Аяқтың созылмалы ишемиялық ауруы

Аяқтың созылмалы ишемиялық аурулары

Өзектілігі. 

  • Егде жастағылардың 10% науқас;
  • Барлық ампутация жасаулардың шамамен 90% -ы аяқтағы айқын ишемиялық бұзылыстар салдарынан болады

Аяқтың ишемиясына алып келетін аурулардың саны:

  1. Облитерациялаушы атеросклероз – 81,6 %
  2. бейспецификалық аортоартерит перифериялық формалары– 9 %
  3. Диабеттік ангиопатия – 6 %
  4. Облитеритерациялаушы тромбангиит – 1,4 %
  5. Рейно ауруы – 1,3 %
  6. Басқа аурулар– 0,6 % (тамырлар травмасы, жедел тромбоз, туа пайда болған патологиялар)

В. М. Кошкин, 1998 г.

Қауіп факторлары:

  • Шылым шегу
  • Егде жас
  • Қант диабеті
  • Артериальды гипертензия
  • Дислипидемия
  • Дұрыс тамақтанбау
  • Гиподинамия
  • ЖИА (стенокардия, инфаркт)
  • Артериальды гипертензия
  • Ми тамырлық жетіспеушілік
  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Қысқаша патогенезі:

  1. Тамыр өзегінің  >70% тарылуы
  2. Компенсаторлы механизмы (коллатералдар дамуы)
  3. Декомпенсация
  4. Магистарльды тамырлардағы қысым <60 мм сн.бағ
  5. Микроциркуляция бұзылысы
  6. Перифериялық қысым 20 мм рт ст төмен
  7. Капиллярлар атониясы
  8. Ацидоз
  9. Ауырсыну симптомокомплексі
  10. Трофикалық өзгерістер
аяқ ишемиясы
Бітелген аяқ тамыры

Аяқ ишемиясының жіктелуі

Савельев В.С., 1986ж бойынша:

Ишемия I дәрежелі

  •  А: ұйып қалу, парестезия, салқындау
  • Б: + ауырсыну

Ишемия II дәреже

  • А: парез (бұлшықет күшінің және сезімталдығының төмендеуі)
  • Б: паралич (белсенді қозғалыс болмауы)

Ишемия III дәреже

  • А: субфасциальды ісіну
  • Б: бұлшықеттік контрактура

Князев М.Д., Белорусов О.С., 1977 бойынша:

  • Компенсация
  • Субкомпенсация
  • Декомпенсация

Шалимов А.А., Дрюк Н.Ф., 1979ж. бойынша:

  • I дәреже– жеңіл;
  • II дәреже– орташа;
  • III дәреже– ауыр;
  • IV дәреже– гангрена, немесе тіндердің қайтпас өзгерістері

Аяқ тамырларының созылмалы артериялық жетіспеушілігінің деңгейлері ( Фонтен– Покровский бойынша):

  • I др.- аяқтағы ақсау пайда болатын дистанция тұрақты емес, 1000 м артық.
  • II ст.- аяқтағы ақсау пайда болатын дистанция:
  • А- 200 ден 1000 м
  • Б- 25 тен 200 м
  • III ст.- науқас бірнеше қадам жүре алады, тыныштықтағы ауырсыну, «түнгі ауырсынулар».
  • IV ст.- трофикалық бұзылыстар (жара, некроз, гангрена).

III  және IV др «КРИТИКАЛЫҚ ИШЕМИЯ» деген атпен аталады

  • тыныштықтағы әрдайым ауырсыну, кем дегенде 2 апталық тұрақты анальгезияны қажет ететін.
  • табан жарасы және гангренасы, аяқтағы қысым деңгейі 50 мм. Сн.бағ  жеткенде

Клиникалық көріністері

  • Ауырсыну (жедел, қатты, әрдайым)
  • Бозару (бледность), цианоз және мрамор түске ауысумен жүреді
  • Ұйып қалу (онемение), беткей және терең сезімталдық бұзылуы
  • Аяқтың салқындауы
  • Аяқтағы белсенді қозғалыстың әлсіреуі, кейде параличке дейін алып келеді.
аяқ атеросклерозы
Атеросклероз фонында ишемия пайда болуынан дамыған аяқтағы жазылмайтын жара.
аяқ ишемиясы
Аяқтағы ишемия әсерінен терінің қоректік заттардан тыс қалу көріністері: түктену жоғалуы, тері беті жарылған, түлеп жатыр, тырнақтағы өзгерістер

Жедел артериалды өтімсіздіктің көрінісі:

  • Окклюзиядан төменгі артерия аумағындағы пульсацияның болмауы
  • Веналардың босауы («симптом канавки»)
  • Жергілікті көріністердің күшеюімен, жалпы жағдайының нашарлауы

Эмбол орналасуы бойынша аяқ ишемиясының максималды жоғарғы бөліктерінің жіктелуі

ЛокализацияИшемия аумағы
Аорта бифуркациясыІштің төменгі бөлігім мен екі аяқ
Артериялар:Аяқ келесі аумаққа дейін:
      мықынПупарт байламы
      сан      санның ортағшы үштен біріне
      тізе асты      тізе буынынан

Аяқ созылмалы артериялық жеткіліксіздік көріністері

4 сатысы бар:

  • Окклюзияның бастапқы көріністері (зябкость, аяқ салқындауы, парестезия, бозару, терлегіштік);
  • Функционалды жүктемелер кезіндегі көрініс (басты симптом– аяқ ақсауының пайда болуы);
  • Тыныштық жағдайындағы қанайналым нашарлауы
  • Жаралы некротикалық көріністер
  • ауырсыну
  • Ұйып қалу сезімі (онемение)
  • Табан және аяқ төменгі бөлігінің ісінуі
  • Тері түсінің өзгеруі (бозғылт, цианотикалық)
  • Терінің трофикалық өзгерістері (түктердің түсуі, ауырсынатын сызаттардың (трещина) пайда болуы, тырнақ дистрофиясы, бұлшықет атрофиясы)
  • Жаралы некротикалық көріністер баяу жүртетін ағымда болады.

Аяқтың созылмалы ишемиясына алып келетін аурулардың қысқаша сипаттамасы

Аяқ тамырларының атеросклерозы

  • Жиі ерлерде дамиды
  • Баяу өтеді, ЖИА, артериалды гипертензия, ми қанайналым жетіспеушілігімен бірге жүреді.
  • Жиі локализациясы– аортомықындық сегмент және сан артериялары

Бейспецификалық аортоартериит

  • Ерлер мен әйелдерде бірдей жиілікте.
  • Науқас жасы 40 аспайды.
  • Көбінесе зиянды факторлар және науқас мамандығына байланысты
  • Ағымы толқынтәрізді.
  • Зақымдалу локализациясы– Аорта ортаңғы сегменті, оның бифуркциялары, мықын артериялары

Облитерациялаушы тромбангиит

  • 30 жас ер адамдар, көп шылым жегетіндер
  • Ағымы толқын тәрізді
  • Жиі локализациясы– табан және балтыр дистальды тамырлары
  • Зақымдалу симметриялық түрде

Диабеттік ангиопатиялар

  • 50 асқан ерлер мен әйелдерде бірдей жиілікте кездеседі.
  • Ағымы прогрессирлеуші
  • Қант диабетіммен бірге жүреді
  • Артериялардың дистальды бөлімдері зақымдалады. Симметриялы болып келеді.

Диагностикасы

  • Анамнез
  • Клиникалық тексеру: қарау, артериялар пульсациясын зерттеу, аускультация
  • Арнайы зерттеу әдістері (электротермометрия, ангиография, ультрадыбыстық допплерография, МСКТ)

Ратшов пробасы: 

  • Науқас аяғын жазып, арқасымен жатады. Науқасқа аяғын 45 градусқа дейін көтеруін сұрап, аяқтағы жазу және бүгуді 2 минут бойы секундына 1 реттен жасатамыз. Егер артериальды қанмен қамтамассыз етілуі бұзылса, 5-10 сек кейін аяқ саусақтарым мен табан аумағының бозаруын көреміз.
  • Одан кейін науқасқа жылдам аяғын төмен түсіріп, отыруын сұраймыз. Аяқ ұшындағы саусақтар мен сыртқы жағындағы қызару жылдамдығын бақылмаймыз. Нормада 2-3 сек.

Аяқтағы ишемиялық ауруды емдеу жолдары

Антикогулянтты терапия

  • гепарин және оның фракционды аналогтары. Бастапқы дозасы 5000 Ед. АЧТВ бақылауы арқылы.
  • Эноксапарин натрий 20-40 мг/тәу тері астына
  • Надропарин кальций 0,2-0,6 мл тері астына 1-2 рет/тәул, дене салмағына байланысты.

Антиагрегантты терапия: (ұзақ уақытқа)

  • Ацетилсалицил қышқылы 75-325 мг 1 рет тәулігіне- пероральды;
  • клопидогрель 75 мг, 300 мг 1 рет/тәул пероральды;
  • дипиридамол 50-600 мг/тәул пероральды

Ауырсыну синдромын басу:

  • СЕҚҚП (НПВС) – кеторолак, диклофенак, паравертебральды блокадалар.
  • Опиоидтар – фентанил, морфий (СЕҚҚП әсері болмағанда, айқын ауырсыну кезінде);

Микроциркуляцияны корректорлары және ангиопрокторлар:

  • алпростадил 20-60 мкг парентералды 1-2 рет/тәул; III-IV др созылмалы ишемияда.
  • пентоксифиллин 100-300 мг, парентеральды;

Гиполипидемиялық терапия: статиндер (симвастатин, аторвастатин), стандартты дозировкада, пероральды, ұзақ уақыт)

Физиотерапия: (Бернар тоғы, электрофорез, УВЧ-терапия)

Хирургиялық ем

Аяқ тамырларына анастамоз
Сан артериясындағы айналмалы анастамоз. Тарлған аумақтан төменгі бөлікке адекватты қанның келуін қамтамассыз етеді
Аорто сандық шунттау
Айналмалы аортомықындық анастамоз. Аорта бифуркация аумағындағы бітелулер кезінде қолданылады.
Стент қою
Аяқ ишемиясын емдеудің заманауи әдістерінің бірі стент қою. Тарылған аумақты кеңейтетін бірден бір ығайлы әдіс
Аяқ ампутациясы
Ең соңғы әдіс ол -ампутация. Ешбір емге көнбеген жағдайда науқас өмірін сақтап қалу мақсатында жүргізіледі.

Ампутациядан кейінгі өлім көрсеткіші:

  • Тізе ампутациясы – 5-15 %
  • Сан аумағынан ампутация- 11-39%

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Тамырлы қабат даму ақауы және ісіктері
  2. Артерия атеросклерозы
  3. Құрсақ аортасына операциялар
  4. Аяқтағы қанайналым бұзылысы
  5. Эндоваскулярлы хирургия

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!