші
- Қант диабетіммен бірге жүреді
- Артериялардың дистальды бөлімдері зақымдалады. Симметриялы болып келеді.
Диагностикасы
- Анамнез
- Клиникалық тексеру: қарау, артериялар пульсациясын зерттеу, аускультация
- Арнайы зерттеу әдістері (электротермометрия, ангиография, ультрадыбыстық допплерография, МСКТ)
Ратшов пробасы:
- Науқас аяғын жазып, арқасымен жатады. Науқасқа аяғын 45 градусқа дейін көтеруін сұрап, аяқтағы жазу және бүгуді 2 минут бойы секундына 1 реттен жасатамыз. Егер артериальды қанмен қамтамассыз етілуі бұзылса, 5-10 сек кейін аяқ саусақтарым мен табан аумағының бозаруын көреміз.
- Одан кейін науқасқа жылдам аяғын төмен түсіріп, отыруын сұраймыз. Аяқ ұшындағы саусақтар мен сыртқы жағындағы қызару жылдамдығын бақылмаймыз. Нормада 2-3 сек.
Аяқтағы ишемиялық ауруды емдеу жолдары
Антикогулянтты терапия
- гепарин және оның фракционды аналогтары. Бастапқы дозасы 5000 Ед. АЧТВ бақылауы арқылы.
- Эноксапарин натрий 20-40 мг/тәу тері астына
- Надропарин кальций 0,2-0,6 мл тері астына 1-2 рет/тәул, дене салмағына байланысты.
Антиагрегантты терапия: (ұзақ уақытқа)
- Ацетилсалицил қышқылы 75-325 мг 1 рет тәулігіне- пероральды;
- клопидогрель 75 мг, 300 мг 1 рет/тәул пероральды;
- дипиридамол 50-600 мг/тәул пероральды
Ауырсыну синдромын басу:
- СЕҚҚП (НПВС) – кеторолак, диклофенак, паравертебральды блокадалар.
- Опиоидтар – фентанил, морфий (СЕҚҚП әсері болмағанда, айқын ауырсыну кезінде);
Микроциркуляцияны корректорлары және ангиопрокторлар:
- алпростадил 20-60 мкг парентералды 1-2 рет/тәул; III-IV др созылмалы ишемияда.
- пентоксифиллин 100-300 мг, парентеральды;
Гиполипидемиялық терапия: статиндер (симвастатин, аторвастатин), стандартты дозировкада, пероральды, ұзақ уақыт)
Физиотерапия: (Бернар тоғы, электрофорез, УВЧ-терапия)
Хирургиялық ем
Ампутациядан кейінгі өлім көрсеткіші:
- Тізе ампутациясы – 5-15 %
- Сан аумағынан ампутация- 11-39%
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Тамырлы қабат даму ақауы және ісіктері
- Артерия атеросклерозы
- Құрсақ аортасына операциялар
- Аяқтағы қанайналым бұзылысы
- Эндоваскулярлы хирургия