Субклиникалық гипотиреоз

Субклиникалық гипотиреоз

Субклиникалық гипотиреоз — аудың еш көрінісі әлі байқалмаған, жасырын түрдегі қалғанша безінің ауруы. Бұл ауру қандағы гормондар деңгейін анықтау  арқылы табылды. Субклиникалық гипотиреоз көріністерінің бірі қандағы гипофиздің тиреотропты гормондардың жоғарылауы. (ТТГ қалқанша бездің гормондарының секрециясын реттейді, сондықтан оның аз да болса өзгерісі  ТТГ көлемінің жоғарылауымен байқалады). Бұған паралельді қанда аздап қалқанша без гормоны төмендегенін немесе әлі де қалыпты екенін байқауға болады.

Субклиникалық гипотиреоз көбінесе әйел адамдарда, ересек жасында кездеседі. Бірнеше жыл бойы осындай науқастарды бақылағанда, шамамен жартысында  5 жылдан кейін ауру көріністері байқала бастайды. Субклиникалық гипотиреоз кезінде ТТГ жоғарылаған ал, Т4 қалыпты көрсеткіште тұрады. Ауруға тән клиникалық симптомдар бар, бірақ олар спецификалық емес. Әдетте ТТГ жоғарылаған деп саналатын деңгейі  4 мЕд\л.

Субклиниклық гипотиреоз клиникалық көріністері

ЖТД басты проблемалары ол клиникасы анық емес немесе жоқ субклиникалық гипотиреозды халық арасынан табу.
Терапевттік станционардағылардың шамамен 3-5%  дейін науқастар анықталмаған гипотиреозбен ауруы мүмкін. Оған қоса ауру әртүрі «маскаға» кіріп, клиникасын өзгертуі мүмкін. Олар:

  1. Гастроэнтерологиялық— іш қатуы, өт жолдарының дискинезиясы, өт –тас ауруының симптомдары және т.б.
  2. Ревматологиялық — полиартриттер, синевииттер, дамып келе жатқан остеоартроз көріністері;
  3. Гинекологиялық — дисфункционалды жатырдан қан кету, бедеулік, етеккір циклының бұзылуы
  4. Кардиологиялық— диастолиялық гипертензия

Клиникалық көріністері

Білім алуға, үйренуге құштарлығының жоғалауы, есте сақтау және көңіл бөлуінің төмендеуі, интеллект төмендеуі. (субклиникалық гипотиреозы бар науқастарда жалыпы, логикалық және көру есі төмендейді, бірақ левотриксинмен ауыстырмалы терапияда бұлар жақсарады)

Депресивті жағдайдың табалдырығы төмендеу. 52% субклиникалық гипотиреозы бар науқастарда депрессияға бейім, және оған деген төзімділік деңгейі төмен. Бұдан қарағанда эутиреоидты жағдайдағылар депресияға шыдамды келеді.

Атрогенділік индексінің жоғарылауымен дислипидемия. Субклиникалық гипотиреозды бар науқастарда ерте атеросклероз маркері эндотелиальды дисфункция деңгейінің жоғарылауы байқалған.  Ол левотироксин терапиясы фонында кері қайтатын процесс екені байқалған.

Сонымен қатар субклиникалық гипотиреоз гиперхолистеринемиясы бар науқастарда басқаларынан қарағанда 2-3 есе жиі табылады.  Жалпы алғанда Субклиникалық гипотиреозды бар науқастарда көп жағдайда триглицеридтер, тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП), апопротеин В және липопротеин А деңгейі айтарлықтай жоғары. Айта кететіні ливотироксинмен ауыспалы терапияда атрогенді липидті профиль қалпына келетіні байқалған.

субклиникалық гипотиреоз қазақша

Антиартимиялық терапияға резистентті жүрек ритім және өткізгіштігінің бұзылыстары. Жүрек қызметінің көрсеткіштері, соның ішінде жүрек соғу жиілігі, жүректің минуттық көлемі, қанайналым жылдамдығы, Артериалық қысым, жалпы перифериялық тамырлардың қарсыласуы, жүректің жиырылғыш функциясы тиреоидты статуспен байланысты болғандықтан, өзгеріске ұшырайды. Манифестті гипотиреоз тәрізді субклиникалық гипотиреозда да миокард гипертрофисы көрініс береді. Ол қарынша аралық перде қалыңдауы, жүрекшелік қан ағымның жылдамдауымен, аортадағы орташа қан жылдамдығының төмендеуімен, изоволюмиялық демалыс,  систолиялық варияцияның төменгі индексімен байқалады; Субклиникалық гипотиреозы бар науқастарда жүрек соққылық көлемінің, жүрек индексінің және аортадағы қанайналым пиктік жылдамдығы төмен болады. Бұл көріністердің бәрі эутиреоидті жағдайға жеткенде қалпына келеді.

Сонымен қатар келесі көріністер байқалады:

  • Етеккір функциясының бұзылысы, қынаптан қан кету;
    ұрпақсызды, экстракорпоральды ұрықтандырудан еш нәтиже болмауы (28% жағдайда науқастар өз ұрапсыздығын гипотиреозбен байланыстырады);
  • уақытынан бұрын босану, плацента сылынуы, субклиникалық гипоитерозы барларда жиі кесар тілігі жасалады;
  • көз ішілік қысым жоғарылайды;
  • Миалгиялар
  • гипохромнды анемия

Субклиникалық гипотиреоз диагностикасы

Субклиникалық гипотиреоз лабараторлы критерийлері:

  • ТТГ базальды деңгейінің жоғарылауы;
  • Т4св деңгейінің қалыпты болуы;

Біріншілік гипотиреозды диагностикалау мақсатымен келесі зерттеу әдістері қолданылады:

  • қалқанша без УДЗ
  • Қалқанша без сцинтиграфиясы (көрсеткіш бойынша)
  • қалқанша без пункциялы биопсиясы (көрсеткіш болса)
  • тиреопероксидазаға антиденелерді анықтау (аутоиммунды тиреоидитке күмән болса)

Емдеу жолы

Субклиникалық гипотиреоз кезінде орын толтыру терапиясы (заместительная терапия) индивидуалды шешіледі. Дисипидемия, атеросклероз даму жоғары қауіпі және миокард инфарктісі қауіпіне байланысты левотироксин препаратын тағайындау дұрыс. Қазіргі уақытта левотироксиннің : 25, 50, 75, 100, 125, 150 мкг таблетка түріндегі нұсқалары бар.
Препарат тағайындамас бұрын субклиникалық гипотиреоз транзиторлы түрде емес екеніне көз жеткізу керек.

Алмастыру терапиясына көрсеткіштер:

Субклиникалық гипотиреоздың тұрақты көрсеткіші. ТТГ деңгейі  ≥ 10 мЕд/л немесе  5 және 10 мЕд/л арасындағы ТТГ.  Оған қоса дислипидемия болса;
балалар мен жасөспірімдерге ТТГ жоғары шекарасына жеткенде алмасыру терапиясын жүргізу керек.
ТТГ деңгейінің оптималды ұстап тұратын деңгейі 0,5 — 2,0 мЕд/л.

Препарат дозасы науқаста кардиальды патологиясы барына, жасына байланысты индивидуалды таңдалады. Препараттың тәуліктік дозасын бір рет, мүмкіндігінше таңертең аш қарынға, тағамға 30 мин дейін қабылдаған дұрыс. Жасы 50 ден төмен, жүрек –қантамыр жүйесіндегі патологиясы жоқ науқастарға бастапқы доза 25–50 мкг.

Жасы үлкен, оған қоса кариальды патологиясы бар науқастарға препарат тағайындауда абайлау керек. Себебі алмасытрушы терапия, бұған дейін диагностикаланбаған жүрек ауруын ушықтыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта ЭУТИРОКС препараты тағайындау ұсынылған.

Эутирокспен алмастыру терапиясының жалпы ұстанымы:

  • ТТГ 10 мЕд/л жоғары;
  • Жүктілер және жүктілікті жоспарлаушылар;
  • Қалған науқастарға индивидуалды шешіледі;
субклиникалық гипотиреоз
Субклиникалық гипотиреоз емдеу жолдары

Алмастырушы терапия бойынша қызықты жайттар

  • 50 % жағдайда субклиникалық гипотиреозы бар науқастарға алмастыру терапиясын жүргізбей ақ, 3-6 айдан кейін ТТГ деңгейін анықтағанда өздігінен қалпына келеді;
  • 50 % жағдайда мета-анализ мәліметтерінде субклиникалық гипотиреоз жүрек қантамырымен байланысты екені, ал 50 % жағдайда еш байланыс болмайды;
  • Сұрастыру бойынша, 50 % эндокринолог дәрігерлер субклиникалық гипотиреоз кезінде алмастырушы терапияны тағдайындауды жөн көрсе, ал 80% -дислипидемия болған жағдайда тағайындайды екен.
  • 50% алмастыру терапиясы тағайындалған науқастарда, әртүрлі себептермен ТТГ деңгейі жоғарылған немесе төмендеген.

Бақылау үшін ТТГ деңгейін анықтау алмастыру терапиясын жүргезгеннен кейін 2-3 айдан кейін жүргізілуі керек. Егер емдеу кезінде алмастыру терапиясында препарат дозасы өзгертілген болса, онда ТТГ деңгейін анықтау 2-3 айдан кейін жүруі керек.
ТТГ деңгейін бақылау жылына 1 рет немесе аурудың декомпенсация көріністері пайда болғанда жүргізіледі.

Ауру болжамы. Науқаста субклиникалық гипотиреоз болуы, онда клиникасы айқын гипотиреоз дамуын жоғарылата түседі. Бақылау бойынша, 65 жастан асқан ТТГ деңгейінің симптомсыз жоғарылағандардың 80% -да 4 жыл ішінде гипотиреоз дамыған. Сонымен қатар гипотиреоз даму қауіпті тиреопероксидазаға қарсы антиденелер титрі жоғары науқастарда да көп.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Гипотиреоз
  2. Гипоталамус гипофиз анатомиясы мен физиологиясы
  3. Қалқанша безінің сцинтиграфиясы
  4. Қалқанша безі қатерлі ісігі
  5. Қалқанша безі ауруларының диагностикасы
  6. Қалқанша безінің анатомиялық құрылысын анықтау
  7. Симптоматикалық артериялық гипертензия
  8. Қалқанша безінің сцинтиграфиясы
  9. Эутирокс препараты

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!