Жүрек қақпақшалары зақымдалуы

Жүрек қақпаларының патологиялары

Митралды қақпақша жеткіліксіздігі

Жүрек ақаулары деп жүрек қақпақшалар аппаратының органикалық өзгерістерге ұшырауын айтады. Жүрек ақаулары екі үлкен топқа бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болған.

Жүре пайда болған жүрек ақауларының ішінде  ең жиі кездесетін түрі –  митралды қақпақшасының жеткіліксіздігі. Бұл жүрек ақауы митралды қақпақшаның  систола кезіңде  толық жабылмауымен сипатталады. Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі органикалық немесе функционалдық себептерден пайда болады. Олар: а) қақпақшалар жармасының  органикалық зақымдалуы кезіңде (атеросклероз, ревматизм және басқалары); б) атриовентрикулярлы тесіктің жабылу механизміне қатысатын бұлшық ет аппаратының кординациялық функциясының бұзылу нәтижесінде; в) сол жақ қарыншаның, атриовентрикулярлы тесіктің айналымы бұлшық еті мен фиброзды сақинаның шамадан тыс кеңеюі кезіңде.

Бұл ақау кезіңдегі гемодинамикалық бұзылыстар қанның систола кезіңде митралды қақпақшаның толық жабылмаған жармалары арқылы сол жақ қарыншадан жүрекшеге кері ағуынан туындайды(регургитация). Шамалы митралды жеткіліксіздік кезіңде қарыншадан сол жақ жүрекшеге  20 – 30 мл ден артық қан түссе, онда оның көлемі ұлғайып, ол  кеңейеді, кейінірек сол жақ жүрекше миокардының гипертрофиясына әкеледі. Жүрекшеден сол жақ қарыншаға қан көп мөлшерде түссе, ол  дилятацияны, миокардтың гипертрофиясымен гиперфункциясын тудырады. Сонымен митралды қақпақшаның жеткіліксіздігінің компенсациясы сол жақ қарыншамен жүрекше миокардының гипертрофиясымен гиперфункциясының есебінен жүреді. Жүректің бұл компенсациясы қуатты сол жақ қарынша миокарды қызметінің артуы нәтижесінде көп жылдар бойы сақталады. Бірақта кейде сол жақ жүрекше кеңейе отырып, қанды толық шығару қабілетін жояды. Сол жақ жүрекшеде одан кейін кіші қан айналымында қысымның жоғарылауы мен қанның іркілуі болады, ол тоқыраулы қан айналымының жеткіліксіздігінің дамуына әкеледі.

Митралды жеткіліксіздік кезіндегі клиникалық көрінісі қақпақшалардағы ақаудың айқындылық дәрежесі мен миокардтағы өзгерістерге байланысты. Шамалы митралды қақпақша жеткіліксіздігіне жүрек қызметінің толық компенсациясы өмір бойы, тіпті физикалық жұмыс істегенде де сақталады. Бұндай жағдайда ақау кездейсоқ анықталады. Ауыр физикалық күш түскенде науқастың ентігуге, жүрек қағуына және ырғақсыздыққа шағымдары болады. Митралды қақпақша жеткіліксіздігінің компенсацияланған кезеңінде науқас тері жамылғысында өзгеріс байқалмайды.  Қақпақшаның айқын жеткіліксіздігі бар науқастарды сол жақ қарыншаның ұлғаюы белгілі бір дәрежеге жетеді, соның нәтижесінде жүрек ұшы түрткісі өзінің көлемі ұлғайып, бұғана орта сызығынан сыртқа ығысады. Науқастарға перкуссия жүргізген кезде аздаған қақпақша жеткіліксіздігінде жүректің салыстырмалы тұйық өлшемдері жоғары және солға ұлғайғандығы анықталады. Митралды қақпақша жеткіліксіздігіде артериялық қысыммен тамыр соғу көрсеткіштері әдетте қалыпты болады. Рентгендік тексерулер кезіндегі өзгерістер митралды қақпақшаның айқын жеткіліксіздігі кезінде байқалады және сол жақ жүрекше құлақшасының айқын жеткіліксіздігі кезіңде байқалады және сол жақ жүрекше құлақшасының ұлғаюымен сипатталады, жүрек мықынының тегістелуі, оған “митралды” конфигурация береді. Бірінші қиғаш жағдайда өңештің үлкен радиус доғасы бойынша оңға және артқа ығысуы байқалады. Екінші қиғаш жағдайда ретрокардиалды кеңістіктің тарылуы мен сол жақ қарыншаның ұлғаюы байқалады, олар омыртқа артында анықталады. Митралды қақпақшаға жеткіліксіздігін эхокардиограммада анықтау тек жанама белгілерімен болады, ол жүрек ішілік гемодинамиканың бұзылуымен сипатталады, яғни жүректің сол жақ бөлігінің көлеммен зорығу; сол жақ қарынша мен жүрекше аралық перде қабырғасының гиперкинезі мен гипертрофиясы. Нақты дерт анықтамалық нәтижені -эхокардиография береді, ол митралды сақина айсағындағы қанның кері ағуын анықтауға және сандық бағалауға арналған. Бұл әдіс митралды регургитация синдромымен, митралды қақпақшаның ревматизмдік зақымдалуымен, оның босаңсуымен субқолқалық бұлшық еттік қатаюымен, митралды қақпақша жармасындағы вегетациямен ажырату диагнозын жүргізуге көмектеседі.

Митралды жеткіліксіздіктің ағымы көптеген жылдар бойы қолайлы болады. Митралды қақпақшаның айқын жеткіліксіздігі мен ревмокардиттің жиі асқынуы әуелі кіші, кеңінен үлкен қанайналым шеңберінде қан айналым бұзылуы белгілерімен біртіндеп, әуелі жүректің сол жақ, кейінірек оң жақ жартысының айқын жеткіліксіздігінде оны өз уақытында протездеу жүректің қалпына келе алмауының  алдын алады.

Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)

Сол жақ жүрекше-қарынша тесіктің тарылуы, себебі – ревматикалық эндокардит. Ерлерге қарағанда әйелдерде 2-3 есе жиірек  кездеседі. Жекелеген немесе таза митралды стеноз біріккен митралды – қолқалы немесе митралды – үш жақтаулы ақауларға қарағанада сирегірек кездеседі. Сопақша тесіктің бітелмеуімен, яғни сол және оң жүрекшелердің арасындағы ақаумен бірге жүретін туа біткен сол жақты жүрекше – қарыншалық тесіктің тарылуы сирек кездеседі. Кейде ревматикалық митралды стеноз бен сопақша тесіктің бітелмеуі байқалады.

Сол жақ атриовентрикулярлы тесік көлемінің 2 еседен артық кішіреюі гемодинамикалық айқын өзгерістеріне әкеледі. Сол жүрекшедегі және өкпе көк тамырларындағы қысымның артуы өкпе артерияларының қорғаныштық рефлекторлы таралуын тудырады. Соның нәтижесінде өкпе артериясындағы қысым жоғарылайды. Бірақ артериялардың тарылуы уақытша да болуы мүмкін. Осы себептен митралды стенозбен науқастарда өкпенің жедел сусінділенуінің қысқа мерзімді ұстамалары болуы мүмкін. Өкпе артерияларының соңғы тармақтарының ұзақ уақыт қысылуы, тамырлардың ортаңғы қабатының қалындауына, қуысының тарылуына жалғасады. Уақыт өте келе ортаңғы қабаты қалындаған артерияларда диффуздық склероздық өзгерістер дамиды. Өкпе тамырларындағы бұл өзгерістер өкпелік гипертензияның одан әрі жоғарлауына әкеледі және ізінше жүректің оң бөлігіне әрі қарай күш түсіреді.  Өкпе тамырларындағы өзгерістерімен бірге кіші қан айналым шеңберіндегі ұзаққа созылған гипертензияда пайда болған өкпе паринхимасының морфологиялық өзгерістері “митралды өкпе” деп аталады. Өкпе серпімділігінің төмендеуінен өкпенің өмірлік сыйымдылығы және тыныс алу кішірейеді. Науқас шағымдарынан ентігуге, тез шаршағыштыққа  және жұмысқа қабілеттілігігінің төмендеуіне, жүрек лүпілі және ырғақсыздығына, жүрек тұсының ауырсынуына, қан түкіруге, дауысының қарлығуына немесе афонияға (дауысының шықпай қалуы) көңіл бөлу керек. Кей науқастардың сырт артқысында жүрек демікпесімен өкпе сусінділенуінің ұстамаларының болуы анықталады. Науқастардағы жүрек жетіспеушілігінің ерте білінуі – ентігу болып табылады. Қарағанда бет ұшының “митралды” қызаруы, саусақтарының көгеруі және терінің бозаруы назар аударады. Ерте жастан дамыған митралды стенозда кеуде қуысының сол жартысы оң жартысына қарағанда кіші болады, бойының өсуі қалыңқы және инфантилизм белгілері пайда болады. Жүрек ұшы соққысы шектелген және бесінші қабырға аралықта бұғана орта сызығынан ішкері анықталады. Көп жағдайда жүрек ұшын сипалағанда бүкіл диастола кезіңде диастолылық дірілді – “мысық пырылын” анықтауға болады. Тықылдату арқылы салыстырмалы тұйық шекарасының кеңейгенін анықтайды. Ұлғаю сатысы митралды тесіктің тарылуы айқындылығына байланысты. Тыңдағанда жүрек ұшында сартылды І дыбысы және митралды қақпақшаның ашылу дыбысы, өкпе артериясында ІІ дыбыстың басымдылығы анықталады. Стеноздың маңызды аускультациялық белгісі – жүрек ұшындағы босаңсу шуы естіледі. Кейбірде ол тек жиырылу алдындағы кезіңде естіледі. Төменгі жиырылу алдындағы дыбыстық шу біртіндеп жоғарылап, І дыбыстың сарт етіп естілуімен аяқталады. Митралды стенозда артериялық қысым қалыпты күйде қалады немесе шамалы төмендейді. Тоқыраулы жетіспеушілік дамығанда пульстық қысым едәуір төмендейді. Компенсация сатысында көк тамырлық қысым қалыпты күйде қалады немесе тек оң қарыншаның жиырылуы әлсірегенде күшейеді. Қан ағу уақытының ұзаруы өкпе қан тамырларындағы қан айналудың баяулағының ерте белгісі болып табылады. Митралды стенозы бар науқастарды рентгенмен тексергенде тік проекциядан митралдық пішіні анықталады. Бұл кезде тек қана жүрек мықынының тегістелуі ғана емес,  өкпелік конустың кеңеюінен болатын сол жақ контурдың 2 және 3 доғасының томпаюы анықталады. Ревматизмдік митралды стеноздың ағымы сол жақты көк тамырлық өзекшенің тарылу дәрежесіне және миокардтағы дистрофиялық өзгерістердің айқындылығына байланысты. Сол жақ көк тамыр қуысының шамалы тарылуында науқастар бірнеше жыл бойы физикалық белсенділік және толық жұмысқа қабілеттілік танытады. Бірақ жас адамдардың өзінде митралды стеноздың айқын түрлері жиі кездеседі. Бұл кезде гемодинамикалық өзгерістер алғашқыда кіші қан айналымда, кейінірек стеноздың үдеуіне қарай үлкен қан айналымынды пайда болады. Митралдық стеноздың бірнеше клиникалық түрлерін ажыратады. Афониялық немесе “мылқау” стенозда тындағанда ақаулық белгілер анықталмайды. Стеноздың “мылқау” түрін анықтау ауру симптомдарын талдауға және өкпе артериясындағы қан айналудың жағдайын бағалауға негізделеді. Қосымша зерттеулерден эхокардиография мен рентгенография жасалады.  Митралды стеноз жүректің жүйке – бұлшық ет аппаратының шектен тыс қозуымен жиі ұштасады. Мұндай жағдайларды жүрек лүпілі ырғағының бұзылуы, вазомоторлық өзгерістер байқалып, жүректің гипотиреоз кезіндегі өзгеру белгілеріне ұқсайды.  Жүректі рентгендік тексергенде жүрекшенің шектен тыс ұлғаюы, перикард жылауығы және жүрек зақымдануларымен шатастырмас үшін митралды стеноздың атриомегалиялық түріне көңіл бөлу керек. Кейде митралды стеноздың ағымы жүрек демікпесі ұстамасымен, өкпе сусінділенуімен сипатталады. Бұлардың пайда болуы көбіне физикалық күш түсуге байланысты, сирек жағдайларда себепсізде болуы мүмкін. Бұл науқастарда әдетте сол жақ жүрекше ұлғаймайды, оң жақ қарынша жетіспеушілік белгілері болмайды.

Қолқа (аорта) қақпақшасының жеткіліксіздігі

Қолқа ақаулары жүре пайда болған жүрек ақауларының ішінен жиілігі бойынша екінші орын алады. Жекелеген қолқа қақпақшаларының зақымдалу көбіне еркектерде кездеседі. Қолқалық жеткіліксіздік ревматикалық васкулит,  септикалық эндокардит, қолқа атеросклерозы, мерездік қолқа қабынуы, қолқаның созылмалы аневризмасы, кеуде қуысының жарақатынан кейін дамиды.  Босаңсу кезіңдегі қанның кері ағуы жиырылу алдында сол жақ қарыншада қысымның жоғарлауына әкеледі. Осының нәтижесінде изометриялық жиырылу қысқарады да айдау кезеңі ұзарады, бұл сол жақ қарыншаның көбейген қанда шығаруына жеңілдік жасайды. Қайта оралған қанның көлемі негізінде тесігінің жабылмаған  көлеміне байланысты. Сол қарыншаға қанның кері қайтуы оның кеңеюіне әкеледі, оның дәрежесі оралған қанның көлеміне қатысты. Сөйтіп, қолқалық жеткіліксіздік кезіңдегі сол қарыншаның дилятациясы теңгерулік мәнбір болып табылады.  Аурудың өршуі кезіңдегі сол жақ қарыншаның қатты кеңеюі және митралды қақпақшаның салыстырмалы жеткіліксіздігі байқалады. Кіші қан айналым шеңберінің тамырлар жүйесіндегі тоқырау дамуы өкпе артериясында қысымды жоғарылатады, соның салдарынан сол жақ қарыншаның  гипертрофиясы дамиды. Осы жағдай оң қарыншалық жүрек жеткілісіздігі пайда болуы мүмкіндігін түсіндіреді. Қолқадан сол қарыншаға қанның кері ағуынан диастолдық қысым артерияларда өте төмен болуы мүмкін.Қолқалық қақпақшалардың шамалы жеткіліксіздігі кезіңде науқастарда көп жылдар бойы ешқандай шағымдары болмайды және көбінесе ақаудың бар екендігін білмейді. Шамамен әр үшінші науқаста жекелеген қолқалық қақпақшалардың жеткіліксіздігі кездейсоқ тексеріс кезіңде анықталады. Айқын қолқа қақпақшасы жеткіліксіздігі бар науқастарды тәптіштей сұраған кезде дене қалпын өзгерткен кезде басының айналуы, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде жүректің шалыс қағуы, жүрек тұсындағы ауырсыну сияқты шағымдарды анықтауға болады. Қарағанда терісінің бозаруы, мойынның ірі артерияларының биі («каротид биі»), тырнақ ұшын аздап басқанда олардың тарылуы мен кеңеюі анықталады. Тыныштық күйде отырған науқасқа бүйірінен қарағанда, қолқа доғасының, сол жақ басты бронхының және кеңірдектің айқын пулсті ауытқуымен байланысты, басының ырғақты шайқалуын байқауға болады. Қарағанда жүрек аймағында жайылған, көтеріңкі жүрек ұшының түрткісі анықталады, ол әдетте солға және төмен алтыншы және жетінші қабырға аралыққа ығысады. Тықылдатқанда жүректің сол жақ салыстырмалы тұйық шекарасының сол жақ қарынша дилятациясының әсерінен алдыңғы қолтық асты сызыққа дейін кеңеюі анықталады. Артериалды қысым бұндай ақауда қалыпты болуы мүмкін, әдетте босаңсулық қысым төмен кезіңде жиырылу қысым жоғарылайды. Рентгендік зерттеу кезіңде сол жақ қиғаш проекцияда сол жақ қарынша доғасы айқын томпайып, жүрек ұшы жұмырланады. Сол жақ қиғаш проекцияда үлкейген сол қарыншаның жұмырланған контуры омыртқаға және оның артына проекцияланады, өрлеме қолқаның контуры алға шығады, қолқалық “терезе” сақталған, қолқалық доға жазылыңқырамайды. Жиі сол жақ қарынша мен қолқа контурының арасында айқын “мойын ағаш қозғалысы” байқалады.   Қолқалық қақпақшалардың ревматизмдік жеткіліксіздігінің болжамы мен ағымы толығымен қолқадан сол жақ қарыншаға қанның регургитациясының дәрежесіне тәуелді. Қолқалық қақпақшалардың айқын емес ақауында босаңсу кезіңде қолқадан сол жақ қарыншаға салыстырмалы шамалы қанның көлемі қайтып оралады, бұл тіпті үлкен физикалық күш түскен жағдайдың өзінде де соншалық гемодинамикалық бұзылыстарды туғызбайды. Бұл науқастарда көптеген жылдар бойы жүрек қызметінің толық теңгеруі сақталынады. Қолқалық қақпақшаның аумақты ақауында қолқадан сол жақ қарыншаға қайта оралатын қан мөлшері жиырылу көлемінің 50% және одан жоғары мөлшерін құрауы мүмкін. Бұған қарамастан сол жақ қарынша миокардының гиперқызметі мен гипертрофиясы арқасында науқастарда көптеген жылдар бойы жүрек қызметінің теңгеруі байқалады. Бірақ үлкен физикалық күш түскенде бұларда жүрек қағуы, шалыс соғуы, жүрек аймағының ауыруы жиі кездеседі. Уақыт өте сол жақ қарыншаның әжептәуір миогенді дилатациясы дамиды. Сол жақ қарыншада қысымның жоғарылауы босаңсудың басында сол жақ жүрекшенің босауын қиындатып, кіші қан айналым көк тамырлары мен қылтамырларында қанның іркілуіне, жүректің оң жақ қуыстары миокарды қызметінің жоғарылауына, кейін оның теңгеру қабілеттілігінің жойылуына әкеледі. Бұл ақау кезіндегі бүкіл жүрек жеткіліксіздігі миокардтың теңгерулі мүмкіншіліктерінің сарқылғанын көрсеті, сондықтан науқастар салыстырмалы тез өледі.

Қолқа қақпақшасының тарылуы

Қолқа қақпақшасының тарылуына жиі әкеліп соғатын себептердің бірі – ревматизм. Сепсистік эндокардитте  қолқа қақпақшасына қанмен келген  тромбтар енеді. Бұл кезде қолқа доғасының өрлемелі бөлігінің кеңеюі байқалады.Сол жақ қарынша жиырылуының жоғарлауы, жүрек айдауын қамтамасыз ететін компенсаторлы механизмнің бірі болып табылады. Сол жақ қарыншадағы қысым қолқа тесігінің тарылуына пропорционалды жоғарылайды. Бұл себептер сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясына әкеледі. Оның жиырылу қызметі әлсірегенде, сол қарынша қуысы кеңейеді.

Қолқа қақпақшасының жекелеген тарылуында көп жылдар бойы теңгеру қабілетінің жойылуындағы симптомдары болмауы мүмкін. Айқын үдемелі қолқа сағасының тарылуы кезінде оған тән клиникалық белгілер байқалады. Науқас бас айналуына, жүрек аймағының ауырсынуына, ентігуге, кейде есінен тануға, стенокардияның ұстамасының болуына шағымданады. Науқасты қарағанда тері жамылғының бозаруы байқалады. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралықта,  сол жақ бұғана – орта сызығынан шамалы сыртқа қарай анықталады.  Пальпация кезіңде төстің оң жағындағы ІІ қабырға аралықта жиырылу дірілі “мысық пырылын” байқауға болады. Тыңдаған кезде жүрек ұшы аймағында І дыбысының әлсіреуі байқалады. Қолқада артериалды қысымның төмендеуіне және қолқа қақпақшаларының өзгерістеріне байланысты ІІ дыбысының әлсіреуі мүмкін.  Айқын қолқа тарылуында тамыр соғысы баяу, сирек болады. Рентгенологиялық тексеру кезінде жүректің қолқалық конфигурациясы анықталады.

жүрек қақпашаларының зақымдалуы ақаулары

Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

Бұл ақау үш жармалы қақ-пақша жармасының толық жабылмауы салдарынан жиырылу кезінде қан-ның оң жақ қарыншадан оң жақ жүрекшеге қайтуымен сипатталады. Үш жармалы қақпақшаның органикалық жеткіліксіздігінің себептері көпшілік жағдайларда ревматизм, септикалық эндокардит болып табылады.

Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігіндегі гемодинамикалық өзгерістер, оң жақ қарынша кездегі қанның бір бөлігінің оң жақ жүрекшеге қайта оралуымен бір қуысты көк тамырлардан да қанның жүрекшеге құйылуымен түсіндіріледі. Оң жақ жүрекшенің теңгерулік қабілеті шектеулі болғандықтан, тез арада үлкен қан айналымда көк тамырлы тоқырау дамиды. Жүрекше мен қуысты көк тамырлардағы қысымның жоғарылауы барлық ірі көк тамырларға беріледі, сондықтан үш жармалы қақпақшаның жеткілісіздігіне көк тамырлық қысым жоғары және бауыр мен ірі көк тамырларда жиырылу шуыл болады.

Үш жармалы қақпақша ақауының клиникасы жүректің оң жақ бөлігінің жеткіліксіздігі белгілерімен көрінеді. Физикалық күш түскен кезде аздаған ентігу байқалады. Әлсіздік, жүрек қағуы, жүрек аймағының ауырсынуы болады. Кейде науқастар оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне, диспепсиялық өзгерістерге, ұйқышылдыққа шағымданады. Қараған кезде тері мен көзге көрінетін шырышты қабықтарындың айқын көгеруі, мойын көк тамырларының пульсациясы байқалады. Жүректің жиырылу кезінде бауырдың жиырылулық толысуы байқалады. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы едәуір оңға ығысқан, кейде ортаңғы бұғана сызығына дейін, шынайы тұйықтық төс сүйегінің оң жақ қырынан сыртқа қарай анықталады, бауыр – жүрек бұрышы тұйықталады. Жүрек ұшында бірінші дыбыс әлсіреген. Рентгенологиялық тексерістерде жүрек көлемін едәуір ұлғайғаны,алдымен оң жақ жүрекше мен қарыншаның есебінен байқалады.  ЭКГ – да жүректің электрлі өсінің ауытқуы байқалады.

Үш жармалы қақпақшаның тарылуы

Үш жармалы қақпақшаның жүре пайда болған тарылуы ылғида ревматизмдік болады және жүректің басқа ақауларымен қабаттасады. Ол басқада ревматизмдік ақаулар сияқты ревматизмнің  нәтижесінде дамиды. Өте сирек жағдайда оң жақ жүрекше – қарынша тесігінің тарылуы септикалық эндокардит  кезінде пайда болады.

Оң жақ жүрекшеде қысым жоғары болады. Оң жақ атриовентрикулярлық тарылуы бар науқастарда босаңсу кезінде қалыпты жағдайда анықталмайтын жүрекше мен қарынша арасындағы қысым градиенті жоғарылаған. Оң жақ жүрекшеде қысымның көтерілуімен бірге барлық көк тамырлық жүйеде қысым көтеріледі, ірі көк тамырларда әсіресе бауырда тоқырау ерте байқалады. Ұлғайған бауыр және қақпалық көк тамыр жүйесі қанның үлкен қоймасына айналады, бұл көк тамырлық қысымның көтерілуі мен шеткергі ісіктер дамуын біршама шектейді. Қақпалық гипертензиямен бірге асцит пайда болады, ол бауыр фиброзы дамуымен үдей түседі. Ақауды оң жақ жүрекшенің теңгеруленуі жетілмеген және қысқа мерзімді болады.

Үш жармалы қақпақшаның тарылуындағы науқастардың негізгі шағымдары: оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі, жүрек соғуы, ісіктер, жалпы әлсіздік және тез шаршағыштық. Қарағанда айқын көгеруден басқа мойын көк тамырларының лүпілі байқалады. Кейде дем алу шегінде семсер өсінді тұсында босаңсулық діріл байқалады. Ішті сипалағанда бауырдың ұлғаюы және оның пульсациясы байқалады. Тамыр соғысы жұмсақ, төмен. Артериалдық қысым жиі төмен болады. Қан айналым жылдамдығы өте төмендеген.

Жүрек ақауларындағы алдын алу шаралары. Науқастарды  диспансерлік нұсқауы бойынша  ревматолог, учаскелік терапевт бақылайды. Аурудың ағымына байланысты жылына 2 – 4 рет қарап отырады. Қажет болған жағдайда басқа маманды дәрігерлер тексереді:кардиолог, отолариноголог, стоматолог.Қаралған сайын қан, зәр анализдері тексеріледі, ЭКГ, ЭХО-КС жүргізіледі. Тұмауға қарсы иммунизация жүргізіп, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдеткен жөн.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жүрек жарақаты. Жүрек тампонадасы
  2. Ревматизм
  3. Жедел ревматикалық қызба
  4. Балаға жүректің тура емес массажын жасау
  5. Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары, шулары
  6. Жүрек перкуссиясы. Жүрек пішінін анықтау
  7. Жүрек қантамыр жүйе ауруларын қарап тексеру. Жүрек түрткісін анықтау
  8. Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауруы бар науқастарды сұрастыру
  9. Жүрек гистологиясы
  10. Кардиомиопатия
  11. Митралды қақпақша пролапсы (МҚП)
  12. Инфекциялық эндокардит

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!