Нәрестелердегі ішек түйілуі. Колика

Нәрестелердегі ішек түйілуі (колика)

Нәресте жасындағы балалардағы жылаудың ең жиі кездесетін себебінің бірі  —  колика. Колика кезінде омырау жасындағы балаларда шыдатпайтын, қатты, қайталамалы іштегі ауырсыну болады, сондықтан нәресте тоқтаусыз өте қатты жылайды. Таң қалдыратын факт: медициналық ғылым әлі күнге дейін нәрестелердегі іштің осындай түйілуінің не себептен пайда болатынын білмейді. Этиологиясы бойынша жиі тараған гипотеза нәрестенің тамақтануы кезінде немесе жылауы кезінде жұтылатын ауа. Бала ішіндегі бұл ауа, толықтай дамымаған асқазан және ішек қабырғаларына қысым береді, қатты ауырсыну тудырады. Көп жағдайда колика ұстамасы нәрестелерде 3-4 сағаттан соң, 2-3 айдан бастап 1,5-2 сағаттан соң басылады. Wessel (1954) бойынша диагностикалық көрсеткіштер: «Колика — дені сау баладағы 3 сағатқа созылатын, аптасына 3 рет болатын, ақырғы үш аптадағы жылау ұстамалары. Колика әлем бойынша 10 — 30 % балаларда кездеседі.

Теориялық тұрғыда нәрестелерде колика дамуына әкелетін себептер:

  • Омыраудағы баланың омырау ұшын дұрыс қармап ембеуі
  • Емізіп болған соң баланы тік ұстап, кекіртпеу
  • Ұзақ уақыт жылайтын нәресте (ауа жұтады)
  • Артық тамақтану (фермент жетіспегендіктен, артық тағам ашып, газ түзеді)

нәресте ішек коликасы

Мүмкін болатын себептер:

  • Ас қорыту жолының жетілмеуі
  • Дисбактериоз
  • Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы
  • Нәрестенің жоғары физикалық және психологиялық сезімталдығы
  • Анасының көңіл – күйінің өзгерістері
  • Ему өзгерістері
  • Ана сүтіндегі лактозаны қорыта алмауы

Клиника: Басты ерекшелік – қатты жылау, кенеттен пайда болып, кенеттен аяқталады. Кей жағдайда колика «сағат» бойынша тамақтанудан соң  20-30 минуттан кейін басталып, орташа 3 сағаттан соң басылады. Қосымша көріністеріне кішкене іш кебу, жылау кезінде беттің қызаруы, ішке қарай иіліп, аяқтарын ішіне тарту. Бала қатты ауырсыну кезінде белсенді түрде қолын сермейді, ішіне қарай иіледі, ал кейбіреуі қолын «тістеді».

Баладағы колика емі

Емнің басты мақсаты ауырсынуды басу. Педиатр Комаровский айтуы бойынша :«Нәрестелердегі коликаның ең пайдалы емі –уақыт және ата – ананың шыдамдылығы. Нәрестелердегі колика қатты ауыртады, бірақ қауіпті емес және онымен қалай күрес жүргізсеңіз де ол 3 айға таман өздігінен аяқталады. Қарапайым ем ретінде  бала ішіне күнделікті массаж жасау қажет. Ол үшін қысым келтірмей алақанды қасаға үстіне қойып, қолды қозғалтпай сағат тілі бойынша саусақтарыңызбен жұмсақ түрде қозғалыс жасаңыз. Нәрестені тек тамақтанған соң ғана емес, жиі тік қалыпта ұстау қажет. Егер омыраумен тамақтандырсаңыз, арнайы маманға барып ұсыныстар алуыңыз қажет. Егер нәресте жасанды тамақтандыруда болса, арнайы бөтелке қолданған дұрыс. Егер нәресте біраз уақыт күшенсе де, үлкен дәретке отырмаған жағдайда, газ шығарғыш түтікше қолдану қажет. Қосымша дәрілік заттар қолдануға болады мысалы:

  1. Құрамында химиялық қосылыс симетикон бар заттар, ішекте газ түзілуін азайтатын препараттар тобы. Симетикон заты адам ағзасындағы тіндермен қарым – қатынасқа түспейді, ол тікелей газ көпіршітеріне әсер етіп, оларды сұйықтыққа айналдырады.
  2. Фенхель өнімдері құрамына кіретін заттар. Олар жел айдағыш әсер береді және ішекте газ түзілуін азайтады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Нәрестелердегі некроздық флегмона
  2. Босану кезіндегі нәрестедегі ОЖЖ жарақаты
  3. Нәрестелердегі рефлекстер
  4. Апгар шкаласымен нәрестені бағалау
  5. Шала туылған нәрестелер

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!