Бадамша бездер

Бадамша бездер қызметі, маңызы

Иммундық жүйенің лимфоретикулярлық мүшелеріне жатқызылатын лимфа түйіншелері мен көкбауырдан бадамша бездердің айырмашылығы, оларды лимфоэпителиалды мүшелерге жатқызады, өйткені оларда эпителий мен лимфоциттердің тығыз байланысы іске асырылады (бұндай мүшелерге, сондай-ақ, тимус, аппендикс және пейер түйіншелері жатады).

Бадамша бездер ауыз қуысы мен өңештің шекарасында орналасқан. Олардың ішінде жұп (таңдай бездері) және жеке орналасқан (жұтқыншақ және тіл бездері) бездерді ажыратады.олардан басқа лимфоидты тіннің жиынтықтары  есту (евстахий) түтігінің (түтікше безі) және көмекей қарыншаларында (көмекей бездері) орналасады. Бұл құрылымдардың барлығын тыныс алу және ас қорыту жолдарыныңа кірер жерлерді қоршай орналасқан пирогов – вальдейердің лимфоэпителиалдық шеңбері деп атайды.

Бадамша бездердің қызметтері

  1. Т- және в-лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференцировкасы (қанжасау қызметі)
  2. Тосқауылдық- қорғаныс қызметі
  3. Цензорлық қызмет – астың микрофлорасының құрамына бақылау жасау.

Бадамша бездердің дамуы

Бадамша бездер эмбриогенез мезгілінде 3 аймен 5 айдың арасында дами бастайды. Олардың дамуы эпителийдің, ретикулярлық тіннің және лимфоциттердің өз-ара ықпалы жағдайында жүреді. Таңдай бездерінің қалыптасатын аймағында эпителий басында көпқатарлы жыбырлағыш, біраздан кейін ол көпқабатты жазық мүйізденбейтін болып қалыптасады. Эпителийдің астында орналасқан мезенхимадан түзелген ретикулярлық тіннің ішіне лимфоциттер келіп қоныстанады. В-лимфоциттер лимфоидты түйіншелерде, ал т-лимфоциттер фолликулалардың арасындағы аймақта орналасады. Осылайша бадамша бездердің т- және в- аймақтары қалыптасады.

Таңдай бадамша бездері

Бұл бадамша бездер екі сопақша дене түрінде болады. Олардың әрқайсысы шырышты қабықшаның бірнеше қатпарларынан тұрады. Шырышты қабықшаның көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителиі шырышты қабықшаның меншікті табақшасына кіре орналасқан 10-20 шақты криптілерден немесе лакуналардан (тереңдемелер, ойықтар) тұрады. Лакуналар терең болады, әрі көп тармақталады. Бадамша бездердің эпителиінде, әсіресе криптілерде орналасқан, көптеген лимфоциттер, макрофагтар, кейде плазмоциттер орныққан, ол жерде лангерганстың антигентаныстырушы жасушасы да болады. Қабыну кезінде (лакунарлық ангина) лакуналарда өлген лейкоциттерден, эпителий жасушаларынан және микроорганизмдерден тұратын ірің жиналады.

Шырышты қабықшаның меншікті табақшасында лимфоидты түйіншелер (фолликулалар), түйіншеаралық және түйіншеүстілік диффузды орналасқан лимфоидты тін болады. Лимфоидты түйіншелер ірі көбею орталығынан (в-лимфоциттердің бласттрансформация орыны) және есте сақтау в-лимфоциттерінен тұратын мантиялық аймақтан (тәжден) құралған. Фолликулаларда макрофагтар және антигендітаныстырушы (антигенпредставляющие) қызметін атқаратын фолликулярлық дендритті жасушалар орналасады.

Түйіншелердің арасының аймақтарында т-лимфоциттердің бласттрансформациясы және пісіп-жетілуі өтетін жер (т-аймақ) бар. Бұл жерде биік эндотелиі бар, лимфоциттердің миграциясына жауапты посткапиллярлық венулалар болады. В-аймақтарда орналасқан плазмоциттер негізінен а класының иммуноглобулиндерін өндіреді, бірақ кейде басқа кластардың да иммуноглобулиндерін бөле алады.

Меншікті табақшаның түйіншеүстілік дәнекер тінінің құрамында диффузды орналасқан лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар көп болады.

Криптілер аймағындағы эпителий лимфоциттер және түйіршікті лейкоциттермен қанықтырылған. Лимфоциттер астың құрамындағы антигендер туралы мәліметті алып, лимфоидты тінге қайта оралады да плазмоциттердің пайда болуына және секреторлық антиденелердің өндірілуіне түрткі болады.

Бадамша бездер сыртынан капсуламен қапталған, оны шырышасты қабықшаның бөлігі ретінде де қарастыруға әбден болады. Шырыш асты қабықшада шырышты кіші сілекей бездерінің аяққы бөлімдері орналасады. Бұл бездердің шығару өзектері эпителийдің үстіне криптілердің арасында ашылады. Капсуладан және шырышасты қабықшалардан сыртқа қарай көмекейдің бұлшық еті орналасады.

Тілдің бадамша безі

Тілдің бадамша безі науалы бүртікшелердің v-тәрізді аймағынан проксимальды орналасқан. Шырышты қабықшаның көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителиі 100 жуық қысқа аз тармақталған терең емес криптілер құрайды. Криптіні қоршап жатқан шырышты қабықшаның меншікті табақшасында лимфоидты тін болады, оның құрамында түйіншелерді және диффузды бөлігін ажыратады. Түйіншелер мантиялық аймақтан және көбею орталығынан тұрады. Диффузды лимфоидты тінде биік эпителийлі посткапиллярлық венула болады. Криптілердің қуысына қарапайым шырышты сілекей бездерінің өзектері ашылады. Криптілердің эпителиі меншікті табақшадан ауысып келетін лимфоциттерге қаныққан, бірақ олардың саны таңдай бадамша безіндегіден аз болады.

Жұтқыншақ бадамша безі

Бадамша бездер

Мұрынжұтқыншақтың дорзалды қабырғасында есту түтікшесінің деңгейінде орналасқан. Құрылысы бойынша басқа бадамша бездерге ұқсас. Ересек адамдарда жұтқыншақ безінің шырышты қабықшасының эпителиі көпқабатты жазық мүйізденбейтін, бірақ криптілерде көбінесе эмбрионалдық кезеңге тән болатын бірқабатты көпқатарлы призмалық болуы мүмкін. Эпителийде лимфоциттер, макрофагтар, кейде нейтрофилді түйіршікті лейкоциттер көп болады. Эпителий меншікті табақшаға кіре орналасып ұсақ криптілер (қатпарлар) түзейді. Меншікті табақшаның лимфоидты тінінің құрамы тілдің бадамша безіндегідей болады. Шырышасты қабықшаның ішкі бөлігі тығызданып капсуланы құрайды. Басқа бөліктерінде аралас сілекей бездерінің көптеген аяққы бөлімдері болады, олардың шығару өзектері криптілердің арасына эпителийде ашылады. Жас балаларда және жасөспірімдерде жұтқыншақтың бадамша бездерінің тым өсіп кетуі байқалуы мүмкін (аденоидтар), бұл мұрын арқылы дем алуды қиындатады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қан өндіру (гемоцитопоэз)
  2. Бауыр циррозы
  3. Қалқанша безі қатерлі ісігі
  4. Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы
  5. Қалқанша безінің анатомиялық құрылысын анықтау

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!