Нәрестелердегі бассүйекішілік қысым

Нәрестелердегі бассүйек ішілік қысымының жоғарылауы

Нәрестелердің үнемі жылауы қалыпты жағдай деген пікір қалыптасқан. Бала анасын ешқайда жібермейді, түнде ұйықтамайды бұл қалыпты жағдай емес. Себебі бала түнде мазасыздануы және үнемі жылауы дұрыс емес. Бұның жиі кездесетін себептерінің бірі нәрестелердегі бассүйек ішілік қысымының жоғарылауы.

Себептері. Ұзаққа созылған босану, асқынған жүктілік, кіндікпен баланың оратылуы нәтижесінде балада гипоксия (оттегілік ашығу) дамиды. Ми оттегі жеткіліксіздігін сұйықтықты көп бөлу арқылы қалпына келтірмекші болады, нәтижесінде бас сүйек сұйықтыққа толып, миды жаншиды, қысым жоғарылайды. Бала дүниеге келген соң, босануға дейінгі проблемалар қалпына келуі тиіс. Бассүйек ішілік қысым жоғарылайды, кейін уақыт өте қалпына келеді.

Бірақ кейбір жағдайда балаларда тұрақты бассүйек ішілік қысым жоғары деңгейде сақталады. Ол гидроцефалия (бассүйек аумағында шектен тыс сұйықтықтың жиналуы) кезінде болады. Ол аурудың екі түрі болады: туа пайда болған және жүре пайда болған. Туа пада болған гидроцефалия бассүйек ішіне қан құйылу әсерінен, генетикалық аномалия, ликвор ағу жолдарының дефектілері әсерінен болады. Нәресте кезінде туа пайда болған гидроцефалияны анықтау мүмкіндігі жоғары, заманауи және уақытылы диагностика және емі нәрестеге жақсы дамып, өз жасындағылардан арта қалмай дамуына көмектеседі.

Клиникалық көріністері

Жоғары бассүйек ішілік қысым кезінде омыраудағы нәрестелерде еңбегі (сүйек арасындағы аралық) өлшемі жағынан ұлғаяды және бассүйегі үлкейеді. Үлкен жастағы балаларда еңбегі болмағандықтан, бас сүйек өлшемі бойынша өзгермейді.

Бассүйекішілік қысым

Кіші жастағы балалардағы көріністері:

  • Жылағыштық, жоғары қозғыштық
  • Үлкен шығыңқы маңдай, пропорционалды емес бас өлшемі
  • Бас бөлігіндегі тері астылық жақсы дамыған венозды тор
  • Бастың тез өсуі
  • Грефе симптомы немесе «батқан күн»
  • Үлкен еңбегі ісінеді. Қалыпты жағдайда ол шығыңқы және ішіне енген болуы тиіс.
  • Баяу даму. Нәресте кеш отырады, жүреді, басын ұстайды.
  • Дене салмағын қоспау.
  • Ұйқышылдық, әлсіздік.

Үлкен жастағы балалардағы көріністері

  • Жүрек айну, құсу.
  • Көз артындағы ауырсыну.
  • Көз алдында екілену, көз алдындағы жарқыл.
  • Жылағыштық, қозғыштық, апатия, ұйқышылдық.
  • Қатты бас ауруы.
  • Тез шаршағыштық.

Диагностика

Дұрыс диагноз қоюда дәрігер невролог жалпы қарауы міндетті. Дәрігер баладағы бассүйек ішілік қысымды өлшеу үшін зерттеуге тағайындама береді. Нәрестелерде үлкен еңбегі ашық болғандықтан, УДЗ арқылы  «нейросонография» әдісімен қысымды өлшеуге болады.

Көз түбін офтальмологтың қарауы қосымша зерттеу қажеттігін айтады. Бас сүйек ішілік қысым жоғары болған кезде көз веналарының кеңеюі байқалады, көз нервісінің дискісі ісінеді.

Қосымша томография және эхоэнцефалограмма жүргізіледі. Бұл әдіс арқылы тек қысымды өлшеп қана қоймай сонымен қоса ми қарыншаларының жағдайын көрсетеді.

Ми қарыншаларының және жұлын  пункциясы бассүйек ішілік қысым өлшемін анықтауға көмектеседі. Бұл әдістер қатаң көрсеткіш бойынша басқа әдістерден әсері болмаған кезде жүргізіледі.

Емі

Ауыр жүктілік пен ауыр өткен босану әсерінен болған асқынуларды емдеудің бір жолы ұзақ уақыт баланы омыраумен емізу, ұйқы режимін сақтау, таза ауада серуендеу қажет. Балаға нерв жүйесін қалпына келтіретін қан айналымын түзететін дәрілер, витамин, зәр айдағыш дәрілер тағайындалады. Сонымен қоса, физиотерапевтикалық процедуралар тағайындалады. Суға малту да жақсы көмегін тигізеді. Егер бас сүйек ішілік қысым себебі анатомиялық өзгерістер болса, арнайы операция жасалады.

Болжамы

Көп жағдайда балаларда бассүйек ішілік қысым алты айға таман қалпына келеді. Егер жазылу болмаса диагноз басқаша айтылады : «Минимальды милық дисфункция», яғни ол балада әлсіз нерв жүйесі барын көрсетеді және критикалық жағдайларда қысым жоғарылайды. Бұл жағдай болмауы үшін баланы күзде немесе көктемде балабақша немесе мектеп алдында емдеу қажет. Ол үшін күштемені азайту, конфликтты жағдайларды болдырмау қажет және жүйелі түрде невролог дәрігерінің бақылауында болу тиіс. Бала тез қозады және тез шаршайтындығын ұмытпау қажет, ал кейде көп сөйлеу арқылы сізді де шаршатуы мүмкін. Балаға түсініспеушілікпен қарау қажет.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Нәрестелердегі ішек түйілуі. Колика
  2. Нәрестелік жастағы мастит
  3. Босану кезіндегі нәрестедегі ОЖЖ жарақаты
  4. Шала туылған нәрестелер
  5. Нәрестелердегі рефлекстер

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!